Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Казахские песни.
Страница 91

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители
  • Соққаны он екіні сағатынын, Жеткені алып ұшып жаңа жылдың. Толтырып қауырсынын канатының, Еліме бақ-береке ала кірдің. Қайырмасы: Жаңа жыл, жаңа жыл, Жаныңды жайдар етер бала коніл. Жаңа жыл, жаңа жыл, Жадырап қайта келер жаңа өмір. Қарсалып Аяз ата, Ақшақарды, Отырмыз жаңа жылды бастағалы. Жаңа жыл жаңа бақыт сыйлап бізге, Бақытты тағы бір жыл арта қалды. Қайырмасы: Жаңа жыл, жаңа жыл, Жаныңды жайдар етер бала коніл. Жаңа жыл, жаңа жыл, Жадырап қайта келер жаңа өмір.
  • Менің үніме құлақ түр келіп Бәрі де бәрі сынақ білемін Өмір жайында ойлана қалсам Ессіз адамдай жылап күлемін Жүрмес өлместей өмірге келіп, Жалғанның жайлы төрінде көріп Басыңа жауған бақыттың қары Түседі-ау бір күн түседі ау бір күн Көңілден еріп Кетер әкеңде анаңда кетер Кеткенше саған алаңдап өтер Тірі кезінде құрметте бәрін Өкпелегенше заманға бекер Бермес ешкімге тіршілік баға Татымас тағдыр бір шыбыққада Ана өмірге апаратының Құдайға қылған құлшылық қана Ана өмірге апаратының Құдайға қылған құлшылық қана Шіркін таусылса әттеңің ғана Салқын күндердің сәттерін қара Жалғаннан жалғыз алатын еншің Бір екі метр ақ кебің ғана Сыналар өмір өтімек үшін Бай адам мықты секілді үшін Жер бетін ешкім жаулай алмайды Жер жаулап алар бетіндегісін Жер бетін ешкім жаулай алмайды Жер жаулап алар бетіндегісін Жетер Алланың үкімі алдағы Пенденің өлмеу бүкіл арманы айтып келмейтін ажал құрғұрдан Қорқыттың өзі құтыла алмады Қалар артыңда жаңғырық елес Әрбір адамның тағдыры белес Бәріңе мәңгі өмір тілерім Өмірде бәрі мәңгілік емес Бәріңе мәңгі өмір тілерім Өмірде бәрі мәңгілік емес
  • Ашылып айта алмадым Асығып қайта алмадым Сүйген боп байқалмадым Сенбесең мейлі. Білмейсің жол беруді Сезбейсің көнгенімді Сен менің көргенімді Көрмесең деймін. Қайырмасы: Мендей сүйе алмайсың Мендей қия алмайсың Сенбей ұялмайсың Сенбесең мейлі Мəңгі арман айқын Іздеп шарламайтын Арман алдамайтын Мен де сендеймін Қалса да көзің жылап Кінəлі өзің бірақ Сендегі сезім бірақ Сенімсіз екен Жансың ба жолы мұңды Білмесең өмірімді Қалдырсаң көңілімді Тек үнсіз кетем Қайырмасы: Мендей сүйе алмайсың Мендей қия алмайсың Сенбей ұялмайсың Сенбесең мейлі Мəңгі арман айқын Іздеп шарламайтын Арман алдамайтын Мен де сендеймін.
