Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Ерке Есмахан.
 Слушать песни исполнителя и скачать онлайн

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

Ерке Есмахан

Один процент таланта и 99 процентов труда вложено в мои достижения. По-другому сказать не могу.
  • Текст песни: Іздесең сен мені Ізімнен кел бері Мекенім көкте емес Жұлдызбын жердегі Көз салған бақшама Сөз салған жас бала Жұлдызбын мен бірақ Өзіңнен басқаға Қайырмасы: Кел, кел Гүлдеріңді бер, бер Әндеріме дем бер өнер жолында Кел, кел Жүрек отын бер, бер Сенсің жаным сенер өмір жолында Сен мені сағынба Мен бармын жаныңда Жаныңда болмасам, теледидарыңда Жұлдыз деп ойлама Теңеме Айға да Қызымын қазақтың Еркемін жай ғана.
  • Ауыл менен қала көше менен дала Сені іздедім мен сені ғана Ауыл менен қала галактикада ма Тілеген іздемей табыла ма? Сен жоқсын жоқсын таба алмадым сені Сен жоқсын жоқсын іздемейсің мені Сен жоқсын жоқсын бар болсан қайдасын Сен кімсің, жүрсің қайда? Алматыда жоқ жоқ Астанада жоқ жоқ Сені іздедім үмітті үзбедім Ақтөбеде жоқ жоқ Шымқалада жоқ жоқ Сені іздедім үмітті үзбедім Қазақ па екен өзі?, ғажап екен сөзі? Түсер маған қашан оның көзі Мейлі таз болса да ақшасы аз болса да Ержігіттің көркі ой мен сана Сен жоқсын жоқсын таба алмадым сені Сен жоқсын жоқсын іздемейсің мені Сен жоқсын жоқсын бар болсан қайдасын Сен кімсің жүрсің қайда? Алматыда жоқ жоқ Астанада жоқ жоқ Сені іздедім үмітті үзбедім Ақтөбеде жоқ жоқ Шымқалада жоқ жоқ Сені іздедім үмітті үзбедім
  • Бұл өлке-біздің ауыл жайлаған жер-ай Жүрерге асыл құлын байлаған жер-ау Көзіме от жалыңдай көрінді-ай тебісіп, құлын-тайдай ойнаған жер-ай! Ей, ахау, сабаз! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай! Бұл өлке - біздің ауыл күзеген жер-ау Қарагөз бойын сылап, түзеген жер-ау Көзіме от жалындай көрінеді-ай Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай! Ей, ахау, сабаз! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
  • — Алло? — Алло? Бұл кім? — Кімді іздедің? — Таныдың ба? — Хм. Жұлдыз бедің? — Я сенің жұлдызыңмын, жан ашпаған сырды іздедім! — Кешіріңіз, кім едіңіз?! — Бір сұлудың тірегіміз, әзір бойдақ, басымыз бос. — Бос орынға гүл егіңіз! — Ой, ой, ой қарындас, олай демеңіз, Сөйлейді солай неге қыз? Қырық үйден қарауыл болса, Қасыңа қалай келеміз?! Кел сырласайық, кел сырласайық, Қосылған солай көп егіз — Ой, ой, ой жігітім, олай демеңіз, Қалай біз оңай көнеміз?! Бағамды біл, бағалай алсаң, Бағыңа қарай көреміз. Кел сырласайық, кел сырласайық, Қосылған солай көп егіз — Нешеде еді шын жасыңыз? Сұлулардың сырласымыз. — Қыздың жасын сұрамайды. — Қай жылы еді құрдасыңыз? — Құрдастарым келсе 100-ге, менің жасым 18-де. — Сізді сондай көргім кеп тұр, сенбесеңіз, сенсеңіз де. — Жо-жо-жоқ, жігітім, олай демеңіз, Қалай біз оңай көнеміз?! Бағамды біл, бағалай алсаң, Бағыңа қарай көреміз. Кел сырласайық, кел сырласайық, Қосылған солай көп егіз — Ой, ой, ой қарындас, олай демеңіз, Сөйлейді солай неге қыз? Қырық үйден қарауыл болса, Қасыңа қалай келеміз?! Кел сырласайық, кел сырласайық, Қосылған солай көп егіз — Алло? — Алло? — Алло?
  • Көрдім көрдім мен оны қиығымен көздің Ойлы бойы еңселі қазақ екенін сездім Білмеймін атында оның жасында Қай рудан қай маңнан Бар ма сүйгені жоқ па қасында Теңедім мен асылға қайырмасы: Ғашықпын мен қазақ ұлына Жүрегінің тазалығына Ғашықпын мен қазақ жігітке Сенім берген нәзік үмітке Қолын созып тұрса да өзге ұлт емес бағым Қазақ жігіті ғана менің болашақ жарым Бірақ білмеймін атында оның жасында Қай рудан қай маңнан Бар ма сүйгені жоқ па қасында Теңедім мен асылға қайырмасы: Ғашықпын мен қазақ ұлына Жүрегінің тазалығына Ғашықпын мен қазақ жігітке Сенім берген нәзік үмітке
  • Махаббаттың гүлі солмайды Сезім бірақ мұнсыз болмайды Жетпейді 1001 күн, 1001 түн Айтуға сен жайлы Махаббаттың гүлі солмайды Сезім бірақ мұнсыз болмайды Жетпейді 1001 күн, 1001 түн Айтуға сен жайлы Сені қалай сүйгенім сағынбаспын Әміріне жүректің бағынбас кім Мінезіңді ұнаттым жақсы көрдім Бауыр бастым... Екеуміз бір өткізген қаншама күн Әр секундым, минутым, әр сағатым Суреттер көп мәңгілік альбомымда Сақталатын... ммм Махаббаттың гүлі солмайды Сезім бірақ мұнсыз болмайды Жетпейді 1001 күн, 1001 түн Айтуға сен жайлы Махаббаттың гүлі солмайды Сезім бірақ мұнсыз болмайды Жетпейді 1001 күн, 1001 түн Айтуға сен жайлы Арманымыз бір еді талғамымыз Қолымызда тұр еді бар бағымыз Қосылмады неліктен екеуміздің Жолдарымыз... Бір бақыттың сенемін келеріне Сынақтарды сабырмен жеңеріме Махаббатым тап-таза көңілімде Жүрегімде... еее Махаббаттың гүлі солмайды Сезім бірақ мұнсыз болмайды Жетпейді 1001 күн, 1001 түн Айтуға сен жайлы Махаббаттың гүлі солмайды Сезім бірақ мұнсыз болмайды Жетпейді 1001 күн, 1001 түн Айтуға сен жайлы Махаббаттың гүлі солмайды Сезім бірақ мұнсыз болмайды Жетпейді 1001 күн, 1001 түн Айтуға сен жайлы Махаббаттың гүлі солмайды Сезім бірақ мұнсыз болмайды Жетпейді 1001 күн, 1001 түн Айтуға сен жайлы
  • Ақылды ибалы Анашым сыйлады бұл өмірді Әкемдей бар ма жан қайтара алмаған Тілегімді жүрегімді берейін саған [Қайырмасы:] Еркемін еркеледі өмір Ержігіт еркелете біл Нәзік гүл мендегі көңіл Көктемдей көркем ете біл Мойныма тағардай Әкемдей анамдай Жақұтымды Қызымдай қыз дедің Енді мен іздеймін бақытымды уақытымды Бөлейін соған [Қайырмасы.] Өнерге арнаймын Өзгерте алмаймын Тағдырымды Басымды иемін Өзімді сүйемін Барлығыңды Ән-жырымды Арнаймын елге
  • Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан Құс едің ғой кең далама бауыр басқан. Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым? Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым? Даланы мен де Сүйемін сендей, Бауырмал, құсым! Назыңнан әсем Сазыңнан әсем Жаңылма, құсым! Тауқымет тартып, Тарықпа, жаным! Қорықпа, жаным! Құшағымды ашып,Кеудеме басып, Берейін жалын! Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан. Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым? Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым? Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан. Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым? Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым
