Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Казахские песни.
Страница 92

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители
  • Дәметкен шыңдардан Сан жетпес сындардан Жүрегім жауынгер шыңдалған Жасқанбас желдерден Дауылмен селдерден Байлығым ақ бата ел берген Қайырмасы: Тағыда жаңа ән Тағыда тәуекел Алаңсыз ақ арман Бағыма дәнекер Жаныма нәр берген Жандармен сыйластым Өмірге мән бергенмен Өнерді қимаспын Сүйеніп сенерім Әрқашан сен елім Сүрінген кезімде дем едің Туған ел байтағым Мұңайсам байқадың Өзіңе тек алғыс айтамын Қайырмасы: Тағыда жаңа ән Тағыда тәуекел Алаңсыз ақ арман Бағыма дәнекер Жаныма нәр берген Жандармен сыйластым Өмірге мән бергенмен Өнерді қимаспын
  • Сен мені түсінбедің, түсінбедің… Көзімде жасым қалды, ішінде мұң. Қолыма қонбай кеткен арман құсым, Жоқ әлде өңім емес, түсім бе едің? Сен менің тыңдамадың жырларымды, Өзіңе ақтарушы ем сырларымды. Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды. Сен мені түсінбедің… Сен мені түсінбедің, түсінбедің… Жанымды жараладың үнсіз менің. Түнерсе егер аспан жасын төгіп – Ол менің сені ойлап күрсінгенім. Сен менің тыңдамадың жырларымды, Өзіңе ақтарушы ем сырларымды. Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды. Сен мені түсінбедің… Сол бір түнгі сағымды жарық айды, Кiм ұғады, сүйіктім, біздің жайды? Серігіміз – үзлген ақ қайыңның Қимай бізді жапырағы сыбдырлайды.
  • Қол жетпес арман — айым Қасымнан қалма дәйім Іздеген жұмбақ отың мен болайын Әнің боп жалғанайын Жаныма салма уайым Бағым деп таңдамайын өзгені Бағым боп көктемімде Сағым боп кеткенің бе? Сезімнің тосып едік өткелінде Құс болып саған қарай Ұшар ем барам қалай? Жолыңды табам қалай жарығым? Қайда, қайда жүрсің? Қайдасың сен? Қасымда менің қалмаған Бақытымды неге байқамадың Жүрегім саған арнаған Көктем де кешігеді Самал боп есіледі Жаралы жүрек мұңын өшіреді Махаббат кешігеді Келер деп осы жолы Жүрегім тосып еді өзіңді Қайда, қайда жүрсің? Қайдасың сен? Қасымда менің қалмаған Бақытымды неге байқамадың Жүрегім саған арнаған Қайда, қайда жүрсің? Қайдасың сен? Қасымда менің қалмаған Бақытымды неге байқамадың Жүрегім саған арнаған Қайда, қайда жүрсің? Қайдасың сен? Қасымда менің қалмаған Бақытымды неге байқамадың Жүрегім саған арнаған
  • Қыз жігіт болып жүрген шақты Сағынам сол күндерді қатты қатты Аралап қайтпадықпа бақты Еске алып сол кездерді тəтті тəтті [Қайырмасы] Сен бүгін адал жарымсың Жанымда жүрген жанымсың Көздер ай көздер ай Көздегі үнсіз сөздер ай Асықтырған ғашық қылған Бақытқа толы кездер ай Өткенге көңіліңді бөлші Қайтадан оралмайды сенші сенші сенші Бозбала кездегідей маған Тағыда гүліңді алып келші келші келші
