Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Шаруам жоқ» исполнителя Ұланғасыр Қами. Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Тығылып телефонның ар жағына,
Біреудің салмағына,
Біреудің талғамына,
Сын айтып отырасың жан-жағыңа,
Кешігіп қалмадың ба,
Өзіңнің арманыңа?
Ешкімде менің шаруам жоқ,
Себебі менде арман көп,
Сынағандарға сынып қалғам жоқ!
Таңдасаң дұрыс жолдар көп,
Аттама босқа ардан көп,
Жалған өмірде қалма жалған боп!
Біреудің күлкі қылып шалынғанын,
Жолынан жаңылғанын,
Талқыға салынғанын,
Сөз қылып жүрген кезде бәрін-бәрін,
Алыстап бауырларың,
Қалады жаныңда кім?

Другие песни исполнителя:

  • Раббым Алла, Қадамдадым саған сеніп алға, Жүректесің, нұр бересің жанға. Сенің шексіз ұлылығың – сонда, Жаным Алла, Құлың болу – асыл бағым Алла. Білушісің, бәрін, бәрін Алла, Сенсің атар алтын таңым Алла. Сенен басқа Тәңір жоқ, Жаппарым, Сені Раббым жүректе сақтадым. Құлшылығым болсыншы Хаққа мың! Адал ризық Алла деп тапқаным, Тәуекелге өзің деп аттадым, Саған болсын мадақ пен мақтауым! Рахым Алла, Жарылқаушы Әзиз атың Алла, Құдіретті шексіз Хакім Алла, Cенсің әрбір демім, Ғафур Алла! Ием Алла, Мен жүрекпен сені сүйем Алла, Бойтұмарым ұлық кием Алла. Сәждеде бас саған ием Алла Сенсің Алла береке сабырым, Сенсің Алла – ғибрат, тағылым, Рахымың төк, әс-Сәләм, Тәңірім.
  • Гүл теріп баққа барған, Сол тәтті шақтар арман, Гүлімсің Лала менің, Жырымсың жаттап алған. Таң едің жарық нұрлы, Ататын әппақ алдан... Қоштастық Лала гүлім, Қайдасың дара Күнім. Қаратпай қоймаушы еді, Қалам қас, қара бұрым. Жеткізе алмадым ғой, Жүректің саған үнін. Бір көріп ұнатқан қыз, Ұмытам сені қалай? Жауапсыз сұрақтармыз, Таба алмас жолын оңай, Өтпейміз сынақтан біз, Өйткені тағдыр солай? Махаббат – мәңгі көктем, Шашатын жаның арай, Құстардай самғай кеткен, Хаттар жоқ саған қарай. Басыма қонбай кеткен, Бақытым, қалың қалай? Махаббат – мәңгі майдан, Ататын таңсың айнам, Өшпейтін жүрегімнен Кетпейтін жансың ойдан. Деп едім жаным Еркем Баяным, болшы Ләйләм. Қол жетпес болдың арман, Сезімдер енді жалған. Өтеді жүрек қалай, Өткелсіз жолды қалған? Сезімді қорғамадық, Бүршігін енді жарған.
  • Ақ найзаға сүйеніп қалғыдың қазақ, Адай қазақ, үйсінім, арғыным қазақ, Жалғызым — қазақ! Отан деген кеудемде жалғыз үн –қазақ, Сан өткердің басыңан зарлы күнді азап. Жалғызым – қазақ! Айй, Жалғызым – қазақ! [Қайырмасы:] Алаш деген арыстан, Жаралған ар, намыстан, Асыл шіркін тегің-ау. Болсын мәңгі атың аман, елім-ау, Атамекен жерім-ау, Жалғызымсың менің-ау! Көк Ту – қазақ, Елтаңба, Әнұран – қазақ, Атқа қонсын Алаш деп әр Ұлан қазақ! Жаның ән — қазақ! Жыр мен дастан, кеудесі мол мұра қазақ, Қобыз — қазақ, шежіре, домбыра — қазақ. Домбыра — қазақ! [Қайырмасы:] Алаш деген арыстан, Жаралған ар, намыстан, Асыл шіркін тегің-ау. Болсын мәңгі атың аман, елім-ау, Атамекен жерім-ау, Жалғызымсың менің-ау!