Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Кайрат Нуртас.
 Слушать песни исполнителя и скачать онлайн.
Страница 3

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

Кайрат Нуртас

  • Сырыңды қалай таба аламыз Қасыңа қалай бара аламыз Сүйкімді шағала қыз Ару емес ертегі, өзі ерке, өзі дара Жас жанымды өртеді Мөлдір тұнық көзі қара Сөзбен алдап аз ұяла Кетсеңде ұшып өз ұяңа Сендей сұлу жоқ шығар Еуропа мен Азияда қайырмасы: Мейлі шайқа, шайқа, шайқа тағыда шайқа Дейді жастық шақ қайта келмес қайта Шағала қыз жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш Шəрбəттанда тəттісің Жанарыңда күн күледі Бір жігітке бақпысың Сұлумысың кім біледі Жүрегіңнің жайын білдім Болдың маған уайым бұл күн Мен əйтеуір сен үшін Бəрінеде дайын тұрмын қайырмасы: Мейлі шайқа, шайқа, шайқа тағыда шайқа Дейді жастық шақ қайта келмес қайта Шағала қыз жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш Шəрбəттанда тəтті сұлу қыз Қалай көріп сүйіп қалдық біз Жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы бізді өтініш қайырмасы: Мейлі шайқа, шайқа, шайқа тағыда шайқа Дейді жастық шақ қайта келмес қайта Шағала қыз жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш Жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш.
  • Ешбір ұмытылмас, жүрген күндер бірге Шештім бәрін болмас, кештім жаным мүлде Келші қайта тағы, тәңірдің сый бағы Сенсіз күннің бәрі, қинады жанды Жаям саған жаям Құшақты ешкімге ашпаған Қайдан табамын қайдан? Жаныма жалау болар Сеннен басқаны Тілегіңе сенің айналғым-ақ келер Сүйенер сүйер таңдана Жүрекке ғашық жалын от берер Сөнбейтін мәңгілік бір сен ғана Кел жаным кел Сүйем тек тек тек сені ғана Көркемім, сен менің Жұлдызымдайсың жанған Көктегі дара Сен әнім сен Маған сен сен Сен қара көзім Жаным сол Бағым бол Жүрек қалаған арман Сен жалғыз өзің Сені көрсем дейді, жүрек дүрсіл қағып Жоқсын түсінбейді, сыздап мазамды алып Ораларсың ойға, жиі жиі жаным Қайда жүрсің қайда, сыңар жан Жаям саған жаям Құшақты ешкімге ашпаған Қайдан табамын қайдан Жаныма жалау болар Сеннен басқаны Кел жаным кел Сүйем тек тек тек сені ғана Көркемім сен менің Жұлдызымдайсың жанған Көктегі дара Сен әнім сен Маған сен сен Сен қара көзім Жаным сол Бағым бол Жүрек қалаған арман Сен жалғыз өзің Кел жаным кел Сүйем тек тек тек сені ғана Көркемім сен менің Жұлдызымдайсың жанған Көктегі дара Сен әнім сен Маған сен сен Сен қара көзім Жаным сол Бағым бол Жүрек қалаған арман Сен жалғыз өзің