  • Нұр төккен күнімсің Көктем гүлімсің жайқалып тұрған Тым тәтті мінез де Пәктігі көздің байқалып тұрған Қайырмасы: Сен атқан таңдай Ерекшесің сырың сақталғандай Сен тәтті армандай Күлімдесең әлем шаттанғандай Біз жарасып жүрсек Бағасын білсек адал сезімнің Мен барлық асуға Мәңгі қасыңда болам өзіңмен Қайырмасы: Сен атқан таңдай Ерекшесің сырың сақталғандай Сен тәтті армандай Күлімдесең әлем шаттанғандай
  • Жүректе жалын от барда Аялдап тоқтама Асқақ биік алдағы Арманағ асық тек қана Әркүнінді бақ санап Көңіл көтер шаттана Әсем ән сүйер біздің жанкүйер Бірге шалқы кел қайырмасы: Бірге бірге ән шырқа Қосыл кәне тартынба Кеште мына көңілді Жұлдыздардай жарқыра Биле биле бөгелме Біздің әсем әуенге Ең сүйікті тыңдарман екенінді дәлелде Арулар аппақ үмітпен ержігітті күтер Жаны жалын жастарым бағы жанған бірлікпен Шырқа биле бізбенен бұндай болмас күн біткен Әсем ән сүйер біздің жанкүйер Бірге шалқы кел қайырмасы: Бірге бірге ән шырқа Қосыл кәне тартынба Кеште мына көңілді Жұлдыздардай жарқыра Биле биле бөгелме Біздің әсем әуенге Ең сүйікті тыңдарман екенінді дәлелде
  • Сырыңды қалай таба аламыз Қасыңа қалай бара аламыз Сүйкімді шағала қыз Ару емес ертегі, өзі ерке, өзі дара Жас жанымды өртеді Мөлдір тұнық көзі қара Сөзбен алдап аз ұяла Кетсеңде ұшып өз ұяңа Сендей сұлу жоқ шығар Еуропа мен Азияда қайырмасы: Мейлі шайқа, шайқа, шайқа тағыда шайқа Дейді жастық шақ қайта келмес қайта Шағала қыз жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш Шəрбəттанда тəттісің Жанарыңда күн күледі Бір жігітке бақпысың Сұлумысың кім біледі Жүрегіңнің жайын білдім Болдың маған уайым бұл күн Мен əйтеуір сен үшін Бəрінеде дайын тұрмын қайырмасы: Мейлі шайқа, шайқа, шайқа тағыда шайқа Дейді жастық шақ қайта келмес қайта Шағала қыз жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш Шəрбəттанда тəтті сұлу қыз Қалай көріп сүйіп қалдық біз Жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы бізді өтініш қайырмасы: Мейлі шайқа, шайқа, шайқа тағыда шайқа Дейді жастық шақ қайта келмес қайта Шағала қыз жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш Жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш.
  • Сенің осы ұнайды ұяңдығың Ұяңдықты сүйеді күй, ән-жырым Тазалықтан бейнесін жасап алып Ұяң қызға жинаймын қиял гүлін [Қайырмасы] Ұяласың, ұяласың Қыз әдебін есің жиі аласың Ару болса осындай ей жігіттер Басқа жанды қалайша сүйе аласың Бағың үшін бағындыр арманыңды Жақындатып жаныңа алма мұңды Қара түнді тілгендей жұлдыз сәуле Ұяңдықпен жарып өт жолдарыңды [Қайырмасы] Ұяласың, ұяласың Қыз әдебін есің жиі аласың Ару болса осындай ей жігіттер Басқа жанды қалайша сүйе аласың
