Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жар-жар»
исполнителя Асан Пердешов.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Келе жатыр екі жас қарсы алайық жар-жар
Жар-жар айтып жастарға қол соғайық жар-жар
Ата-ананың аңсаған арманы бұл жар-жар
Ғашық болып екі жас қалғаны бұл жар-жар

Жар-жар айту халқымның өнегесі жар-жар
Кеңей берсін жас отау керегесі жар-жар
Той бұйырсын қызың мен ұлың барда жар-жар
Бар қазақтың тойы бұл ұғыңғанға жар-жар

Адам-Ата Хауа-Ана ұрпағымыз жар-жар
Жұбын тапты мінекей ұрпағыңыз жар-жар
Құда-жекжат қыз беріп, қыз алысқан жар-жар
Жарылардай жүрегі қуаныштан жар-жар

Келін алып, қыз беру міндетіміз жар-жар
Ата-салтын әрдайым үлгі етіңіз жар- жар
Шаңырағы отаудың биіктесін жар-жар
Екі ғашық өсекке ілікпесін жар-жар

Екі жасқа жабылып жол берейік жар-жар
Бәрімізде осындай той көрейік жар-жар
Махаббаттың қадірін біліңіздер жар-жар
Тату-тәтті сыйласып жүріңіздер жар-жар

Жаңа өмірге жетелер мына думан жар-жар
Арманыңа жете бер үміт қылған жар-жар
Екі елдің арасын қосып жатсың жар-жар
Жанұяның есігін ашып жатсың жар-жар

Жалғыздық тек жарасты бір Аллаға жар-жар
Артта қалған еліңе алаңдама жар-жар
Ата-Ананы сыйласаң бақ табарсың жар-жар
Баталары қабыл боп шаттанарсың жар-жар

Перзенттерің көп болып өсіп өнсін жар-жар
Сонда ананың қадірін түсінерсің жар-жар
Осы тойды қызықтап өткізейік жар-жар
Көпшілікке шүкір айт дескізейік жар-жар

Другие песни исполнителя:

  • Жүрегімде ерте ашылған Махабаттың гүлісің бе сен Кірпігіме келіп асылған Көздерімнің мұңысын ба сен Сенің ғана бағың болам деп Сөздеріңе сендірген едің Неге енді ұмыт бәрін деп Үмітімді сөндіре бердің Қайырмасы: Жоқ, сені жаным ұмыта алмаймын, Жоқ, сені мәңгі есте сақтаймын Жоқ, сені жаным ұмытқаным жоқ Жоқ, қадамашы жүрегіме оқ Қалай ғана ұмытайын мен Өзіңменен өткен күндерді Бал шырына қадалмай қалған Сол ғажайып айлы түндерді.. Тым болмаса түсіме енші Жұбатайын өзіңді бір сәт Елесім боп қасыма келші Соның өзі мен үшін бір бақ Қолым жетпей сенің шашыңа Шаштарыңның иісін сағындым Күлімсіреп тұрып қасымда Еркелегеніңді сағындым Қайырмасы: Жоқ, сені жаным ұмыта алмаймын, Жоқ, сені мәңгі есте сақтаймын Жоқ, сені жаным ұмытқаным жоқ Жоқ, қадамашы жүрегіме оқ Қалай ғана ұмытайын мен Өзіңменен өткен күндерді Бал шырына қадалмай қалған Сол ғажайып айлы түндерді..
  • Қар жауады жапалақтап Сен есіме түскенде, Айрылмастай жүруші ек Сол бір кеште көшеде. Биік шыңдарда, Сағынышым болдың сен, Қайда менің Сол бір кеште ән салғаным. Өкінбеймін жыламаймын, Сен кетті деп басқамен. Көздің жасын бұламаймын, Мен де кеттім басқамен. Биік шыңдарда, Сағынышым болдың сен, Қайда менің Сол бір кеште ән салғаным. Мұңға толы жанарымды, Сезбедің-ау сен менің, Тым болмаса қоштасуға, Жаным,неге келмедің. Биік шыңдарда, Сағынышым болдың сен, Қайда менің Сол бір кеште ән салғаным.
  • махабаттын сезимине баткым келди еки бирдей бойжеткенге жаккым келди екуи де бир биринен откен сулу бир окпенен еки коян аткым келди конилим бос екеуинде кия алмадым екеуине журегимди жыргып арнадым бири жокта биреуин шакырып алып жалгыз сени суйемин деп бекер алдаппын ой неткен сезим керемет козимнен сезим себелеп еки кызды бирдей суйген озимди журем тобелеп еки кызга гашык болып басталгалы сира маган бакытты кун басталмады ей жигиттер есин болса бир кызды суй бир журектин орындалсын басты арманы
  • Ей мұсылман бауырым, Тыңдасаңыз айтайын Шабытымның ауылын, Аралап бір қайтайын Кімдер келіп өмірге, Кім кетпейді бауырым Өлгеннен соң қатеңді, Жөндетпейді бауырым Алла еееейй алла,Өзіңе еттім тәубә Алла еееейй алла, Өзіңе еттім тәубә Білгенге сынақ бұл дүние, Домалақ жердің көлемі Жамандық етсең біреуге, Айналып бір күн келеді Жарқырап тұрған шырақ та, Майы бітіп, сөнеді Әрбір пенде ісіне, Соңында жауап береді Иманыңды жоғалтпа, имансыздық болмайды Имансыздың болмайды, ақыретте де дегені Алла еееейй алла, иманымды алма Алла еееейй алла, иманымды алма. Жолы нашар шайтанның, әдетін бойға жинама Уақытша батып ләззатқа-ей, жаныңды босқа қинама. Есіңді жи ертерек, кеш қалып кейін сорлама Шарап ішіп, мас болып, өміріңді босқа қорлама Ойланшы өзің, ойланшы Көшеде жатқан маскүнем, көшеде жатқан маскүнем Сен үшін сыйлы болар ма Амал жаса ертерек, қолдаушың болсын бір алла Әлі де маған ерте деп, бес уақыт парызыңнан кеш қалма Алла еееейй алла,иманымды алма Алла еееейй алла, өзіңе еттім тәубә
  • Түн келіп сөндірді күнімізді Екеуміз бір жарық шаша алмады Шың сүйдік жүрекпен бір-бірімізді Амал не тағдырдың аса алмады Жастанды көзімнен есіме түссе Еріксіз үзілді күн өткен сайын Ешкімді ешкімге қоспайды күшпен Түсінсенші көңілмен сезімнің жайын Ешкімді ешкімге қоспайды күшпен Түсінсенші көңілмен сезімнің жайын Қайырмасы: Зуылдайды зуылдаған өзендей Сол кезенді сағындым Зуылдаумен өтіп жатқан кезендей Тағдырыма бағындым Бір өзіңе мен үмітпен қарадым Гүл сезімге толып тұрды жанарын Біле алмай бұл жүректің қалауын Зуылдайды зуылдаған өзендей Зуылдайды бұл уақыт Сені аңсайды жұдырықтай жүрегім Сезім сырын тыңдадым Күтер бір бақыт Күн мен айдай арамыз қалды жырақта Алыстаумен сезім де суықтап барады Көнер едім бәріне мейлі бірақта Сенсіз өмір көңілсіз жүрек жаралы Жастанды көзімнен есіме түссе Еріксіз үзілді күн өткен сайын Ешкімді ешкімге қоспайды күшпен Түсінсенші көңілмен сезімнің жайын Ешкімді ешкімге қоспайды күшпен Түсінсенші көңілмен сезімнің жайын Қайырмасы: Зуылдайды зуылдаған өзендей Сол кезенді сағындым Зуылдаумен өтіп жатқан кезендей Тағдырыма бағындым Бір өзіңе мен үмітпен қарадым Гүл сезімге толып тұрды жанарын Біле алмай бұл жүректің қалауын Зуылдайды зуылдаған өзендей Зуылдайды бұл уақыт Сені аңсайды жұдырықтай жүрегім Сезім сырын тыңдадым Күтер бір бақыт