  • Сәлеметсіз бе сүйкімді сұлу Телефоннан ақ танынмай Сәлеметсіз бе джентельмен жігіт Өзендей қатты арының ай Өзіңдей қызды көрген көзімнің Арманы бар ма аруым ай Көзіңнің емес жас жүрегіңнің Арманын айтшы жарығым ай [Қайырмасы] Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным Сертіңе берік серімін десең Серік болайын сырыңа да Серігім болсаң шығармыз бірге Шын махаббаттың шыңына да Ардақтым мені алдамайсың ба Мен жайлы ойың құбыла ма Алдағым келсе алдаймын жаным Бірінші сәуір күні ғана [Қайырмасы] Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным Өзіңдей жанмен кездескеніме Қуаныштымын аруым ай Кездескеніме өкініп мен де Отырған жоқпын жарығым ай [Қайырмасы] Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным
  • Тойым тойға ұлассын Салған әнім қыр ассын Әнін берген Еркеге Бағын берсін Күләштің Атылмасын шалқайсам Марапатқа марқайсам Әнші Жамал апамдай Әнімді айтып қартайсам [Қайырмасы] Еркем еркем еркем-ай Еркем десен көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі ай!!! Аналардай нұрлансам Ізгілерден үлгі алсам Жазтандайы қазақтың Роза апамдай гүл болсам Мейірін ел асырған Ақ Баяны масылдан Мәдина апама еліктедім жасымнан [Қайырмасы] Еркем еркем еркем-ай Еркем десен көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі ай Қызығардай қыр гүлі Сүйсінердей күн нұры Бибігүлдей бағының Болсам шіркін бұлбұлы Ерке қыздың сенері Қазақ деген ел еді Мақпал апам секілді Ерке болғым келеді [Қайырмасы] Еркем еркем еркем-ай Еркем десен көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі ай Жауhазындай жас күнім Махаббатқа мас күнім Қарақаттай қазақтың Тұмар етсем дәстүрін Шаршап белді таянбай Ару қызы Баяндай Өнер үшін ән үшін Тер төгемін аянбай [Қайырмасы] Еркем еркем еркем-ай Еркем десен көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі ай Еркем еркем едім ай Кербезденген керім ай Еркелеген еркемді Еркелетші елім-ай
  • Саған қарап тамсанайын Қолдап қол соғайын Шырқа сыған қызы жұмбақ жан сарайын Әнге құмар болсаң, биге шыдар болсаң Сұраң сұлу қыздан, тыңда ұғар болсаң Сыған қызы көріктім құралайым Саған төксің күлімдеп күн арайын Тілегімнің тәттісің қабыл алсаң Жүрегімнің төріне шығарайын Сыған қызы сымбатты сен бағалым Түсінетін жаныңды мен ғанамын Көркің естең таңдырар қарағанда Еркін өскен елігі кең даланың Әр таң әр күніңді Болжап берейін бе Жалғап ән-жырымды Сенсіз қала алмас ем Ойым, санамда сен Болжам жалған болар Ән сал одан да сен Сыған қызы көріктім құралайым Саған төксің күлімдеп күн арайын Тілегімнің тәттісің қабыл алсаң Жүрегімнің төріне шығарайын Сыған қызы сымбатты сен бағалым Түсінетін жаныңды мен ғанамын Көркің естең таңдырар қарағанда Еркін өскен елігі кең даланың
  • Қыз бала қонақ еліне Келеді қайтар уақыты, Қадірін білер теңіне, Жар болу - әйел бақыты. Жарығын алып жұлдыздың, Бесік жырын тыңдатып, Әйелге арлы ұл қыздың Анасы атану шын бақыт. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы. Әйелге жеңіс белесқой Еріне деген құрметі, Асыл таста қу емесқой, Асыл жар болу - міндеті. Күлкісі үшін сәбидің Анасы қажет тәрізді, Бақыты үшін әр үйдің, Әйелдің бақыты маңызды. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы. Аяулы арулар бәріңнің арың бар, Қайнаған қаның бар, жайнаған сәнің бар. Аққудай тербеліп, айдынға қоныңдар, Бақытты болуға ақылды болыңдар. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы.
