Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сағындым сені»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сағындым сені сағындым
Шуағы сенсін бағымның
Куәсі сенсін махаббат шағым
Армансыз алау шағымның
Аяулы асыл тілектің
Нұрындай солмас гүл ектін
Қабыл ал құстай аң болып ұшқан
Сағыныш сырын жүректің

[Қайырмасы:]
Сағындым мөлдіреген көзіңді
Сағындым елжіреткен сезімді
Сағындым сені сағындым мен
Аяулы сол бір ерке кезінді
Сағындым мөлдіреген көзіңді
Сағындым елжіреткен сезімді
Сағындым сені сағындым мен
Аяулы сол бір ерке кезінді

Жеткізер бізді жол қашан
Таусылмас жырым толғасам
Көңілім алаң мұнайып қалам
Қасымда бір сәт болмасан

[Қайырмасы:]
Сағындым мөлдіреген көзіңді
Сағындым елжіреген сезімді
Сағындым сені сағындым мен
Аяулы сол бір ерке кезіңді
Сағындым мөлдіреген көзіңді
Сағындым елжіреткен сезімді
Сағындым сені сағындым мен
Сағынып жүрек езілді

Другие песни исполнителя:

  • Тулайды өзен,шулайды жаға Бесігін тербеп біз туған дала Балапан қарлығаш ұядан ұшты Тереземнен менің қарашы мама Қайырмасы Сап сары нұрға бөленген айма Жүрегімде жатыр өлең боп ойнап Қарлығаш құстың қанатындай ол мен Маңдайымды мама сыйпашы жайлап Қалмайтын дара сапарлас көштен Адамның бәрі тағдырлас құспен Сағыныш әні нотадай болып Аналардың ғанан жүрегіне түскен Тулайды өзен,шулайды жаға Бесігін тербеп біз туған дала Қарлығаш құстар барады қайтып Жүрегің сенің жыламасын мама Тулайды өзен,шулайды жаға Бесігін тербеп біз туған дала Балапан қарлығаш ұядан ұшты Тереземнен менің қарашы мама
  • Жүректің қылын қозғаған Ерке сұлуым назданған Сарғайды жан жаз болған Ұзамай-ақ сен вокзалдан Жолыңа қарап көз талған Болды ма берген сөз жалған Алаңдап келмегенге Тұрмын мен неге неге Өтпейді уақыт аз қалған [Қайырмасы:] Кел жаным кел кешікпей Құшайын мен де күтпей Жазылмас жан емi Әдемі әдемі Аруым сен кезікпей Өзіңді көрген кезімде Айтам деп жүрген сөзім бар Жаным-ау сен кеп жаққан Жүректе ыстық сезім бар Жылжымай сағат баяулап Қалғандай бейне аялдап Осы жан сағынды-ау деп Жаралы жанымды емдеп Келмейсін неге мені ойлап
  • Бақытын іздеп Алладан Бағыңа соны балаған Әлдимен тербеп әлемді Аман-сау жүрші жан-анам Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды. Фәниде сенсің шырағым Бақи да сенсің Жұмағым Анашым сенің атыңнан Киелі жалғыз Құраным. Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды. Ана деп әнім самғаған Тартуым болсын арнаған Алақан жайып тілеймін Амандығыңды Алладан. Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды.
  • Ой ойлатқан талай-талай өтті күндер алыс, Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз. Өз үйіміз бір отан береке, Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің, Тосу менен өтті талай күнім менен түнім. Шаршап келсем жұмыстан мен үйге, Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Жанұяның бір қызығы арадағы бала, Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә. Жастайымнан еркелетіп өсірген, Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана! [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.
  • Сені іздеп күнім жиекке жығылады, Қызыл да жасыл дүние құбылады. Жанарыма кеп түйір жас тығылады… Сезімім тамшы әйнекке ұрылады, Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні. Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады? [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім Алмасып күнмен, көгімде ай қалады, Терезесінен көңілдің ай қарады, Тарыдай ғана жұмыр жер айналады. Мен емес, сені қара түн аймалайды, Жарық күніңмен жылытқан бар ғаламды, Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы? [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің?