Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жақтырмайсың»
исполнителя Ұланғасыр Қами.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Неге жаным жақтырмайсың,
Ұйқымды тәтті ұрлайсың,
Үмітті үздіктірдің,
Сен солай.
Неге жаным жақтырмайсың,
Көңілді шат қылмайсың,
Жүректі жүз күттірдің,
Хәл солай.
Жанды жаралайсың,
Неге күнім қарамайсың,
Өзіңшесің.
Аққу сыңардайсың,
Сезіміме шығарғайсың,
Өзің шешім.
Мүлде елемейсің,
Жүректегі жебедейсің.
Келіп тиген.
Айнам мән бермейсің,
Жанды неге тең көрмейсің,
Сеніп сүйген.

Другие песни исполнителя:

  • Біз жандармыз алыстаған, Біз жолдармыз тоғыспаған, Қос жүрекпіз табыспаған, Жағада. Сендей ешкім бола алмайды, Бізді арман көп алдайды, Бір бақыт құс екі адамға, қона ма? Қайырмасы: Артымда өткен күннің ызғары, Сағындым сені жүрек мұздады, Өкініш өртеп, жаным сыздады, Сыздады. Артыңда өткен күннің ызғары, Сағынған жүрек сары күз бағы. Келер ме қайтып бақыт бізге әлі… Бізге әлі. 2. Сенсіз ішкен шырын дәмсіз, Сенсіз өткен ғұмыр мәнсіз, Сені сүйсем түгел сүйем Әлемді. Сенсің менің жұтар демім, Иісіңді Жұпар дедім. Бір тағдырға екі жүрек тәуелді.
  • Тығылып телефонның ар жағына, Біреудің салмағына, Біреудің талғамына, Сын айтып отырасың жан-жағыңа, Кешігіп қалмадың ба, Өзіңнің арманыңа? Ешкімде менің шаруам жоқ, Себебі менде арман көп, Сынағандарға сынып қалғам жоқ! Таңдасаң дұрыс жолдар көп, Аттама босқа ардан көп, Жалған өмірде қалма жалған боп! Біреудің күлкі қылып шалынғанын, Жолынан жаңылғанын, Талқыға салынғанын, Сөз қылып жүрген кезде бәрін-бәрін, Алыстап бауырларың, Қалады жаныңда кім?