  • Өмірдің жаз бен көктемі Тағдырдың талай жанды құлатқан өткелі Жасырта қойған жоқ мені Жаныма демеу болған арманым бар көктегі Барымды соған арнадым Жолдарға жолдар жылдарға жыл тағы жалғадым Соңынан құс боп самғадым Жеткізер бір күн білемін мен сол бір арманым Қаырмасы: Алдамайды асыл арман Тұрса да қанша тосқауыл тосып алдан Тасып арман басыламын Жолында өтермін талай асулардан Бәрібір мен саған жетем асыл арман Арманым жүрек тұрағы Қажыр мен қайрат ол ақ қанат пырағы Үміттің сенім шырағы Жетелеп мені әрқашан алға – деп тұрады Мұнартып оң мен солына Түссе де тұман болмайды тек осал болуға Күдіктің түспей торына Ақ құсым келіп қонар бір күн менің қолыма Қайырмасы: Алдамайды асыл арман Тұрса да қанша тосқауыл тосып алдан Тасып арман басыламын Жолында өтермін талай асулардан Бәрібір мен саған жетем асыл арман
  • Сағындым сағым уақыт Табатын жаным бақыт Балалық ұяның Қарлығаш қиялың Еске алып тербелемін Жұлдызын көгімнің Бақытын өмірдің Аңсаумен мен келемін Қайырмасы: Сағым жылдар, сағым жылдар Сен де бір арман Сен де бір жалған Сағыныш-ай, сағыныш-ай! Сенімен бірге Толқиды жаным менің Сағындым сағым жылдар Өттің-ау ағып, жылдар Баладай алаңсыз Баянды, баянсыз Тағдырға бағынумен Оралып келе алмай Достарды көре алмай Күн кештім сағынумен Қайымасы: Сағыным жылдар, сағым жылдар Сен де бір арман Сен де бір жалған Сағыныш-ай, сағыныш-ай! Сенімен бірге Толқиды жаным менің
  • Аспанда да, жерде емес, Өзенде де, көлде емес. Күту заңы қиын-ау Елес-елес. Қоштасуға кел бері, Соңғы рет көр сен мені. Ұшып кетсем таппайсың Мүлдем енді. [Қайырмасы] Аэропорт Кездесу мен қоштасу, Мүмкін емес достасу, Шығарып салшы. Аэропорт Бәрі бітті, болды деп, Тым болмаса соңғы рет, Шығарып салшы, Шығарып салшы. Қоштастық деп біз неге? Айып тақпа күзге де. Кетем енді сен мені, Ізде, іздеме. Уақыт таяп, жиілеп Жүрек жылап, күйінед. Қимастықпен қараймын, Қолда билет! [Қайырмасы] Аэропорт Кездесу мен қоштасу, Мүмкін емес достасу, Шығарып салшы. Аэропорт Бәрі бітті, болды деп, Тым болмаса соңғы рет, Шығарып салшы, Шығарып салшы. Уақыт болса сәл қалды, Біз жасадық таңдауды. Кенет тұрып аспаннан Жаңбыр жауды. Ұшақ ұшпай жағдайы, Жасағандай арнайы. Қоштасуға қарсы тұр Ауа-райы Аэропорт Бізге билет жоқ тағы, Барлық рейс тоқтады, Ұшақ қасы Аэропорт Сен де тұрсың қуанып, Мен де тұрмын қуанып, Құшақташы, Құшақташы
  • Махаббат ертегі Кейіпкері екеуіміз Мөп-мөлдір көлдегі Екі аққу екенбіз [Қайырмасы] Жүрегім жүрегім Жаралғандай бағыңа Жүрегім жүдедім Жылу сыйла жаныма Жүрегім жүрегім Соғады тек сен үшін Сенің де жүрегің Соғып тұрсын мен үшін Гүл болып тербелем Тербететін желмісін Ақ жауын емдеген Тамшылары сенбісін [Қайырмасы] Жүрегім жүрегім Жаралғандай бағыңа Жүрегім жүдедім Жылу сыйла жаныма Жүрегім жүрегім Соғады тек сен үшін Сенің де жүрегің Соғып тұрсын мен үшін [Қайырмасы] Жүрегім жүрегім Жаралғандай бағыңа Жүрегім жүдедім Жылу сыйла жаныма Жүрегім жүрегім Соғады тек сен үшін Сенің де жүрегің Соғып тұрсын мен үшін
