Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «дискотека»
исполнителя Ұланғасыр Қами.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Модерн диско «Розовый вечер»,
Ауылдың түні костердағы.
Жүректер тәтті сезімді кешер,
Жұлдыздар күліп аспандағы.

Қайрымасы:

Таңдайыңда сағыз «Бомби» дәмі,
Ұрлап шығып үйден ақ ниваны,
Біз баратын қайда дискотека,
«Монтананы» киіп «Мальвинаны»!

Қызық болмай «сега», «денди» бәрі,
Мен Раушанды сүйіп, сен Динаны,
Біз баратын қайда дискотека,
Еске түссе маза бермейді әлі…

«Алсу» мен «Демо», «Нi-Fi»-дың әні,
«Седая ночь»-тың фанаты біз.
Ортада биді шайқайды бәрі,
Қатайып солай қанатымыз!

Другие песни исполнителя:

  • Гүл теріп баққа барған, Сол тәтті шақтар арман, Гүлімсің Лала менің, Жырымсың жаттап алған. Таң едің жарық нұрлы, Ататын әппақ алдан... Қоштастық Лала гүлім, Қайдасың дара Күнім. Қаратпай қоймаушы еді, Қалам қас, қара бұрым. Жеткізе алмадым ғой, Жүректің саған үнін. Бір көріп ұнатқан қыз, Ұмытам сені қалай? Жауапсыз сұрақтармыз, Таба алмас жолын оңай, Өтпейміз сынақтан біз, Өйткені тағдыр солай? Махаббат – мәңгі көктем, Шашатын жаның арай, Құстардай самғай кеткен, Хаттар жоқ саған қарай. Басыма қонбай кеткен, Бақытым, қалың қалай? Махаббат – мәңгі майдан, Ататын таңсың айнам, Өшпейтін жүрегімнен Кетпейтін жансың ойдан. Деп едім жаным Еркем Баяным, болшы Ләйләм. Қол жетпес болдың арман, Сезімдер енді жалған. Өтеді жүрек қалай, Өткелсіз жолды қалған? Сезімді қорғамадық, Бүршігін енді жарған.
  • Мен сенің қолаң шашың тарайтын, Мен сенің қолайнаңмын қарайтын, Мен сенің бөлмеңдегі күнтізбең, Күнде санайтын. Мен сенің жырларыңмын жаттаған, Мен сенің сырларыңмын сақтаған, Мен сенің сағынышты сәттерің, Тағат таппаған. Мен - сенің үйің, Мен – көңіл күйің, Мені ұмыту саған, Әй, қиын, қиын. Мен сенің әтіріңмін аңқыған, Мен сенің қиялыңмын қалқыған, Мен сенің ерніңдегі деміңмін, Демде шарпыған.
  • Ақ найзаға сүйеніп қалғыдың қазақ, Адай қазақ, үйсінім, арғыным қазақ, Жалғызым — қазақ! Отан деген кеудемде жалғыз үн –қазақ, Сан өткердің басыңан зарлы күнді азап. Жалғызым – қазақ! Айй, Жалғызым – қазақ! [Қайырмасы:] Алаш деген арыстан, Жаралған ар, намыстан, Асыл шіркін тегің-ау. Болсын мәңгі атың аман, елім-ау, Атамекен жерім-ау, Жалғызымсың менің-ау! Көк Ту – қазақ, Елтаңба, Әнұран – қазақ, Атқа қонсын Алаш деп әр Ұлан қазақ! Жаның ән — қазақ! Жыр мен дастан, кеудесі мол мұра қазақ, Қобыз — қазақ, шежіре, домбыра — қазақ. Домбыра — қазақ! [Қайырмасы:] Алаш деген арыстан, Жаралған ар, намыстан, Асыл шіркін тегің-ау. Болсын мәңгі атың аман, елім-ау, Атамекен жерім-ау, Жалғызымсың менің-ау!
  • Белые розы тербеткен би алаңы Шатунов сүйген ол гүлдер қиял әні Ал менің сүйген аруым қызыл раушан Гүлім әсем раушан Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Бақытқа сені балар ем қызым болсаң Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘ Біз биледік әуенге ласковый май Баста тұрмас аяулы жастығым-ай Қызыл раушан құлпырған сенсің бағым Сенсің сенші жаным Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Бақытқа сені балар ем қызым болсаң Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘ Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