Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Нурболат Абдуллин.
 Слушать песни исполнителя и скачать онлайн

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

Нурболат Абдуллин

Показал не только свой талант, но и обаятельность и привлекательность, как человека, так и артиста.
  • Самал желмен тербеледі Сенің қара шаштарын Мөлдірімен қараушы еді Сенің қара көздерің Өмір бойы өзіңменен Бір болуды қалаушы ем Кеттің ғой тастап мені Тастап мені баскаға Махабатпен ойнама сен Жас журекті қинама сен «Сүйемін» деп алдама сен Егер мені сүймесең 2 рет Жамбыр жауған сол бір куні Кеттің ғой сен қарамай Жас жүрегін сол бір жанның Иілінен айрылма Қайда кеттің кеттің қайда Іздеп сені таппады
  • Сен қорқақсың, ғашық болдым Өзің көрмей тасып тұрдым Саған құшақ ашып көрдім Сен келмедің неге Сендей сұлу мен көрмедім Құшағымда тербелмедің Жүрегіңнен төр бермедің неге Ұялып жүрсің маған қарауға Айтшы сен соншама кімсің Сүйіп қалдым күйіп жану Қиын мағанда Келмейсің бе сен сертіңді бермейсің бе Сенесің бе сенбейсің бе Маған енді бəрі бір Жүрек жылап қала берді Жалынбаймын саған енді Тағыда айтам маған енді бəрі бір Қырсығып жүрсің келем демейсің Бəрін жан қалауың білсін Сағыныштан өлдейсің бе енді не дейсің? Сен қорқақсың, келе алмайсың Келе алмасаң неге алдайсың Қорқақ болмасаң, сүймей қалмасаң Сен жанымда менің, мəңгі болмайсың ба Менің дертім сен бір күні келер дедім мен не көрдім не көрмедім бəрін білдім қайтшы Неге сонша жалындырдың Келмей кеттің сағындырдың Сонда жаным саған кіммін айтшы Ұялып жүрсің маған қарауға Айтшы сен соншама кімсің Сүйіп қалдым күйіп жану Қиын мағанда Келмейсің бе сен сертіңді бермейсің бе Сенесің бе сенбейсің бе Маған енді бəрі бір Жүрек жылап қала берді Жалынбаймын саған енді Тағыда айтам маған енді бəрі бір Қырсығып жүрсің келем демейсің Бəрін жан қалауың білсін Сағыныштан өлдейсің бе енді не дейсің?
  • Төзім, сынақ, сезім сұрақ Себепсіз-ақ қалдың ұнап Байқамадың оны бірақ Неткен жұмбақ махаббат Керегі сенен Бөлінбе менен Махаббат деген осы Мен саған сенем Сертімді берем Махаббат деген осы Көзің оттай жалын төкті Жан дүниемді өртеп өтті Жүрегім тек сен деп соққты Алма оны жаралап Керегі сенен Бөлінбе менен Махаббат деген осы Мен саған сенем Сертімді берем Махаббат деген осы
  • Жүрегіме, ізін салған көзің Содан бері жанарыңның ішіндемін. Шыға алмай жүрмін енді түсінгенім. Қайырмасы: Сенің көзің мөлдір, мөлдір, мөлдір жаным Мөлдіріңді сүйетінім саған мәлім Кірпігіңді исең, ерініңнен сүйсем Маған ғана берсең соның бәрін жаным. Тұнығымен, тербеп сенің көзің Шеберсің-ау шіркін қандай шырын сезім Дәл мендей сүй енді сен де мендей сезін Қайырмасы: Сенің көзің мөлдір, мөлдір, мөлдір жаным Мөлдіріңді сүйетінім саған мәлім Кірпігіңді исең, ерініңнен сүйсем Маған ғана берсең соның бәрін жаным.
  • Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, Жүрегі еттен бе, Әлде қоладан ба?! О, тәңірім! қайырмасы: Ғашықпын оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам. О, тәңірім! Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге, Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе? Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып, Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе? О, тәңірім! қайырмасы: Ғашықпын оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам. О, тәңірім! Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, Жүрегі еттен бе, Әлде қоладан ба?! О, тәңірім!