  • Мен едім ғой жүрегіңе орнайтын сыңар, Қауыз жарған гүл сезімің солмайтын шығар. Жадырайсын жан көрдім деп маған ұқсайтын, Ұқсағанмен дәл өзімдей болмайтын шығар. Суығына мен секілді тонбайтын шығар ! [Қайырмасы] Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Күймедегі ханның қызы құрметі дара. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Анашымның қыз күндегі суреті ғана. Нәзік жүрек ғашықтықтан қалам ұстайды, Шын ғашықтар алыстаса бағалы ұстайды Біз секілді бір адам жоқ жердің бетінде, Көк жұлдызы қоршаған ай саған ұқсайды. Айға жақын тұрған жұлдыз маған ұқсайды. [Қайырмасы] Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Күймедегі ханның қызы құрметі дара. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Анашымның қыз күндегі суреті ғана. [Қайырмасы] Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Күймедегі ханның қызы құрметі дара. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Анашымның қыз күндегі суреті ғана. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Күймедегі ханның қызы құрметі дара. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Анашымның қыз күндегі суреті ғана. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Күймедегі ханның қызы құрметі дара. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Анашымның қыз күндегі суреті ғана.
  • Күрсініп кеудем тереземнен мен Отырмын қарап аспанға Біз жайлы ойлап мұңдарға бойлап Жанарым толып жастарға Қайырмасы: Алыстап алыстап барады арамыз Алыстап алыстау ееее Алыстап алыстап барады арамыз Алыстап алыстау ееее Күндізде де түндеде де Сені ойлаймын жаным неге Күндізде де түндеде де Сені ойлаймын жаным неге Сені неге Ай менен күнбіз Күн кешіп жүрміз Сұрақтың сансыз жолында Білмедім жаным білмедім бәрін Не болар екен соңында Қайырмасы: Алыстап алыстап барады арамыз Алыстап алыстау ееее Алыстап алыстап барады арамыз Алыстап алыстау ееее Күндізде де түндеде де Сені ойлаймын жаным неге Күндізде де түндеде де Сені ойлаймын жаным неге Сені неге Қайырмасы: Алыстап алыстап барады арамыз Алыстап алыстау ееее Алыстап алыстап алыстады арамыз Алыстап мейлі Күндізде де түндеде де Енді ойламаймын сені мүлде Күндізде де түндеде де Енді ойламаймын сені мүлде Жаным мүлде
  • Арманға алданбаймын Тағдырға тан қалмаймын Қайтадан сәби болып кетсем деп армандаймын Уақытты аңғармаймын Күнімді сәнге арнаймын Бой жетіп сіздей арман болсам деп армандаймын [Қайырмасы] Бітпейді қыз арманы Болады жүз арманы Күтеміз тек бақытты Күндерден біз алдағы Қырда гүл қызарғаны Көктемнің ұзарғаны Бәріде қыз арманы Бәріде қыз арманы Ән шығар құмар жаным Өнерде шығар бағым Сіз ұқсап бір арманым Ән салып гүл алғаным Сәні бұл сақынаның Жайқалсын жапырағын Елімнің жұлдызы бол Әлемде аты мәлім [Қайырмасы] Бітпейді қыз арманы Болады жүз арманы Күтеміз тек бақытты Күндерден біз алдағы Қырда гүл қызарғаны Көктемнің ұзарғаны Бәріде қыз арманы Бәріде қыз арманы [Қайырмасы] Бітпейді қыз арманы Болады жүз арманы Күтеміз тек бақытты Күндерден біз алдағы Қырда гүл қызарғаны Көктемнің ұзарғаны Бәріде қыз арманы Бәріде қыз арманы
