Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Алматы мен Шымқала»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Күн сүйген мандайын
Алатау баурайын
Жайнаған ару шаһарлар
Ажары талғайын базары әрдайым
Қайнаған ару шаһарлар
Көретін ақ таң нұрын
Теретін бақтан гүлін
Ғашықтар тапқан жұбын қалалар


[Қайырмасы]
Алматы мен Шымқала
Сендермен әсем бұл дала
Аймала ай мен күн ғана
Ән қала жыр қала гүл қала
Алматы мен Шымқала
Жайқалған жасыл гүл қала
Жүректе тілек бір ғана
Өркендеп өсе бер нұрлана


Сағанда мағанда
Ортақ бұл ғаламда
Гүлден ару шаһарлар
Жазира даламда
Жанарған заманда
Түрленген ару шаһарлар
Әніме қосарымда
Мауқымды басарымда
Ұқсайтын қос аруға қалалар


[Қайырмасы]
Алматы мен Шымқала
Сендермен әсем бұл дала
Аймала ай мен күн ғана
Ән қала жыр қала гүл қала
Алматы мен Шымқала
Жайқалған жасыл гүл қала
Жүректе тілек бір ғана
Өркендеп өсе бер нұрлана


[Қайырмасы]
Алматы мен Шымқала
Сендермен әсем бұл дала
Аймала ай мен күн ғана
Ән қала жыр қала гүл қала
Алматы мен Шымқала
Жайқалған жасыл гүл қала
Жүректе тілек бір ғана
Өркендеп өсе бер нұрлана
Өркендеп өсе бер өсе бер нұрлана

Другие песни исполнителя:

  • Сағындым ба, сағындым ба Көңіл-күй жоқ ой мазалы. Неге қондың маған келіп, Сезімдердің шын ғазалы. Қою түнде есіміңді Жұлдыздармен кім жазады. Кімнің туып айы оңынан Болар екен кім жазалы. Қайырмасы: Жердің бетін киіндіріп Қанатыңның түсіне сай. Кім сенімен мақтануда Жүрсің жаным жерлерде қай? Сары алтындай сағыныш-ай Оттай жанған жүрегім-ай. Жалғыздықты көкте Жалғыз Бір түсінсе, түсінер-ай. Кірпігіңмен үп еткіз де, Үміт отын жандырсаңшы. Жаз боп кел де, қуаныштан Мені есімнен тандырсаңшы. Не болмаса өзің келіп Көңілімді қалдырсаңшы. Күз боп кел де, сұрланып ап, Сары жапырақ жаудырсаңшы.
  • 1.Атымды жазған кестелеп алғаш, Көңілім іздеп сені алаң. Күтуден ұзақ ештеңе болмас, Өмірің ғана тең оған. [Қайырмасы] Жылжиды жылдар оранып айды, Қоштастық сөніп от бірде. Бақыттың қандай болары жайлы, Жарнама жасап кеттің бе?! Жылжиды жылдар оранып айды, Қоштастық сөніп от бірде. Бақыттың қандай болары жайлы, Жарнама жасап кеттің бе?! 2.Жылытты жанды отың тоңғанда, Батырдың енді бал мұңға. Кемпірқосақтан көпір салғанда, Аспанға шығып алдың ба?! [Қайырмасы] Жылжиды жылдар оранып айды, Қоштастық сөніп от бірде. Бақыттың қандай болары жайлы, Жарнама жасап кеттің бе?! Жылжиды жылдар оранып айды, Қоштастық сөніп от бірде. Бақыттың қандай болары жайлы, Жарнама жасап кеттің бе?! 3.Таңдарым қайда алтын арайлы, Жанарда ойнар жас арман. Тауларға таулар жақындамайды, Тағдыры солай қашалған. [Қайырмасы] Жылжиды жылдар оранып айды, Қоштастық сөніп от бірде. Бақыттың қандай болары жайлы, Жарнама жасап кеттің бе?! Жылжиды жылдар оранып айды, Қоштастық сөніп от бірде. Бақыттың қандай болары жайлы, Жарнама жасап кеттің бе?! Бақыттың қандай болары жайлы, Жарнама жасап кеттің бе?!
  • Тереземнің алдында ай тұрады, Теңізінде арманның мен тұрамын. Айдай болып түскенде сен есіме, Ақ гүл ұстап жүрегім ұмтылады. Қайырмасы: Жарығым-ай, Осы сенің өзгермес қалыбың-ай. Жер мен көктің арасын шарлап жүріп, Мың аққудың ішінен таныдым-ай. Жер мен көктің арасын шарлап жүріп, Мың аққудың ішінен таныдым-ай. Сен болмасаң не істер екем жарығым-ай. Тереземнің алдында күн тұрады, Терең ойдың ішінде мен тұрамын. Күндей күліп түскенде сен есіме, Көз алдымда дүние құлпырады Қайырмасы: Жарығым-ай, Осы сенің өзгермес қалыбың-ай. Жер мен көктің арасын шарлап жүріп, Мың аққудың ішінен таныдым-ай. Жер мен көктің арасын шарлап жүріп, Мың аққудың ішінен таныдым-ай. Сен болмасаң не істер екем жарығым-ай.
  • Күн сайын жаналап білгені Қуантар ағалап күлгені Шаттыққа ғана толсын деп жүрегі Өмірім мұңсыз болсын деп тіледім [Қайырмасы] Анамның аумай қалған көзі Тербейді аға деген сөзі Еркетай қарындасым қалқам Жалғанда ең жақыным өзің Үмітті жалғады жанарың Бағынның жанғанын қаладым Болсада сәтте сынаған төзімді Көрсетпесе екен, жылаған кезіңді Ағанның сол ғана арманы қарағым [Қайырмасы] Анамның аумай қалған көзі Тербейді аға деген сөзі Еркетай қарындасым қалқам Жалғанда ең жақыным өзің [Қайырмасы] Анамның аумай қалған көзі Тербейді аға деген сөзі Еркетай қарындасым қалқам Жалғанда ең жақыным өзің
  • Аңсатқан айлы жаз кешінде Кешігіп келіп кездесуге Кешір дегенің, есімде менің Махаббат мұңын ұғыншы деп Көргенде мені күлімсіреп Жаным дегенің, жадымда менің Қайырмасы: Мен сені ұмытпаймын, Сезімді саған деген суытпаймын Өзіңсіз ой да мені Ай да әдемі жылытпайды Ұмытпа сенде мені, Мен сені ұмытпаймын. Түсіндім мен де бұл шындықты Сендегі ұзақ үнсіздікті Өкпелегенің, кетпе дегенің Сезімді нәзік елжіреген Көзіңді сенің мөлдіреген Ұмыта алмадым, үміт арманым.