  • Өмір өтіп бара жатыр, ақылдым, Өзіңді ойлап тағы бір таң атырдым. Қаншалықты қашық жүрсем мен сенен, Соншалықты жүрегіңе жақынмын. Тағдыр бізді сынамай ма, сынай ма, Аспан сені аяғасын жылай ма? Сен бар кезде мен көңілді жүремін, Мен бар кезде сен де жаным, мұңайма! [Қайырмасы] Тамады, тамады, тамады тамшылар, Таң атса аспанның көз жасы таусылар. Тамады, тамады, тамады тамшылар, Біздің де ататын таңымыз бар шығар. Кездескенде біздер бақыт табамыз, Қоштасқанда неге жылап қаламыз? Ай мен күндей кету үшін қосылмай, Жер мен көктей болу керек арамыз! Сенен басқа жан білмейтін сырым бұл, Ағыл-тегіл жаңбыр жауды бүгін бір. Аспан жерді сағынғаннан жылайды, Ал сен мені сағынғанда күліп жүр [Қайырмасы] Тамады, тамады, тамады тамшылар, Таң атса аспанның көз жасы таусылар. Тамады, тамады, тамады тамшылар, Біздің де ататын таңымыз бар шығар.
  • Қызықпаймын өзге бақтың гүліне мен Құлпырасын әп әдемі қызғалдағым Менің ғана жанарымның нұрыменен Жаным сенсіз жүрек жалғыз көңіл жарым Маған бақыт бұл өмірде сенің барың Қиялдаумен өзіңді іздеп қызғалдағым Қаншама жыл араладым өмір бағын [Қайырмасы] Қызғалдағым, ізгі арманым Жүрегімді сізге арнадым Қызғалдағым, ізгі арманым Мен сендікпін қызғанбағым Жүрегімде пайда болып мұздан жалын Өзің барда сезінбедім ызғар барын Бағалаймын аялаймын алақанда Бақытымның гүлі сен деп қызғалдағым Жаным сенсіз жүрек жалғыз көңіл жарым Маған бақыт бұл өмірде сенің барың Қиялдаумен өзіңді іздеп қызғалдағым Қаншама жыл араладым өмір бағын [Қайырмасы] Қызғалдағым, ізгі арманым Жүрегімді сізге арнадым Қызғалдағым, ізгі арманым Мен сендікпін қызғанбағым [Қайырмасы] Қызғалдағым, ізгі арманым Жүрегімді сізге арнадым Қызғалдағым, ізгі арманым Мен сендікпін қызғанбағым
  • Жай әуен әсем қосылған кезде Қарсы алдым сен табылдың лезде Билеуде бәрі қалмайық қалыс Ортада тағы билейік вальс Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Көзіме қара ұялма менен Жымиып қана қарайсың төмен Билеуде бәрі қалмайық қалыс Ортада тағы билейік вальс Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Менімен еріп ырғалып биле Кеттіңбе еніп ғажайып күйге Сәттерде сол бір күлгендей болдың Көзіңнен мөлдір махаббат көрдім Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Билеуде бəрі қалмайық қалыс Ортада тағы билейік вальс Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Жүректер демі жақыннан соқсын
  • Қылығың балдай болған Бұрымың ұзын Анаңнан аумай қалған жүзің Атасының алданышы, Әжесінің қолғабысы Барым, бағым жаным қызым Қайырмасы: Бөленіп таң нұрына Риза бол тағдырыңа Сен үшін мен дайынмын барлығына Әкеңмін дара шыңмын Мен саған жан ашырмын Жолымен жүр анашыңның қызым Қызым-ау пысық болған Мінезің керім Аузымнан түсіп қалған едің Әкесінің көл, теңізі Анасының ерке қызы Тәттіден де тәттім менің
  • Бақытты да емеспін бақытсыз да емеспін Сені көрдім сүйіктім арасынан елестің Айдай жүзің күн бе екен жаңа ашылған гүл ма екен Сендей жанды еркем-ау қандай ана туды екен Қайырмасы: Гүлназым Гүлназым Гүлназым назымым-ай Сені сүйіп қалғаным ба Қалғаным ба жазығым Саған ғана тек бұл ән айтылады деп тұрам Қолым жетер ма еке деп көілімде көп күмән Көрмесем де қызғанам сөйлесең де қызғанам Күннің түскен жүзіне сәулесінен қызғанам Қайырмасы: Гүлназым Гүлназым Гүлназым назымым-ай Сені сүйіп қалғаным ба Қалғаным ба жазығым
