Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Популярные казахские песни.
Страница 2

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

Pop

Pop (популярная музыка) — область массовой культуры, охватывающая различные формы, жанры и стили развлекательной и прикладной музыки
  • Даланың иісін аңсап, Қаладан келгенде шаршап, Сағынып өзіңе барсақ, Жайлау. Шуылдап балалар көп майда, Мінгесіп жабағы мен тайға, Бүлдірген теретін біз сайда, Жайлау, Шырқа, шырқа, шырқа, Сандуғаш сайра, Қызғалдақ жайна, Жайлау. Шырқа, шырқа, шырқа, Сезімге бойлау, Сағынтып қойды-ау, Жайлау. Бал қымыз күш беріп бойға, Балауса ару қыз ойда, Қой бағып жататын сайда, Жайлау. Аман бол атамекен қойнау, Ыстық жер өзіңдей шын қайда-ау, Мүмкін бе, саған құшақ жаймау, Жайлау.
  • Сабақтан қашып, Бірге су тасып, Достармен шулап, Ойнайтын асық-ай, жайма, Шуақ кездер қайда? Қыздарға ғашық, Сезімдер тасып, Жүректің сөзін, Айтшы бір ашып-ай, сайра, Дейтін достар қайда? Жан достардың, Жол-дастардың, Сол достардың әнін салды жүрек, Досқа тірек, Арналсын тілек. [Қайырмасы:] Ақкөңіл аңқылдаған, Дос керек маған мықты. Жарқылдаған, Ту етер адалдықты. Жақтаған, Сақтаған, Достықты бірге. 2. Жеткізер мұраттарға, Дос керек маған мықты, Сынақтарда, Артпайтын саған жүкті, Жаны бір, Әні бір, Күнде. Құрдастар қайда, Шын достар қайда, Сырластар қайда, Көздемес пайда тек пайда, Іс қылмайтын майда! Сыныптас қайда, Ғұрыптас қайда, Аяқтан шалып, Асырмас басыңнан айла, Сенім берер бойға. [Қайырмасы:] Ақкөңіл аңқылдаған, Дос керек маған мықты. Жарқылдаған, Ту етер адалдықты. Жақтаған, Сақтаған, Достықты бірге.
  • Көрдім де ғашық болдым, Маза кетті жүректен. Пернесін басып көрдім, Сезімдердің дір еткен. Көркіңе құлап қалдым, Мен саған сыр ақтардым, Жасым үлкен дейсің, Бәрібір, ұнап қалдың. Жасың кіші демеші, Тағдыр ғана төреші. Келіп тисе қайтеміз, Махаббаттың жебесі. Жасым үлкен демеші, Шуағыңа бөлеші, Тербе біздің жүректі, Махаббаттың кемесі. Ұнаттың сен де мені, Күйдің ыстық жалынға. Көз жасым кермек еді, Сен болмасаң жанымда. Көп алда сынақтарым, Жүректі жылатпағын. Шекерден тәтті сені, Бекерден ұнатпадым
  • Бір күн келіп алмастырып бір түнді, Көктем келіп айналамыз құлпырды. Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз, Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы. Қайырмасы: Қос қарлығаш көктемде, Сағындырып жеткенде, Қандай сезім жетеледі туған мекенге? Тағып алып ақ тұмар, Жұлдыздай боп ақтыңдар. Ерте өшкен үмітімді, Қайта жақтыңдар. Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым, Қанатымен тілгілеген аспанын. Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегі, Ұя салса ауласына басқаның. Қайырмасы: Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген, Тірліктерін туған жерге өңделген. Әрбір адам туған жерін сүюді, Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден. -
  • Шақтар-ай бірге өткен, Бақтар-ай гүл көктем, Өзіңді аңсаумен, Күн де өткен, түн де өткен. Сезім отын үрлеп кем, Мәңгі өшіріп кім кеткен? Қоштастық неліктен, Ауыр еді мұң неткен? Мен сағынамын, Сені әлі жаным. Сен сағынасың, Тағдырға бағынасың. Тәтті тәтті тәтті Мұң мені жаншылар, Тақты тақты тақты, Кірпікке тамшылар. Тәтті тәтті тәтті Махаббат сол шығар, Жаным, жаным. Үмітті үзбеп ем, Қоштастық біз деген. Сағынып қос жүрек, Бір-бірін іздеген. Махаббатым, сенерім, Сағынышым сен едің, Жүректі жан гүлім, Тәтті мұңға бөледің. Мен сағынамын, Сені әлі жаным. Сен сағынасың, Тағдырға бағынасың. Тәтті тәтті тәтті Мұң мені жаншылар, Тақты тақты тақты, Кірпікке тамшылар. Тәтті тәтті тәтті Махаббат сол шығар, Жаным, жаным.
