Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Тұман»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Көтерілсе көк тұманның желкені
Бұлың-бұлың бұлт басады өлкені
Бұлың-бұлың бұлт басады еңсені
Бұрынғыдан жақсы көрем мен сені

[Қайырмасы]
Тұман, тұман, тұманды-ай
Тұмшалаған жұрегімді күмәнді-ай
Сен де адасып жүр ме екенсің өмірде
Қалың тұман арасынан шыға алмай

Тұман, тұман, тұманды күн жылайды
Мұнар-мұнар жер мен аспан мұңайды
Жаным сені аңсап аңсап кеткенде
Маған да осы тұманды күн ұнайды

[Қайырмасы]
Тұман, тұман, тұманды-ай
Тұмшалаған жұрегімді күмәнді-ай
Сен де адасып жүр ме екенсің өмірде
Қалың тұман арасынан шыға алмай

Другие песни исполнителя:

  • Бар сұлулық бір өзіңнен табылғандай, Жанарыңнан жап-жарық күн шағылғандай. Нұрлы бейнең көктемнің гүл күніндей боп, Күміс күлкің бұлақ болып ағылғандай... Әдемісің қарындас, әдемісің! Сұлулықтың ғажайып әлемісің! Қарай бергім келеді қарай бергім, Білемісің, ару қыз білемісің! Арманы боп әр жігіттің қалсаң бе екен, Ақ ниетпен адал сөзге нансаң екен. Саған деген ақ тілегім орындалып, Құтты ұяңа бақыт болып қонсаң екен. Әдемісің қарындас, әдемісің! Сұлулықтың ғажайып әлемісің! Қарай бергім келеді қарай бергім, Білемісің, ару қыз білемісің! Көз жанарың жастан алға тағынбасын, Бар өмірің атқан таңдай жалындасын. Бұл Жаратқан жарылқаудан жаңылмасын, Тек жаныңда бойтұмар боп әнім қалсын. Әдемісің қарындас, әдемісің! Сұлулықтың ғажайып әлемісің! (Қарай бергім келеді қарай бергім, Білемісің, ару қыз білемісің!) (2х)
  • Жүректің қылын қозғаған Ерке сұлуым назданған Сарғайды жан жаз болған Ұзамай-ақ сен вокзалдан Жолыңа қарап көз талған Болды ма берген сөз жалған Алаңдап келмегенге Тұрмын мен неге неге Өтпейді уақыт аз қалған [Қайырмасы:] Кел жаным кел кешікпей Құшайын мен де күтпей Жазылмас жан емi Әдемі әдемі Аруым сен кезікпей Өзіңді көрген кезімде Айтам деп жүрген сөзім бар Жаным-ау сен кеп жаққан Жүректе ыстық сезім бар Жылжымай сағат баяулап Қалғандай бейне аялдап Осы жан сағынды-ау деп Жаралы жанымды емдеп Келмейсін неге мені ойлап
  • 1)Еңбеек еттім мың аралап ел ішін мұның бәрі алтын ұлым сен үшін Ұйқысыз түн күлксіз күн өткізген Сол еңбегім берді бүгін жемісін Қайырмасы Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей өнерлі баламмен Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей ақылшы анаммен 2)Қаншама рет қателескен кезде мен Кешіріммен қарап үнсіз төзген ең Кір келтірмей енді сенің атыңа Сеніміңді ақтаймын деп сөз берем Қайырмасы Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей ақылшы анаммен Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей өнерлі баламмен 3) Артта қалды мұңға батқан шақтарым Шүкір етем үмітімді ақтадың Адам бол деп айтқан сөзді жан анам Жүрегімнің түкпірінде сақтадым Қайырмасы Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей ақылшы анаммен Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей өнерлі баламмен
  • Төгіп көзден жақұтымды, Жоғалттың деп бақытынды ойлама, ойлама Кірпік қақпай айлы түнде Деп құшағы жайды кімге ойлама Ойлағаның бекер, бекер Барі жаным өтер, кетер жай ғана Шын сезімге жоқ дүйім Бұл өмір жолы қиын болса да Талмай түстің батқан таңнан Өз бақытын тапқан жандар қаншама Қайырмасы: Қатар ұшқан бақ құсыңмен, өткеніңді сағынарсың Жүрегіңе шоқ түсірген, көктеміңді сағынарсың Серік етіп сарық күзді, жалғыздықты жабырқарсың Тағдыр қосты жолымызды,сағыныштан арыларсың Күркіреді тағы да анық Бізге деген бағың алып Бірің мұңсыз, бірің мұңды Сезімдегі тұнығыңды, лайлама Мұңға батып, жаның жүдеп Тағдыр жолы тарылды деп ойлама, ойлама Қайырмасы: Қатар ұшқан бақ құсыңмен, өткеніңді сағынарсың Жүрегіңе шоқ түсірген, көктеміңді сағынарсың Серік етіп сарық күзді, жалғыздықты жабырқарсың Тағдыр қосты жолымызды,сағыныштан арыларсың
  • Зор бақытқа кім ие Қиял қадам нұсқайды Қызыл жасыл дүние Бағдаршамға ұқсайды Баяуласаң бекерге,еңсең түсіп басылма Арманыңа жетем деп,жылдамдықты асырма Кешірмейтін алдансаң,өмір деген бағдаршам Сабыр сақта бауырым ,қызыл түсті аңғарсаң Бәріде өз қолыңда,кейде шамаң келмейді Сенің өмір жолыңда,жасыл жана бермейді Мұны қалай жоқ дерсің,пенде іште өкпелеу Сәттіліктер көп болсын,жасыл бізге дөп келер Бос қиялдың соңында,әуре болып сабылма Мақсатыңның жолында,бағдаршамннан жаңылма Кешірмейтін алдансаң,өмір деген бағдаршам Сабыр сақта бауырым ,қызыл түсті аңғарсаңда Бәріде өз қолыңда,кейде жаман келмейді Сенің өмір жолыңда,жасыл жана бермейді Кешірмейтін алдансаң,өмір дейтін бағдаршам Сабыр сақта сақта бауырым ,қызыл түсті аңғарсаңда Бәріде өз қолыңда,кейде шамаң келмейді Сенің өмір жолыңда,жасыл жана бермейді