  • Қазақ қызы намысы сынғырлаған сезімдей Айша бибі Домалақ аналардың көзіңдей Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіңдей Намысынды ерлерін қорғаса екен көз ілмей Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған Фаризам мен Мәрфуған елдің сөзің айта алған Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман Ахоу аридар-ей Күләшім мен Майрам бар осыдан біл анам кім Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның Мәдина апам жезтаңдай ақ баяны даламның Қыздарым бар осындай бар қазаққа тағармын Қызын туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ Қабырғасын халқымның қаусатуға қақын жоқ Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ Әдептікті Айман Шолпан қыздай жыр еттім Күй ойнаса Дина апам қуын шерткен жүректің Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің Қазақ қызы сендерге ең тәттіс тілектің Бір қыз маған жар болып көңілімді байытсың Дархан дала мен болсам Ертіс Еділ Жайықсың Болсам егер ескегін көлде жүзген қайықсың Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың
  • Жүректің қылын қозғаған Ерке сұлуым назданған Сарғайды жан жаз болған Ұзамай-ақ сен вокзалдан Жолыңа қарап көз талған Болды ма берген сөз жалған Алаңдап келмегенге Тұрмын мен неге неге Өтпейді уақыт аз қалған [Қайырмасы:] Кел жаным кел кешікпей Құшайын мен де күтпей Жазылмас жан емi Әдемі әдемі Аруым сен кезікпей Өзіңді көрген кезімде Айтам деп жүрген сөзім бар Жаным-ау сен кеп жаққан Жүректе ыстық сезім бар Жылжымай сағат баяулап Қалғандай бейне аялдап Осы жан сағынды-ау деп Жаралы жанымды емдеп Келмейсін неге мені ойлап
  • Ол сенімен ойнап жүр-ау Ойнап жүр-ау Байқа Ол өзі де өзгелерді Өзгелерді ойлап жүр-ау Байқа [Қайырмасы:] Бағалай біл мені Қаламаймын сені Ермегі болып өтуіңді жаттың Бағалай біл мені Аялаймын сені Мәңгі бақи бақытынды бақтың Ол сөзімен гүл сыйлайды Күн сыйлайды ойға Сол ісімен алдайды Арбайды ол байқа [Қайырмасы:] Бағалай біл мені Қаламаймын сені Ермегі болып өтуіңді жаттың Бағалай біл мені Аялаймын сені Мәңгі бақи бақытынды бақтың
  • Аңсаумен көктемді құстар оралды Ойладым өткенді тағы, тағы Қалдырған көп белгі сенің жанарың Қолдан ұшқан арман оралшы бір маған Қайырмасы: Алмасып ай, күнім Адастырған арман, қайғы-мұң Таусылып төзімім Алып ұшқан асау сезімім Саған ғана, саған ғана Мен тұрмын жағада өмір толқыны Самғаған шағала сол бір күні Ол менің жүрегім менің жүрегім Сен деп соғар мәңгі тыңдашы бұл әнді
  • Жараладың жүрегімді Таба алмадың керегіңді Саған енді соңғы сөзім Оралма сен, ұмыт мені Көрсетпе көз жасыңды Сезім тулап басылды Арамызда сол күндер Күнделікке жазылды [Қайырмасы] Бар, бар, бар Бағыңды тап Мендей ешкім сүйе алмайды Бар, бар, бар Сүйе алмайды Мендей ешкім сүйе алмайды Сен барда кең дүнием Сен жоқта тар дүнием Жүректі, жүректі Кім енді емдейді Білмей саған не дерімді Ауфртқансың жүрегімді Маралым-ау кетсең дағы Қос жанарың неге мұңлы Бара алмадым қасыңа Шыда жүрек жасымай Тұнжырайды бұл сезім Торғайдың көз жасындай [Қайырмасы] Бар, бар, бар Бағыңды тап Мендей ешкім сүйе алмайды Бар, бар, бар Сүйе алмайды Мендей ешкім сүйе алмайды Сен барда кең дүнием Сен жоқта тар дүнием Жүректі, жүректі Кім енді емдейді [Қайырмасы] Бар, бар, бар Бағыңды тап Мендей ешкім сүйе алмайды Бар, бар, бар Сүйе алмайды Мендей ешкім сүйе алмайды Сен барда кең дүнием Сен жоқта тар дүнием Жүректі, жүректі Кім енді емдейді
  • Он сегіз мың ғаламдағы жерде Жер ішіндегі Қазақ деген елде Өмір сүрген менде Мен түгіл сенде қарапайым пенде [Қайырмасы] Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой Кім сені кеп сынаса да сынба Шыдамыңмен жете аласың шыңға Жүрегіңді тыңда, ойды бөле мыңға Өмір өз қолыңда [Қайырмасы] Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой [Қайырмасы] Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой Кейде жылап кейді күліп Құбылатын көңіл ғой Үйден шығып үйге кіріп Өтетін бұл өмір ғой
  • Тастап ем сенуді ертегі махаббатқа Бастап ед шеруін ми қарсы жүрек жаққа Уақыт өткен сайын билігі мидың қатайып Аз тыңдайтын болды жүрек жайын Айтуынша мидың егер нағыз болсаң еркек Махаббат емес, саған жанұя, ұрпақ керек Бірақ шын сезімсіз бәрі бекер деп Сыбырлайды анда-санда жүрек [Қайырмасы] Шапалақты ұрып қаспенен Атқандай болдың мені таспенен Көріп сенің сұлу көздеріңді Кетіп қалды мына бас деген Жаратқандай сені басқа әлем Өзіңмен шынайы да рас күлем Махаббатың улайтын арақ болса Боламын сен үшін мен маскүнем Растады сиқырын махаббатың енді миым Басқаны сендей көретеніме сену қиын Уақыт өткен сайын билігі мидың қатайып Салды ондай сезімдерге тиым Айтуынша мидың қиналатың былай өзің Таусады өте жылдам жастарын көзің Бірақ шын сезіммен бәрі келер деп Еске аламын жүрегімнің сөзін [Қайырмасы] Шапалақты ұрып қаспенен Атқандай болдың мені таспенен Көріп сенің сұлу көздеріңді Кетіп қалды мына бас деген Жаратқандай сені басқа әлем Өзіңмен шынайы да рас күлем Махаббатың улайтын арақ болса Боламын сен үшін мен маскүнем [Қайырмасы] Шапалақты ұрып қаспенен Атқандай болдың мені таспенен Көріп сенің сұлу көздеріңді Кетіп қалды мына бас деген Жаратқандай сені басқа әлем Өзіңмен шынайы да рас күлем Махаббатың улайтын арақ болса Боламын сен үшін мен маскүнем