  • Телефон шырылдайды Неге неге алмайсың Сүймесең шыныңды айт Неге неге алдайсың. Түн он екі болды сағат Айфонда біздің махаббат Ай сұлу хатыңды күттім қарап Хат жазамын бітіп қанат Таусылып бітті тағат Сезімге мас болдым тәтті шарап. Біздерге куә болсын аппақ ай Жүректер соқсын бірге тоқтамай Сүйейін тамағыңнан мақтадай Тарасын тал бойыңа тәтті арай. [Қайырмасы:] Телефон шырылдайды Неге неге алмайсың Сүймесең шыныңды айт Неге неге алдайсың Телефон шырылдайды Неге жауап бермейсің Сен маған сырыңды айт Жүрегіме енгейсің. Сезімге мас болдым тәтті шарап Біздерге куә болсын аппақ ай Жүректер соқсын бірге тоқтамай Сүйейін тамағыңнан мақтадай Тарасын тал бойыңа тәтті арай. [Қайырмасы:] Телефон шырылдайды Неге неге алмайсың Сүймесең шыныңды айт Неге неге алдайсың Телефон шырылдайды Неге жауап бермейсің Сен маған сырыңды айт Жүрегіме енгейсің.
  • Еліктеп Терминатор-темірге, Видиктан көрдік талай! Жан Клод Ван Даммдарға өмірде, Жанкүйер болдық талай. Көруші ек байланып, Тебетін айналып, Геройға айналып, Кетті солар. Джекки Чан, Ремболар, Батырмен тең болар. Өлмейтін мәңгі олар, Легендалар. Кассета айырбастап көретін, Қайда сол шиголдар-ай. Жеңіліп барып жатып жеңетін, Стивен Сигалдар-ай. Көруші ек байланып, Тебетін айналып, Геройға айналып, Кетті солар. Джекки Чан, Ремболар, Батырмен тең болар. Өлмейтін мәңгі олар, Легендалар.
  • Раббым Алла, Қадамдадым саған сеніп алға, Жүректесің, нұр бересің жанға. Сенің шексіз ұлылығың – сонда, Жаным Алла, Құлың болу – асыл бағым Алла. Білушісің, бәрін, бәрін Алла, Сенсің атар алтын таңым Алла. Сенен басқа Тәңір жоқ, Жаппарым, Сені Раббым жүректе сақтадым. Құлшылығым болсыншы Хаққа мың! Адал ризық Алла деп тапқаным, Тәуекелге өзің деп аттадым, Саған болсын мадақ пен мақтауым! Рахым Алла, Жарылқаушы Әзиз атың Алла, Құдіретті шексіз Хакім Алла, Cенсің әрбір демім, Ғафур Алла! Ием Алла, Мен жүрекпен сені сүйем Алла, Бойтұмарым ұлық кием Алла. Сәждеде бас саған ием Алла Сенсің Алла береке сабырым, Сенсің Алла – ғибрат, тағылым, Рахымың төк, әс-Сәләм, Тәңірім.
