Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Алла» исполнителя Ұланғасыр Қами. Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Раббым Алла,
Қадамдадым саған сеніп алға,
Жүректесің, нұр бересің жанға.
Сенің шексіз ұлылығың – сонда,
Жаным Алла,
Құлың болу – асыл бағым Алла.
Білушісің, бәрін, бәрін Алла,
Сенсің атар алтын таңым Алла.
Сенен басқа Тәңір жоқ, Жаппарым,
Сені Раббым жүректе сақтадым.
Құлшылығым болсыншы Хаққа мың!
Адал ризық Алла деп тапқаным,
Тәуекелге өзің деп аттадым,
Саған болсын мадақ пен мақтауым!
Рахым Алла,
Жарылқаушы Әзиз атың Алла,
Құдіретті шексіз Хакім Алла,
Cенсің әрбір демім, Ғафур Алла!
Ием Алла,
Мен жүрекпен сені сүйем Алла,
Бойтұмарым ұлық кием Алла.
Сәждеде бас саған ием Алла
Сенсің Алла береке сабырым,
Сенсің Алла – ғибрат, тағылым,
Рахымың төк, әс-Сәләм, Тәңірім.

Другие песни исполнителя:

  • Кездестік біз сол кеште, тойда Дедім бірден «Она моя!» Жүрмейді екен жүрекке айла Құдаша қыз, молодая. Билеп шықтым ортаға қарай Құдашаға құшақ жая Ей, қарындас есімің қалай Доро-гая [Қайырмасы:] Есімің Балқадиша емес, Балқия Құдаша билейікші кел бір партия, Бақытты болуыңа мен га-рантия Балқия, Балқия. Есімің Балқадиша емес, Балқия Құдаша билейікші кел бір партия, Бақытты болуыңа мен га-рантия Балқия, Балқия. Балқия қыз ерінің балдай Махаббатқа жүрегім мас. Бара жатыр теңеуім қалмай, Алма мойын, қиылған қас. Сері сүйсе Балқадишаны Сені сүйдім Балқияжан. Сыйға тарттым ән падишаны, Танцуй, мадам! [Қайырмасы:] Есімің Балқадиша емес, Балқия Құдаша билейікші кел бір партия, Бақытты болуыңа мен га-рантия Балқия, Балқия. Есімің Балқадиша емес, Балқия Құдаша билейікші кел бір партия, Бақытты болуыңа мен га-рантия Балқия, Балқия. (Орындайтын: Ұланғасыр Қами Аты: Балқия)
  • Ұланғасыр Қамиевтің өзің болдын бастар әні Еркелеген қылығынмен ғашық қылдың жас баланы Дискотекаға шық қылсаң, талай қыздын таспалары Саған ғана ғашық болсам, қызық емес басқалары Мейлі, жауап жазбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда? Мейлі, жауап жазбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда? Жүрегіңді абайлашы, жаралары мүлде дейсің Қаратамын сені десең, ондай кезде үндемейсің Бақытты қыламын десем, қойшы мұны, сенбей дейсің Әнімді тыңдап – тшшш… сөзімді бөлме, дейсің Мейлі, жауап жазбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда? Мейлі, жауап жасбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда? Мейлі, жауап жазбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда? Мейлі, жауап жазбасаң да Жүздесіп тұр андасанда Әлде менен, красавчик Басқа біреу бар ма, сонда?
  • Гүл теріп баққа барған, Сол тәтті шақтар арман, Гүлімсің Лала менің, Жырымсың жаттап алған. Таң едің жарық нұрлы, Ататын әппақ алдан... Қоштастық Лала гүлім, Қайдасың дара Күнім. Қаратпай қоймаушы еді, Қалам қас, қара бұрым. Жеткізе алмадым ғой, Жүректің саған үнін. Бір көріп ұнатқан қыз, Ұмытам сені қалай? Жауапсыз сұрақтармыз, Таба алмас жолын оңай, Өтпейміз сынақтан біз, Өйткені тағдыр солай? Махаббат – мәңгі көктем, Шашатын жаның арай, Құстардай самғай кеткен, Хаттар жоқ саған қарай. Басыма қонбай кеткен, Бақытым, қалың қалай? Махаббат – мәңгі майдан, Ататын таңсың айнам, Өшпейтін жүрегімнен Кетпейтін жансың ойдан. Деп едім жаным Еркем Баяным, болшы Ләйләм. Қол жетпес болдың арман, Сезімдер енді жалған. Өтеді жүрек қалай, Өткелсіз жолды қалған? Сезімді қорғамадық, Бүршігін енді жарған.