Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Әдемі ау»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Бұл-бұл құс туған жерден гүл іздейді
Күдерін құштарынан бір үзбейді
Келесің гүл боп, еркем, көз алдымда
Өзіңді мен іздемей кім іздейді

Арына махаббатың шырай керек
Шын сүйген азабына шыдайды көп
Ән айттым арнап саған ұнай ма деп
Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек

[Қайырмасы:]
Арманымның нұры
Ақындықтың сыры
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау
Көңілімнің сазы
Өмірімнің жазы
Қайда жүрсің, Әдемі-ау

Өзің ғой өміріме сән берген де
Дүниеде саған ару тең келген бе?
Сәулем-ау, сен келесің көз алдымда
Ақ қайың самал желмен тербелгенде

Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма,
Өзгелер сені мендей сезе алар ма?
Ақ толқын жағалауға асыққанда
Айым-ау, сен келесің көз алдыма.

Другие песни исполнителя:

  • Жас қосылып, соңында жыл мен ай қалар Ақ тілекпенен басыңа бақыт байланар Құшақ толып гүлге, жақындармен бірге Әр жыл сайын тойланар Қызық сауық сайран, көңіл шат мәз мейрам Мерекеге бұл күн айналар қайырмасы: Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Зор денсаулық тілеймін Бақытты өмір сүргін Жанында болсын деймін Ажар көңіл серін жан серігін Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Аман болсын ата-анаң Тарту еткен ғұмыр Әр күніне жаратқан Төксін шуақ нұрын Ойнап күлгін Толқын тасып қуаныш кернеп тұр жанын Арасында дос, жарын, туыс, туғанын Ән мен жыры, биі, жылы сөз бен сыйы Кіргізер сәнін думанның Есіңнен кетпейтін еш нәрсе жетпейтін Ең бақытты күн туған күн қайырмасы: Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Зор денсаулық тілеймін Бақытты өмір сүргін Жанында болсын деймін Ажар көңіл серін жан серігін Бүгін бүгін бүгін Сенің туған күнің Аман болсын ата-анаң Тарту еткен ғұмыр Әр күніне жаратқан Төксін шуақ нұрын Ойнап күлгін
  • Сенің осы ұнайды ұяңдығың Ұяңдықты сүйеді күй, ән-жырым Тазалықтан бейнесін жасап алып Ұяң қызға жинаймын қиял гүлін [Қайырмасы] Ұяласың, ұяласың Қыз әдебін есің жиі аласың Ару болса осындай ей жігіттер Басқа жанды қалайша сүйе аласың Бағың үшін бағындыр арманыңды Жақындатып жаныңа алма мұңды Қара түнді тілгендей жұлдыз сәуле Ұяңдықпен жарып өт жолдарыңды [Қайырмасы] Ұяласың, ұяласың Қыз әдебін есің жиі аласың Ару болса осындай ей жігіттер Басқа жанды қалайша сүйе аласың
  • Күндіз сары бір күз Сен де, мен де жақын жерде жүрміз Кімсіз, ару кімсіз? Неткен сұлу кетіп барасың үнсіз Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып Өзіңе жарасып тұр Саған талайы таласып жүр Армандар орындалып бала күнгі Жарқ етіп шықтым қала түнгі Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып Өзіңе жарасып тұр Болса да сұп-суық сұр [Қайырмасы] Тек орындашы менің басты тілегімді Менен басқа ешкімге ашпа жүрегіңді Таяқ жейді біреу басқа керек емес Таяқ жеп қалады өмірден менен емес Тек орындашы менің басты тілегімді Менен басқа ешкімге ашпа жүрегіңді Көздерің сенің сондай түпсіз терең тұңғиық Ойланып кетіп бара жатырсың қабағың түйіп Не тигенін жүрегіме өзім білмей Білемін әйтеуір қалғанымды сені сүйіп Көздерің сенің сондай түпсіз тұңғиық Ойланып кетіп бара жатырсың қасыңды түйіп Қалдым сүйіп Күндіз сары бір күз Сен де, мен де хабарласпай жүрміз Кімсіз, ару кімсіз? Өмір сүре алмаймын десем отырсың үнсіз Көздерің сенің сондай әп-әдемі Өзіңе жарасып тұр Болса да сұп-суық сұр Жұлдыздар бір сен үшін жаралғандай Күлімдесең бойыма күш таралғандай Көздерің сенің сондай әп-әдемі болып Өзіңе жарасып тұр Саған талайы таласып жүр
  • 1. Бұл өмірде берілместен талас қайғыға Сен екеуміз бірге жүрсек жараспайдыма Алынбайтын қамалдай, бақ құсым боп қоналмай Еш бір баян табалмай өткен бір дәурен Жанға жайлы самалдай Жан құмарым табалмай Қайта айналып оралмай Кеткен бір дәурен Қайырмасы: Алма ағаштың гүліндей құлпырасың сен Ақ сазандай ағысқа ұмтыласың сен Ертегі деп ойласам шын шығарсың сен Қасындағы күн шығарсың сен 2. Сен күлгенде менің жаным жадырағанда Жыл құсындай ұшып кетпе бағыма қонбай Қариядай тасыған, кейде жүдеп жасыған Барінің де басынан өткен бір дәурен Бетегедей беттегі Таңғы шықтай шөптегі Ақша бұлттай көктегі Көшкен бір дәурен
  • Қайта келмес көктемді, Кімнен сұрап, өтінем. Еске алып өткенді, Өкінемін, өкінем. Мазалайды жүректі, Жаныма жеткен тылсым күш. Өмірімді мұң етті, Орны толмас өкініш. [Қайырмасы:] Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Орны толмас өкініш Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Арылмайтын өкініш Қимай сені басқаға, Жанарымнан жас тамар. Өкінішті мендегі, Түсінбейді басқалар. Өкініштен қанатым, Сынғандай боп күрсіндім. Жүректегі 'сағатым', Жоғалтқандай, дүрсілін. [Қайырмасы:] Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Орны толмас өкініш Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Арылмайтын өкініш Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Орны толмас өкініш Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Арылмайтын өкініш