  • Тамаша той-думанмен таң атырса Сол кезде жаныңда әсем жан отырса Тамаша жексенбі күн көл басында Тұнықтан балық аулап бала отырса Тамаша жексенбі күн көл басында Тұнықтан балық аулап бала отырса Тамаша тойлы ауылдың түнін көрсе Түнде сол айдай сұлу теңін берсе Тамаша достарыңмен дала кезіп Торқалы туған жердің гүлін терсе Тамаша достарыңмен дала кезіп Торқалы туған жердің гүлін терсе Тамаша қырдан қызыл түлкі ауласа Түлкіге құмай қосып қиқулатса Тамаша қаншығаңды қандап қайтса Тамаша соның бәрі мүмкін болса Тамаша қаншығаңды қандап қайтса Тамаша соның бәрі мүмкін болса Тамаша жүрегіңді қыстамаса Таршылық жан-жағыңнан қыстамаса Тамаша, тамаша емес бірақ та ол Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса Тамаша, тамаша емес бірақ та ол Бір мезгіл кетпен-күрек ұстамаса
  • Мен сенің қолаң шашың тарайтын, Мен сенің қолайнаңмын қарайтын, Мен сенің бөлмеңдегі күнтізбең, Күнде санайтын. Мен сенің жырларыңмын жаттаған, Мен сенің сырларыңмын сақтаған, Мен сенің сағынышты сәттерің, Тағат таппаған. Мен - сенің үйің, Мен – көңіл күйің, Мені ұмыту саған, Әй, қиын, қиын. Мен сенің әтіріңмін аңқыған, Мен сенің қиялыңмын қалқыған, Мен сенің ерніңдегі деміңмін, Демде шарпыған.
  • Мен сәлем деп едім, сен қалай деп жүрсің Мен сені ойлап едім, сен нені ойлап жұрсің Мен жақсы көріп ем, сен шалындырасың Мен сағынып едім, сен сағым қуасың Оның жүрегі мұз екен, көңілі күз екен Мың түрлі құбылған, бір түрлі қыз екен Қиялы жүз екен, Мен оны түзетем Біртүрлі болса да, сүйкімді қыз екен. Көз кеудемде тұрсын, сөз жақұтын үшін Түз келгенде бір сын, өз бақытың үшін Күн асықпа бекер, а-а-й қасыңдамын мен Жыл ғашықтар етер, бұл ғасырда жүрген Оның жүрегі мұз екен, көңілі күз екен Мың түрлі құбылған, бір түрлі қыз екен Қиялы жүз екен, мен оны түзетем Біртүрлі болса да, сүйкімді қыз екен.
  • Гүл теріп баққа барған, Сол тәтті шақтар арман, Гүлімсің Лала менің, Жырымсың жаттап алған. Таң едің жарық нұрлы, Ататын әппақ алдан... Қоштастық Лала гүлім, Қайдасың дара Күнім. Қаратпай қоймаушы еді, Қалам қас, қара бұрым. Жеткізе алмадым ғой, Жүректің саған үнін. Бір көріп ұнатқан қыз, Ұмытам сені қалай? Жауапсыз сұрақтармыз, Таба алмас жолын оңай, Өтпейміз сынақтан біз, Өйткені тағдыр солай? Махаббат – мәңгі көктем, Шашатын жаның арай, Құстардай самғай кеткен, Хаттар жоқ саған қарай. Басыма қонбай кеткен, Бақытым, қалың қалай? Махаббат – мәңгі майдан, Ататын таңсың айнам, Өшпейтін жүрегімнен Кетпейтін жансың ойдан. Деп едім жаным Еркем Баяным, болшы Ләйләм. Қол жетпес болдың арман, Сезімдер енді жалған. Өтеді жүрек қалай, Өткелсіз жолды қалған? Сезімді қорғамадық, Бүршігін енді жарған.
  • Сабақтан қашып, Бірге су тасып, Достармен шулап, Ойнайтын асық-ай, жайма, Шуақ кездер қайда? Қыздарға ғашық, Сезімдер тасып, Жүректің сөзін, Айтшы бір ашып-ай, сайра, Дейтін достар қайда? Жан достардың, Жол-дастардың, Сол достардың әнін салды жүрек, Досқа тірек, Арналсын тілек. [Қайырмасы:] Ақкөңіл аңқылдаған, Дос керек маған мықты. Жарқылдаған, Ту етер адалдықты. Жақтаған, Сақтаған, Достықты бірге. 2. Жеткізер мұраттарға, Дос керек маған мықты, Сынақтарда, Артпайтын саған жүкті, Жаны бір, Әні бір, Күнде. Құрдастар қайда, Шын достар қайда, Сырластар қайда, Көздемес пайда тек пайда, Іс қылмайтын майда! Сыныптас қайда, Ғұрыптас қайда, Аяқтан шалып, Асырмас басыңнан айла, Сенім берер бойға. [Қайырмасы:] Ақкөңіл аңқылдаған, Дос керек маған мықты. Жарқылдаған, Ту етер адалдықты. Жақтаған, Сақтаған, Достықты бірге.