  • Бәрі де бәрі жалған, шын емес Өткен күн сағым, арман, құр елес Сыздайды аңсап сенбестен жүрек еш Кездерді ойлап қайрылып бір келмес Бәрі де бәрі қалды алыста Жатта емес біз емеспіз таныста Тағдыр дейтін толқынды ағысқа Тұра алмадық қарсы біз сол тұста [Қайырмасы] Қайран күндер, қайран түндер Мазалайды мені естен кетпей мүлде Қайран күндер, қайран түндер Оралмайды енді, оралмайды білем Тағыда тағы ойға оралып Оралды бірге алыс сонау күн Шын лайықпа жылауға жүректер Кімді айтам мен кінә тағамын Жолдарды тағдыр бөлді екіге Сезімнің заңы бітпес осы не Қоштастырар болған сон түбінде Кездестірді басында несіне [Қайырмасы] Қайран күндер, қайран түндер Мазалайды мені естен кетпей мүлде Қайран күндер, қайран түндер Оралмайды енді, оралмайды білем [Қайырмасы] Қайран күндер, қайран түндер Мазалайды мені естен кетпей мүлде Қайран күндер, қайран түндер Оралмайды енді, оралмайды білем Қайран күндер, қайран түндер Мазалайды мені естен кетпей мүлде Қайран күндер, қайран түндер Оралмайды енді, оралмайды білем
  • 1)Еңбеек еттім мың аралап ел ішін мұның бәрі алтын ұлым сен үшін Ұйқысыз түн күлксіз күн өткізген Сол еңбегім берді бүгін жемісін Қайырмасы Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей өнерлі баламмен Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей ақылшы анаммен 2)Қаншама рет қателескен кезде мен Кешіріммен қарап үнсіз төзген ең Кір келтірмей енді сенің атыңа Сеніміңді ақтаймын деп сөз берем Қайырмасы Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей ақылшы анаммен Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей өнерлі баламмен 3) Артта қалды мұңға батқан шақтарым Шүкір етем үмітімді ақтадың Адам бол деп айтқан сөзді жан анам Жүрегімнің түкпірінде сақтадым Қайырмасы Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей ақылшы анаммен Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей өнерлі баламмен
  • Қайда, қайда, жүр екен қай маңайда Сүйген жанның сертіне бойламай ма Қайда деп, ойламай ма? Қыр гүлдерді сол үшін жұлғым келді Менен бұрын үлгеріп кім гүл берді Мен бәрін білгім келді. Қайырмасы: Сезім қайда? Көзің қайда? Қоятын ғашық қылып мені. Жүр екенсің Өзің қайда? Көруге асықтырып мені. Қайда, қайда, тағдырға айла қайда Көз жанарың сағыныш бойламай ма Бағымда сайрамай ма Мүмкін әлі кездесер күн туады Ал жүрегім асығып бұлқынады Сол шаққа ұмтылады.
  • Жаздың соңы, жапырақтар жаңбыры, Ал, жапырақ адамдардың тағдыры. Сары ағаштан түсіп жатқан секілді, Сау сау етіп өмірімнің әр күні. [Қайырмасы] Мен оны, мен оны, мен оны Табармын, таппаспын, Отпенен ойнап, шоқ бастым. Көрермін, көрмеспін. Болмайды сендей Бақытым менің енді ешкім. Күз келгенде балапанға бас қайғы, Күз келгенде құстарды ата бастайды. Қауырсынды жарып өткен жарықша, Қабырғамның арасында қақсайды. [Қайырмасы] Мен оны, мен оны, мен оны Табармын, таппаспын, Отпенен ойнап, шоқ бастым. Көрермін, көрмеспін. Болмайды сендей Бақытым менің енді ешкім. Бұл өлеңді айтып тұрмын біз жайлы, Бұл өлеңді айтып тұрмын сіз жайлы. Жете алмаған армандарым менің де, Қабырғамның арасында сыздайды. [Қайырмасы] Мен оны, мен оны, мен оны Табармын, таппаспын, Отпенен ойнап, шоқ бастым. Көрермін, көрмеспін. Болмайды сендей Бақытым менің енді ешкім.
