Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Кел кешікпей»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Жүректің қылын қозғаған
Ерке сұлуым назданған
Сарғайды жан жаз болған
Ұзамай-ақ сен вокзалдан

Жолыңа қарап көз талған
Болды ма берген сөз жалған
Алаңдап келмегенге
Тұрмын мен неге неге
Өтпейді уақыт аз қалған

[Қайырмасы:]
Кел жаным кел кешікпей
Құшайын мен де күтпей
Жазылмас жан емi
Әдемі әдемі
Аруым сен кезікпей

Өзіңді көрген кезімде
Айтам деп жүрген сөзім бар
Жаным-ау сен кеп жаққан
Жүректе ыстық сезім бар

Жылжымай сағат баяулап
Қалғандай бейне аялдап
Осы жан сағынды-ау деп
Жаралы жанымды емдеп
Келмейсін неге мені ойлап

Другие песни исполнителя:

  • Жұмбақ қыз маған бұл кім Сыр ашып қалып мүмкін. Қалайша жүрегінің табам кілтін. Жымиып тұрды тыңдап Қылығы үлгі қымбат Барша қыз сондай болса Сырлы жұмбақ. Қайырмасы: Əдемі көзі ұнайды Əдепті сөзі ұнайды Ешкімге сыр ашпайды Өзі жайлы. Ұнайды көзі неге Ұнайды сөзі неге Қимаймын өзге түгел Өзіме де. Төзімді тауысқаны Ақыры таныспады Жо-жоқ деп жұмбақ ару Алыстады. Қандай жан сөз де өтпейтін Қандай жан көз де өтпейтін Əрбір қыз сондай болса Қол жетпейтін. Қайырмасы: Əдемі көзі ұнайды Əдепті сөзі ұнайды Ешкімге сыр ашпайды Өзі жайлы. Ұнайды көзі неге Ұнайды сөзі неге Қимаймын өзге түгел Өзіме де.
  • Көк жиектен күн шығады шұғылалы Миллион жұлдыз алдыма келіп жығылады Хош иіс таңғы кофе құйылады Кейбіреулер жұмысына асығады Кейбіреулер көрпесіне тығылады Себебі түні бойы қыдырады Көңілі жүрген күйзелісте Көлігі тұрған кептелісте Асығыс жан көп айналамда Мен ғана асықпаймын [Қайырмасы] Қайда барады, қайда Бір сәт аялдамай ма Қаланың адамы, Қай жаққа барады Тоқтай алмай Қайда барады, қайда Қадам баяуламай ма Түюлі қабағы Қалай бақ табады Тоқтай алмай Жалыққан соң тіршіліктен бір сарынды Армандаумен жақынына мұң шағуды Шыңайы кездесуге асығады Көктемдей болып күлімдейді, құлпырады Бірақ, бірақ көздерінде мұң тұрады Бақыт іздеп жүргенін жасырады Көңілі жүрген күйзелісте Көлігі тұрған кептелісте Асығыс жан көп айналамда Мен ғана асықпаймын [Қайырмасы] Қайда барады, қайда Бір сәт аялдамай ма Қаланың адамы, Қай жаққа барады Тоқтай алмай Қайда барады, қайда Қадам баяуламай ма Түюлі қабағы Қалай бақ табады Тоқтай алмай
  • Біз екеуміз көкте самғадық Әнге бөлеп айналаны Кешір жүрек бола бермейді Адамдардың ойлағаны Сағыныштан күзгі бақтарда Сені іздермін жалғыз жалғыз Сен есіме түскен шақтарда Селдетермін жалғыз жалғыз Сендей сірә болмас ақ қар да Сендей адам жалғыз жалғыз Махаббаттың салдық өрнегін Қимастықпен қарай қарай Тулаган қанжарды жүрекпен Өмір сүрем қалай қалай Сағыныштан күзгі бақтарда Сені іздермін жалғыз жалғыз Сен есіме түскен шақтарда Селдетермін жалғыз жалғыз Сендей сірә болмас ақ қар да Сендей адам жалғыз жалғыз Бір күндері мен де ұмытармын Күндер өтер күрең күрең Арман едің мені адастырған Қол жетпесін білем білем Сағыныштан күзгі бақтарда Сені іздермін жалғыз жалғыз Сен есіме түскен шақтарда Селдетермін жалғыз жалғыз Сендей сірә болмас ақ қар да Сендей адам жалғыз жалғыз
  • Әуелі Алла Кейіңгі пайғамбардай Шаршамайтын талмайтын ойланғаннан Тез жазылып, Қашан сен қуантасың Менің шашым ағарды ойланғаннан [Қайырмасы:] Мама мама мама маматайым Мама мама әніммен оятайын Мама мен көрмеппін ғой бұрын қайғы Тез жазылып кетсен екен Мендегі құлын жүрек шырылдайды Сен ауырсаң Жүрегім ауырды шын Мен қалаған отанның жарығысың Байлық бақтың Жолыңа бәрі құрбан Мама бүгін қалайсың тәуірмісің? [Қайырмасы:] Мама мама мама маматайым Мама мама әніммен оятайын Мама мен көрмеппін ғой бұрын қаиғы Тез жазылып кетсен екен Мендегі кұлын жүрек шырылдайды Шөбересін сүйердеп қиялдаймын Өмір сұрап, Дұғамды жиі арнаймын Ана жасың жүзден ассадағы Мен сені ешқайда қияалмаймын [Қайырмасы:] Мама мама мама маматайым Мама мама әніммен оятайын Мама мен кормеппін гой бұрын каиғы Тез жазылып кетсен екен Мендегі құлын жүрек шырылдайды
  • Талдан таяқ жас бала таянбайды Бала бүркіт түлкіден аянбайды Угай-ай Ән салшы-ай Бір бала-ай Қос етек бұраң бел Қуалай соғар қоңыр жел Елдің көркі, ақ тоты бір баласың Қай дұшпан көзі қиып жамандайды Угай-ай Ән салшы-ай Бір бала-ай Қос етек бұраң бел Қуалай соғар қоңыр жел Айналайын қарағым келдің қайдан Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан Угай-ай Ән салшы-ай Бір бала-ай Қос етек бұраң бел Қуалай соғар қоңыр жел Мекеніңді қарағым айтып қойшы Жат болмағы адамның осындайдан Угай-ай Ән салшы-ай Бір бала-ай Қос етек бұраң бел Қуалай соғар қоңыр жел