  • Ұланғасыр Қамиевтің өзің болдын бастар әні Еркелеген қылығынмен ғашық қылдың жас баланы Дискотекаға шық қылсаң, талай қыздын таспалары Саған ғана ғашық болсам, қызық емес басқалары Мейлі, жауап жазбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда? Мейлі, жауап жазбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда? Жүрегіңді абайлашы, жаралары мүлде дейсің Қаратамын сені десең, ондай кезде үндемейсің Бақытты қыламын десем, қойшы мұны, сенбей дейсің Әнімді тыңдап – тшшш… сөзімді бөлме, дейсің Мейлі, жауап жазбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда? Мейлі, жауап жасбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда? Мейлі, жауап жазбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда? Мейлі, жауап жазбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда?
  • Ақ көйлегің жаным жараса, Сен атандың ақ келін. Махаббатқа жүрек жол аша, Ең бақытты сәттерім. Той тойлады достар шаттанып, Ақ тілектер тоқтамай. Жаңа өмірге кеттік аттанып, Жүрек сен деп соққаны-ай. Ақ көйлек, фата, фата, фотоаппаратта, Біздің бақытты сурет. Бүгінгі дата, дата, дата, сағатта, Біздің шақыру билет. Кірдік тойға сәнді ресторан, Шашты түзеп айнаға. Би биледі шырқап, достар ән, Қол ұстасып айнала.
  • Тығылып телефонның ар жағына, Біреудің салмағына, Біреудің талғамына, Сын айтып отырасың жан-жағыңа, Кешігіп қалмадың ба, Өзіңнің арманыңа? Ешкімде менің шаруам жоқ, Себебі менде арман көп, Сынағандарға сынып қалғам жоқ! Таңдасаң дұрыс жолдар көп, Аттама босқа ардан көп, Жалған өмірде қалма жалған боп! Біреудің күлкі қылып шалынғанын, Жолынан жаңылғанын, Талқыға салынғанын, Сөз қылып жүрген кезде бәрін-бәрін, Алыстап бауырларың, Қалады жаныңда кім?
  • Еріксіз билетер махаббат шіркін солай, Өзіңдей сұлуды қарату кімге оңай? Жүректі жаулаған ғажайыпсың өзің, Тілдесеміз, үндесеміз жаным қалай? Менімен бірге биле, Керемет көңіл-күйде, Ғашық боп қалды жүрек, Асықпа жаным үйге. Қылығың тәтті балдай, Қызғалдақ қызсың қандай? Өзіңді қалдым сүйіп, Көзімді қалдым алмай. Шарасыз күйдірер махаббат шіркін шоқтай, Өзіңдей қылықты перизат мүлде жоқтай, Жүректі жаулаған ғажайыпсың өзің Жұлдызымсың, жарқыраған жаным оттай
  • Неге жаным жақтырмайсың, Ұйқымды тәтті ұрлайсың, Үмітті үздіктірдің, Сен солай. Неге жаным жақтырмайсың, Көңілді шат қылмайсың, Жүректі жүз күттірдің, Хәл солай. Жанды жаралайсың, Неге күнім қарамайсың, Өзіңшесің. Аққу сыңардайсың, Сезіміме шығарғайсың, Өзің шешім. Мүлде елемейсің, Жүректегі жебедейсің. Келіп тиген. Айнам мән бермейсің, Жанды неге тең көрмейсің, Сеніп сүйген.