  • Зор бақытқа кім ие Қиял қадам нұсқайды Қызыл жасыл дүние Бағдаршамға ұқсайды Баяуласаң бекерге,еңсең түсіп басылма Арманыңа жетем деп,жылдамдықты асырма Кешірмейтін алдансаң,өмір деген бағдаршам Сабыр сақта бауырым ,қызыл түсті аңғарсаң Бәріде өз қолыңда,кейде шамаң келмейді Сенің өмір жолыңда,жасыл жана бермейді Мұны қалай жоқ дерсің,пенде іште өкпелеу Сәттіліктер көп болсын,жасыл бізге дөп келер Бос қиялдың соңында,әуре болып сабылма Мақсатыңның жолында,бағдаршамннан жаңылма Кешірмейтін алдансаң,өмір деген бағдаршам Сабыр сақта бауырым ,қызыл түсті аңғарсаңда Бәріде өз қолыңда,кейде жаман келмейді Сенің өмір жолыңда,жасыл жана бермейді Кешірмейтін алдансаң,өмір дейтін бағдаршам Сабыр сақта сақта бауырым ,қызыл түсті аңғарсаңда Бәріде өз қолыңда,кейде шамаң келмейді Сенің өмір жолыңда,жасыл жана бермейді
  • Үмітімде үзіліп түстің неге Көздеріннен тамшылар Бұл-бұл арман басымнан ұшты деме Оның да бір жақсылығы бар шығар Тәңір барда тағдырды күшті деме Жеңілме үміт үзбе [Қайырмасы] Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Шегінбе кері ешқашанда Уақытыңнан кеш қалсанда сен Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Өмір ғой бұл мұң шатыққа таратқан Жігеріңді қамшыла Алдансанда достықтан, махаббаттан Алда талай қуанышың бар шығар Қоңырсада ерімей қатал Ақпан Көктемнен үміт үзбе [Қайырмасы] Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Шегінбе кері ешқашанда Уақытыңнан кеш қалсанда сен Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар [Қайырмасы] Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Шегінбе кері ешқашанда Уақытыңнан кеш қалсанда сен Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар
  • Тәңір маған сыйға тартқан сені, Бақытты боп күн кешсін деп мені. Тек өзіңді сүйіп өтем жаным, Таусылғанша жүрегімнің демі. Махаббатым менің, Махаббатым менің, Ұл-қызымның жердегі жұмағы. Махаббатым менің, Махаббатым менің, Жанұямның сөнбейтін шырағы. Бөлінбейміз, бөлінбейміз мүлде Себебі сол жүрегіміз бірге. Бірге оянып арайланған таңда, Қол ұстасып бір жүреміз күнде. Махаббатым менің, Махаббатым менің, Ұл-қызымның жердегі жұмағы. Махаббатым менің, Махаббатым менің, Жанұямның сөнбейтін шырағы.
  • Кешірім неге сұрадың Неліктен олай жыладың Жылағаныңа шыдадым Тағыда саған бұл әнім Сен емес менің сыңарым Сен үшін бірақ шыдадым Екеуміз ге де бұл айдын Өтседе мейлі мың ай күн Шыдаймын әлі шыдаймын Шыдаймын жаным әр кезде Кеудемде жаным бар кезде Атады әлі ақ таң лезде Салады тағы басқа тағдырым сынақ Содан да шыдай берем талмасам құлап Жауапсыз қалды талай қаншама сұрақ Сүйген соң шексіз солай келемін шыдап Мені мейлі жек көрсеңде Мейлі маған кектенсеңде Кек аламын деп келсеңде Шыдаймын Көп қиындық өткерсеңде Бақытты күн өткен сенде Басқа бақыт боп келсеңде Шыдаймын Кім екен дейсің кінәлі Тағдырдың бұлда сынағы Оғанда жаным шыдады Көз емес жүрек жылады Ғашық жан іштей тынады Сонда да сүйіп тұр әлі Сен маған мүлде кінә артпа Сүймейтін жанға құмартпа Орала алмаймыз біз артқа Қасымнан кетсең жыраққа Кетпейсің ойдан бірақта Шыдайық бірге сынаққа Салады тағы басқа тағдырым сынап Содан да шыдай берем талмасам құлап Жауапсыз қалды талай қаншама сұрақ Сүйген соң шексіз солай келемін шыдап Мені мейлі жек көрсеңде Мейлі маған кектенсеңде Кек аламын деп келсеңде Шыдаймын Көп қиындық өткерсеңде Бақытты күн өткен сенде Басқа бақыт боп келсеңде Шыдаймын
  • Жұмбақ қыз маған бұл кім Сыр ашып қалып мүмкін. Қалайша жүрегінің табам кілтін. Жымиып тұрды тыңдап Қылығы үлгі қымбат Барша қыз сондай болса Сырлы жұмбақ. Қайырмасы: Əдемі көзі ұнайды Əдепті сөзі ұнайды Ешкімге сыр ашпайды Өзі жайлы. Ұнайды көзі неге Ұнайды сөзі неге Қимаймын өзге түгел Өзіме де. Төзімді тауысқаны Ақыры таныспады Жо-жоқ деп жұмбақ ару Алыстады. Қандай жан сөз де өтпейтін Қандай жан көз де өтпейтін Əрбір қыз сондай болса Қол жетпейтін. Қайырмасы: Əдемі көзі ұнайды Əдепті сөзі ұнайды Ешкімге сыр ашпайды Өзі жайлы. Ұнайды көзі неге Ұнайды сөзі неге Қимаймын өзге түгел Өзіме де.