  • Ей қарындас айдай жүзді жамалың Лағыл моншақ мөлдірейді жанарың Хат жазасың сырға толы сезіммен Жұмбақ жансың нәзік үнді маралым Күндіз-түнді қоңырауды шаласың Үндемейсің бос әуреге саласың Сағынышқа кірпігіңді малып ап Айтшы менен қандай бақыт табасың [Қайырмасы] Эх қарындас ерке минез болдың Үнің сенің сынғыр күлкі жандай Жұлдыздардан сәуле тауып сойлей Жүрегіңді телефонға шалғай Арамызда сұңсыз бейне қамалы Жанымызда бір үміттер жанады Телефоның іңкірлікке толып тұр Көгершіндей қатар толы қанаты Қатарласып баяғыдай жүргендей Хабарласып шаршаттың күнде үндемей Маған ғашық болсаң егер шынымен Телефонда тұрма енді үндемей [Қайырмасы] Эх қарындас ерке минез болдың Үнің сенің сынғыр күлкі жандай Жұлдыздардан сәуле тауып сойлей Жүрегіңді телефонға шалғай
  • 1. Мен өзіңді іздедім тағы Жүрегімнің қалауы тым алыстап барады. Сен ұнайсың маған күнім, Гүлденде нəзік гүлім, гүлім, Келші бүгін. [Қайырмасы] Менің аңсарым болып қалдың, Неге мені тағы, тағы. Әуреге салдың,салдың, Мені ойласаң нетті. Сенсіз өмір мұңлы болып кетті, Мен ұмыта алмадым. Сені ғана жаным ойладым, Есіңе ал бəрін. Күтемін тағы да, тағы да, Қасымда қал жаным. Менің жалғыз арманым, Үмітімді сен алдамағың. 2. Гүл ол сенің есіміңде, Кетем деп кешірілмей. Келші маған күлімдей, Бұл айтатын соңғы сөзім, Бақытым жалғыз өзің жаным,жаным, жаным. [Қайырмасы] Менің аңсарым болып қалдың, Неге мені тағы, тағы. Әуреге салдың,салдың, Мені ойласаң нетті. Сенсіз өмір мұңлы болып кетті, Мен ұмыта алмадым. Сені ғана жаным ойладым, Есіңе ал бəрін. Күтемін тағы да, тағы да, Қасымда қал жаным. Менің жалғыз арманым, Үмітімді сен алдамағың. Мен ұмыта алмадым. Сені ғана жаным ойладым, Есіңе ал бəрін. Күтемін тағы да, тағы да, Қасымда қал жаным. Менің жалғыз арманым, Үмітімді сен алдамағың
  • Таңдар атар, күндер өтер, Мәңгі орнында тұрмайды. Бірде қайғы, бірде шаттық кезегімен зулайды. Жолықтың - ау маған жаным жапырағын төккенде, Қайда жүрдің қарлығашым мен жайнаған көктемде. Армансыз өткен.. Күндер-ай көктем.. Мәңгі бақи баста тұрмайды. Көз жасың көмектеспейді, көмектеспейді жаным. Алмасып өмір өтеді. Жалғасып жылдар жаным. Қолыңда тұр дейді бақыт. Бәрі бәрі алдайды. Маңдайыңа жазылмаса, бақыт деген болмайды. Бәрі бекер бақыт іздеп тағдырымен талассын. Шын бақытты талмай күтсең, күтсең ғана табасың. Армансыз өткен.. Күндер-ай көктем.. Мәңгі бақи баста тұрмайды. Көз жасың көмектеспейді, көмектеспейді жаным. Алмасып өмір өтеді. Жалғасып жылдар жаным. Армансыз өткен.. Күндер-ай көктем.. Мәңгі бақи баста тұрмайды. Көз жасың көмектеспейді, көмектеспейді жаным. Алмасып өмір өтеді. Жалғасып жылдар жаным.
