Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сен барда»
исполнителя Айкын Толепберген.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сұлу жүзіңнен, нәр аламын мен
Мас болып қалып, тәтті деміңнен
Бұйра шашыңнан айналдым еркем
Қара қасың жерге төгілген.

Жүрегім тулап, кеудем от болды
Күйіп,жанып тұрып, күлі шығып, тұт болды.
Жаным балқыды, жаным айыққандай
Саған ғашықпын айтам жасқанбай.

Сен барда, батырмын
Сен барда, ақынмын
Келші, келші күлімдеші
Әніммен, тәніммен мен ғашықпын

Қос жанарыңнан, қиғаш қастарың
Беліңнен қылдай, жаным балқыды
Қара шашыңа жарасып бұрмыл
Қуантар көзді тәтті қылығың

Ерніңнен сүйсем кұмарым қанбас
Ақыл есімнен тандырады, мені біраз
Махаббатым да сен, жүрегім де өшпес
Ағын сумен жуса дағы кетпес.

Сен барда, батырмын
Сен барда, ақынмын
Келші, келші күлімдеші
Әніммен, тәніммен мен ғашықпын

Сен барда, батырмын
Сен барда, ақынмын
Келші, келші күлімдеші
Әніммен, тәніммен мен ғашықпын
Бар әніммен, бар тәніммен мен ғашықпын.

Другие песни исполнителя:

  • Түсінбесенде сырын жанымның Құлазып жиі сені сағындым Болсыншы деп ем Гүлі бағымның Шолпаны жалғыз атар танымның Неліктен тосын серттен жаңылдын Аһ ұрып жиі, сені сағындым Болар-ау деп ем гүлі бағымның Басқа сезімге бірақ бағындың [Қайырмасы:] Деуші едін ғой сенің Пәгінмің Өкініш өртеп сені сағындым Арттыра алмай таң түнде сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындын Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың Сағыныш деген ғажап сағымның Еркіме бойлап сені сағындым Келтірер сенсіз өмір мәнін кім? Тыныс екенсің менің жанымның Күтумен сені ұзақ сарылдым Сабырым жеңіп сені сағындым Атар таңыңмын, сенің бағыңмын Жылыншы келіп, өртпін, жалынмын [Қайырмасы:] Деуші едін ғой сенің Пәгінмің Өкініш өртеп сені сағындым Арттыра алмай таң түнде сабылдым Жарығы сөніп үміт шамымның Кімдер сыйлаған сырға тағындың Қызғаныш лаулап сені сағындым Жалғыз құлазып жүрмін жанымның Болшы нұры сен атар таңымның Басқа сезімге бірақ бағындың
  • Тоқта қасымда қаласың сен тоқта Аласың саласың сен шоққа Талдырма жандырма тек отқа Келші жаным Тоқта қасымда қаласың сен тоқта Аласың саласың сен шоққа Талдырма жандырма тек отқа Келші жаным Smile if you wanna be mine Көздерің әдемі көрікті ең қандай Жанары жалғандай жүректе қалғандай Қалдым-ау шырмалып жәй жәй Ну менде хайп Көргенде қағатын таңдай Барамын асық боп өзіңе ғашық боп Қалдым-ау мен сүйіп махаббат әлемі сондай Тоқта қасымда қаласың сен тоқта Аласың саласың сен шоққа Талдырма жандырма тек отқа Келші жаным Тоқта қасымда қаласың сен тоқта Аласың саласың сен шоққа Қалдырма жандырма тек отқа Келші жаным Жан ты меня любишь или нет?! Дегенде соғып жүрегім Тапқандай теңімді жүремін көңілді Сүремін өмірді жан Why You are so beautiful tonight? I love your smile Тағдырым байланды Көңілім жайланды Таптым-ау сай жанды Махаббат әлемі сондай Тоқта қасымда қаласың сен тоқта Аласың саласың сен шоққа Талдырма жандырма тек отқа Келші жаным Тоқта қасымда қаласың сен тоқта Аласың саласың сен шоққа Қалдырма жандырма тек отқа Келші жаным
  • Жүрек дүрсілін тыңдап күрсіндіп Шын сүйдім, сүйсіндім Жақында бері махаббат лебі өртейді Шақырып, кел дейді Алақаның аялаған ешкім бір-ақ жая алмаған Бір ретте жүрекпен орап жалынды сезіммен Өмір өзгерді өзіңмен Шын ұқтым жылындым [Қайырмасы] Түндер, ұйқысыз түндер Түндер, сағынатын, бағынбайтын ұйқысыз түндер Түндер, ұйқысыз түндер Түндер, сағынатын, бағынбайтын ұйқысыз түндер Тыныш тұрғандай, күтіп тұрғандай Өзіңді, сезімді Аймен нұрланшы келіп ұрлашы ұйқымды Сағындым күлкіңді Айлы түнның ғажабы ма? Өмірімнің ажарына жан берді, мән бердің Кірпік қаға алмай ойландым, Сені ғана мен ойладым сүйіктім, сүйіктім [Қайырмасы] Түндер, ұйқысыз түндер Түндер, сағынатын, бағынбайтын ұйқысыз түндер Түндер, ұйқысыз түндер Түндер, сағынатын, бағынбайтын ұйқысыз түндер
  • Өз жолым мақсатым бар Жетелер арманым бар Алысқа апаратын. Сенімім дарыным бар Менің де жарығым бар Ғарышқа апаратын Махаббат жолы қиын болса да Ол тылсым кие дер-ем Махаббат менен алыс болса да Мен оны иеленем Қайырмасы: Тыңдамай ақылшының өзін Еркімен кететін көкесі Таусылып қалса дағы төзім Шыдаймын тағы да. Ешкімге жалынбаған Тек алға арындаған Өзіме сеніп келем. Биікте жымыңдаған Шашатын нұрын маған Жұлдызға еріп келем Махаббат жолы қиын болса да Ол тылсым кие дер-ем Махаббат менен алыс болса да Мен оны иеленем Қайырмасы: Тыңдамай ақылшының өзін Еркімен кететін көкесі Таусылып қалса дағы төзім Шыдаймын тағы да. Қадалып қарағанда көзің Мен үшін ең бақытты кезің Оянып жүрегімде сезім тулайды тағы да.
  • Қаракөз ең алғашқы сүйген қызым, Көктемім жазым менің күзім қысым. Армандап жыл мезгілін қалай күтсем, Ол да менің көптен күткен аққу құсым. Қалап ем махаббаттың Қаламқасын, Қолдан ұштың қанатты қарлығашым. Аймалап аялаған күндерімді, Қалайша сен есіңнен шығарасын? Қайырмасы: Алтыным менің, Кете бардын амалым жоқ қала бердім. Жүрегім кеудеме сыймайды-ау, Сол менің жүрегімді қинайды. Алтыным... Күте күте сарғайдым хаттарынды, Сағынышым жыр болып ақтарылды. Мен ғана жалғыз сені сағынатын, Ойлап тұрсам осы бір шақтарынды. Ұмыттын ба жастықтың көп күндерін, Сол жылы алма ағаштар көп гүлдеді. Сол жылы көрші үйдің баласына, Мәңгілікке айырбастап кеттін мені