Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Демеші»
исполнителя Ұланғасыр Қами.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Көрдім де ғашық болдым,
Маза кетті жүректен.
Пернесін басып көрдім,
Сезімдердің дір еткен.
Көркіңе құлап қалдым,
Мен саған сыр ақтардым,
Жасым үлкен дейсің,
Бәрібір, ұнап қалдың.
Жасың кіші демеші,
Тағдыр ғана төреші.
Келіп тисе қайтеміз,
Махаббаттың жебесі.
Жасым үлкен демеші,
Шуағыңа бөлеші,
Тербе біздің жүректі,
Махаббаттың кемесі.
Ұнаттың сен де мені,
Күйдің ыстық жалынға.
Көз жасым кермек еді,
Сен болмасаң жанымда.
Көп алда сынақтарым,
Жүректі жылатпағын.
Шекерден тәтті сені,
Бекерден ұнатпадым

Другие песни исполнителя:

  • Ақ найзаға сүйеніп қалғыдың қазақ, Адай қазақ, үйсінім, арғыным қазақ, Жалғызым — қазақ! Отан деген кеудемде жалғыз үн –қазақ, Сан өткердің басыңан зарлы күнді азап. Жалғызым – қазақ! Айй, Жалғызым – қазақ! [Қайырмасы:] Алаш деген арыстан, Жаралған ар, намыстан, Асыл шіркін тегің-ау. Болсын мәңгі атың аман, елім-ау, Атамекен жерім-ау, Жалғызымсың менің-ау! Көк Ту – қазақ, Елтаңба, Әнұран – қазақ, Атқа қонсын Алаш деп әр Ұлан қазақ! Жаның ән — қазақ! Жыр мен дастан, кеудесі мол мұра қазақ, Қобыз — қазақ, шежіре, домбыра — қазақ. Домбыра — қазақ! [Қайырмасы:] Алаш деген арыстан, Жаралған ар, намыстан, Асыл шіркін тегің-ау. Болсын мәңгі атың аман, елім-ау, Атамекен жерім-ау, Жалғызымсың менің-ау!
  • Сабақтан қашып, Бірге су тасып, Достармен шулап, Ойнайтын асық-ай, жайма, Шуақ кездер қайда? Қыздарға ғашық, Сезімдер тасып, Жүректің сөзін, Айтшы бір ашып-ай, сайра, Дейтін достар қайда? Жан достардың, Жол-дастардың, Сол достардың әнін салды жүрек, Досқа тірек, Арналсын тілек. [Қайырмасы:] Ақкөңіл аңқылдаған, Дос керек маған мықты. Жарқылдаған, Ту етер адалдықты. Жақтаған, Сақтаған, Достықты бірге. 2. Жеткізер мұраттарға, Дос керек маған мықты, Сынақтарда, Артпайтын саған жүкті, Жаны бір, Әні бір, Күнде. Құрдастар қайда, Шын достар қайда, Сырластар қайда, Көздемес пайда тек пайда, Іс қылмайтын майда! Сыныптас қайда, Ғұрыптас қайда, Аяқтан шалып, Асырмас басыңнан айла, Сенім берер бойға. [Қайырмасы:] Ақкөңіл аңқылдаған, Дос керек маған мықты. Жарқылдаған, Ту етер адалдықты. Жақтаған, Сақтаған, Достықты бірге.
  • Өмірдің мәні неде, Сұ-радың ба тағдырдан? Сезімнің мәні неде? Жү-ректе от қалдырған? Байлыққа құмартамыз, Бос әуреге салдырған. Жүрекке жүк артамыз, Ең соңында жан құрбан! Өмір солай, Біреуге бақ берілген, Өмір солай, Жоқ еш нәрсе тегіннен, Өмір солай, Мақсатың тек жеңілмеу, Өмір солай, Жол іздеме жеңілдеу! Бақыттың кілті неде, Же-телейтін арманға? Уақыттың кілті неге, Жетпейді көп жандарға? Биікке, махаббатқа, Қол созамыз заңғарға, Ізгілік, шапағатқа, Мына бес күн жалғанда. Иә, иә, өмір солай, Бақ емес ақша, алтын сарай, Өтеді бастан небір сынақ, Қалады жаннан көңіл талай. Өмір солай, Өмір зулай, Өтеді бастан заман талай, Айтылар сөз көп саған қарсы, Атылар оқ көп саған қарай. Өмір солай.
  • Бір күн келіп алмастырып бір түнді, Көктем келіп айналамыз құлпырды. Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз, Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы. Қайырмасы: Қос қарлығаш көктемде, Сағындырып жеткенде, Қандай сезім жетеледі туған мекенге? Тағып алып ақ тұмар, Жұлдыздай боп ақтыңдар. Ерте өшкен үмітімді, Қайта жақтыңдар. Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым, Қанатымен тілгілеген аспанын. Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегі, Ұя салса ауласына басқаның. Қайырмасы: Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген, Тірліктерін туған жерге өңделген. Әрбір адам туған жерін сүюді, Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден. -