  • Көк жиектен күн шығады шұғылалы Миллион жұлдыз алдыма келіп жығылады Хош иіс таңғы кофе құйылады Кейбіреулер жұмысына асығады Кейбіреулер көрпесіне тығылады Себебі түні бойы қыдырады Көңілі жүрген күйзелісте Көлігі тұрған кептелісте Асығыс жан көп айналамда Мен ғана асықпаймын [Қайырмасы] Қайда барады, қайда Бір сәт аялдамай ма Қаланың адамы, Қай жаққа барады Тоқтай алмай Қайда барады, қайда Қадам баяуламай ма Түюлі қабағы Қалай бақ табады Тоқтай алмай Жалыққан соң тіршіліктен бір сарынды Армандаумен жақынына мұң шағуды Шыңайы кездесуге асығады Көктемдей болып күлімдейді, құлпырады Бірақ, бірақ көздерінде мұң тұрады Бақыт іздеп жүргенін жасырады Көңілі жүрген күйзелісте Көлігі тұрған кептелісте Асығыс жан көп айналамда Мен ғана асықпаймын [Қайырмасы] Қайда барады, қайда Бір сәт аялдамай ма Қаланың адамы, Қай жаққа барады Тоқтай алмай Қайда барады, қайда Қадам баяуламай ма Түюлі қабағы Қалай бақ табады Тоқтай алмай
  • Өткен күнді енді есіңе алма Қалауың өзге, мазалама Жүрегімді тек бір сені сүйген Жазалама, енді жазалама [Қайырмасы] Елес боп алдамшы, мазаламашы Айтқан сөзің, бәрі бекер Сезіміммен ойнап, мазаламашы Өкінбеймін, болды жетер Сүйем деме маған, қайта келме Өзгермейді ештеңе де Маған енді айта берме Уақыт сынақ, шаттық, болар қайғы Жүрегім шыдап амалдайды Сезім сағым тағы, тағы алдайды Ұмыт бәрін өткен оралмайды [Қайырмасы] Елес боп алдамшы, мазаламашы Айтқан сөзің, бәрі бекер Сезіміммен ойнап, мазаламашы Өкінбеймін, болды жетер Сүйем деме маған, қайта келме Өзгермейді ештеңе де Маған енді айта берме
  • Кеш ұғып қалыппын-ау Кешігіп жолықтың-ау Көрінбес көріктім-ау Маралым Менсіз де бақытты бол Бағалым, маралым, маралым Маралым-ай Ешкімге ұқсамайды жанарың Маралым, маралым, маралым-ай Қайырмасы: Ақ жүзің жаңа жауған қардай Жалғызым жарқыраған таңдай Теңеу бар тағы саған қандай Қандай, жаным балдай Мен сені еркелетем талай Қылығың көркем екен арай Өзіңнен ерте кетем қалай Қалай, жаным қап-ай Бір бақыт құшқан адам Қолымнан ұстамаған Ешкімге ұқсамаған маралым Сол үшін көзімді алмай қарадым Маралым, маралым, маралым-ай Қасымда өзің болмай қаламын Маралым, маралым-ай
  • Тулайды өзен,шулайды жаға Бесігін тербеп біз туған дала Балапан қарлығаш ұядан ұшты Тереземнен менің қарашы мама Қайырмасы Сап сары нұрға бөленген айма Жүрегімде жатыр өлең боп ойнап Қарлығаш құстың қанатындай ол мен Маңдайымды мама сыйпашы жайлап Қалмайтын дара сапарлас көштен Адамның бәрі тағдырлас құспен Сағыныш әні нотадай болып Аналардың ғанан жүрегіне түскен Тулайды өзен,шулайды жаға Бесігін тербеп біз туған дала Қарлығаш құстар барады қайтып Жүрегің сенің жыламасын мама Тулайды өзен,шулайды жаға Бесігін тербеп біз туған дала Балапан қарлығаш ұядан ұшты Тереземнен менің қарашы мама
