Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Казахские песни.
Страница 93

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители
  • Көзіңнің мөлдірін-ай Сөзіңнің тәттісін-ай Тәттім, шекерім Әдемі күлгеніңе Еркеліп жүргеніңе-ай Еріп кетемін Тәтті-тәтті сөздерің балдай Маған деген пәк сезім қандай Сезімің бар болса Бар ойың ар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай Сезімің бар болса Бар ойың ар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай Өмірім күз деп едім Өзің ғой іздегенім Өзіме лайық Бақытты болашаққа Жалғыз боп дара шаппай Бірге барайық Тәтті-тәтті сөздерің балдай Маған деген пәк сезім қандай Сезімің бар болса Бар ойың ар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай Бар ойың ар болса Сезімің бар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай Сезімің бар болса Бар ойың ар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай Сезімің бар болса Бар ойың ар болса Қолымнан ұстап ал Айрылып қалмай
  • Аққудай аруымай нәзігім сұлуым-ай Әппақ жүзіне жарасқан еркетай қылығын-ай Жанды жылытып мұздаттын жүрегімді сыздатын Қалайша менің көңіліме жол таптын қайырмасы: Қылықтым-ау қылықтым Бақытыма жолықтым Жүрегімді жаулаған Сиқыры сұлулықтың Қылықтым-ау қылықтым Бақытыма жолықтым Жүрегімді жаулаған Сиқыры сұлулықтың Бір өзіңе жарығым-ай қанша жүрдім жолыға алмай Жердің жүзін сан айналып сендей бақыт таба алмай Таңдауым сені іздегенім бұндай жалын сезбеп едім Ғашық қылды ғой мені мына көздерің қайырмасы: Қылықтым-ау қылықтым Бақытыма жолықтым Жүрегімді жаулаған Сиқыры сұлулықтың Қылықтым-ау қылықтым Бақытыма жолықтым Жүрегімді жаулаған Сиқыры сұлулықтың
  • Сұлу сенің бейнеңе, Жарасады жымиғаның. Сұлуым-ау үйге де, Жылу сыйлап тұр иманың… [Қайырмасы] Сұлу*3 әдемім Сұлулықтың сенсің дәлелі Сұлу*3 әдемім*2 Сұлулыққа ғашық жан едім. Сұлу сенің жанарың, Жарасымды киінгенің. Сұлу етер маралым, Анама келіп иілгенің. [Қайырмасы] Сұлу*3 әдемім*2 Сұлулықтың сенсің дәлелі Сұлу*3 әдемім*2 Сұлулыққа ғашық жан едім.
  • Сен ғана маған лайық Болмашы көзден ғайып Бір жүріп бұл өмірде Бақытты бағалайық Тұрғысы жұмақтағы Жүрегін сәл ақтарды Әдемі айдай жүзін Тым қатты ұнап қалды Қайырмасы: Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Қолымнан ұшырмағым Серік бол құсым маған Сүйемін десем саған Ұялдын қысылғаннан Өзіңсін әппақ арман Көңілге сақтап алған Керімсін ерке сұлу Жарымсын ақ маралдай Қайырмасы: Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Қайырмасы: Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Қызыл гүл қызғалдағым Асылым ізгі арманым Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын Өзіңді өзге түгіл Өзімнен қызғанамын
  • Мақтаған елдің қызы жақтаған, мен ханзадаң Іш жұртының сенімін ақтаған, мен ханзадаң Жанымда жүр ханшайым тәтті адам, мен ханзадаң Жүрекпен сүймей жүзік тақпаған, мен ханзадаң Қайырмасы: Мен мен ханзадаңмын биік көр мені Сен жаратқанның сый қып бергені Қосылған біздер кейіпкерлері ертегенің Ана жұмақ, әкені хан деген, мен ханзадаң Бес күнді құлшылықпен сәндеген, мен ханзадаң Жұптасқан орамалды жанменен, мен ханзадаң Жанына сырын айтар әнменен, мен ханзадаң Қайырмасы: Мен мен ханзадаңмын биік көр мені Сен жаратқанның сый қып бергені Қосылған біздер кейіпкерлері ертегенің
  • Қадірле ата анаңды тірісінде Бірін бақ бірін байлық ырысым де Алдында ата ананың бағаланбас Алтында гауһар жауһар күмісіңде Анаңды аялай біл ақ сүт берген Төрт бөліп тəтті ұйқысын түн ішінде Əкеден қарғыс емес алғыс алсын Жұмақтың жүрем десе күмішінде. Байлап бақ атанаңды жынды болса Бұл нақыл үлге қыз бен ұл үшінде Себебі дайын олар о бастанақ Бала деп отқа түсіп у ішуге Термелеп сөз айтайын саналыға Бұрынғы өлмесін деп баба мұра. Абайла ата анаңыз налымасын Қарайла қайғы алмасын қабағына. Ұрпаққа ұлағатты болғың келсе Сыйлағын əкеніде ананыда Атаңа не жасасаң алдыңа сол Келеді деген мəтел бағалы да. Аялап алақанға сап өтпесең Жəннəттің иісі бармас танауыңа Ғаламның ғаламатын жиып терсең Ананың татымайды ау табанына Жамағат жақсы білер жұма барған Өмірде артық жан жоқ ұлы анаңнан Анаңды сыйла деген пайғамбарда Қолына қасиетті құран алған. Тіріңде төбеңізге көтеріп жүр Шуақ боп шапағаты шығар алдан Жатыр ғой күні біткен күнде кетіп Құтылмас ешкім қашып сұм ажалдан. Сан соғып қалмағайсың асылдарды Басынан көшкен шақта мына жалған Орны ойсыраған тола қоймас Жеті күн жер бауырлап жылағаннан. Өсиет айтам жайсаң жамағатқа Керегін алар əркім саралапта Қараусыз қалдырып жүр ата анасын Кейбіреу жеткеннен соң балиғатқа. Күнəсін құдай оның кешер мекен Қалған соң надан дейтін жаман атқа. Əлпештепте жүргендер бар ата анасын Қайтейін қара шенді қаралы апта. Солардың барлығына тəубе деймін Бақыттың басы дəйім қанағатта Ағайын ата ананы ардақтайық Сай болып адам деген саналы атқа.
  • Айналайын анамның жүрегінен Көздерінің нұрынан күн еріген Айналайын əкемнің ақылынан Қаруланған қайраты мен жігерінен Қайырмасы Қазағымның айналдым даласынан Даласының айналдым қаласынан Қаласының айналдым баласынан Баласының айналдым санасынан Бір қазаққа бір қазақ айнадай Айнадағы бейнеңе сай болайын Əр қазақтың баласы жалғызым деп Сабырадай секілді айналайын Қайырмасы Қазағымның айналдым баласынан Даласының айналдым қаласынан Қаласының айналдым баласынан Баласының айналдым санасынан
  • Күңіренген күз де, Ұқсап тұрғандай бізге. Махаббаттың гүлі Солып қалды ғой түзде. Ренжімеші күзге, Сен үмітіңді үзбе, Жүрегіңді тыңып, Шын бақытыңды ізде. Қайырмасы: Жылама жаным, (Продолжить) Кінәламағың, Тағдырыңның сенімұңды еткенін. Жылама жаным, Атады таңың, Сенің де келер бір көктемің. Өкпелейсің кімге, Қосылмаса ай мен күнде, Мәңгі бірге болу, Жазылды дейсің кімге, Мен кетермін жырақ, Тамшы мұң болып құлап, Күзгі жаңбырменен, Келіп тұрармын бірақ. Қайырмасы: Жылама жаным, Кінәламадым, Тағдырымның сенімұңды еткенін. Жылама жаным, Атады таңың, Сенің де келер бір көктемің.