  • Бекерге қырылдым Сол үшін түңілдім Сыймай жүр барлығы Ішіме, ішіме Бәрін түсіндім Қатемді ұғындым Өкінем ісіме Оралсаңшы мені түсінсең Жазғырмашы қатем үшін сен Кінәмді кешір білемін Сені ғана сүйер жүрегім [Қайырмасы] Бекерге бәрі бекерге Бәрібір де қимаймын Айналмашы бөтенге Өз-өзіме сыймаймын Бекерге бәрі бекерге Сағыныштан ес жимаймын Саған енді жетем деп Тәтті сезім сыйлаймын Бекерге қырылдық Бекерге құбылдық Сонда да түсесің Есіме, есіме Бәрін кешіріп Бәрін де ұғындық Жасырам несіне Оралармын сол бір сезіммен Сыр ақтарып мөлдір көзімнен Кінәңді кештім сақтамай Сенсіз маған қонар бақ қалай Utanıyorsun, yani çekiniyorsun aşktan Başka tanımıyorsun bir tane Utanıyorsun, çekiniyorsun aşktan Utanıyorsun, yani çekiniyorsun aşktan Başka tanımıyorsun bir tane Utanıyorsun, çekiniyorsun aşktan
  • Қазақ қызы намысы сынғырлаған сезімдей Айша бибі Домалақ аналардың көзіңдей Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіңдей Намысынды ерлерін қорғаса екен көз ілмей Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған Фаризам мен Мәрфуған елдің сөзің айта алған Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман Ахоу аридар-ей Күләшім мен Майрам бар осыдан біл анам кім Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның Мәдина апам жезтаңдай ақ баяны даламның Қыздарым бар осындай бар қазаққа тағармын Қызын туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ Қабырғасын халқымның қаусатуға қақын жоқ Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ Әдептікті Айман Шолпан қыздай жыр еттім Күй ойнаса Дина апам қуын шерткен жүректің Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің Қазақ қызы сендерге ең тәттіс тілектің Бір қыз маған жар болып көңілімді байытсың Дархан дала мен болсам Ертіс Еділ Жайықсың Болсам егер ескегін көлде жүзген қайықсың Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың
  • Сен мені түсінбедің, түсінбедің… Көзімде жасым қалды, ішінде мұң. Қолыма қонбай кеткен арман құсым, Жоқ әлде өңім емес, түсім бе едің? Сен менің тыңдамадың жырларымды, Өзіңе ақтарушы ем сырларымды. Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды. Сен мені түсінбедің… Сен мені түсінбедің, түсінбедің… Жанымды жараладың үнсіз менің. Түнерсе егер аспан жасын төгіп – Ол менің сені ойлап күрсінгенім. Сен менің тыңдамадың жырларымды, Өзіңе ақтарушы ем сырларымды. Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды. Сен мені түсінбедің… Сол бір түнгі сағымды жарық айды, Кiм ұғады, сүйіктім, біздің жайды? Серігіміз – үзлген ақ қайыңның Қимай бізді жапырағы сыбдырлайды.
  • Арман құсымның көкке ұшыр бәрін, Қосыла алмаймын әніңе. Өзегі дертті өкпешіл жанмын, Өкпелеп жүрме әлі де. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін... Сезімге сендік мәңгі мас едім, Өзіме бір кун жетелер. Адасып келсем, алдыңа сенің, Көрмеген болып өте бер. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай-күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін...
  • Жүректе жалын от барда Аялдап тоқтама Асқақ биік алдағы Арманағ асық тек қана Әркүнінді бақ санап Көңіл көтер шаттана Әсем ән сүйер біздің жанкүйер Бірге шалқы кел қайырмасы: Бірге бірге ән шырқа Қосыл кәне тартынба Кеште мына көңілді Жұлдыздардай жарқыра Биле биле бөгелме Біздің әсем әуенге Ең сүйікті тыңдарман екенінді дәлелде Арулар аппақ үмітпен ержігітті күтер Жаны жалын жастарым бағы жанған бірлікпен Шырқа биле бізбенен бұндай болмас күн біткен Әсем ән сүйер біздің жанкүйер Бірге шалқы кел қайырмасы: Бірге бірге ән шырқа Қосыл кәне тартынба Кеште мына көңілді Жұлдыздардай жарқыра Биле биле бөгелме Біздің әсем әуенге Ең сүйікті тыңдарман екенінді дәлелде
  • Олай деме Не деймін сен туралы жұмбақ күн кешкен Не дейсің мен туралы көрмей білместен Олай деме Олай дейсің неге? Бақыттың алауына балқып жүр дейсің Сен мені қандай оймен шалқып жүр дейсің Олай деме Олай дейсің неге? Пендемін мен де жалғанда Досым сен де арманда Бірақ босқа сандалма Бұл өмір дейтін майданда Жүрек ашық әр жанға Мейірімді жандарға Қызғанып бауырыңды жамандамашы Өзіңдей бәрі-бәрі қазақ баласы Олай деме Олай дейсің неге Тұрады көгімізде әлі жайнап күн Тек қана қазақ үшін әні Қайраттың Сен де түсін Пендемін мен де жалғанда Досым сен де арманда Бірақ босқа сандалма Бұл өмір дейтін майданда Жүрек ашық әр жанға Мейірімді жандарға Пендемін мен де жалғанда Досым сен де арманда Бірақ босқа сандалма Бұл өмір дейтін майданда Жүрек ашық әр жанға Мейірімді жандарға
  • Бақытын іздеп Алладан Бағыңа соны балаған Әлдимен тербеп әлемді Аман-сау жүрші жан-анам Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды. Фәниде сенсің шырағым Бақи да сенсің Жұмағым Анашым сенің атыңнан Киелі жалғыз Құраным. Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды. Ана деп әнім самғаған Тартуым болсын арнаған Алақан жайып тілеймін Амандығыңды Алладан. Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды.
  • Сезімді сезіндім сендегі шыдамсыз Мендегі төзімнің бомбасы тым әлсіз Өзіңе асығып баратын жол да жоқ Ұнатсаң жасырып майыспа онда көп Қалдырсаң жауапсыз жарылам бомба боп. Қайырмасы: Мен сені ұнатам, ұнатам, ұнатам Мен сені ұнатам, мұңайсаң жұбатам Алдымда әлі жүр сен тәтті балапан Мен сені бәрібір өзіме қаратам. Сен маған ерте деп жоғалтып алмашы Ертерек еркелеп өкпелеп қалмашы Қаласаң ешқандай бөгеттер жоқ демек Мұз болған жүректі жібітер от керек Сен маған өкпелеп бүртиіп кетпе тек Қайырмасы: Мен сені ұнатам, ұнатам, ұнатам Мен сені ұнатам, мұңайсаң жұбатам Алдымда әлі жүр сен тәтті балапан Мен сені бәрібір өзіме қаратам.
  • Кешірім неге сұрадың Неліктен олай жыладың Жылағаныңа шыдадым Тағыда саған бұл әнім Сен емес менің сыңарым Сен үшін бірақ шыдадым Екеуміз ге де бұл айдын Өтседе мейлі мың ай күн Шыдаймын әлі шыдаймын Шыдаймын жаным әр кезде Кеудемде жаным бар кезде Атады әлі ақ таң лезде Салады тағы басқа тағдырым сынақ Содан да шыдай берем талмасам құлап Жауапсыз қалды талай қаншама сұрақ Сүйген соң шексіз солай келемін шыдап Мені мейлі жек көрсеңде Мейлі маған кектенсеңде Кек аламын деп келсеңде Шыдаймын Көп қиындық өткерсеңде Бақытты күн өткен сенде Басқа бақыт боп келсеңде Шыдаймын Кім екен дейсің кінәлі Тағдырдың бұлда сынағы Оғанда жаным шыдады Көз емес жүрек жылады Ғашық жан іштей тынады Сонда да сүйіп тұр әлі Сен маған мүлде кінә артпа Сүймейтін жанға құмартпа Орала алмаймыз біз артқа Қасымнан кетсең жыраққа Кетпейсің ойдан бірақта Шыдайық бірге сынаққа Салады тағы басқа тағдырым сынап Содан да шыдай берем талмасам құлап Жауапсыз қалды талай қаншама сұрақ Сүйген соң шексіз солай келемін шыдап Мені мейлі жек көрсеңде Мейлі маған кектенсеңде Кек аламын деп келсеңде Шыдаймын Көп қиындық өткерсеңде Бақытты күн өткен сенде Басқа бақыт боп келсеңде Шыдаймын
  • Соққаны он екіні сағатынын, Жеткені алып ұшып жаңа жылдың. Толтырып қауырсынын канатының, Еліме бақ-береке ала кірдің. Қайырмасы: Жаңа жыл, жаңа жыл, Жаныңды жайдар етер бала коніл. Жаңа жыл, жаңа жыл, Жадырап қайта келер жаңа өмір. Қарсалып Аяз ата, Ақшақарды, Отырмыз жаңа жылды бастағалы. Жаңа жыл жаңа бақыт сыйлап бізге, Бақытты тағы бір жыл арта қалды. Қайырмасы: Жаңа жыл, жаңа жыл, Жаныңды жайдар етер бала коніл. Жаңа жыл, жаңа жыл, Жадырап қайта келер жаңа өмір.
  • Төгіп көзден жақұтымды, Жоғалттың деп бақытынды ойлама, ойлама Кірпік қақпай айлы түнде Деп құшағы жайды кімге ойлама Ойлағаның бекер, бекер Барі жаным өтер, кетер жай ғана Шын сезімге жоқ дүйім Бұл өмір жолы қиын болса да Талмай түстің батқан таңнан Өз бақытын тапқан жандар қаншама Қайырмасы: Қатар ұшқан бақ құсыңмен, өткеніңді сағынарсың Жүрегіңе шоқ түсірген, көктеміңді сағынарсың Серік етіп сарық күзді, жалғыздықты жабырқарсың Тағдыр қосты жолымызды,сағыныштан арыларсың Күркіреді тағы да анық Бізге деген бағың алып Бірің мұңсыз, бірің мұңды Сезімдегі тұнығыңды, лайлама Мұңға батып, жаның жүдеп Тағдыр жолы тарылды деп ойлама, ойлама Қайырмасы: Қатар ұшқан бақ құсыңмен, өткеніңді сағынарсың Жүрегіңе шоқ түсірген, көктеміңді сағынарсың Серік етіп сарық күзді, жалғыздықты жабырқарсың Тағдыр қосты жолымызды,сағыныштан арыларсың
  • Сағыныштан сезім өзіңді іздейді Менің махаббатым тек сені көздейді Қинамашы жүректі, қинамашы жүректі Сенсіз жүрек махаббатты сезбейді Ғашық өрті өртеп, ғашық өрті өртеп Сағынышым маза бермейді Жыламашы тек жылама Жүректі жаным сен қинама Қалмады бір амалым Тек жаным жылама, жылама Өзіңді сағынатын арналды жүрек тек өзіңе Сезімге бағынатын сенемін төзімге Сенсіз атқан таңым бітпейді, өтпейді Бұл жалғанда өзіңе ешкім жетпейді Қинамашы жүректі, қинамашы жүректі Сенсіз жүрек махаббатты сезбейді Ғашық өрті өртеп, ғашық өрті өртеп Сағынышым маза бермейді Жыламашы тек жылама Жүректі жаным сен қинама Қалмады бір амалым Тек жаным жылама, жылама Өзіңді сағынатын арналды жүрек тек өзіңе Сезімге бағынатын сенемін төзімге Жылап жатыр жүрек тілімді алар ма? Мұңмен шерін келіп жинайды жанарға Сағындым мен сені, сағындым мен сені Жүрегім сені ұмыта ма? Сағындым мен сені, сағындым мен сені Жүрегім сені ұмыта ма? Жыламашы тек жылама Жүректі жаным сен қинама Қалмады бір амалым Тек жаным жылама, жылама Өзіңді сағынатын арналды жүрек тек өзіңе Сезімге бағынатын сенемін төзімге
  • Бір жұлдыз сен деп ағып өтер. Бір ғұмыр өзін тәрік етер. Екеуміз бірге болмағаннан соң. Бақыттың маған бәріде бекер. Күз өтіп көктем тағы жетер. Аққулар әнін салып өтер. Екеуміз бірге жүрмегеннен соң. Бақыттың маған бәріде бекер. [Қайырмасы:] Үмітсіз жүріп ұмыта алмаймын. Ұмытқым келіп үміт арнаймын. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың. Жаныңа сенің мәлім етер. Жасылдай көкті жарып өтер. Жүректің қайтем махаббатын. Жүрмесек бірге бәріде бекер. Атады жаздың таңы бекер. Жауады қыстың қары бекер. Екеуміз бірге көрмегеннен соң. Бәріде бекер,бәріде бекер. [Қайырмасы:] Үмітсіз жүріп ұмыта алмаймын. Ұмытқым келіп үміт арнаймын. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың.
