Шалқар көлде келеміз, бірге жүзіп,
Көргеніміз күнде той, күнде қызық.
Сұлу қыздар бар бізде, жігіттер де бар,
Теуіп кетсе темірді, жүрген үзіп.
Қайырмасы:
Шалқар жастары, қия баспады,
Алға бастады, көзімді ашқалы.
Көзді жұмдағы, биле тұрдағы,
Шалқар ұлдары, қыздары,
ұлдары.
Арқа қағып ағалар әнім дейді,
Сәлем берем женгелер күлімдейді.
Абыз кеуде қарттардың батасын алып,
Біздің нардай жігіттер сүрінбейді.
Қайырмасы:
Қыздары бар дәстүрден жанылмайтын,
Көлге жүзген аққудай мамырлайтын.
Бірімізді біріміз батырым дейік,
Біз біріксек қамал жоқ
алынбайтын.
Қайырмасы: