Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Қос қарлығаш»
исполнителя Ұланғасыр Қами.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Бір күн келіп алмастырып бір түнді,
Көктем келіп айналамыз құлпырды.
Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,
Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.

Қайырмасы:
Қос қарлығаш көктемде,
Сағындырып жеткенде,
Қандай сезім жетеледі туған мекенге?
Тағып алып ақ тұмар,
Жұлдыздай боп ақтыңдар.
Ерте өшкен үмітімді,
Қайта жақтыңдар.

Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым,
Қанатымен тілгілеген аспанын.
Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегі,
Ұя салса ауласына басқаның.

Қайырмасы:

Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген,
Тірліктерін туған жерге өңделген.
Әрбір адам туған жерін сүюді,
Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден. -

Другие песни исполнителя:

  • Сүйем десем жаным олай қарама, Арман едің сәнім талай балаға. Алып қашам мейлі олай қалама, Келін қылам сені қалай да Анама Басқа қызға аумас көңілім, Бір өзіңсің бағым, өмірім. Анам қуанар еді ұлы теңін тапса, Әрбір таңым сүйгенім бір өзің деп атса Келші, келші, келші, көп еркелемей, Сенші, бұл шын сөзім басқаны елемей. Келші, сенші, енші өміріме сен, Жүр онда отыр көлігіме сен. Қайырмасы: Сүйем десем жаным олай қарама, Арман едің сәнім талай балаға. Алып қашам мейлі олай қалама, Келін қылам сені қалай да Анама! Келісімін бермей тұрса да, Кетемін деп үйден қырсада. Үйдегілер деді "алып қаш" Бақытты боламыз асықпаш. Келші, келші, келші, көп еркелемей, Сенші, бұл шын сөзім басқаны елемей. Келші, сенші, енші өміріме сен, Жүр онда отыр көлігіме сен. Сүйем десем жаным олай қарама, Арман едің сәнім талай балаға. Алып қашам мейлі олай қалама, Келін қылам сені қалай да Анама!
  • Белые розы тербеткен би алаңы Шатунов сүйген ол гүлдер қиял әні Ал менің сүйген аруым қызыл раушан Гүлім әсем раушан Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Бақытқа сені балар ем қызым болсаң Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘ Біз биледік әуенге ласковый май Баста тұрмас аяулы жастығым-ай Қызыл раушан құлпырған сенсің бағым Сенсің сенші жаным Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Бақытқа сені балар ем қызым болсаң Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘ Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘
  • Ақ көйлегің жаным жараса, Сен атандың ақ келін. Махаббатқа жүрек жол аша, Ең бақытты сәттерім. Той тойлады достар шаттанып, Ақ тілектер тоқтамай. Жаңа өмірге кеттік аттанып, Жүрек сен деп соққаны-ай. Ақ көйлек, фата, фата, фотоаппаратта, Біздің бақытты сурет. Бүгінгі дата, дата, дата, сағатта, Біздің шақыру билет. Кірдік тойға сәнді ресторан, Шашты түзеп айнаға. Би биледі шырқап, достар ән, Қол ұстасып айнала.
  • Ғашықпын саған әлі, Жандармыз жоқ амалы. Жүзігің қолыңдағы, Жүректі жаралады. Сезімнің ережесін, Бұзасың, не көнесің. Көз жасың қағып тұрды, Жүректің терезесін. Сүйкімді едің неткен, Жымиғаның көктем. Мөлдіреген көздер, Жанды өртеп кеткен. Жан шуағын төккен, Сұлу едің неткен. Жолықтырған тағдыр, Бізді ғашық еткен. Ең сұлу ізгі, адалым, Жүзіңе жүз қарадым, Мен сені айдан, күннен, Жұлдыздан қызғанамын. Жүрегің соғып тылсым, Қоңырау соғып тұрсың, Бұйырмас бақытымсың, Қол жетпес көріктімсің.