Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Казахские песни.
Страница 28

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители
  • Ауыл менен қала көше менен дала Сені іздедім мен сені ғана Ауыл менен қала галактикада ма Тілеген іздемей табыла ма? Сен жоқсын жоқсын таба алмадым сені Сен жоқсын жоқсын іздемейсің мені Сен жоқсын жоқсын бар болсан қайдасын Сен кімсің, жүрсің қайда? Алматыда жоқ жоқ Астанада жоқ жоқ Сені іздедім үмітті үзбедім Ақтөбеде жоқ жоқ Шымқалада жоқ жоқ Сені іздедім үмітті үзбедім Қазақ па екен өзі?, ғажап екен сөзі? Түсер маған қашан оның көзі Мейлі таз болса да ақшасы аз болса да Ержігіттің көркі ой мен сана Сен жоқсын жоқсын таба алмадым сені Сен жоқсын жоқсын іздемейсің мені Сен жоқсын жоқсын бар болсан қайдасын Сен кімсің жүрсің қайда? Алматыда жоқ жоқ Астанада жоқ жоқ Сені іздедім үмітті үзбедім Ақтөбеде жоқ жоқ Шымқалада жоқ жоқ Сені іздедім үмітті үзбедім
  • Карап турсам бул омир кызык екен ей биреу мында биреулер кайгы ботендей сен сулуым сымбаттым байдынкызысын ал мен болсам жай гана электирикпин к-сы электрикпин,электрикпин тусинши сен журегин электриктин электрикпин,электрикпин тусинши сен журегин электриктин ГОБА сен суимесен бир куни токка тусем эй сени оилап отренип отка писем эй кулимдеген коздерин кетпеиди есимнен эй махаббат неткен сулу неткен куши един к-сы хей электрикпин,электрикпин тусинши сен журегин электриктин ех электрикпин,электрикпин тусинши сен журегин электриктин шырак жагып кояйын жолына сенин келип коншы бак кусым колыма менин сени корсем отренип тотейди жаным тускендей боп мын батты тобына сенин к-сы электрикпин,электрикпин тусинши сен журегин электриктин электрикпин,электрикпин тусинши сен журегин электриктин ГОБА
  • Келе жатыр екі жас қарсы алайық жар-жар Жар-жар айтып жастарға қол соғайық жар-жар Ата-ананың аңсаған арманы бұл жар-жар Ғашық болып екі жас қалғаны бұл жар-жар Жар-жар айту халқымның өнегесі жар-жар Кеңей берсін жас отау керегесі жар-жар Той бұйырсын қызың мен ұлың барда жар-жар Бар қазақтың тойы бұл ұғыңғанға жар-жар Адам-Ата Хауа-Ана ұрпағымыз жар-жар Жұбын тапты мінекей ұрпағыңыз жар-жар Құда-жекжат қыз беріп, қыз алысқан жар-жар Жарылардай жүрегі қуаныштан жар-жар Келін алып, қыз беру міндетіміз жар-жар Ата-салтын әрдайым үлгі етіңіз жар- жар Шаңырағы отаудың биіктесін жар-жар Екі ғашық өсекке ілікпесін жар-жар Екі жасқа жабылып жол берейік жар-жар Бәрімізде осындай той көрейік жар-жар Махаббаттың қадірін біліңіздер жар-жар Тату-тәтті сыйласып жүріңіздер жар-жар Жаңа өмірге жетелер мына думан жар-жар Арманыңа жете бер үміт қылған жар-жар Екі елдің арасын қосып жатсың жар-жар Жанұяның есігін ашып жатсың жар-жар Жалғыздық тек жарасты бір Аллаға жар-жар Артта қалған еліңе алаңдама жар-жар Ата-Ананы сыйласаң бақ табарсың жар-жар Баталары қабыл боп шаттанарсың жар-жар Перзенттерің көп болып өсіп өнсін жар-жар Сонда ананың қадірін түсінерсің жар-жар Осы тойды қызықтап өткізейік жар-жар Көпшілікке шүкір айт дескізейік жар-жар
  • Сұлу жүзіңнен, нәр аламын мен Мас болып қалып, тәтті деміңнен Бұйра шашыңнан айналдым еркем Қара қасың жерге төгілген. Жүрегім тулап, кеудем от болды Күйіп,жанып тұрып, күлі шығып, тұт болды. Жаным балқыды, жаным айыққандай Саған ғашықпын айтам жасқанбай. Сен барда, батырмын Сен барда, ақынмын Келші, келші күлімдеші Әніммен, тәніммен мен ғашықпын Қос жанарыңнан, қиғаш қастарың Беліңнен қылдай, жаным балқыды Қара шашыңа жарасып бұрмыл Қуантар көзді тәтті қылығың Ерніңнен сүйсем кұмарым қанбас Ақыл есімнен тандырады, мені біраз Махаббатым да сен, жүрегім де өшпес Ағын сумен жуса дағы кетпес. Сен барда, батырмын Сен барда, ақынмын Келші, келші күлімдеші Әніммен, тәніммен мен ғашықпын Сен барда, батырмын Сен барда, ақынмын Келші, келші күлімдеші Әніммен, тәніммен мен ғашықпын Бар әніммен, бар тәніммен мен ғашықпын.