  • Жай әуен әсем қосылған кезде Қарсы алдым сен табылдың лезде Билеуде бәрі қалмайық қалыс Ортада тағы билейік вальс Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Көзіме қара ұялма менен Жымиып қана қарайсың төмен Билеуде бәрі қалмайық қалыс Ортада тағы билейік вальс Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Менімен еріп ырғалып биле Кеттіңбе еніп ғажайып күйге Сәттерде сол бір күлгендей болдың Көзіңнен мөлдір махаббат көрдім Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Билеуде бəрі қалмайық қалыс Ортада тағы билейік вальс Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Жүректер демі жақыннан соқсын
  • Білмеймін хауа ма еді ева ма еді Əйтеуір қазір қыздар көп əдемі Деседе қысық көзді қытай қыздан Қазақ қыздың ботадай көзі əдемі Жер бетінің қыздарын қатар қойсақ. Біздің елдің қыздары ең əдемі. Қазақтай сұлу елден таңдап алған Қазақтың еркетайы сен əдемі.2 2куп Қызыл сары қызынан еуропаның Қара торы қызының өзі əдемі Үнді қызы билейді мың бұралып Қазақ қыздың сондада белі əдемі Қайырмасы. Жер бетенің қыздарын қатар қойсақ. Біздің елдің қыздаиы ең əдемі. Қазақтай сұлу елден таңдап алған Қазақтың еркетайы сен əдемі. Репер. Түріктің əлпештеген хатунынан Қазақтың келін деген шені əдемі Біз мұрынды біздің қыз тұрған кезде тау мұрынды тау қызы неге əдемі Орыстың бетіндегі секпілінен қазақтың бетіндегі меңі əдемі Жер бетенің қыздарын қатар қойсақ. Біздің елдің қыздары ең əдемі. Жер бетенің қыздарын қатар қойсақ. Біздің елдің қыздаиы ең əдемі. Қазақтай сұлу елден таңдап алған Қазақтың еркетайы сен əдемі.
  • Асау өмір арнасында Шалқып сәби сезімменен Он жыл мектеп партасында Бірге отырдым өзіңменен Сездіруге батпадым да Бала махаббатымды Терезенің жақтауына Ойып жаздым атыңды Елес беріп келешегің Қимасыңа баладың ба Қоштасарда неге сенің Жас толқыды жанарыңа Сездіруге батпадым да Бала махаббатымды Терезенің жақтауына Ойып жаздым атыңды Іңкәр еткен атар таңға Қош бол енді бала көктем Бізді алыс сапарларға Шақырады самолеттер Сездіруге батпадым да Бала махаббатымды Терезенің жақтауына Ойып жаздым атыңды
  • Жүрегім қойды ақылымды алмай Көрдім де сүйдім алансыз Сүйемін деуге батылым бармай Аған боп жүрмін амалсыз Жарасып жүріп жанымды осылай Сіз дегенінде маған сыз Мөп-мөлдір көзді қарындасым ай Мөлдір мұңымнан хабарсыз [Қайырмасы] Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Сырт айналарда сырымды білсен Сыртыннан сүйдім сезілмей Мазалап жатқан мұңымды білсен Мезгілсіз келген мезгілдей Басқада жүр ме назарың мүлде Жас жүрек үні сөз жүрмей Мөлдір көзіңді қададын кімге Мөлдір сезімді көзге ілмей [Қайырмасы] Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім [Қайырмасы] Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім
  • Жарқырап жайнаған Жадырап айналаң Арайын төккен ай ма едің Сол айдын жарығы-ау Жарқ еткен жаным-ау Мен бойдақ кезде қайда едің? Гүл көктем бе едің Кірлетпе менің Көңіл тереземнің әйнегін [Қайырмасы] Жайнаған гүл ме едің Жүргенін күлгенін Әдемі көйлегіндегі ілгегін Ай ме едің Күн бе едің Ән бе едің Жыр ме едің Неге теңерімді білмедім Ай ме едің Күн бе едің Ән бе едің Жыр ме едің Неге теңерімді білмедім Мөлдіреп көздерін Сөзінен өзгенін Түспесін жаным енсеңіз Шекер мен бал шығар Сененде ән шығар Ол қызды көзбен көрсеңіз Айта бермейді Қайта келмейді Қайран жиырма бес пен он сегіз [Қайырмасы] Жайнаған гүл ме едін Жүргенін күлгенін Әдемі көйлегіндегі ілгегін Ай ме едін Күн бе едін Ән бе едін Жыр ме едін Неге теңерімді білмедім Ай ме едін Күн бе едін Ән бе едін Жыр ме едін Неге теңерімді білмедім Сүйсініп тағыда Жайласып жаныма Әнімді үнсіз тындайсын Адастым еркімнен Сүйкімді көркінмен Жанардың жауын ұрлайсын Елжіреп сезім Мөлдіреп көзің Өзіңде қарап тұрмайсын [Қайырмасы] Жайнаған гүл ме едін Жүргенін күлгенін Әдемі көйлегіндегі ілгегін Ай ме едін Күн бе едін Ән бе едін Жыр ме едін Неге теңерімді білмедім Ай ме едін Күн бе едін Ән бе едін Жыр ме едін Неге теңерімді білмедім Ай ме едін Күн бе едін Ән бе едін Жыр ме едін Неге теңерімді білмедім
  • Махаббатқа жаным Мен қоямын нүкте Ұмытамын бәрін Қызық емес түкте Өткен өмір өткен Бұл кеткенім кеткен Енді мені күтпе Қоштасқалы тұрмыз Жүрек жылап алсын Өмірімде жоқсың Көңілімде барсың Тағдыр бізді бөлді Бұл махаббат енді Арамызда қалсын Маған бәрі ұнайды Білем қиың саған Уақытымды алма Бақытымды табам Сенесің бе маған Тек естелік болып Мен есіңде қалам Қоштасқалы тұрмыз Жүрек жылап алсын Өмірімде жоқсың Көңілімде барсың Тағдыр бізді бөлді Бұл махаббат енді Арамызда қалсын Қоштасқалы тұрмыз Жүрек жылап алсын Өмірімде жоқсың Көңілімде барсың Тағдыр бізді бөлді Бұл махаббат енді Арамызда қалсын
  • Жанымнан менің жырақтамашы ұнап қаласың Қолыңды созшы жүрегім Тағдырға неге сыр ақтарасың жылап қаласың Жылап қаласың Естеліктерден табылмайсың ба тағы Ұрлайсың ба Ең сұлу гүлі тәңірдің Сен мені мүлде сағынбайың ба Сағынбайсың ба Тұрады өмір жаңылыстардан, Жалыныштардан. Сезім ғой бізді алып ұштырған, Сағыныстырған. Қауырсын қанатымнан. Мен үшін жаратылған. Сен сый едің. Бір ғұмыр бір өмірмен. Жұп-жұмыр жүрегіммен. Мен сүйемін. Естеліктерден табылмайсың ба тағы Ұрлайсың ба Ең сұлу гүлі тәңірдің. Сен мені мүлде сағынбайың ба Сағынбайсың ба. Мен сені қатты сағындым. Тұрады өмір жаңылыстардан Жалыныштардан. Сезім ғой бізді алып ұштырған Сағыныстырған. Қауырсын қанатымнан. Мен үшін жаратылған. Сен сый едің. Бір ғұмыр бір өмірмен. Жұп-жұмыр жүрегіммен. Мен сүйемін. Тағдырды мейлі жек көресің бе кектенесің бе. Жыламай жүрсең разымын. Жыламаймын деп серт бересің бе серт бересің бе? Бақытты болшы нәзігім Тұрады өмір жаңылыстардан Жалыныштардан. Сезім ғой бізді алып ұштырған Сағыныстырған. Қауырсын қанатымнан. Мен үшін жаратылған. Сен сый едің. Бір ғұмыр бір өмірмен. Жұп-жұмыр жүрегіммен. Мен сүйемін. Тұрады өмір жаңылыстардан Жалыныштардан. Сезім ғой бізді алып ұштырған Сағыныстырған. Қауырсын қанатымнан. Мен үшін жаратылған. Сен сый едің. Бір ғұмыр бір өмірмен. Жұп-жұмыр жүрегіммен. Мен сүйемін.