  • Сен сүйем деген күндердің бәрі де жалған, Айналды күзге - жаз үміт болған Мен сүйем деген түндердің әні де арман Сағыныш болып мәңгілік жазылып қалған. Сағындым демеші. Жоғалған бақтың елесі. Жаралаған мені мұң жебесі. Сағындым демеші. Күйреді сезім кемесі. Жүректі жұбатар, Күндер елесі. Таусылып жасың жанардан сызылтып төгер, Жаңа бір ғұмыр ертең бастарсың ! Мен бір хат жазсам өзіңе үздігіп егер, Сен оны жаным оқымай, жыртып тастарсың !
  • Қырсығасың неге қызықсың сенде Еркелесең жеңесің Көрсетпейік өзге жанашыр көзге не болды екен демесін Ай мен сен едім сен мен едің ғой Мен қуансам күлгенің Мен жағамын сен жең едің ғой Толықтырған бір бірін Қайырмасы; Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Қорғаған қолдаған қабырғамдай болмаған Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Болмаған сол жаман маған көңілің толмаған Күндерің күмән түндерің тұман Жаңыласың сенде сүрінемін менде Тек мойындау жетпейді Кешірімді болу кешіре беру бізге көптік етпейді Ай мен сен едім сен мен едің ғой Мен қуансам күлгенің Мен жағамын сен жең едің ғой Толықтырған бір бірін Қайырмасы; Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Қорғаған қолдаған қабырғамдай болмаған Айналайын,айналайын бір өзіңнен айналайын Болмаған сол жаман маған көңілің толмаған
  • Бағынба, жүрегім, бағынба, Мазасыз түндерім, басталды тағы да, оу, тағы да. Мен сені ұмытқам бұрында, Көрмеймін азабын, түспеймін торыңа, оу, торыңа… Қайырмасы: Сол бір сезім қайта келмес, Мүмкін емес, мүмкін емес. Мәңгілікке қалатын елес… Өтпелі кезең бұл, алданба, Бақытқа бөлеген сезім ғой, таңданба, оу, таңданба. Мен сені жіберем жолыңа, Өзім де кетермін, қарама артыңа… Қайырмасы: Сол бір сезім қайта келмес, Мүмкін емес, мүмкін емес. Мәңгілікке қалатын елес…
  • Қалдырып махаббат қаласын Сен бүгін аттанып барасын Сондықтан жүректің жарасын Қозғама, қозғама. Түсінем, білемін, көнемін Кемелді жолынды бөгеймін Ұмытпай жүрем сені дегенің Сөз ғана, сөз ғана. Бар, бақытына бар Жаратқаның болсын жар Бір саған құсым Бар, бақытына бар Бұл бақыттың жолы тар Үш адам үшін мейлі Босатып жүректің сарайын Өзіңе бақ тілеп қалайын Өткенді өкініп алайын Есіме, есіме Жоғалды бұл әннің жалғасы Көңілге тым ауыр алмашы Қош енді сапарынннан қалмашы Осымен, осымен Бар, бақытына бар Жаратқаның болсын жар Бір саған құсым Бар, бақытына бар Бұл бақыттың жолы тар үш адам үшін бар енді
  • Арманым алауына мас боп алдандым Арбалдым, сонда да мен биік самғармын Мөп-мөлдір жанарымда жас боп қалғанмын Жүрегіммен бақ тілеп тұрып саған Маған қалдыр жалғанның мұңын Мен сыйлайын арманның гүлін саған Өткен күннің бар жүгін артып Қала берем ән-жырымды айтып саған Шын құзға биігіне шығып самғардың Жұлдызға жүрегімді соғып жырғанмын Күйдіріп қанатымды отқа салғанмын Жүрегіммен бақ тілеп тұрып саған Маған қалдыр жалғанның мұңын Мен сыйлайын арманның гүлін саған Өткен күннің бар жүгін артып Қала берем ән-жырымды айтып саған [x2] Кетпесе де тағдырым жалығып Жеткіземін жан сырын қайтіп саған Махаббатым адал боп тұрар Өртенсем де обал жоқ шығар маған
  • Бірде жанып шоқтай, Бірде сөнеміз. Бірде құлдай момын, Бірде төреміз. Бүгін досты ертең Дұшпан көреміз. Өзгереміз осы, Күнде неге біз? Қайырмасы: Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Жақынымыз өссе, Ұната алмаймыз. Қолдан келсе жардан Құлатардаймыз. Тәкәппар болуды Тура таңдаймыз. Жылатамыз бірақ Жұбата алмаймыз. Қайырмасы: Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Қайырмасы: Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар. Өтеді өтпелі замандар, Бәріңнің де бір-бір налаң бар. Жүректің айнасын кірлетпей, Адал болайықшы адамдар.