  • Қаракөз ең алғашқы сүйген қызым, Көктемім жазым менің күзім қысым. Армандап жыл мезгілін қалай күтсем, Ол да менің көптен күткен аққу құсым. Қалап ем махаббаттың Қаламқасын, Қолдан ұштың қанатты қарлығашым. Аймалап аялаған күндерімді, Қалайша сен есіңнен шығарасын? Қайырмасы: Алтыным менің, Кете бардын амалым жоқ қала бердім. Жүрегім кеудеме сыймайды-ау, Сол менің жүрегімді қинайды. Алтыным... Күте күте сарғайдым хаттарынды, Сағынышым жыр болып ақтарылды. Мен ғана жалғыз сені сағынатын, Ойлап тұрсам осы бір шақтарынды. Ұмыттын ба жастықтың көп күндерін, Сол жылы алма ағаштар көп гүлдеді. Сол жылы көрші үйдің баласына, Мәңгілікке айырбастап кеттін мені
  • Білгенсің бәрін білгенсің Қасымда қимай жүргенсің Жүрекке өтпей сөздерің Бағында жүріп өзгенің Қиын-ау бақыт сезгенің [Қайырмасы:] Жүректе сенсіз қара бұлт Есіме жиі аламын Қайталап келмес сол бір күн Елес болып қалды-ау Көз алдымда жанарың Қоштасқан сәтте жанардың Тамшысын мөлдір қададың Бұлыңғыр болып елесің Адымдап маған келесің Жаныңның құшып егесін [Қайырмасы:] Жүректе сенсіз қара бұлт Есіме жиі аламын Қайталап келмес сол бір күн Елес болып қалды-ау Көз алдымда жанарың
  • 1.Айтшы түсіне алмадым жаным Әлде өзгеден бақ таптың ба? Сенсіз талай талай атты таңдарым Неге алдадың? Неге алдадың? Жанды неге қайғыға салдың Жүрегімнің мұңы тасуда Болсам деп(ем) мәңгі шіркін қасыңда Сенің қасыңда мәңгі қасыңда Кімде сенің жүрегің Соны жаным білмедім Мың сұраққа бір жауап іздедім Қайырмасы: 2-рет Айтшы кім ол кім ол кім? Мендей шын сүйе алмас ол сені бәлкім Жалғыз ғана сұрақ, жауабы жоқ бірақ Жаныма келші, жауабын берші 2.Түсіндірші бәрін де маған Барма сүйгенің жан қалаған? Мен кеш қалай, ерте тапты ол адам? Мазалайды осы ой кетпей санадан Жауап берші жазылсын жарам Айтшы жаным менен жасырма Болсам деп(ем) мәңгі шіркін қасыңда Сенің қасыңда мәңгі қасыңда Кімде сенің жүрегің? Соны жаным білмедім Мың сұраққа бір жауап іздедім Қайырмасы: 3-рет Айтшы кім ол кім ол кім Мендей шын сүйе алмас ол сені бәлкім Жалғыз ғана сұрақ, жауабы жоқ бірақ Жаныма келші, жауабын берші
  • Көзіңде күліп күн Кеудемді жылыттың Қылықтым, сен қылықтым Өзіңді көрдім де, Өзімді ұмыттым Қайғымды, мен ұмыттым You are just my universe (Сен менің әлемімсің) Right my unique version With my simple words, words, words Not from this million Ordinary girls Be my only one Be my universe As an a world of Saturday world, Was a diamond of such these clubs, I wanna lonely for a long time, Looking for my queen of hearts, You are a moonlight satellite, Not little and further marsh, I am sick of siding everything try, Cause you are my universe! Өзіңе сыңар боп, Өтсе екен әр күнім, әр күнім, Бaр тағдырым. Қолдағы барлығын, Қаласаң ал күнім Тағдырым, сен тағдырым You are just my universe (Сен менің әлемімсің) Right my unique version With my simple words, words, words Not from this million Ordinary girls Be my only one Be my universe As an a world of Saturday world, Was a diamond of such these clubs, I wanna lonely for a long time, Looking for my queen of hearts, You are a moonlight satellite, Not little and further marsh, I am sick of siding everything try, Cause you are my universe!
