Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Мені қимайсың енді»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Биік көріп мына менен өзіңді Естімейсің сүйем деген сөзімді Сен де мені ұнатасың бірақта Қош бол енді суытамын сезімді Қимасамда сенен кетіп барамын Өкінерсің жасқа толып жанарың Түсінбейсің жан сырымды бәрібір Қоштасудан бар ма басқа амалым? [Қайырмасы] Мені ойлайсың енді Мені қимайсың енді Айтшы маған, кімді қинайсың енді? Мені қимайсың енді Есті жинайсың енді Айтшы маған, кімді қинайсың енді? Бәріне де кінәлісің бір өзің Амал қанша жалғыз қалсам құр өзім Қоштасуға себеп болған себебі Бойыңдағы тәкаппарлық мінезің [Қайырмасы] Мені ойлайсың енді Мені қимайсың енді Айтшы маған, кімді қинайсың енді? Мені қимайсың енді Есті жинайсың енді Айтшы маған, кімді қинайсың енді?

Другие песни исполнителя:

  • Қазақ қызы намысы сынғырлаған сезімдей Айша бибі Домалақ аналардың көзіңдей Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіңдей Намысынды ерлерін қорғаса екен көз ілмей Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған Фаризам мен Мәрфуған елдің сөзің айта алған Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман Ахоу аридар-ей Күләшім мен Майрам бар осыдан біл анам кім Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның Мәдина апам жезтаңдай ақ баяны даламның Қыздарым бар осындай бар қазаққа тағармын Қызын туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ Қабырғасын халқымның қаусатуға қақын жоқ Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ Әдептікті Айман Шолпан қыздай жыр еттім Күй ойнаса Дина апам қуын шерткен жүректің Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің Қазақ қызы сендерге ең тәттіс тілектің Бір қыз маған жар болып көңілімді байытсың Дархан дала мен болсам Ертіс Еділ Жайықсың Болсам егер ескегін көлде жүзген қайықсың Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың
  • Ол сенiмен ойнап жүр-ау Ойнап жүр-ау Байқа... Ол өзі де өзгелерді Өзгелерді ойлап жүр-ау Байқа... К-сы Бағалай біл мені Каламаймын сені Ермегі болып өтуіңді жаттың Бағалай біл мені Аялаймын сені Мәңгі бақи бақытында бақтың Ол сөзімен гүл сыйлайды Күн сыйлайды ойға Сол ісімен алдайды Арбайды ол байқа Ол сенiмен ойнап жүр-ау Ойнап жүр-ау Байка... Ол сезімді алдап жүр-ау Алдап жүр-ау Байқа... Тарам тарам жол көп Аяғың бас аңдап Адасып қалып жүрме бірақ Байқа... Дүрсілдеген тулап Жүрегіңді тыңдап Сыңар тауып сезім көлін шайқа
  • Арманыңа асығасың Тасыласың басыласың Әр адамның жайы осылай Кімнен нені жасырасың [Қайырмасы:] Өмір, өмір, өмір деген Кімге бақыт кімге қайғы Кейде гүлдеп көңіл деген Кейде ойды мұң қамайды Бұл өмірдің сынағы көп Шыда бірақ шыда жүрек Ертеңінен күтер үзбе Жаным бүгін жылады деп [Қайырмасы:] Уақыт сені тыңдамайды Қабағыңа кім қарайды Жігерің ол адам ғана Көре алады күнді арайлы
  • Сағындым сені сағындым Шуағы сенсін бағымның Куәсі сенсін махаббат шағым Армансыз алау шағымның Аяулы асыл тілектің Нұрындай солмас гүл ектін Қабыл ал құстай аң болып ұшқан Сағыныш сырын жүректің [Қайырмасы:] Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреткен сезімді Сағындым сені сағындым мен Аяулы сол бір ерке кезінді Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреткен сезімді Сағындым сені сағындым мен Аяулы сол бір ерке кезінді Жеткізер бізді жол қашан Таусылмас жырым толғасам Көңілім алаң мұнайып қалам Қасымда бір сәт болмасан [Қайырмасы:] Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреген сезімді Сағындым сені сағындым мен Аяулы сол бір ерке кезіңді Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреткен сезімді Сағындым сені сағындым мен Сағынып жүрек езілді