  • Анамның шайын ,құрт, қаймақ, майын, Ауылға барам сағынған сайын Бауырсақ ,наны дертіме дәрі Таңдайдан кетпес тарының дәмі. Әкемнің өзі көненің көзі Бір кітап маған бірауыз сөзі Төрт түлік малы даланың сәні Соғымын маған сақтап жүр әлі Сағындым ауылдастарды Сағындым бауыр- достарды Қиылып қарап тұратын Сағындым қарындастарды
  • Жүрегімнің әмірінен Аса алмадым әлі білем Саябақта сырласып тұрдық біздер Айлы түннің жарығымен (2 рет) [Қайырмасы] Жанарыңды жұмдың Құпияыңды білдім Мендік жүрек сыймай кеудеме Төмен қарап тұрдың Сәл жымиып күлдің Ғашық емес болсаң сен неге Бұл не деген керемет түн Жалыны ескен сенен оттың Менде үнсіз үндемей сенде жаным Құшағыма ене кеттің (2 рет)
  • Батырып күннің иегін, Бұлт торлап айдың жиегін Біздерді жақындастырған Сол түнді қатты сүйемін. Қ-сы: Жылдар өтті арада, Жүрісің сен қай қалада. Уақыт емші бола алмады жарама, Жаным қатты толқыды Біз кездескен сол түні Қауыштырар қайта бəлкім жол түбі Сағыныш самалы Тоңдырып барады Тек сен келіп жылыта аласың Көзден жас тамады Жүрегім жаралы Дəрігері өзің ғанасың (2 рет) Өзімді қинап жүрмін тым Сағыныш болар бұл…
  • Күтетін едік таңдардан арай Бірге болмадық жалғанда қалай Біздің махаббат аяқталды ғой Жарты сағаттық бағдарламадай Есім ауады елес күндерге Ерегеспеймін мен ешкіммен де Менсіз де жаным бақытты екенсің Сенсіз де сорлы емеспін мен де [Қайырмасы] Халіңді сенің сұрамай білем Дертіме дауа сірә қай бір ем Жас болсаң менің жанарымдағы Жоғалтпас үшін жыламай жүрем Екеумізге дақ келмеді не сын Өмірдің алдық берген үлесін Біздегі сезім алдамшы екенін Мен де білемін сен де білесің Мен кімге неге жақұт теремін Тежегіші жоқ уақыт кеменің Өмір дегенің өткінші емес пе Алдамшы емес пе бақыт дегенің [Қайырмасы] Халіңді сенің сұрамай білем Дертіме дауа сірә қай бір ем Жас болсаң менің жанарымдағы Жоғалтпас үшін жыламай жүрем
  • Кешірші Алла айыптымыз Сынағыңа лайық құлмыз Түк келмейтін қолымызды саған ғана жайып тұрмыз Әлсіз адам, әлсіз әлем Жыбырлаған жансыз әрен Көзге жылтыр көрінгенмен Иісі жоқ дәмсіз әлем Ауасы бар демсіз әлем Ауруы бар, емсіз әлем Тура жолдан тайқып кетіп Жол таппаған жөнсіз әлем Қартаймай-ақ қара жабар Жаман індет жаны залал Меймандарсыз мейрамдармен Жамағатсыз жаназалар Ғылым қайда, ғалым қайда Алпауыттар әлің қайда Ғарыш асқан білім қайда Бірі емге табылмайма Эй өмір-ай өтірік құр Өңің неге өкіріп тұр Дала түгел жөтеліп тұр Қара жерің кекіріп тұр Ғылым қайда, ғалым қайда Алпауыттар әлің қайда Ғарыш асқан білім қайда Бірі емге табылмайма Қартаймай-ақ қара жабар Жаман індет жаны залал Меймандарсыз мейрамдармен Жамағатсыз жаназалар Зиян қылған зұлым көрші Мүминдерге тұғыр берші Алғаныңа жәннат сыйлап Қалғаныңа ғұмыр берші Қартаймай-ақ қара жабар Жаман індет жаны залал Меймандарсыз мейрамдармен Жамағатсыз жаназалар Зиян қылған зұлым көрші Мүминдерге тұғыр берші Алғаныңа жәннат сыйлап Қалғаныңа ғұмыр берші
  • Көргенде сені қысылам жаным Не керек саған ұсынам бәрін Өзінше болып қинайсың мені Сенікі жай ма түсіне алмадым Қызық екенсің, қызық екенсің Мен қызығып жүрсем бұзық екенсің Қызық болсаң да, бұзық болсаң да. Сұлулардың жаным жүзіне теңсің Басымнан менің таймашы бағым Уақыт бар әлі қайда асығамын Өкпелетсем де сүйем ғой сені Қатты кетпеші жайлашы жаным Қызық екенсің, қызық екенсің Мен қызығып жүрсем бұзық екенсің Қызық болсаң да, бұзық болсаң да. Сұлулардың жаным жүзіне теңсің. Нұрболат Абдуллин Қызық екенсің
  • Жүрегімді сүйіп жер айналардай Түр өңімді сүйіп желде ойнағандай Бірақ мені сен де сүйіп қалмашы Жақсы емеспін жаным сен Ойлағандай Жүрегің тым аппақ еді Емеспін бірақ дәмелі Өзіңе жақсы болмайды Ұнатпа мені Бәріне төзіп жүрегің Бәрін де сезіп жүр едің Ренжіме кімді сүйсем де Өзім білемін Білмейсің-ау мені тым жек көруді Басқа нанға көрсет құрметтеріңді Жол бермеймін саған мені сүйюге Сүюіңе рұқсат…
  • Көрсем де талай сылқымды Көрсем де күлкі мың түрлі Бұрылсың жаным еш жерден Көрмеппін сенің күлкіңді Мұңаюдың жоқ керегі Күлгенің күшті себебі Күлкіңе қарап күні-түн Отыра бергім келеді Күлкің-ай күлкің-ай Айдан да әсем шіркін-ай Ғашық болған шығармын Күлкің үшін мүкін-ай Күлкің-ай күлкің-ай Күннен де көркем шіркін-ай Тарқаттың-ау бір күліп Көңілімнің бұлтын-ай Үніңмен нәзік үзілген Тістерің маржан тізілген Сәл төмен қара көздерің Айналдым күлген жүзіңнне Өзіңше болма өзіңше Жүрегіңмен сезінсе Ғашық болып қалар басқалар Күлмеші көптің көзінше Күлкің-ай күлкің-ай Айдан да әсем шіркін-ай Ғашық болған шығармын Күлкің үшін мүкін-ай Күлкің-ай күлкің-ай Күннен де көркем шіркін-ай Тарқаттың-ау бір күліп Көңілімнің бұлтын-ай Күлкің-ай күлкің-ай Айдан да әсем шіркін-ай Ғашық болған шығармын Күлкің үшін мүкін-ай Күлкің-ай күлкің-ай Күннен де көркем шіркін-ай Тарқаттың-ау бір күліп Көңілімнің бұлтын-ай
  • Әкешім бұйрығын тыңдатып Анашым күнім деп тіл қатып Соларға еркелеп өзіңді Баладай сезіну бір бақыт Әр таңым өзіңмен бірге атып Ибамен тұратын үн қатып Ақылды жарнауың түріңде Сәбидің күлгені бір бақыт Қайырмасы Сан түрлі жырларға жырлатып Көзіңнің мөлдірін құрғатып Таң атып оянсаң күн батып Өмірде бар болу бір бақыт Достарға бірлікті жырлатып Жастарға достарды тыңдатып Ел үшін аянбай тер төгіп Елеулі ер болу бір бақыт Қайырмасы Сан түрлі жырларға жырлатып Көзіңнің мөлдірін құрғатып Таң атып оянсаң күн батып Өмірде бар болу бір бақыт
  • Мен өзіңді сүйдім, сүйдім Жалыныңа күйдім, күйдім Өртедің жанымды Арнадым әнімді Жүрегім тұр үнсіз жылап Жатыр онда жалғыз сұрақ Қойған сауалы Белгісіз жауабы Қайырмасы: Махаббатым сен қиял бағым Жүрегіме сыя алмадың Сүйкімдім сен менің Білмедім себебін Сен сүйгенді неге сүйе алмадың. Сүйе алмадың қалай мені Сүю заңы солай ма еді? Айналған елеске Жаным сен емес пе Көз ілмейтін таңдарымда Қала бердің арманымда Қарайлап жолыңа Қонбадың қолыма Қайырмасы: Махаббатым сен қиял бағым Жүрегіме сыя алмадың Сүйкімдім сен менің Білмедім себебін Сен сүйгенді неге сүйе алмадың. Сақталған бейне суретте Тәтті арман қалдың түнекте Қайтесің сүймесе Әмір жоқ қой жүрекке.
  • Жылжымас күндерді санай Мен жүрмін жолыңа қарай Сүйіктім сен де мені ойлап От болып жандың ба талай Ақ бұлтқа шақырып арман Ғажайып күйге енді бар маң Көзімнен ізде сөзімді Өзіңе айта алмай қалған Қайырмасы: Сезім бал, сезім бал, сезім бал Жанарымда, жанымда да өзің қал Сөзің бал, сөзің бал, сөзің бал Жүрегімді ұсынайын тонамай-ақ тегін ал Айналдың бақыт құсына Жетесің гүліңді ұсына Сен менің тағдырымдағы Айналдың сағынышыма Көздерің мені тонады Жауладың неге сананы Алыстап кете алмай сенен Өртеніп жүрек барады
  • Келші, күндей болып келші Жүрегіңді жұлып берші Жүрексіз-ақ жүріп көрші Тоқта күйіп қалма жанған отқа Сенде уақыт бар ма, жоқ па? Шақырайын қонаққа Қайырмасы: Ашылады кеуде қақпа Кеудемдегі бөлме жаққа Жүрегіме кел қонаққа жаным Қайта жанар сөнген от та Жетелердің менде баққа Жүрегіме кел қонаққа жаным Көрем қонағыма көңіл бөлем Жүрегімнің төрін берем Сол ғой ғажап өмірдегі, деген Ұқтым сені тағы аңсап күттім Күте-күте шаршап біттім Өтпейтіні-ай уақыттың Қайырмасы: Ашылады кеуде қақпа Кеудемдегі бөлме жаққа Жүрегіме кел қонаққа жаным Қайта жанар сөнген от та Жетелердің менде баққа Жүрегіме кел қонаққа жаным
  • Біреуге сыңарсың, Біреуге ұнарсың, Сонда да сен мені Сағынған шығарсың. Сезімге адалмыз Әлі де аманбыз Кездейсоқ бір күні Кездесіп қалармыз. Жетер жаным, Еркелеме, езілме Келмейтіндей, көрмейтіндей Кеттің кезінде Енді мені өтінемін мазалама Сені ойлап, қиналып жүрмін өзім де. Маған да ауыр, саған да ауыр білемін Амал қанша Ішім жылап тұрғанымен күлемін. Мен сенімен дос болуға келісемін Қиналмасын мені сүйген жүрегің. Біреуге сыңарсың, Біреуге ұнарсың, Сонда да сен мені Сағынған шығарсың. Сезімге адалмыз Әлі де аманбыз Кездейсоқ бір күні Кездесіп қалармыз. Өткенді ойлап, жас алдыңба жанарға Қайтем енді, өмір оңай емес маған да Шын сүйгендер бір-біріне қосыла берсе Махаббаттың мәні қалмас мынау ғаламда Маған да ауыр, саған да ауыр білемін Амал қанша Ішім жылап тұрғанымен күлемін. Мен сенімен дос болуға келісем Қиналмасын мені сүйген жүрегің