  • Айналайын қарағым алтыным-ай Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай Көрмегелі көп айдың жүзі болды Есен-аман жүрмісің жарқыным-ай Ахау, керім, бұраң белім Күнде жиын күнде той Жүрген жерің Ризамын жан қалқа сертке жетсең Қиын-қыстау жерлерден аман өткең Бір шыбындай жанымды құрбан етем Ғашығыңды өзің біл зар еңіретсең Аяй сарым сәуле жаным Сағынғанда қайда едің Ғашық жарым Сіз асыл зат қалқатай сағаттағы Көңілімді сүйген жар табад-тағы Көңілімді сүйген жар таппай кетсе Көңіл шіркін қайтейін қалад-тағы Аяй керім мөлдір көзің Әлі есімнен кетпейді Айтқан сөзің Ахау, керім, бұраң белім Күнде жиын күнде той Жүрген жерің
  • Ұзату салтын біле біл дейсін Қазақтың сұлу жібегім дейсін Ананның асыл ізісін еркем Әкеннің жұмсақ жүрегім дейсін Ананның асыл ізісін еркем Әкеннің жүрегі дейсін [Қайырмасы] Бой жеттін келді уақыттын емі Барған жеріңде бақыт тілегім Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін Бойыңнан дәлім табылар иба Тартайын саған әнімді сыйға Ақ құсым жолың ашылсын алдан Жаныңнан артық жарыңды сыйла Ақ құсым жолың ашылсын алдан Мәңгілік жарыңды сыйла [Қайырмасы] Бой жеттін келді уақыттын емі Барған жеріңде бақыт тілегім Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін [Қайырмасы] Бой жеттін келді уақыттын емі Барған жеріңде бақыт тілегім Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін Болғайсың бақ болып түскен еліңе Болғайсың бақытты келін
  • 1)Айтылған сын болса, шын болса Арланбай өз жолымды мен таңдаймын Қалдырмай көңілді ,жағымды, жұмсақ сөзбенен, Бойда барымды арнаймын. Жақсыдан жарқын ой шығар, Жаманнан жалын от шығар Қатты сынға қарамаймын. Қарамайды! Жағалмайсың бәріне. Жарамайды! Жараған күнің болса да бәрібір де Жарамайды! Не-не! Пф-ай! Қайырмасы: Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып Қалады тұста, осы дұрыс па? Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып Қалады тұста, осы дұрыс па? Hey,hater! Жаным менiң hater! Hey,hater! Менiмен Aidanator! 2)Не дейін сөзіңе, бір өзіңе Қызық болса, жаза бер, мейлі қайтпа! Әндетсем жақпаса, "лайк" баспа! Ұқпастан, жаман сөздерді айтпа! Жақсыдан жарқын ой шығар, Жаманнан жалын от шығар Қатты сынға қарамаймын. Қарамайды! Жағалмайсың бәріне. Жарамайды! Жараған күнің болса да ,бәрібірде Жарамайды! Не-не! Пф-ай! Қайырмасы: Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып Қалады тұста, осы дұрыс па? Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып! Қалады тұста, осы дұрыс па? Hey,hater! Жаным менiң hater! Hey,hater! Менімен Аidanator! 3)Артқа таста! Артқа бәрін таста Қадамыңды баста, Ешқашанда саспа Бәрін тыңдап босқа тағы Жаман ойды қоспа тағы Қоспа тағы ,қоспа тағы, тағы, тағы,тағы! Жақсыдан жарқын ой шығар, Жаманнан жалын от шығар Қатты сынға қарамаймын. Қарамайды! Жағалмайсың бәріне. Жарамайды! Жараған күнің болса да бәрібір де Жарамайды! Не-не! Пф-ай! Қайырмасы: Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып Қалады тұста, осы дұрыс па? Bad comment түрлі-түрлі Келеді тыстан, айтылар қысқа Не болса, соны жаза салып Қалады тұста, осы дұрыс па? Hey,hater! Жаным менiң hater! Hey,hater! Менімен Аidanator!