  • Жолыққан жоқпыз жаным бекер біз Әліде биік самғармыз Уақытқа бағынғанмен екеуіміз Бақытқа лайық жандармыз Айымау алшақтатпай арамыз Жүрегім жақын кел дейді Біз енді бақытты жан боламыз Бәрінде уақыт емдейді [Қайырмасы] Жүрегім сен келгелі бақытты, Бақытты, бақытты Мен бұрын көргенім жоқ дәл мұндай Бақытты уақытты Қадірің бұл уақыттың білейік Бір бүтін болдық мына біз Кел енді қол ұстасып жүрейік Төгілсін біздің күнәміз Қалмады сен келгелі менде мұң Бақытты етем өзіңді Әрдайым естіп жүрші сен мені Ризамын деген сөзімді [Қайырмасы] Жүрегім сен келгелі бақытты, Бақытты, бақытты Мен бұрын көргенім жоқ дәл мұндай Бақытты уақытты
  • Сені көріп есім кетті Өмірім де өзгерді. Өміріме керек емес Сенен басқа өзге енді. Жүрегіңнен бір орын бер Тынышталсын жүрегім. Гүлдей сезім бір жүректе Бүрін жарар кез келді. Қайырмасы: Жүрегіңнен бір орын бер Бір орын бер бос болса. Мекендейін сол орынды Тағдыр бізді қосқанша. Өміріңнен бір орын бер Бір орын бер бұл өмір Екеумізге құшақ жаяр Күнді күтіп тосқанша. Сен жұмбақсың мен ғашықпын Менің сырым белгілі. Сен қымбатсың жауабың да Қымбат маған ендігі. Жүрегіңнен бір орын бер Мәңгілікке өтінем Бір жүректе өмір сүру Қос жүректің ерлігі. Қайырмасы: Жүрегіңнен бір орын бер Бір орын бер бос болса. Мекендейтін сол ор ынды Тағдыр бізді қосқанша. Өміріңнен бір орын бер Бір орын бер бұл өмір Екеумізге құшақ жаяр Күнді күтіп тосқанша.
  • Өнерімді саябақ ертегі ететін Көңілімді саялап көркем ететін Жан сырымды түсініп көз-қарасымнан Көзбен ғана аялап еркелететін Қайырмасы: Сендей адал сүйген жар Менде ғана бар, менде ғана бар, Менде ғана бар. Жараланса жанымды Емдеп ала алар, емдеп ала алар, Емдеп ала алар. Мендей адал сүйген жар Сенде ғана бар, сенде ғана бар, Сенде ғана бар. Шын ғашықты біздердей Ел де бағалар, ел де бағалар, Ел де бағалар. Адалдықтың жолында жансың ерлейтін Жат қылықты бойдағы жақсы көрмейтін Қателескен шағымда кешіре салар Кешірместей болса да қарсы келмейтін. Қайырмасы: Сендей адал сүйген жар Менде ғана бар, менде ғана бар, Менде ғана бар. Жараланса жанымды Емдеп ала алар, емдеп ала алар, Емдеп ала алар. Мендей адал сүйген жар Сенде ғана бар, сенде ғана бар, Сенде ғана бар. Шын ғашықты біздердей Ел де бағалар, ел де бағалар, Ел де бағалар.
  • Қазақ қызы намысы сынғырлаған сезімдей Айша бибі Домалақ аналардың көзіңдей Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіңдей Намысынды ерлерін қорғаса екен көз ілмей Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған Фаризам мен Мәрфуған елдің сөзің айта алған Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман Ахоу аридар-ей Күләшім мен Майрам бар осыдан біл анам кім Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның Мәдина апам жезтаңдай ақ баяны даламның Қыздарым бар осындай бар қазаққа тағармын Қызын туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ Қабырғасын халқымның қаусатуға қақын жоқ Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ Әдептікті Айман Шолпан қыздай жыр еттім Күй ойнаса Дина апам қуын шерткен жүректің Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің Қазақ қызы сендерге ең тәттіс тілектің Бір қыз маған жар болып көңілімді байытсың Дархан дала мен болсам Ертіс Еділ Жайықсың Болсам егер ескегін көлде жүзген қайықсың Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың
  • Ты глазищя не монула меня Сердце по другому бится стал Улыбнулось оно мимо меня Сердце вообщем бится перестало Тебя ко всем ревную Так ты дереминую Конфетками кидаюсь Лакомами атакую А губы у тебя ути ути Безобразный но но но без отказно Припев Сердце мое Boom The oooo Сердце мое....оооо... Мой аккаунт взломан взглядем твоим Спит ты на другом прицеле Сердце треки играет номер один Те же теце теце белый Люблю тебя любую Фильтрую не фильтрую Конфетками кидаюсь Лакомами атакую А губы у тебя ути ути Безобразный но но но без отказно Припев Сердце мое Boom The oooo Сердце мое....оооо...
  • Жас қосылып, соңында жыл мен ай қалар Ақ тілекпенен басыңа бақыт байланар Құшақ толып гүлге, жақындармен бірге Әр жыл сайын ай тойланар Қызық сауық сайран, көңіл шат мәз мейрам Мерекеге бұл күн айналар қайырмасы: Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Зор денсаулық тілеймін Бақытты өмір сүргін Жаныңда болсын деймін Ашар көңіл сырын жан серігің Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Аман болсын ата-анаң Тарту еткен ғұмыр Әр күніне жаратқан Төксін шуақ нұрын Ойнап күлгін Толқып тасып қуаныш кернеп тұр жанын Арасында дос, жарын, туыс, туғанын Ән мен жыры, биі, жылы сөз бен сыйы Кіргізер сәнін думанның Есіңнен кетпейтін еш нәрсе жетпейтін Ең бақытты күн туған күн қайырмасы: Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Зор денсаулық тілеймін Бақытты өмір сүргін Жанында болсын деймін Ашар көңіл сырын жан серігін Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Аман болсын ата-анаң Тарту еткен ғұмыр Әр күніне жаратқан Төксін шуақ нұрын Ойнап күлгін
  • Ерім бар елім үшін мақтанып Темірдей жүрегіңнің қақпаны Болаттай берік болсын сынбайды Қазақтың қайсар азаматтары Жүрегі жомарт адам бар еді Санаулы мұндай жандар əлемде Сендерге əн арнаймын деп едім Тұрамын еркек болып уәдемде [Қайырмасы] Жүрегі нағыз батыр еркек Тілегі ақыл нағыз еркек Жасасын талмай Беделі таудай! Болаттай нағыз азамат елдер Жақсының ісін айту заңдылық Сөзімді жеткізейін əн қылып Ел үшін туған жанды ұмытпай Ер ісін бағалайық мəңгілік Арманы таусылмайды адамның Батыры осы алып заманның Тік тұрып тəңірімнен тілеймін Арландай амандығын ағамның [Қайырмасы] Жүрегі нағыз батыр еркек Тілегі ақыл нағыз еркек Жасасын талмай Беделі таудай! Болаттай нағыз азамат елдер
  • Бақытын іздеп Алладан Бағыңа соны балаған Әлдимен тербеп әлемді Аман-сау жүрші жан-анам Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды. Фәниде сенсің шырағым Бақи да сенсің Жұмағым Анашым сенің атыңнан Киелі жалғыз Құраным. Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды. Ана деп әнім самғаған Тартуым болсын арнаған Алақан жайып тілеймін Амандығыңды Алладан. Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды.
  • Қайда қайда жүр екен қай маңайда Сүйген жартым сүйгеніне бойламайма Қайда деп ойламайма Қыр гүлдерді сол үшін жұлғым келді Менен бұрын гүл теріп кім гүл берді Мұның бәрін білгім келді Қайырмасы Сезім қайда көзің қайда Қоятын ғашық қылып мені Жүр екенсің өзің қайда Көруге асықтырып мені Қайда қайда тағдырға айла қайда Көз жанарың сағыныш байламайма Бағымда сайрамайма? Мүмкін әлі кездесер күн туады Ал жүрегім қыздығып бұлқынады Сол жаққа ұмтылады Қайырмасы Сезім қайда көзің қайда Қоятын ғашық қылып мені Жүр екенсің өзің қайда Көруге асықтырып мені
  • Арман болып бірге жүргенім Өтті өзіңсіз талай күндерім Сенің жаның мені ойлап жүргенін Қалай білмедім... Сыздатып сен қайда барасың Жанымның жарасын Сен ғана табасың, табасың Жүректің дауасын. Қайырмасы: Байқамадым қалай байқамадым Тек сен болсаң жаным жай табарын Сен кеткелі жеп қайта уайым Байқамадым қалай байқамадым. Байқамадым жаным. Қадіріңе неге жетпедім Неге сені жаным керек етпедім Өкіндірді осылай өткенім Келмей кеткенің, оңай деп пе едің Сыздатып сен қайда барасың Жанымның жарасын Сен ғана табасың, табасың Жүректің дауасын. Қайырмасы: Байқамадым қалай байқамадым Тек сен болсаң жаным жай табарын Сен кеткелі жеп қайта уайым Байқамадым қалай байқамадым. Байқамадым жаным.