  • Махаббат оттан ыстық Шымырлатқан алаулатқан жалынымен Сезім жете жете жетелеші Сенім кете кете берші Жанына бір жалғыз Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Сезіміне бал екенсің Бақытыма дәнекерсің Мені жаным тереңдепте Сен бар кезде төбем көкке Жетер жаным мына менінде Сүйген жүрек сырласады Көңілге қарай басады Махаббатсыз мұң басады Жаға беріп жүрші жанымда Сезім жете жете жетелеші Сенім кете кете берші Жанына бір жалғыз Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Саған үнсіз асыл әнім Әр күн сайын асығамын Нұрын шашқан биік күнсің Сыңар аққу сүйіктімсің Ардай қымбат асылым менің Сезім жете жете жетелеші Сенім кете кете берші Жанына бір жалғыз Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда
  • 1.Сырымды айтсам жасырын, Сен едің сүйген ғашығым. Тербетші бақыт бесігін, асылым. Кеткендей сезім самғап мың, Әнімді саған арнаппын. Өзіңмен өтсін өмірім,ардақтым. Қ/ы: Қимаймын мен сені, қимаймын басқаға. Сүйемін тек сені, айтуға жасқанам. Сағыныш ғажабын жан едің сезінген, Көңілдің наз әнін кордім мен көзіңнен. 2.Мұңымды түнде ұрлаттым. Сырымды гүлге тындаттым, Бәріне көнем сен үшін. Қымбаттым. Кеткенбе сезім самғап мың, Әнімді саған арнаппын. Өзіңмен өтсін өмірім, Ардақтым ! Қ/ы: Қ/ы: Қимаймын мен сені, қимаймын басқаға. Сүйемін тек сені, айтуға жасқанам. Сағыныш ғажабын жан едің сезінген, Көңілдің наз әнін көрдім мен көзіңнен.
  • Қанша рет қанша тұрды жырлы дала? Жадына жазған жалғыз күн-ғұлама! Бабамның куәсіндей Айша-Бибі, Қадалған құбажолға бір мұнара. Қ-сы: Қандай жан сезімі үшін тартты ма азап? Ал өзім елестетем шақты ғажап, Сезімді шертіп, мәнін паш еткендей, аты қазақ. Өмірдің жолдары ма,тондары ма? Тұрғандай түсеңгіріп тоң жаныма, Тәубе де, жер бетінде шын сезімнің болғанына! Сол жігіт құлай сүйген Айшагүлді, Күн сайын көру үшін жасыл өрден. Қоңыр күздер жүрегі күңіреніп, Жасымен мұнараның тасын кешкен! Қ-сы: Қандай жан сезімі үшін тартты ма азап? Ал өзім елестетем шақты ғажап, Сезімді шертіп, мәнін паш еткендей, аты қазақ. Өмірдің жолдары ма,тондары ма? Тұрғандай түсеңгіріп тоң жаныма, Тәубе де, жер бетінде шын сезімнің болғанына!
  • Ғашық болған, асық болған арман құсым, сен, Іңкәрімдей, сұңқарымдай самғар құсым, сен. Жаным, маған өмірімдей бол, Айнымайтын сенімімдей бол. Аққу көлі – арман көліндей, Мөлдіреген көңілдей. Жүзелік өмірге Аппақ аққу сенімдей. Аққу сенім алдамайды бұл өмірде-ай, Тербете бер аққу көлдей жүрегімді-ай. Бірге жүзер арман құсым, сен, Бірге ұшар самғар құсым, сен. Аққу көлі – арман көліндей, Мөлдіреген көңілдей. Жүзелік өмірге Аппақ аққу сенімдей.