  • Хабарласып, хат алмасып, сағынумен күндер өтер тағы Жар іздеймін қарапайым бола алатын өмірімнің мәні Жан іздеймін дәо өзіңдей ары таза және таза жаны Сенен ғана ләззат алып мына менің оу жаным-ай [Қайырмасы] Ашуыма енді тиме, тиме Менімен ғана вальс биле Басқаны жаным сүйме, сүйме сен Қызғанып қатты жүргенімде Өзгемен жүрсін сен түсімде Ояндым шошып түнгі бірде оу Сағыныштан алып ұшқан жүрегімде мекендейсің өзің Келбетіңе жер бетінде жетпейтіндей көрінеді сөзің Сенсіз өмір қызық емес теңеу де жоқ оған жетті көзім Түсініп көр түсіне алсан сүйем сені оу жаным-ай [Қайырмасы] Ашуыма енді тиме, тиме Менімен ғана вальс биле Басқаны жаным сүйме, сүйме сен Қызғанып қатты жүргенімде Өзгемен жүрсін сен түсімде Ояндым шошып түнгі бірде оу [Қайырмасы] Ашуыма енді тиме, тиме Менімен ғана вальс биле Басқаны жаным сүйме, сүйме сен Қызғанып қатты жүргенімде Өзгемен жүрсін сен түсімде Ояндым шошып түнгі бірде-оу Ояндым шошып түнгі бірде-оу
  • Аспанда да, жерде емес, Өзенде де, көлде емес. Күту заңы қиын-ау Елес-елес. Қоштасуға кел бері, Соңғы рет көр сен мені. Ұшып кетсем таппайсың Мүлдем енді. [Қайырмасы] Аэропорт Кездесу мен қоштасу, Мүмкін емес достасу, Шығарып салшы. Аэропорт Бәрі бітті, болды деп, Тым болмаса соңғы рет, Шығарып салшы, Шығарып салшы. Қоштастық деп біз неге? Айып тақпа күзге де. Кетем енді сен мені, Ізде, іздеме. Уақыт таяп, жиілеп Жүрек жылап, күйінед. Қимастықпен қараймын, Қолда билет! [Қайырмасы] Аэропорт Кездесу мен қоштасу, Мүмкін емес достасу, Шығарып салшы. Аэропорт Бәрі бітті, болды деп, Тым болмаса соңғы рет, Шығарып салшы, Шығарып салшы. Уақыт болса сәл қалды, Біз жасадық таңдауды. Кенет тұрып аспаннан Жаңбыр жауды. Ұшақ ұшпай жағдайы, Жасағандай арнайы. Қоштасуға қарсы тұр Ауа-райы Аэропорт Бізге билет жоқ тағы, Барлық рейс тоқтады, Ұшақ қасы Аэропорт Сен де тұрсың қуанып, Мен де тұрмын қуанып, Құшақташы, Құшақташы
  • Таңданамын тамаша сымбатыңа, Барма амалым жүрегім сырға тұна. Ұсынамын қолымды қиялымды, Қысыламын көргенде тіл қатуға. Шын сүйемде, өзгеден шын қызғанам Дүниеде саған тең жұлдыз барма? Жоқ амалыл көрдімде тағы бүгін, Өте бардың жанымнан үнсіз ғана. [Қайырмасы] Үнсіз жүрек, үнсіз кеуде, Өтіп жатты үнсіз түндер. Тура қарап айтшы маған, Барма бақыт бұл өмірде? Үнсіз жүрек, үнсіз кеуде, Өтіп жатты үнсіз түндер. Тура қарап айтшы маған, Барма бақыт бұл өмірде? Көзіңде арман елес, нұрсыз шуақ, Сезімде болған емес мұңсыз сынақ. Күрсінемін өзіңсіз түндерде ұзақ, Шын сүйемін тегінсіз, тілсіз бірақ. Бақ іздеп кезіп жүріп араладым, Сан іздеп өзім бірақ таба алмадым. Жалғанда барма бақыт жоқпа өзі? Сен маған айтшы үнсіз махаббатым. [Қайырмасы] Үнсіз жүрек, үнсіз кеуде, Өтіп жатты үнсіз түндер. Тура қарап айтшы маған, Барма бақыт бұл өмірде? Үнсіз жүрек, үнсіз кеуде, Өтіп жатты үнсіз түндер. Тура қарап айтшы маған, Барма бақыт бұл өмірде? Үнсіз жүрек, үнсіз кеуде, Өтіп жатты үнсіз түндер. Тура қарап айтшы маған, Барма бақыт бұл өмірде? Үнсіз жүрек, үнсіз кеуде, Өтіп жатты үнсіз түндер. Тура қарап айтшы маған, Барма бақыт бұл өмірде?
  • Ей қарындас айдай жүзді жамалың Лағыл моншақ мөлдірейді жанарың Хат жазасың сырға толы сезіммен Жұмбақ жансың нәзік үнді маралым Күндіз-түнді қоңырауды шаласың Үндемейсің бос әуреге саласың Сағынышқа кірпігіңді малып ап Айтшы менен қандай бақыт табасың [Қайырмасы] Эх қарындас ерке минез болдың Үнің сенің сынғыр күлкі жандай Жұлдыздардан сәуле тауып сойлей Жүрегіңді телефонға шалғай Арамызда сұңсыз бейне қамалы Жанымызда бір үміттер жанады Телефоның іңкірлікке толып тұр Көгершіндей қатар толы қанаты Қатарласып баяғыдай жүргендей Хабарласып шаршаттың күнде үндемей Маған ғашық болсаң егер шынымен Телефонда тұрма енді үндемей [Қайырмасы] Эх қарындас ерке минез болдың Үнің сенің сынғыр күлкі жандай Жұлдыздардан сәуле тауып сойлей Жүрегіңді телефонға шалғай
  • Жауапты күтпе көп Өкінетін түк те жоқ Барлығын қайтарам Келмеші тек қайтадан Есімде өткенің Сонда маған жоқ дедің Жетті енді көктемің [Қайырмасы] Самғайтын бар қанат Жоқ әлде қалдыңба маған қарап Жоғалтатын ештеңе жоқ жаның қалап Мені кінәлама Тек қана жүректе әнім қалады Жүрегіңде әнім қалады Өзгерер әр күнің Сабыр сақта сәл бүгін Өзіңнің қалауың Бұл өзіңнің тағдырың Ұнат бар от кеуде Болмайды "Жоқ" - деуге Өкінбе өткенге [Қайырмасы] Самғайтын бар қанат Жоқ әлде қалдыңба маған қарап Жоғалтатын ештеңе жоқ жаның қалап Мені кінәлама Тек қана жүректе әнім қалады Жүрегіңде әнім қалады
  • Біз жүрміз бұл күндері күліп те ойнап Кей кездерде кетеміз хабарсыз айлап Жүрегіңнен айналдым жүргендерің-ай Тамагыннан ас отпей ининди ойлап Журегиннен айналдым жургендерин ай Тамагыннан ас отпей ининди ойлап Кайырма: Калай гана актар екем сенимдеринди Журсем екен нурга болеп омирлеринди Байлыгым агаларым Айбыным агаларым Оздерин корсеттиндер бакыттын жагалауын Аман бол агаларым Сауыттай агаларым Бак мекен араларын Сендерди бага жетпес асылга багаладым Аман бол агаларым аман бол агаларым Канаттыга кактырмай корган болдын сен Кулынтайдай жарыссак калган болдын сен Кайда журсем уайымдап издеп келесин Агасы жок жандарга арман болдын сен Кайда журсем уайымдап издеп келесин Агасы жок жандарга арман болдын сен
  • Толқумен күн кешіп қиялмен тілдесіп елестей елігіп ертеңіме Көңілді шуақты мұң басқан сияқты өкініш өзекті өртеді ме Көңілді шуақты мұң басқан сияқты өкініш өзекті өртеді ме Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай Жаныма егізім саумалдай лебізің қиялға қанатты сермесеңші Сыйлашы қуаныш көңілге жұбаныш үміттің бесігін тербетсеңші Сыйлашы қуаныш көңілге жұбаныш үміттің бесігін тербетсеңші Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай Өзіңсің шаттығым бақытым пәк күнім жүректің не дерін білмейсің бе Сезімді бал шырын сыйлаған алтыным шынымен сағынбай жүр дейсің бе Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай
  • Күн сүйген мандайын Алатау баурайын Жайнаған ару шаһарлар Ажары талғайын базары әрдайым Қайнаған ару шаһарлар Көретін ақ таң нұрын Теретін бақтан гүлін Ғашықтар тапқан жұбын қалалар [Қайырмасы] Алматы мен Шымқала Сендермен әсем бұл дала Аймала ай мен күн ғана Ән қала жыр қала гүл қала Алматы мен Шымқала Жайқалған жасыл гүл қала Жүректе тілек бір ғана Өркендеп өсе бер нұрлана Сағанда мағанда Ортақ бұл ғаламда Гүлден ару шаһарлар Жазира даламда Жанарған заманда Түрленген ару шаһарлар Әніме қосарымда Мауқымды басарымда Ұқсайтын қос аруға қалалар [Қайырмасы] Алматы мен Шымқала Сендермен әсем бұл дала Аймала ай мен күн ғана Ән қала жыр қала гүл қала Алматы мен Шымқала Жайқалған жасыл гүл қала Жүректе тілек бір ғана Өркендеп өсе бер нұрлана [Қайырмасы] Алматы мен Шымқала Сендермен әсем бұл дала Аймала ай мен күн ғана Ән қала жыр қала гүл қала Алматы мен Шымқала Жайқалған жасыл гүл қала Жүректе тілек бір ғана Өркендеп өсе бер нұрлана Өркендеп өсе бер өсе бер нұрлана
  • Жүректе жырым боп жатталасың, Сүйкімді сырым боп сақталасың. Өзіңе ғашықпын жер бетінен Тағы бір сендей жан таппағасын. [Қайырмасы] Біреусің, әлемде біреусің - Жаныма тіреусің асқан дара. Біреусің, ұмытпай жүрерсің Жерде де біреусің, аспанда да. Қиалдың шынымен тендесетін Үмітпен бақытқа жерлесетін Өзіндей ару жоқ болмағанда Болады деседе сенбес едім [Қайырмасы] Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада Біреусін, әлемде біреусін Жаныма тіреусін, асқан дара Біреусін, ұмытпай жүрерсін Жердеде біреусін, аспандада
  • Шақырады жол шығып Қанат талса ұша ұша Сағынамын құшағыма Гүлдерімді қыса қыса Күлге айналдым құша құша Екеуімізде бір жүрек Жолы бөлек жатқан ая Көздеріңе маржан моншақ Тағдырдың таққаны ая Жаныма батқан ая Есігін жап өткен күндердің Көктем күндердің Мендік қиял екі жүрек бір болса деп тұрды санада Дауылда қалып жауында тұрып Мұңды азапқа түспей Күн кешпей екі жағада Қаға бер қанат Маған қарама Мені сен аяп қатардан қалма Жолды қайырып Мендік қиял екі жүрек бір болса деп тұрды санада Дауылда қалып жауында тұрып Мұңды азапқа түспей Күн кешпей Екі жағада Қаға бер қанат Маған қарама Шақырады жол шығып Қанат талса ұша ұша Сағынамын құшағыма Гүлдерімді қыса қыса Күлге айналдым құша құша Екеуімізде бір жүрек Жолы бөлек жатқан ая Көздеріңе маржан моншақ Тағдырдың таққаны ая Жаныма батқан ая Есігін жап өткен күндердің Көктем күндердің Мендік қиял екі жүрек бір болса деп тұрды санада Дауылда қалып жауында тұрып Мұңды азапқа түспей Күн кешпей екі жағада Қаға бер қанат Маған қарама Мені сен аяп қатардан қалма Жолды қайырып Мендік қиял екі жүрек бір болса деп тұрды санада Дауылда қалып жауында тұрып Мұңды азапқа түспей Күн кешпей Екі жағада Қаға бер қанат Маған қарама Күлге айналдым құша құша
  • Жанымда жүргенің Бақыт деп білгенім Әттең ол сағым екен. Мен жетпес гүл ме едің Еркелеп күлгенің Өзгенің бағы ма екен. Сәт сыйлап қас қағым Кеттің де тастадың Жазықсыз сезімді отқа. Елеспен тілдестім Елеусіз күн кештім Ардағым өзің жоқта. [Қайырмасы] Сен жоқта айналаны, Түн басып жаныма мұң жайланады Көп күмән көңіліме байланады Болады лайым, көңілде уайым Сөнгендей күн-айым ой қамады Сен жоқта жанардан жас тайғанады Сен жоқта мұздай суық қара тасқа Құс жастық айналады. Сағынам әлі де Сен жайлы бәріде Санамда ой жүрсе мың Көз салмай бір қызға Ең жарық жұлдызға Атыңды қойдым сенің. Не қиып кете алмай Не саған жете алмай Әурелі күйде жүрмін Жолыңды тосқаным Әніме қосқаным Дәлелі сүйгенімнің [Қайырмасы] Сен жоқта айналам, Түн басып жаныма мұң жайланады Көп күмән көңіліме байланады Болады лайым, көңілде уайым Сөнгендей күн-айым ой қамады Сен жоқта жанардан жас тайғанады Сен жоқта мұздай су, қара тасқа Құс жастық айналады.