  • Олай деме Не деймін сен туралы жұмбақ күн кешкен Не дейсің мен туралы көрмей білместен Олай деме Олай дейсің неге? Бақыттың алауына балқып жүр дейсің Сен мені қандай оймен шалқып жүр дейсің Олай деме Олай дейсің неге? Пендемін мен де жалғанда Досым сен де арманда Бірақ босқа сандалма Бұл өмір дейтін майданда Жүрек ашық әр жанға Мейірімді жандарға Қызғанып бауырыңды жамандамашы Өзіңдей бәрі-бәрі қазақ баласы Олай деме Олай дейсің неге Тұрады көгімізде әлі жайнап күн Тек қана қазақ үшін әні Қайраттың Сен де түсін Пендемін мен де жалғанда Досым сен де арманда Бірақ босқа сандалма Бұл өмір дейтін майданда Жүрек ашық әр жанға Мейірімді жандарға Пендемін мен де жалғанда Досым сен де арманда Бірақ босқа сандалма Бұл өмір дейтін майданда Жүрек ашық әр жанға Мейірімді жандарға
  • 1.Журегиме ошпес танба салдырдын, Бул омирде мени жалгыз калдырдын Жылаганда токтамай коздин жасы Косыладытамшысына жанбырдын Неге сени сагынамын кунде жылай Сени омирде сонша суйдем неге булай Журегим - ак неге мени тындамайды Неге тагдыр катигез неге булай припев; Жылап жатыр журегим бир тындашы Тусинши жанымды кор кылмашы Жылай берсин журегим тек озин деп Тек озин деп журегим бир тынбасын Козимнен жас тамады сени кимай Жылайды кундиз туни жасын тимай Кетпеши тастамашы жалгыз мени Калам ба бул алемде озим сыймай 2.Суйем десем жалгызым сенемисин Журегиннин жартысын беремисин Менде сени Суйемин кетпеши деп Кундердин бир кунине келермисин, припев: Жылап жатыр журегим бир тындашы Тусинши жанымды кор кылмашы Жылай берсин журегим тек озин деп Тек озин деп журегим бир тынбасын Козимнен жас тамады сени кимай Жылайды кундиз туни жасын тимай Кетпеши тастамашы жалгыз мени Калам ба бул алемде озим сыймай
  • 1. Мен өзіңді іздедім тағы Жүрегімнің қалауы тым алыстап барады. Сен ұнайсың маған күнім, Гүлденде нəзік гүлім, гүлім, Келші бүгін. [Қайырмасы] Менің аңсарым болып қалдың, Неге мені тағы, тағы. Әуреге салдың,салдың, Мені ойласаң нетті. Сенсіз өмір мұңлы болып кетті, Мен ұмыта алмадым. Сені ғана жаным ойладым, Есіңе ал бəрін. Күтемін тағы да, тағы да, Қасымда қал жаным. Менің жалғыз арманым, Үмітімді сен алдамағың. 2. Гүл ол сенің есіміңде, Кетем деп кешірілмей. Келші маған күлімдей, Бұл айтатын соңғы сөзім, Бақытым жалғыз өзің жаным,жаным, жаным. [Қайырмасы] Менің аңсарым болып қалдың, Неге мені тағы, тағы. Әуреге салдың,салдың, Мені ойласаң нетті. Сенсіз өмір мұңлы болып кетті, Мен ұмыта алмадым. Сені ғана жаным ойладым, Есіңе ал бəрін. Күтемін тағы да, тағы да, Қасымда қал жаным. Менің жалғыз арманым, Үмітімді сен алдамағың. Мен ұмыта алмадым. Сені ғана жаным ойладым, Есіңе ал бəрін. Күтемін тағы да, тағы да, Қасымда қал жаным. Менің жалғыз арманым, Үмітімді сен алдамағың
  • Аққудай адалым, Пәк сенің жанарың, Ешбір жанға қарамай жүрген. Ақ қардай арыңды, Мақпалдай жаныңды, Бақытым деп бағалаймын мен. [Қайырмасы] Мені бағала, Тек сені шын сүйетін. Мені бағала, Мені бағала жаным. Мені бағала, Бақытым, байлығым деп. Мені бағала, Жұлдызым, ай-күнім деп. Мені бағала, мені. Мені бағала, Бақытым, байлығым деп. Мені бағала, Жұлдызым, ай-күнім деп. Мені бағала, мені. Көрсем деп көркіңді, Берсем деп сертімді, Шын жүректен қалаған едім. Сені іздей беретін, Егіздей көретін, Сезімімді бағала менің.