  • Торғындай жұмсақ түндерде Төбеде қалқып көшкен-ай Жырларға толы күндермен Сырларға толы кештер-ай Көңілге куат жел берген Күлкіге жомарт үйлер-ай Шырқата салған әндер мен Шалқыта тартқан күйлер-ай Шалқыта тартқан күйлер-ай Қайырмасы: Кездер-ай ерке кездер-ай Кездер-ай серке кездер-ай Шоқ болып түсіп жүрекке Түбіңе жеткен көздер-ай Түбіңе жеткен көздер-ай Арғымақ көңіл еліріп Арынын әрең бастық-ай Осылай лаулап өмірі Өтердей болған жастық-ай Кеттіңдер енді кімге еріп Қуаныштар-ай мұңдар-ай Күлімдеп өткен күндер мен Жарқылдап өткен жылдар-ай Жарқылдап өткен жылдар-ай Қайырмасы: Кездер-ай ерке кездер-ай Кездер-ай серке кездер-ай Шоқ болып түсіп жүрекке Түбіңе жеткен көздер-ай Түбіңе жеткен көздер-ай
  • Сәлем ерке қылықтым, сен де желкеніп өттің Танысуға қалайсың, есімін біліп біздей жігіттің Сәлем Ханзадаларым, айтпай сөзін баланың Көңілімді табыңдар, ханшайымы едім мен де қаланың [Қайырмасы] Армандап жүріп, алыстаймыз ба Шыңдарды ай мүлде көрмеген Таныстық енді, табыспаймыз ба Ғашықтан салған жолменен Танысқың келсе, табысқың келсе Көңілімде жүр қимастар Армандап босқа алыс жүргенше Жақсы ғой жақын сыйласқан Сәлем жолдаймыз күнде, жауап алмаймыз мүлде Тағдыр алыстатпаса, өмірде неге болмаймыз бірге Жігіт бұрымға құмар, қыздың қырық жаны бар Бірақ жандары нәзік екенін ұқпас, шынында олар [Қайырмасы] Армандап жүріп, алыстаймыз ба Шыңдарды ай мүлде көрмеген Таныстық енді, табыспаймыз ба Ғашықтан салған жолменен Танысқың келсе, табысқың келсе Көңілімде жүр қимастар Армандап босқа алыс жүргенше Жақсы ғой жақын сыйласқан
  • Жанарым мөлдіреген сен неткен нәзік едің Іңкәр болып елжіреген, жанымның жазы ме едің Көңілің күлімдеді, аққудай құсым ба еді Қия алмас өмірдегі, сағыныш сазым ба еді [Қайырмасы] Жұлдызым көгімде жанған-ай Аяулым кез болдың арман-ай Тұңғиық мөп мөлдір көзімнен Ай нұры үзіліп тамған-ай Нәзік сырлы, жаным болшы Арманға жетелейтін Өмірлік әнім болшы Кеудемде бүршік жарып, келген бір көктем бе едің Жаныма тылсым болып, ғайыптан жеткен бе едің Аққудай көгімдегі, аққудай құсым ба едің Сезіммен өмір құшқан, жүрегім арман менің [Қайырмасы] Жұлдызым көгімде жанған-ай Аяулым кез болдың арман-ай Тұңғиық мөп мөлдір көзімнен Ай нұры үзіліп тамған-ай Нәзік сырлы, жаным болшы Арманға жетелейтін Өмірлік әнім болшы
  • Дүние Арман толы бақ, мекен Арманды, кімдер ойлап тапты екен Алдымнан, шыққанда сен аяулым Жүрегім, жарылатын шақ бекен Дүние Арман толы бақ, мекен Арманым, аяз бекен от бекен Арманның, болғаныда жақсы екен Армансыз, болғаныңда жақсы екен [Қайырмасы] Тілегімде бәрі,бәрі,бәрі,бәрі аппақ Ниетімде бәрі,бәрі,бәрі,бәрі аппақ Кеудемдегі, аппақ жүрегімді Мен келемін сен үшін сақтап Тілегімде бәрі,бәрі,бәрі,бәрі аппақ Ниетімде бәрі,бәрі,бәрі,бәрі аппақ Кеудемдегі, аппақ жүрегімді Мен келемін сен үшін сақтап Арманым, сезімдердің ардағы Арманым, жүрегімнің қорғаны Арманым, сол бір жанға ғашықпын Арманым, алдамасаң болғаны Арманым, толқыттыңда тасыттың Арманым, сол бір жанға ғашықпын Арманым, мені алға жетелеп Арманым, сен қай жаққа асықтың