  • Періштелер қорғасын, Жолымызда тосқауылдар болмасын. Екеумізді аялап, Қозы менен Баянның Маxаббаты қолдасын. Ахау Алысқа да ғарышқа да алып ұшқан арман дүние Алақанды аялы махаббаттың баяны сол бөлеші өмір күйіңе Төкші сәуле саянды махаббатты аяулы сол тербетші бір күйінмен Махаббаты маздаған Жалынына шарпылмаған азбады Жеңе алмадық уақытты Екеумізге бақытты беу Неге ғана жазбады? Ахау Алысқа да ғарышқа да алып ұшқан арман дүние Алақанды аялы махаббаттың баяны сол бөлеші өмір күйіңе Төкші сәуле саянды махаббатты аяулы сол тербетші бір күйінмен
  • Елің қорғаған тарихта қалған Қаншама батыр ұлдары болған Бірігейік мәңгі болсың бір жырымыз Желбіресің мәңгі биік көк туымыз қайырмасы: Алға алға мәңгі биік самға Алға далам кіндік қаным тамған Жүрегімнің төрінде орын алдын Бірлігін тек артсың о Қазағым Алға алға мәңгі биік самға Алға далам кіндік қаным тамған Жүрегімнің төрінде орын алдын Бірлігін тек артсың о Қазағым Тәуелсіз елім артатын сенім Бабамнан қалған кең дала жерім Биік тутып жалауынды біз келеміз Үмітінді ақтайымын деп ант береміз қайырмасы: Алға алға мәңгі биік самға Алға далам кіндік қаным тамған Жүрегімнің төрінде орын алдын Бірлігін тек артсың о Қазағым Алға алға мәңгі биік самға Алға далам кіндік қаным тамған Жүрегімнің төрінде орын алдын Бірлігін тек артсың о Қазағым
  • Белгісіз жұмбақ мүлде Не гүлдедері ерте ...... Жай жарық шамдары бір жылы күнде Салқыныма әлде тым ерте күздің Өмірдің өкініштері болғанмен, Кей гүлдер ерте солғанмен, Таңым, жабырқап тұнғанмен Өтпелі, бәрі де, бәрі өтпелі Тағдырдың күзі, көктемі солай Бұл өмірдің заңы өткені Қайырмасы: Сенемін, мөп-мөлдір таңдарға Тап-таза жандарға, әппақ арманға. Мен сенемін, келетін жаныма Бақыттың барына, сенемін!! Мен сенемін, келетін жаныма Бақыттың барына, сенемін!! Табылар, жанның емі Уақыт қой жазатын оны Алдыңнан соққанмен тағдыр желі Талмасын бақытка созатын қолың Алдыңда, болса да қанша бар белес Қиындықтар да мәңгі емес Онсыз өмір де мәңгі емес Берсеңде өткен күндерге ес Несіне сенім өлшеді іздеп Сен арманға барар көшені Қайырмасы: Сенемін, мөп-мөлдір таңдарға Тап-таза жандарға, әппақ арманға. Мен сенемін, келетін жаныма Бақыттың барына, сенемін!! Мен сенемін, келетін жаныма Бақыттың барына, сенемін!!
