Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жайлау»
исполнителя Ұланғасыр Қами.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Даланың иісін аңсап,
Қаладан келгенде шаршап,
Сағынып өзіңе барсақ,
Жайлау.
Шуылдап балалар көп майда,
Мінгесіп жабағы мен тайға,
Бүлдірген теретін біз сайда,
Жайлау,
Шырқа, шырқа, шырқа,
Сандуғаш сайра,
Қызғалдақ жайна,
Жайлау.
Шырқа, шырқа, шырқа,
Сезімге бойлау,
Сағынтып қойды-ау,
Жайлау.
Бал қымыз күш беріп бойға,
Балауса ару қыз ойда,
Қой бағып жататын сайда,
Жайлау.
Аман бол атамекен қойнау,
Ыстық жер өзіңдей шын қайда-ау,
Мүмкін бе, саған құшақ жаймау,
Жайлау.

Другие песни исполнителя:

  • Бір күн келіп алмастырып бір түнді, Көктем келіп айналамыз құлпырды. Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз, Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы. Қайырмасы: Қос қарлығаш көктемде, Сағындырып жеткенде, Қандай сезім жетеледі туған мекенге? Тағып алып ақ тұмар, Жұлдыздай боп ақтыңдар. Ерте өшкен үмітімді, Қайта жақтыңдар. Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым, Қанатымен тілгілеген аспанын. Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегі, Ұя салса ауласына басқаның. Қайырмасы: Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген, Тірліктерін туған жерге өңделген. Әрбір адам туған жерін сүюді, Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден. -
  • Еліктеп Терминатор-темірге, Видиктан көрдік талай! Жан Клод Ван Даммдарға өмірде, Жанкүйер болдық талай. Көруші ек байланып, Тебетін айналып, Геройға айналып, Кетті солар. Джекки Чан, Ремболар, Батырмен тең болар. Өлмейтін мәңгі олар, Легендалар. Кассета айырбастап көретін, Қайда сол шиголдар-ай. Жеңіліп барып жатып жеңетін, Стивен Сигалдар-ай. Көруші ек байланып, Тебетін айналып, Геройға айналып, Кетті солар. Джекки Чан, Ремболар, Батырмен тең болар. Өлмейтін мәңгі олар, Легендалар.
  • Ақ көйлегің жаным жараса, Сен атандың ақ келін. Махаббатқа жүрек жол аша, Ең бақытты сәттерім. Той тойлады достар шаттанып, Ақ тілектер тоқтамай. Жаңа өмірге кеттік аттанып, Жүрек сен деп соққаны-ай. Ақ көйлек, фата, фата, фотоаппаратта, Біздің бақытты сурет. Бүгінгі дата, дата, дата, сағатта, Біздің шақыру билет. Кірдік тойға сәнді ресторан, Шашты түзеп айнаға. Би биледі шырқап, достар ән, Қол ұстасып айнала.
  • Гүл теріп баққа барған, Сол тәтті шақтар арман, Гүлімсің Лала менің, Жырымсың жаттап алған. Таң едің жарық нұрлы, Ататын әппақ алдан... Қоштастық Лала гүлім, Қайдасың дара Күнім. Қаратпай қоймаушы еді, Қалам қас, қара бұрым. Жеткізе алмадым ғой, Жүректің саған үнін. Бір көріп ұнатқан қыз, Ұмытам сені қалай? Жауапсыз сұрақтармыз, Таба алмас жолын оңай, Өтпейміз сынақтан біз, Өйткені тағдыр солай? Махаббат – мәңгі көктем, Шашатын жаның арай, Құстардай самғай кеткен, Хаттар жоқ саған қарай. Басыма қонбай кеткен, Бақытым, қалың қалай? Махаббат – мәңгі майдан, Ататын таңсың айнам, Өшпейтін жүрегімнен Кетпейтін жансың ойдан. Деп едім жаным Еркем Баяным, болшы Ләйләм. Қол жетпес болдың арман, Сезімдер енді жалған. Өтеді жүрек қалай, Өткелсіз жолды қалған? Сезімді қорғамадық, Бүршігін енді жарған.