  • Ақ найзаға сүйеніп қалғыдың қазақ, Адай қазақ, үйсінім, арғыным қазақ, Жалғызым — қазақ! Отан деген кеудемде жалғыз үн –қазақ, Сан өткердің басыңан зарлы күнді азап. Жалғызым – қазақ! Айй, Жалғызым – қазақ! [Қайырмасы:] Алаш деген арыстан, Жаралған ар, намыстан, Асыл шіркін тегің-ау. Болсын мәңгі атың аман, елім-ау, Атамекен жерім-ау, Жалғызымсың менің-ау! Көк Ту – қазақ, Елтаңба, Әнұран – қазақ, Атқа қонсын Алаш деп әр Ұлан қазақ! Жаның ән — қазақ! Жыр мен дастан, кеудесі мол мұра қазақ, Қобыз — қазақ, шежіре, домбыра — қазақ. Домбыра — қазақ! [Қайырмасы:] Алаш деген арыстан, Жаралған ар, намыстан, Асыл шіркін тегің-ау. Болсын мәңгі атың аман, елім-ау, Атамекен жерім-ау, Жалғызымсың менің-ау!
  • Ямахау, ёмасоу, мәңгі-ау, біз билеген әндер-оу Әндер-ау керім Вечердан қалмайтын, талмайтын, таңды-таңға жалғайтын Кездер-ай дедім Сұлу қыздар қайдасың сол баяғы Сендер жайлы естелік бал ғой әлі Қайта оралмас шақтар-ай Жүрек тулап жатқаны-ай Тәтті кездер қайдасың сол баяғы Бал сезімдер жүректе бар ғой әлі Қайталанбас сәттер-ай Қайта оралмас әттең-ай Шашыңда бигуди, чинури, тоқсан тоғыз жигули Астымда жаңа Қыздарға баратын, қара түн, терезесін қағатын Кездер-ай бала Сұлу қыздар қайдасың сол баяғы Сендер жайлы естелік бал ғой әлі Қайта оралмас шақтар-ай Жүрек тулап жатқаны-ай Тәтті кездер қайдасың сол баяғы Бал сезімдер жүректе бар ғой әлі Қайталанбас сәттер-ай Қайта оралмас әттең-ай Сұлу қыздар қайдасың сол баяғы Сендер жайлы естелік бал ғой әлі Қайта оралмас шақтар-ай Жүрек тулап жатқаны-ай Тәтті кездер қайдасың сол баяғы Бал сезімдер жүректе бар ғой әлі Қайталанбас сәттер-ай Қайта оралмас әттең-ай
  • Белые розы тербеткен би алаңы Шатунов сүйген ол гүлдер қиял әні Ал менің сүйген аруым қызыл раушан Гүлім әсем раушан Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Бақытқа сені балар ем қызым болсаң Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘ Біз биледік әуенге ласковый май Баста тұрмас аяулы жастығым-ай Қызыл раушан құлпырған сенсің бағым Сенсің сенші жаным Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Бақытқа сені балар ем қызым болсаң Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘ Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘
  • Белые розы тербеткен би алаңы Шатунов сүйген ол гүлдер қиял әні Ал менің сүйген аруым қызыл раушан Гүлім әсем раушан Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Бақытқа сені балар ем қызым болсаң Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘ Біз биледік әуенге ласковый май Баста тұрмас аяулы жастығым-ай Қызыл раушан құлпырған сенсің бағым Сенсің сенші жаным Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Бақытқа сені балар ем қызым болсаң Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘ Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘
  • Модерн диско «Розовый вечер», Ауылдың түні костердағы. Жүректер тәтті сезімді кешер, Жұлдыздар күліп аспандағы. Қайрымасы: Таңдайыңда сағыз «Бомби» дәмі, Ұрлап шығып үйден ақ ниваны, Біз баратын қайда дискотека, «Монтананы» киіп «Мальвинаны»! Қызық болмай «сега», «денди» бәрі, Мен Раушанды сүйіп, сен Динаны, Біз баратын қайда дискотека, Еске түссе маза бермейді әлі… «Алсу» мен «Демо», «Нi-Fi»-дың әні, «Седая ночь»-тың фанаты біз. Ортада биді шайқайды бәрі, Қатайып солай қанатымыз!