  • Жүрегімді өзге жанға бермеймін Кім келсе де иесі тек сен деймін Сезіміңе жан тәніммен беріліп Бұл өмірде сені сүйер мендей кім Қайырмасы: Бұл өмірде сені сүйер мендей кім Басқаларды естімеймін, көрмеймін Жүрегіңді жараласам егер де Сен сүйген жүрегіммен емдеймін Тағдырыңды еркелетіп тербеймін Жасырсам да жан сырымды түсініп Бұл өмірде мені сүйер сендей кім Бақытыңа жаралған жан мен деймін Қандай сынақ жолықса да көнбеймін Сезіміңе жан тәніммен беріліп Бұл өмірде сені сүйер мендей кім Қайырмасы: Бұл өмірде сені сүйер мендей кім Басқаларды естімеймін, көрмеймін Жүрегіңді жараласам егер де Сен сүйген жүрегіммен емдеймін Тағдырыңды еркелетіп тербеймін Жасырсам да жан сырымды түсініп Бұл өмірде мені сүйер сендей кім
  • Адамдар, адамдар ағың бар қараң бар Ойланып қараңдар бұл өмір сынақ Айтса да өкпесін, айтсын тек бетке шын Жаралап кетпесін жүректі бірақ Қайырмасы: Жүректі жерге таптамасын Кешірілмес кек сақтамасын Адамның адам ешқашан да Ала жібінен аттамасын Бір жылап бірде шаттанасың Түгелдей көріп аттанасың Жалған өмірдің ақ қарасын Дүние дөңгелек Сонда да дүрбелең Әр жанға жол керек Арманға жетер Жол бірақ тас тақта Болса да бос мақтау Орынсыз асқақтау Адамға бекер Қайырмасы: Жүректі жерге таптамасын Кешірілмес кек сақтамасын Адамның адам ешқашан да Ала жібінен аттамасын Бір жылап бірде шаттанасың Түгелдей көріп аттанасың Жалған өмірдің ақ қарасын Адамдар, адамдар ағың бар қараң бар Ойланып қараңдар бұл өмір сынақ Айтса да өкпесін, айтсын тек бетке шын Жаралап кетпесін жүректі бірақ...
  • Күзде күрсініп жатқандай дала Қысты қымтанып түрге енер жаңа Көктем су толы сайменен сала Жаздай қырды асып ойнайды бала [Қайырмасы] Сонынмен ұнайсын маған Төгілген күн-айсын маған Аққумен қаздың көші Қарауға мәжбүрлеші Нұрынды төк Жаздың кеші Күзде сағыныш сап-сары бояу Қыста елендеп ел жұртым ояу Көктем келетін шаттығым таяу Жазда сүйгенім қасымда жаяу [Қайырмасы] Сонынмен ұнайсын маған Төгілген күн-айсын маған Аққумен қаздың көші Қарауға мәжбүрлеші Нұрынды төк Жаздың кеші Күзде көрініп айналам солғын Қыста қақарлы қаңтарға тондым Көктем тасыдым, толқыдым, толдым Жазда достармен жағасы көлдің [Қайырмасы] Сонынмен ұнайсын маған Төгілген күн-айсын маған Аққумен қаздың көші Қарауға мәжбүрлеші Нұрынды төк Жаздың кеші Жаздың кеші
  • Арман құсымның көкке ұшыр бәрін, Қосыла алмаймын әніңе. Өзегі дертті өкпешіл жанмын, Өкпелеп жүрме әлі де. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін... Сезімге сендік мәңгі мас едім, Өзіме бір кун жетелер. Адасып келсем, алдыңа сенің, Көрмеген болып өте бер. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай-күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін...