Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Популярные казахские песни.
Страница 5

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

Pop

Pop (популярная музыка) — область массовой культуры, охватывающая различные формы, жанры и стили развлекательной и прикладной музыки
  • Түзу түзу жолдарды Асулар мен жондарды Суретшідей сомдады дала Жол жүргенде жайдары Сұлу самал майда әні 2 рет Көңілімді жайлады жаңа К-сы: Ооу Алыс түзу жолдармен заулап Жүрегімде оттай сезімім барда Жеткізбейтін қиял алда бәрі Бәрі алда Ұлы дала шақырады алдан Таусылмайтын шексіз жолдарым арман Әлі де талай аттанамыз ұзақ жолға Әлі талай аттанамыз ұзақ жолға Түзу түзу көшені Жүріп өткен кешегі Қиял ойым кешеді самғап ау Жүрегімде таң күлсін Көне жолдар жаңғырсын 2 рет Өз таңбасын қалдырсын жолдар Қ-сы Қ-сы
  • Мариям Жагор деген орыс қызы Он алты, он жетіге - келген кезі Қазаққа Дудар деген ғашық болып Сондағы Мариямның айтқан сөзі Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе, Жеріңе уағда айтқан келмедің бе? Жеріңе уағда айтқан келмей қалып, Мариям заты орыс деп сенбедің бе? Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір. Басыңа камшат бөрік жарасып жүр. Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел, Орныңа өңкей жаман таласып жүр. Қайырмасы: Дударари-дудым Бір сен үшін тудым! Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым! Қолында Мариямның өткір қайшы. Қағазға Мариям аты жазылсайшы. Қор болып бір жаманға кеткенімше, Алдымнан қазулы көр табылсайшы!
  • 1. Ассалаумағалейкум, ағаларым Бүлдірген. Ақ жібекпен қайырған жағаларын Бүлдірген. Сіздерге арнап, ағайын, өлең айтсам Бүлдірген. Жаңылдыра сөзімді, бабаларым Бүлдірген. Қ-сы: Тауда өскен бүлдірген Қырда өскен бүлдірген Ағаларым болмаса, Қадірімді кім білген? Жаны жайсаң ағайын, Қадіріңді кім білген? 2. Қарағайлы ендеше, қарағайлы, Бүлдірген. Қарағайды көп жылқы аралайды, Бүлдірген. Жақсы – жайсаң осындай бас қосқанда Бүлдірген Бекер қарап отырған жарамайды , Бүлдірген. [bad word] [bad word]
  • Нұр жауып тұрған көктемде Гүл тере барсаң бөктерге Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың Қазбауыр бұлттар маңғанда Орманға жазда барғанда Арманда мені арманда Онаша жалгыз калганда Есіңе мені алғайсың Арманда жаным арманда Онаша жалгыз калганда Есіңе мені алғайсың Қараша келген шақтарда Құлазып тұрған бақтарда Жапырақ жайрап жатқанда Құрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың Жапырақ жайрап жатқанда Қyрайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың Ақ ұлпа жерді жапқанда Ағаштар сырға таққанда Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың
  • Өткенім жұмбақ, шешемін ойланбастан, Көктемімді ұрлап əкеттің қайдан ғана. Əппəқ арыңда ұғындым пəктік барын, От жанарыңда ойнап тұр жастық шағың. Қайырмасы: Асау жүрек неге бағынбайсың? Бəрін сонша ауыр қабылдайсың, Білем болмашыға ауырмайсың, Себебі сағынбайсың. Анда-санда сені бір көруге ұмтыламын, Алдасаң да мені біліп тұрып тұншығамын. Неге мұнша біздің қайғымыздың бұлты қалың? Мұңға толы жүрек тазартады кім тұманын, кім тұманын? Өзен-өмірім асығып аға берсін, Ғашық көңілім жасырын қала берсін. Күлме иланып уакытша күлген күзге, Жүрме қиналып, бəрін кеш білген кезде. Қайырмасы. Қайырмасы.
  • Даналық дарыған бар əлем таныған қалам бар дархан жырым Арайлап таң атқан шуағын таратқан Далам бар жауқар нұры Тамырым ауылдан қанатым қалада күткен жер төрін берген Ай мен кұн алмасқан ұрпақпен жалғасқан Бақытты бар тағдыры Қайырмасы Ауылым шапағатымай Асқарым салтанатым ай Өмірім махаббатым ай махаббатымай Тағдырым ғаламатымай Ұрпағым аманатымай Өшпейтін махаббатымай махаббатымай Өмірдің жолымен көңілдің көгімен Қызықпен тұмар қалма Ағайын туыспен ынтымақ ырыспен Шаттық бер шынарларға Əрине топ көңіл талайдан өтті өмір мезгілсіз махаббаттан Сүрінбей қалаған аңсаған əр адам жетсе екен бір арманға Қайырмасы Ауылым шапағатымай Асқарым салтанатым ай Өмірім махаббатым ай махаббатымай Тағдырым ғаламатымай Ұрпағым аманатымай Өшпейтін махаббатымай махаббатымай
  • жер мен күнде тау орман, бір-бірінен нәр алған, мына дүние о бастан әділдіктен жаралған. бірде шаттық, бірде мұң... не боларын білмедім. көшкен бұлттай асығып, өтіп барад күндерім...!!! қайырмасы**** Оу-оу неткен өмір жабырқау неге көңіл. оу-оу неткен өмір білмеймін алда не тұр шаршатты жалықтырды көз салсам бұл өмірге бұл Оу-оу неткен өмір жабырқау неге көңіл. оу-оу неткен өмір білмеймін алда не тұр шаршатты жалықтырды көз салсам бұл өмірге бұл
  • Жаным апа, жан асылым. Алыстағы жан ашырым. Өзіңді ойлап, жазған мына. Сағыныштың, сағыныштың жаңа жырын. Қандай жақсы, үміт деген. Жаным апа, жолға қарап үмітпенен. Жүр ме екенсің, жаным апа? Жолға қарап үмітпенен. Жүр ме екенсің, жаным апа? Немереңмін, қасыңда апа, Көрсетпеші, жасыңды апа. Отырсың ба, ойға батып? Ошағыңның , ошағыңның басында апа! Қандай жақсы, үміт деген. Жаным апа, жолға қарап үмітпенен. Жүр ме екенсің, жаным апа? Жолға қарап үмітпенен. Жүр ме екенсің, жаным апа?
  • Мен тұралы ойладың бақтарда Құстар әні күйші жатқа жатқанда Ойладың ба мені келіп қалдау деп Бір жолаушы есігінді қаққанда Ойладың ба мені келіп қалдау деп Бір жолаушы есігінді қаққанда Ақша бұлттар жүрсе көкте сендедіп Бұрылымды сипап өтсе жел келіп Қарашы солға қара бозақ болдың ба Тәтті үмітті құшғына тербетіп Қарашы солға қара бозақ болдың ба Тәтті үмітті құшғына тербетіп Қанатына қайрақ жалғап бір арша Бәлкім мүмкін іштей қанат қағарсын Білсең еді ау ойладың ба мен жайлы Бәлкім күтті ойланбаған шығарсың Білсең еді ау ойладың ба мен жайлы Бәлкім күтті ойланбаған шығарсың Бәрі мүмкін елес мұның кінәлі Мүмкін тағы ұнап жүріп ұнамай Бәрі мүмкін алдырақ мен жайында Ойла бола мүмкін елесшығарай Бәрі мүмкін алдырақ мен жайында Ойла бола мүмкін елесшығарай Мен тұралы ойладың бақтарда Мен тұралы ойладың бақтарда
  • Құлыншағы желбіреп, ааааааа. Ет жүрегі елжіреп, Ең ардақтым келді деп, Қарсы алатын мөлдіреп, Жаным — ау деп еркелеп. Өлімдей боп өртенем оооооооооу. Көрді аспан, көрді көк. Өнегемдей көркем ед! Айтылмаған ертегі ед, Үйден кеткен ертерек. Арасынан сағымның, Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу! Белгісіндей бағымның. Куәсі сол шағымның, Қара көзді — өй сағындым, оооооу! Бала кезді сағындым. Сырсыз атқан аппақ таң, оооооу! Жұлдыз сөнбей жатпаған, Көктем болса жүрегім, Көңілімде ат боран, Сол шақты іздеп таппаған. Көп нәрсені аңдаған, оооооу! Қия көкке самғаған. Уақытқа да таң қалам, Көз жасымдай тамбаған Бүгін барі-ей ән маған! Арасынан сағымның, Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу! Белгісіндей бағымның. Куәсі сол шағымның, Қара көзді — өй сағындым, оооооу! Бала кезді сағындым. Құлыншағы желбіреп, ааааааа. Ет жүрегі елжіреп, Ең ардақтым келді деп, Қарсы алатын мөлдіреп, Жаным — ау деп еркелеп. Арасынан сағымның, Ақша бұлт боп, сабылдым, оооооу! Белгісіндей бағымның. Куәсі сол шағымның, Қара көзді — өй сағындым, оооооу! Бала кезді сағындым.
  • Біздің ағай қызық тамаша Қызығы бар сан жетпейді санаса Жеңгемізді сыйлайтыны соншалық Томпаң қағып жүгіреді балаша Жеңгей кетсе қыдырып Кеш келеді күн жүріп Ағай үйде отырады Шылпылдатып кір жуып Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша Бұл ағайды жеңгемізде мақтайды Жамандауға тіл ауызы бармайды Қалай ғана мақтамасын жеңешем Мұндай адам мұндай адам дүниеден таппайды Жеңгей кетсе күн ұзап Дүкен кезіп зар илеп Ағай үйде отырады Кеспе кесіп нан илеп Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша Үй иесіне мойнымызды бұрмадық Жүріппіз ғой көп нәрседен құр қалып Кел жігіттер сеп болайық әйелге Аз да болса азда болса осы ағайдан үгі алып Сенбесеңдер сөзіме Қараңдаршы жәй байқап Ағай отыр әнекей Құрт қйнатып май шайқап Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша Сенбесеңдер сөзіме Қараңдаршы жәй байқап Ағай отыр әнекей Құрт қйнатып май шайқап Біздің ағай біздің ағай біздің ағай тамаша
  • Ақ қайыңдай белестегі, Сенің бейнең елестеді, Шуақ шашып төзімге, Сүймегендер сағынбайды, Шын сүйген жан бағынбайды, Асау қызба сезімге . Aңсасам жалын шашқан жанарыңды, Ылғи да мұң жабады қабағымды, қалқатай. Аққулар қайтты күзде қаратаудан, Oларда айталмады хабарыңды қалқатай. Ақ қайыңдай белестегі, Сенің бейнең елестеді, Шуақ шашып төзімге, Сүймегендер сағынбайды, Шын сүйген жан бағынбайды, қызба сезімге .