  • Өнерімді саябақ ертегі ететін Көңілімді саялап көркем ететін Жан сырымды түсініп көз-қарасымнан Көзбен ғана аялап еркелететін Қайырмасы: Сендей адал сүйген жар Менде ғана бар, менде ғана бар, Менде ғана бар. Жараланса жанымды Емдеп ала алар, емдеп ала алар, Емдеп ала алар. Мендей адал сүйген жар Сенде ғана бар, сенде ғана бар, Сенде ғана бар. Шын ғашықты біздердей Ел де бағалар, ел де бағалар, Ел де бағалар. Адалдықтың жолында жансың ерлейтін Жат қылықты бойдағы жақсы көрмейтін Қателескен шағымда кешіре салар Кешірместей болса да қарсы келмейтін. Қайырмасы: Сендей адал сүйген жар Менде ғана бар, менде ғана бар, Менде ғана бар. Жараланса жанымды Емдеп ала алар, емдеп ала алар, Емдеп ала алар. Мендей адал сүйген жар Сенде ғана бар, сенде ғана бар, Сенде ғана бар. Шын ғашықты біздердей Ел де бағалар, ел де бағалар, Ел де бағалар.
  • Белые розы тербеткен би алаңы Шатунов сүйген ол гүлдер қиял әні Ал менің сүйген аруым қызыл раушан Гүлім әсем раушан Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Бақытқа сені балар ем қызым болсаң Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘ Біз биледік әуенге ласковый май Баста тұрмас аяулы жастығым-ай Қызыл раушан құлпырған сенсің бағым Сенсің сенші жаным Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Бақытқа сені балар ем қызым болсаң Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘ Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Өзіңе арайлым Бағым деп қараймын Жанымды менің жаулаған қызыл раушан Қалардай болам көз жазып жүзімді алсам Нәп-нәзік бұралған Өзіңсің гүл арман ⚘ Қызыл раушан ⚘
  • Биік көріп мына менен өзіңді Естімейсің сүйем деген сөзімді Сен де мені ұнатасың бірақта Қош бол енді суытамын сезімді Қимасамда сенен кетіп барамын Өкінерсің жасқа толып жанарың Түсінбейсің жан сырымды бәрібір Қоштасудан бар ма басқа амалым? [Қайырмасы] Мені ойлайсың енді Мені қимайсың енді Айтшы маған, кімді қинайсың енді? Мені қимайсың енді Есті жинайсың енді Айтшы маған, кімді қинайсың енді? Бәріне де кінәлісің бір өзің Амал қанша жалғыз қалсам құр өзім Қоштасуға себеп болған себебі Бойыңдағы тәкаппарлық мінезің [Қайырмасы] Мені ойлайсың енді Мені қимайсың енді Айтшы маған, кімді қинайсың енді? Мені қимайсың енді Есті жинайсың енді Айтшы маған, кімді қинайсың енді?
  • Ой ойлатқан талай-талай өтті күндер алыс, Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз. Өз үйіміз бір отан береке, Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің, Тосу менен өтті талай күнім менен түнім. Шаршап келсем жұмыстан мен үйге, Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Жанұяның бір қызығы арадағы бала, Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә. Жастайымнан еркелетіп өсірген, Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана! [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.
