Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Лала гүл»
исполнителя Ұланғасыр Қами.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Гүл теріп баққа барған,
Сол тәтті шақтар арман,
Гүлімсің Лала менің,
Жырымсың жаттап алған.
Таң едің жарық нұрлы,
Ататын әппақ алдан...
Қоштастық Лала гүлім,
Қайдасың дара Күнім.
Қаратпай қоймаушы еді,
Қалам қас, қара бұрым.
Жеткізе алмадым ғой,
Жүректің саған үнін.
Бір көріп ұнатқан қыз,
Ұмытам сені қалай?
Жауапсыз сұрақтармыз,
Таба алмас жолын оңай,
Өтпейміз сынақтан біз,
Өйткені тағдыр солай?
Махаббат – мәңгі көктем,
Шашатын жаның арай,
Құстардай самғай кеткен,
Хаттар жоқ саған қарай.
Басыма қонбай кеткен,
Бақытым, қалың қалай?
Махаббат – мәңгі майдан,
Ататын таңсың айнам,
Өшпейтін жүрегімнен
Кетпейтін жансың ойдан.
Деп едім жаным Еркем
Баяным, болшы Ләйләм.
Қол жетпес болдың арман,
Сезімдер енді жалған.
Өтеді жүрек қалай,
Өткелсіз жолды қалған?
Сезімді қорғамадық,
Бүршігін енді жарған.

Другие песни исполнителя:

  • Даланың иісін аңсап, Қаладан келгенде шаршап, Сағынып өзіңе барсақ, Жайлау. Шуылдап балалар көп майда, Мінгесіп жабағы мен тайға, Бүлдірген теретін біз сайда, Жайлау, Шырқа, шырқа, шырқа, Сандуғаш сайра, Қызғалдақ жайна, Жайлау. Шырқа, шырқа, шырқа, Сезімге бойлау, Сағынтып қойды-ау, Жайлау. Бал қымыз күш беріп бойға, Балауса ару қыз ойда, Қой бағып жататын сайда, Жайлау. Аман бол атамекен қойнау, Ыстық жер өзіңдей шын қайда-ау, Мүмкін бе, саған құшақ жаймау, Жайлау.
  • Ханшайым еркесің қыздардан барша Тәп тәтті қылығын балша Қарасам да мейлі қанша тоймаймын Ханзада қыламын дедің бе қанша Ғашық болдын неге сонша Қол жетпес сен үшін айдаймын Жақын сен жанымау ойда болса да Іздеймін өзіңді қайда барсам да Үзбеймін үмітті айда болсаң да Қоймаймын Қайырмасы: Сүрейік сүрейік күндіз айға нұрға Күлейік күлейік батпай қайғы мұңға Тілейік тілейік жұрттын жазылғаны Жүрейік жүзейік өмір айдынында Сүрейік сүрейік күндіз айға нұрға Күлейік күлейік батпай қайғы мұңға Тілейік тілейік жұрттын жазылғаны Жүрейік жүзейік өмір айдынында Ханзада жүздескің келе ма күнде Жарысып шықтасқан түрде Билет ал киноға бірге барайық Ханшайым киноға зауқым жоқ мүлде Блашақ өмірге бірге Бақыттын билетін алайық Бағалар көрермен лайк пен өмір Бақыт пен бітетін қайық пен бүгін Керемет киноға кейіпкер болып болайық Қайырмасы: Сүрейік сүрейік күндіз айға нұрға Күлейік күлейік батпай қайғы мұңға Тілейік тілейік жұрттын жазылғаны Жүрейік жүзейік өмір айдынында Сүрейік сүрейік күндіз айға нұрға Күлейік күлейік батпай қайғы мұңға Тілейік тілейік жұрттын жазылғаны Жүрейік жүзейік өмір айдынында