  • Тусимде тек сени коремин Тусинемин онын озим себебин Ойымда менын жалгыз сен един Тагдырыма сени тенедим Сезимимди бир умитке боледин Жаным саган сенемин Жулдызын мен едим Сен барда калайша сонемин Махаббатын менен Журегимди оз колына беремин к/сы Карай бер козиме осылай карай бер Кара козинмен жылы леби Айта бер суйемин деп багына бала бер Тербетип создеринмен мени 2.Уксатамын саган кейде шын Алаулаган арманымнын бейнесин Жанарын шашкан сезим саулесин Жана омир ашип пердесин Бакыттын ауенименен тербесин Уакыт бызди болмесин Журек туйнбесин Биздерге кайгы мун келмесин Осынау быр кешке Сезимимиз гана жаным сойлесин к/сы Карай бер козиме осылай карай бер Кара козинмен жылы леби Айта бер суйемин деп багына бала бер Тербетип создеринмен мени
  • Азат елімнің тарландарына ризамын мен, Дархан даламның арландарына ризамын мен. Бар жанында сан арман рухы биік қандай, Ел бағына жаралған жігіттер нардай. Әр парызы өтелген, Көк байрағын көтерген, Серттерінен таймай. Сынақтан еш сескенбеген, Ұран еткен батыр бабасын. Дұшпанға да дес бермеген, Жан аямай қорғап даласын. Бөрінiң ұрпағы болған Халқым да білмейді жасқануды Елімнін еңсесі биік , болашақ бүгiннен басталуда Елімнін еңсесі биік, Қазағым дами бер, Өрлеші самғай бер, Еңбек ет аянбай тоқтама Алға ! Азат елімнің тарландарына ризамын мен, Дархан даламның арландарына ризамын мен. Айбарларын көргенде. Сенім оты сөнбес. Ризамын мен ерлерге намыстарын бермес. Асқардай биік арыстандай айбатты Намысын бермес кайсар Қазақ елі Қаһарлы мықты жолбарыстай қайратты Шоқтығы биік жайсаң Қазақ елімнің Қазақстаным көк бөрінің мекені Аспанда қыран қалықтаған самғаған Барыстай батыл қайсар айбат екенін Бар әлем білер менің Қазақ елімнің! Бойда тылсым күш пайда болар елді ойласам Ашық жарқынбыз қазақ елі асыл дастан Атадан қалған салт-дастүрді қастерлейік Бабалар салған сара жолмен журейік Байрағым желбіреп аспаныңда Жеңімпаз болайық қасқағымда Жігерлі, ақылды алгыр Намысты бермейді жастарың да Бөрінiң ұрпағы болған Халқым да бiлмейдi жасқануды Елімнің еңсесі биік, болашақ бyгiннен басталуда Елімнің еңсесі биік, қазағым дами бер, Өрлешi самғай бер, Еңбек ет aянбай тоқтама Алға ! Қайырмасы: Азат елімнің тарландарына ризамын мен, Дархан даламның арландарына ризамын мен. Айбарларын көргенде. Сенім оты сөнбес. Ризамын мен ерлерге намыстарын бермес. Ризамын ризамын, Ризамын мен Азат елімнің тарландарына ризамын мен, Намысты бермеген намысты ерлерге Ризамын мен, ризамын мен Асқардай биік арыстандай айбатты Намысын бермес қайсар Қазақ елі Қаһарлы мыкты жолбарыстай қайратты Шоқтығы биік жайсаң Қазақ елімнің Қазақстаным көк бөрінің мекені Аспанда қыран қалықтаған самғағап Барыстай батыл кайсар айбат екенін Бар алем білер менің Қазақ елімнің!