  • Көзімді жұмсамда көрем сені, Еседі арманның қоңіржелі. Куә бол алатау бақытыма, Куә бол көк терек көлеңкелі. [Қайырмасы:] Куә бол жұлдыз, Куә бол айым, Куә бол алатауым. Көп іздеп мен оны таптым, Бастадым бір әнін махаббаттың. Аққайың аялап арманымды, Куә боп көк өзен күліп жатты. [Қайырмасы:] Куә бол жұлдыз, Куә бол айым, Куә бол алатауым.
  • Көктем келіп жетті міне тағыда Мен отырмын жылай да алмай жабыға Өткен күндер көз алдыма тізіліп Қарайлаймын қайтқан құстар тобына Сүйемін сені неге екенін білмеймін Білмеймін жаным Солған бір байғұс гүлдеймін Армандап сені ойлаймын жатсам тұрсам да Жүрекке кейде ауырған тағат іздеймін Қош бол енді менің сүйген арманым Қайда жүрсең орындалсын арманың Бірақ-бірақ сүйіп өтем мәңгілік Жаным менің жаным менің арманым Сағындым сені сағымдай өткен күндерді Сені ойлап ұзақ ұйқысыз жатқан түндерді Жан досым айтқан үздіксіз сырды арманда Менімен бірге мұңдасқан әсем гүлдерді Сүйемін сені неге екенін білмеймін Білмеймін жаным Солған бір байғұс гүлдеймін Армандап сені ойлаймын жатсам тұрсам да Жүрекке кейде ауырған тағат іздеймін
  • Жастықтың жалынды бір күні еді, тым ерекше атты таңдары-ай. Көздеріңе көзім байланғанда, жүрек тулап оттай жанғаны-ай Неге ояттың мені жүрмедің бе, ой-санамды мәңгі жауламай Неге ғана маған кездестің сен, ғашық болдым қалай аңдамай? [Қайырмасы:] Ауырмайды жүрек,ауырмайды, сенсіз өткен күндер болмаса Ауырмайды жүрек,ауырмайды, сені ойлатқан түндер болмаса Ауырмайды жүрек,ауырмайды, мөлдіреген көзің болмаса Ауырмайды жүрек,ауырмайды, сүйем деген сөзің болмаса.. Жалындаған сол бір жаздың әнін, күз нөсері енді жалғасын Ауырады жүрек, ауырады , ауырады жүрек болғасын Бізді емес ол жақ жылы дейме, самғай бер қанатың талмасын, Жылатасың-дағы жұбатасың, әрбір сөзің атқан қорғасын [Қайырмасы:] Ауырмайды жүрек,ауырмайды, сенсіз өткен күндер болмаса Ауырмайды жүрек,ауырмайды, сені ойлатқан түндер болмаса Ауырмайды жүрек,ауырмайды, мөлдіреген көзің болмаса Ауырмайды жүрек,ауырмайды, сүйем деген сөзің болмаса..
