Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сен жоқта»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Жанымда жүргенің
Бақыт деп білгенім
Әттең ол сағым екен.
Мен жетпес гүл ме едің
Еркелеп күлгенің
Өзгенің бағы ма екен.

Сәт сыйлап қас қағым
Кеттің де тастадың
Жазықсыз сезімді отқа.
Елеспен тілдестім
Елеусіз күн кештім
Ардағым өзің жоқта.


[Қайырмасы]
Сен жоқта айналаны,
Түн басып жаныма мұң жайланады
Көп күмән көңіліме байланады
Болады лайым, көңілде уайым
Сөнгендей күн-айым ой қамады
Сен жоқта жанардан жас тайғанады
Сен жоқта мұздай суық қара тасқа
Құс жастық айналады.

Сағынам әлі де
Сен жайлы бәріде
Санамда ой жүрсе мың
Көз салмай бір қызға
Ең жарық жұлдызға
Атыңды қойдым сенің.

Не қиып кете алмай
Не саған жете алмай
Әурелі күйде жүрмін
Жолыңды тосқаным
Әніме қосқаным
Дәлелі сүйгенімнің


[Қайырмасы]
Сен жоқта айналам,
Түн басып жаныма мұң жайланады
Көп күмән көңіліме байланады
Болады лайым, көңілде уайым
Сөнгендей күн-айым ой қамады
Сен жоқта жанардан жас тайғанады
Сен жоқта мұздай су, қара тасқа
Құс жастық айналады.

Другие песни исполнителя:

  • Тым алыстасың, жырақ ұшқансың Белгілі барсам құрақ ұшпасын Арнаған саған қалмаған шарам Аялдамадың арман аңсаған Қ-сы: Өткен күндер оралмас Сезім сол алғаш Енді өзі келер қайтейін Сендей бола алмас Жалғыздықтың бар шегі Әлі қанша еді Адасқанша ақылым сағынам сені Келер күндерге көнермін мен де Көзімнің алдын көмермін көлге Өтпелі арманым тек қана алдадың Өкіндірсең де жек көре алмадым Қ-сы: х2 Өткен күндер оралмас Сезім сол алғаш Енді өзі келер қайтейін Сендей бола алмас Жалғыздықтың бар шегі Әлі қанша еді Адасқанша ақылым сағынам сені
  • Сұлулығын сәнді Жанды жаулап алды Бойды баурап алдын сезіммен Бірге шыркап әнді Күнді күтіп таңды Жүрсек бірге мәнгі өзінмен Тағат барма менде Майда салмал желде Орамалын желбірегенде -- ей Жаным, жаным деп тұрдың Ботакөзің мөлдірегенде Бақыт құсым бағым Сені қызғанамын Өзгеденде жаным өзімнен Қарай қалсам күліп Жүрмін шаттық ұлып Сенің мөлдір тұңық көзіне Тағат барма менде Майда салмал желде Орамалын желбірегенде -- ей Жаным, жаным деп тұрдың Ботакөзің мөлдірегенде Көзін тенеп күнге Өзінді тенеп гүлге Талды бітті тнде көз ілмей Қиылмен күн кештім Бұл жалғанда әрдестім Болалмайды ау ешкім өзіндей Тағат барма менде Майда салмал желде Орамалын желбірегенде -- ей Жаным, жаным деп тұрдың Ботакөзің мөлдірегенде Қарай қалсам күліп
  • Мен бұл күндері іздесем де таппаймын, Махаббаттың кім өртеген қамалын. Білесің бе сен, жанды қинап сағыныш, Білесің бе жоқ екенін амалым... Саған қарай шақырады жол біткен... Мен расында шын жүрекпен сүйіппін... Мына өмірде сені мендей кім күткен?.. Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім... Мына өмірде сені мендей кім күткен?.. Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім... Жүрмін мен жаным, бұл күндері ойланып, Тағдырымның жазуына байланып, Кеттің сен қайда, қайда асықтың қарағым, Кеткенің бе ақ бұлттарға айналып... Саған қарай шақырады жол біткен... Мен расында шын жүрекпен сүйіппін... Мына өмірде сені мендей кім күткен?.. Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім... Мына өмірде сені мендей кім күткен?.. Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім...
  • Жанарыңа жас та толтыратын Жүрегіңді босқа тоңдыратын Шыдап көнсең, арманыңа сенсең Басыңа әкеліп бақ қондыратын [Қайырмасы] Бұл махаббат жүректерді жаралаған мыңдаған Бұл махаббат талай жанның түн ұйқысын ұрлаған Бұл махаббат тылсымы көп зерттелмеген бір Ғалам Бұл махаббат-ай О, махаббат-ай Бірде тыншып, бірде тулаған Бар мұңданып жататын шақтары Бар нұрланып ататын ақ таңы Сезім, төзім, сүю, күю деген Жазылмаған махаббат заңы [Қайырмасы] Бұл махаббат жүректерді жаралаған мыңдаған Бұл махаббат талай жанның түн ұйқысын ұрлаған Бұл махаббат тылсымы көп зерттелмеген бір Ғалам Бұл махаббат-ай О, махаббат-ай Бірде тыншып, бірде тулаған
  • Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Ғашықпын-ау күлкіңе де әр күлген Сенен басқа жанға қарай алмаймын Мейлі сыртын қаптаса да алтынмен Талғамы жоқ жан шығармын бәлкім мен Сұлулықты іздемеймін әркімнен Бар сұлулық мінезіңде ол сенің Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Қайырмасы: Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Ғашықпын-ау күлкіңе де әр күлген Сенен басқа жанға қарай алмаймын Мейлі сыртын аптаса да алтынмен Мейлі сыртын аптаса да алтынмен Сүймегеннің кеудесінде салқын дем Сенің сүйген жүрегіңе жетпейді Ондай жылу сезінемін ал кімнен