Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Маскүнем»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Тастап ем сенуді ертегі махаббатқа
Бастап ед шеруін ми қарсы жүрек жаққа
Уақыт өткен сайын билігі мидың қатайып
Аз тыңдайтын болды жүрек жайын

Айтуынша мидың егер нағыз болсаң еркек
Махаббат емес, саған жанұя, ұрпақ керек
Бірақ шын сезімсіз бәрі бекер деп
Сыбырлайды анда-санда жүрек

[Қайырмасы]
Шапалақты ұрып қаспенен
Атқандай болдың мені таспенен
Көріп сенің сұлу көздеріңді
Кетіп қалды мына бас деген

Жаратқандай сені басқа әлем
Өзіңмен шынайы да рас күлем
Махаббатың улайтын арақ болса
Боламын сен үшін мен маскүнем


Растады сиқырын махаббатың енді миым
Басқаны сендей көретеніме сену қиын
Уақыт өткен сайын билігі мидың қатайып
Салды ондай сезімдерге тиым

Айтуынша мидың қиналатың былай өзің
Таусады өте жылдам жастарын көзің
Бірақ шын сезіммен бәрі келер деп
Еске аламын жүрегімнің сөзін

[Қайырмасы]
Шапалақты ұрып қаспенен
Атқандай болдың мені таспенен
Көріп сенің сұлу көздеріңді
Кетіп қалды мына бас деген

Жаратқандай сені басқа әлем
Өзіңмен шынайы да рас күлем
Махаббатың улайтын арақ болса
Боламын сен үшін мен маскүнем


[Қайырмасы]
Шапалақты ұрып қаспенен
Атқандай болдың мені таспенен
Көріп сенің сұлу көздеріңді
Кетіп қалды мына бас деген

Жаратқандай сені басқа әлем
Өзіңмен шынайы да рас күлем
Махаббатың улайтын арақ болса
Боламын сен үшін мен маскүнем

Другие песни исполнителя:

  • Бұл менің жырым толғаған, Ақпанда соққан борандай Өкінбес сірә, бар ма адам Өзегі мұңға оранбай. Қиялмен арман жалғаған Еркелеп елге ән арнай Бұл менің жолым таңдаған Бақытқа бастап барардай [Қайырмасы:] Жаралы жанның әні бұл Желбіреп туым әлі тұр Күндестік дейтін қоңырау Соңымнан еріп әлі жүр Жаралы жанның әні бұл Сынағы шығар әрі бұл Сабырмен күтіп соңында Жеңемін бәрін бәрібір Бұл менің сырым ақ қардай Ақпанда жауған мен үшін Оралмайм(ын)өткен шақтарға-ай Арқалап арман жемісін Қайратым тасып жатқандай Ақ жүрек АНА сен үшін Жарқ етем әлі ақ таңдай Жеңілгендерім - жеңісім! [Қайырмасы:] Ақ жүрек жанның әні бұл Желбіреп туым әні тұр Асулар алар алдымда Баспалдақ өмір әлі бұл Тілегін айтар ел барда Жүрегім айтар әлі жыр Жаратқан Ием сен барда Жеңемін бәрін бәрібір.
  • Арасында тұманның, Мен адасқан құланмын. Жақындама жыласам, Мен жаралы бір аңмын. Сағыныштың сан күні, Басылмаса жаңбыры. Жұбатам деп ойлама Ол да менің тағдырым. [Қайырмасы:] Ой, ой Ойламайтын күнім жоқ, Ойлай берсем түбі жоқ. Жылатқан, жылытқан. Ой, ой Сенен ауыр көрмедім Неге маза бермедің? Ол мені ұмытқан. Ол мені ұмытқан. Ол мені ұмытқан. Мұңын шағып түнгі айға, Бөрі-жүрек тыңдай ма? Сүлейменнің жүзігін Қайта тағар күн қайда? Арман қалсын төсіңде Елес қалсын есінде. Кеткен бе едің қалдырып, Ойлар талап жесін деп. [Қайырмасы:] Ой, ой Ойламайтын күнім жоқ, Ойлай берсем түбі жоқ. Жылатқан, жылытқан. Ой, ой Сенен ауыр көрмедім Неге маза бермедің? Ол мені ұмытқан. Ол мені ұмытқан. Ол мені ұмытқан.
  • Мейіріміңнен айыра көрме Адал жолына тайдыра көрме Өзіңнен ғана шапағат күтем Басқаға қолын жайдыра көрме [Қайырмасы:] Кешір Алла, Кешір Алла Есіме ала алмасам тасыған кезде Кешір Алла, Кешір Алла Өзіңен алып жатсам жасыған кезде Кешір АЛЛА Жалғыз сүйеніш, қорғаным өзің Иманын сыйлап қолдарым өзің Я Раббым саған шүкірлік етем Мұсылман құлың болғаным үшін [Қайырмасы:] Кешір Алла, Кешір Алла Шүкірлік ете алмасам тасыған кезде Кешір Алла, Кешір Алла Өзіңнен алып жатсам жасыған кезде Кешір АЛЛА
  • Қазақ қызы намысы сынғырлаған сезімдей Айша бибі Домалақ аналардың көзіңдей Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіңдей Намысынды ерлерін қорғаса екен көз ілмей Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған Фаризам мен Мәрфуған елдің сөзің айта алған Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман Ахоу аридар-ей Күләшім мен Майрам бар осыдан біл анам кім Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның Мәдина апам жезтаңдай ақ баяны даламның Қыздарым бар осындай бар қазаққа тағармын Қызын туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ Қабырғасын халқымның қаусатуға қақын жоқ Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ Әдептікті Айман Шолпан қыздай жыр еттім Күй ойнаса Дина апам қуын шерткен жүректің Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің Қазақ қызы сендерге ең тәттіс тілектің Бір қыз маған жар болып көңілімді байытсың Дархан дала мен болсам Ертіс Еділ Жайықсың Болсам егер ескегін көлде жүзген қайықсың Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың
  • Отқа түстін суға түстін мен үшін Енді міне бағын берді жемісін Бала қыран шыңға шықса бұл күнде Мұның бәрі әке сенің жемісін Анашымды отырғызып жаныма Той берейін салып алаканыма Ей адамда шүкіршілік етіңдер Мына өмірде әкелерің барына Тек әкелер сендер ғана лайықсын Хан сарайы патша тағына Тек әкелер сендер ғана лайықсын Хан сарайы патша тағына Алатаудай қадірін білесін бе? Арманаң мен ұлдарын өсуде Алтын шапан кигізсем де аз саған Айтшы әке не істей алам сен үшін Анашымды отырғызып жаныма Той берейін салып алаканыма Ей адамда шүкіршілік етіңдер Мына өмірде әкелерің барына Тек әкелер сендер ғана лайықсын Хан сарайы патша тағына Тек әкелер сендер ғана лайықсын Хан сарайы патша тағына Ана жұмақ әке жұмақ қақпасы Бұлар жаққа бұрсандаршы ат басын Бір күндері жұмақ іздеп барғанда Қапа болып қақпа ашылмай жатпасын Анашымды отырғызып жаныма Той берейін салып алаканыма Ей адамда шүкіршілік етіңдер Мына өмірде әкелерің барына Тек әкелер сендер ғана лайықсын Хан сарайы патша тағына Тек әкелер сендер ғана лайықсын Хан сарайы патша тағына