  • Now you say you\'re lonely You cried the long night through Well, you can cry me a river Cry me a river I cried a river over you Now you say you\'re sorry For being so untrue Well, you can cry me a river Cry me a river I cried a river over you You drove me, Nearly drove me out of my head While you never shed a tear Remember? I remember all that you said Told me love was to plebeian Told me you were through with me Now you say you love me Well, just to prove you do Cry me a river Cry me a river I cried a river over you You drove me Nearly drove me out of my head While you never shed a tear Remember? I remember all that you said Told me love was to plebeian Told me you were through with me And now you say you love me Well, just to prove you do Come on! Come on! Cry me a river Cry me a river I cried a river over you I cried a river over you
  • аке Жас едім өмірге еркін бойламаған Күні ертең не боларын ойламаған Шарықтап кетсем Дағы қанат қағып Өзіңдей қамқор әке қайда маған Шарықтап кетсем Дағы қанат қағып Өзіңдей қамқор әке қайда маған Бұл күнде мен де Өзеннің арнасымын Кім мөлдір болса соның жолдасымын Қуан сен, қуана бер, әкетайым Мен сенің өміріңнің жалғасымын Қуан сен, қуана бер, әкетайым Мен сенің өміріңнің жалғасымын ана Әлемнің жарығын сыйладың сен маған Даланың әр гүлін жинадың сен маған Сен бердің құстардың қанатын самғаған Балалық қоштарың өзіңе арнаған Қайырмасы 2рет: Әлдилеп, аялап өсірген жемісің Самал жел саябақ құшағың мен үшін Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын
  • Көрдім бүгін, көрдім тағы... Жылытты оның құшағы сені Көз алмай маған қарадың Қасыма кеп, айта алмадың нені? Кімбіз енді біз бір-бірімізге? Кімбіз? Оны біз өзіміз білмейміз. Үнсіз екеуміз бір-бірімізді, Қиялдан ғана іздейміз. Жаным, не істейміз? Қ-сы: Сезімімді неге ала кетпедің, Үмітім боп (болып) жанған? Елесіңді неге ала кетпедің, Жанарымда қалған? «Маxаббатың мұңын ала кет!» - дедім, «Сағыныштың үнін ала кет, ала кет!» - дедім. Ала кетпедің, жаным Неге ала кетпедің?! 2. Көрдің тағы, көрдің мені... «Бағым» -деп жүрсем де өзгені, сенбе! (көзіме, тек көзіме сен!) Бір өзің мәңгі тілегім, Болсам да алыс, жүрегім сенде. Кімбіз енді біз бір-бірімізге? Кімбіз? Оны біз өзіміз білмейміз Үнсіз екеуміз бір-бірімізді, Ұйқысыз түннен іздейміз. Жаным, не істейміз? Қ-сы: Сезімімді неге ала кетпедің, Үмітім боп (болып) жанған?! Елесіңді неге ала кетпедің Жанарымда қалған?! «Маxаббатың мұңын ала кет!» - дедім, «Сағыныштың үнін ала кет, ала кет!» - дедім! Ала кетпедің, жаным Неге ала кетпедің?! Өткенімді неге ала кетпедің, Ессіз ғашық еткен?! Көктемімді неге ала кетпедің, Бақытым боп (болып) жеткен? Түстерімнен неге әлі кетпедің? «Сағыныштың үнін ала кет, ала кет!» - дедім. Ала кетпедің жаным, Неге ала кетпедің?
  • Түсінбесең де сырын жанымның Құлазып жиі сені сағындым Болсыншы деп ем Гүлі бағымның Шолпаны жалғыз атар танымның Неліктен тосын серттен жаңылдың Ақ ұрып жиі сені сағындым Болар-ау деп ем гүлі бағымның Басқа сезімге бірақ бағындың [Қайырмасы:] Деуші едің ғой сенің пәгіңмін Өкініш өртеп сені сағындым Атыра алмай таң түндер сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындың Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың Сағыныш деген ғажап сағымның Еркіме бойлап сені сағындым Келтірер сенсіз өмір мәнін кім? Тынысы екенсін менің жанымның Күтумен сені ұзақ сарылдым Сабырым жеңіп сені сағындым Атар таңыңмын, сенің бағыңмын Жылыншы келіп, Өртпін жалынмын [Қайырмасы:] Деуші едің ғой сенің Пәгіңмін Өкініш өртеп сені сағындым Атыра алмай таң түнде сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындың Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың
  • Көктемнің самалындай Жүректі тербедің Мен мөлдір жанарыңда Бақытты көргенмін Армандап сені пейіл Махаббат бағында Еркелеп еліктейін Жүрсін ғой жанымда [Қайырмасы] Күндер өтуде түндер өтуде талай Жанды жылытқан сені ұмытам қалай? Күндер өтуде түндер өтуде талай Жанды жылытқан сені ұмытам қалай? Түсімде жиі көрем Ғашық боп қайтадан Ұмыту қиын деген Сөз емес жай ғана Үмітпен үзілмейтін Күн кешіп келемін Сезімнен көз ілмейтін Өмір ай бергенмін [Қайырмасы] Күндер өтуде түндер өтуде талай Жанды жылытқан сені ұмытам қалай? Күндер өтуде түндер өтуде талай Жанды жылытқан сені ұмытам қалай? Күндер өтуде түндер өтуде Жанды жылытқан сені ұмытам Күндер өтуде түндер өтуде талай Жанды жылытқан сені ұмытам қалай? [Қайырмасы] Күндер өтуде түндер өтуде талай Жанды жылытқан сені ұмытам қалай? Күндер өтуде түндер өтуде талай Жанды жылытқан сені ұмытам қалай?