  • Сағындым сені сағындым Шуағы сенсін бағымның Куәсі сенсін махаббат шағым Армансыз алау шағымның Аяулы асыл тілектің Нұрындай солмас гүл ектін Қабыл ал құстай аң болып ұшқан Сағыныш сырын жүректің [Қайырмасы:] Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреткен сезімді Сағындым сені сағындым мен Аяулы сол бір ерке кезінді Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреткен сезімді Сағындым сені сағындым мен Аяулы сол бір ерке кезінді Жеткізер бізді жол қашан Таусылмас жырым толғасам Көңілім алаң мұнайып қалам Қасымда бір сәт болмасан [Қайырмасы:] Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреген сезімді Сағындым сені сағындым мен Аяулы сол бір ерке кезіңді Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреткен сезімді Сағындым сені сағындым мен Сағынып жүрек езілді
  • Бұл-бұл құс туған жерден гүл іздейді Күдерін құштарынан бір үзбейді Келесің гүл боп, еркем, көз алдымда Өзіңді мен іздемей кім іздейді Арына махаббатың шырай керек Шын сүйген азабына шыдайды көп Ән айттым арнап саған ұнай ма деп Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек [Қайырмасы:] Арманымның нұры Ақындықтың сыры Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау Көңілімнің сазы Өмірімнің жазы Қайда жүрсің, Әдемі-ау Өзің ғой өміріме сән берген де Дүниеде саған ару тең келген бе? Сәулем-ау, сен келесің көз алдымда Ақ қайың самал желмен тербелгенде Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма, Өзгелер сені мендей сезе алар ма? Ақ толқын жағалауға асыққанда Айым-ау, сен келесің көз алдыма.
  • Сыр бар менде ешкім білмей сырласатын Мұң бар менде бір сені ойлап мұңдасатын Ән бар менде түнде келіп мазалайтын Сен бар менде ғашық етіп жазалайтын қайырмасы: Мазала тағы да мазалашы Махаббат отымен жазалашы Сүйемін сүйген сол жазығынды алшы Мазасыз дүние-ай мазамды алшы Мазалайтын саған деген жұбан енді Сені сүйген құпиялы сыбыр менде Ән бар мен шырқа жүрек таламайтын Сен барда жерде оңашада саған айтамын қайырмасы: Мазала тағы да мазалашы Махаббат отымен жазалашы Сүйемін сүйген сол жазығынды алшы Мазасыз дүние-ай мазамды алшы Мазала тағы да мазалашы Махаббат отымен жазалашы Сүйемін сүйген сол жазығынды алшы Мазасыз дүние-ай мазамды алшы
  • Ғашықпын жүрекпен жайқалған жеріме Теңіздей тілекпен ғашықпын еліме Туған жер тұғырын қырандай ұлынмын Арналар өзіңе әнім мен ғұмырым [Қайырмасы:] Ғашықпын мен өмірге ғашықпын өнерге Күй тағып наз көңілге арнатқан әр үйге Мың шүкір тәңірге таң үшін әр атқан Өнер мен өмірге ғашық қып жаратқан Мың шүкір тәңірге таң үшін әр атқан Өнер мен өмірге ғашық қып жаратқан Әр күнге ғашықпын толқындай тасыттын Қай жерде жүрсем де еліме асықтым Тамшы жас тамғанда қол жетті арманға Мен ғашық боламын шың ғашық жандардай [Қайырмасы:] Ғашықпын мен өмірге ғашықпын өнерге Күй тағып наз көңілге арнатқан әр үйге Мың шүкір тәңірге таң үшін әр атқан Өнер мен өмірге ғашық қып жаратқан Мың шүкір тәңірге таң үшін әр атқан Өнер мен өмірге ғашық қып жаратқан
  • Көтерілсе көк тұманның желкені Бұлың-бұлың бұлт басады өлкені Бұлың-бұлың бұлт басады еңсені Бұрынғыдан жақсы көрем мен сені [Қайырмасы] Тұман, тұман, тұманды-ай Тұмшалаған жұрегімді күмәнді-ай Сен де адасып жүр ме екенсің өмірде Қалың тұман арасынан шыға алмай Тұман, тұман, тұманды күн жылайды Мұнар-мұнар жер мен аспан мұңайды Жаным сені аңсап аңсап кеткенде Маған да осы тұманды күн ұнайды [Қайырмасы] Тұман, тұман, тұманды-ай Тұмшалаған жұрегімді күмәнді-ай Сен де адасып жүр ме екенсің өмірде Қалың тұман арасынан шыға алмай