  • Ерке сылқым қаланың қызы Жарық айдың жаңа жұлдызы Қарамайсың-ау, қаламайсың-ау Мені тең деп санамайсың-ау Әлеуметтік салаңыз сіздің Әлеуметтік саламыз біздің Мүлдем бөлек қой, күн мен түнек қой Сіздікі ақша, біздікі жүрек қой [Қайырмасы] Аязды күн даланың ызы Секілді ғой қаланың қызы Ерімейді еш, келші бер келші Ерітемін сені еркелегіш Батырымын дархан даламның Мен өзіңе халқым боламын Жоқ деп жасыма, бар деп тасыма Бағым болып қоншы қасыма [Қайырмасы] Аязды күн даланың ызы Секілді ғой қаланың қызы Ерімейді еш, келші бер келші Ерітемін сені еркелегіш Жоқ деп жасыма, бар деп тасыма Бағым болып қоншы қасыма
  • Түсінбесенде сырын жанымның Құлазып жиі сені сағындым Болсыншы деп ем Гүлі бағымның Шолпаны жалғыз атар танымның Неліктен тосын серттен жаңылдын Аһ ұрып жиі, сені сағындым Болар-ау деп ем гүлі бағымның Басқа сезімге бірақ бағындың [Қайырмасы:] Деуші едін ғой сенің Пәгінмің Өкініш өртеп сені сағындым Арттыра алмай таң түнде сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындын Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың Сағыныш деген ғажап сағымның Еркіме бойлап сені сағындым Келтірер сенсіз өмір мәнін кім? Тыныс екенсің менің жанымның Күтумен сені ұзақ сарылдым Сабырым жеңіп сені сағындым Атар таңыңмын, сенің бағыңмын Жылыншы келіп, өртпін, жалынмын [Қайырмасы:] Деуші едін ғой сенің Пәгінмің Өкініш өртеп сені сағындым Арттыра алмай таң түнде сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындың Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың
  • Дархан тағдыр сені маған жолықтырды қайдан, Өміріме нұрлы көктем болып кірдің айнам. Бір сәтке де босай алмай өзің жайлы ойдан, Жүрегімде басталды бір майдан. [Қайырмасы:] Перзентісің гүлім, Махамбеттің жырын, Тудырған ұлы өлкенің. Аямашы құрбыңнан көркемім, Жүрегіңнің бар нұрын. Жанарыңда сенің Жатыр екен менің тағдырым. Біздің жастық шағымыздай қанатын кең жайып, Барады ағып бабамыздың ерке өзені Жайық. Өр теңізге бағыт ұстап жағада тұр кемем, Кешігем деп ойламайсың неге? [Қайырмасы:] Перзентісің гүлім, Махамбеттің жырын, Тудырған ұлы өлкенің. Аямашы құрбыңнан көркемім, Жүрегіңнің бар нұрын. Жанарыңда сенің Жатыр екен менің тағдырым. Оңайлықпен асу бермес қырқасы мен белі, Түу алыста қолын бұлғап тұр махаббат елі. Желкеніңді пенделіктің билемесін желі, Бір жоғалтсаң таба алмайсың мені.