  • Қыз жігіт болып жүрген шақты Сағынам сол күндерді қатты қатты Аралап қайтпадықпа бақты Еске алып сол кездерді тəтті тəтті [Қайырмасы] Сен бүгін адал жарымсың Жанымда жүрген жанымсың Көздер ай көздер ай Көздегі үнсіз сөздер ай Асықтырған ғашық қылған Бақытқа толы кездер ай Өткенге көңіліңді бөлші Қайтадан оралмайды сенші сенші сенші Бозбала кездегідей маған Тағыда гүліңді алып келші келші келші
  • Үмітімде үзіліп түстің неге Көздеріннен тамшылар Бұл-бұл арман басымнан ұшты деме Оның да бір жақсылығы бар шығар Тәңір барда тағдырды күшті деме Жеңілме үміт үзбе [Қайырмасы] Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Шегінбе кері ешқашанда Уақытыңнан кеш қалсанда сен Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Өмір ғой бұл мұң шатыққа таратқан Жігеріңді қамшыла Алдансанда достықтан, махаббаттан Алда талай қуанышың бар шығар Қоңырсада ерімей қатал Ақпан Көктемнен үміт үзбе [Қайырмасы] Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Шегінбе кері ешқашанда Уақытыңнан кеш қалсанда сен Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар [Қайырмасы] Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар Шегінбе кері ешқашанда Уақытыңнан кеш қалсанда сен Үміт үзбе, үміт үзбе Өкінішті ұмыт, ізде Сенің де бір бақытың бар шығар
  • Ай нұрындай шуақты Көздерің күн ұнатты Сыңғыр күлкі сылдырап Елестетер бұлақты Елестетер бұлақты [Қайырмасы:] Көріктім-ау көріктім Айдай сұлу көріктім Сұлулығын әлемнің Көздеріңнен көріппін Көздеріңнен көріппін Жаны тұнық аралдай Тербеп жанды самалдай Күлім деген көздерің Жылап тұрған жанардай Жылап тұрған жанардай [Қайырмасы:] Көріктім-ау көріктім Айдай сұлу көріктім Сұлулығын әлемнің Көздеріңнен көріппін Көздеріңнен көріппін Күн келбетің келіскен Тамсандым мен тек іштен Алтын арай ай мүсін Көктен түскен періштем Көктен түскен періштем [Қайырмасы:] Көріктім-ау көріктім Айдай сұлу көріктім Сұлулығын әлемнің Көздеріңнен көріппін Көздеріңнен көріппін
  • Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген Қазақстаным, Қазақстаным Ал қазір мақтаныш бізге қазақ даласы Байлығы мол, тағы бар жаужүрек баласы Арманға бастаған бұрылған көп қаласы Қазақстаным, Қазақстаным [Қайырмасы:] Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар Ашық көк аспаным, асқарлы тау көлім бар Қазақстаным, Қазақстаным Жасасын қазағым жаса, батыр жастарым Желбіретіп туды, жеңіске жол бастаған Елбасы тарихы болсын мәңгі дастаным Қазақстаным, Қазақстаным [Қайырмасы:] Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім. Алға Қазақстан, Қазақстан! Самға Қазақстан, Қазақстан! Жаса Қазақстан, Қазақстан! Байлығым менің, тәуелсіз елім.
  • тағдырыңды қатыгез де сараң де, сен сүйгенмен ол сүймесе шараң не? махаббат ол-қос жүректіңәні ғой өзіне сай дауыс керекәр әнге. сүйіктім-әу,сәнсізөмірмәнді ме? мәнсіз адам шырқай әлмәсәнді де. басеңдетпе,қарлықтырма даусыңды бақытсыз боп қалмауүшын мәңгіге. сүйктім-әу,әнсізөмірмәнді ме? ән түзелсә түзеиміз ғойсанды де. жұбайлар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат__таусылмайтын әңгіме!
  • Жанымда менің бұрын жүрдің табыла Іздеймін енді сағына Жәудіреп көзің, үміт жиған жаныма Әдемі құсым ең Ұштың сен тағы да, қонбай бағыма Сүйемін, сүйемін Өзіңсің көлдей бағым, күндей жаным Сүйемін, сүйемін Сағынып салған әнім — сенсің, жаным Алыстап ай мен күндей жүрміз бағалап Жағалап өмір аралын Жаза алмас, білем түскен жүрек жараны Өзіңдей даланы, еркелі маралым Қайдан табамын Сүйемін, сүйемін Өзіңсің көлдей бағым, күндей жаным Сүйемін, сүйемін Сағынып салған әнім — сенсің, жаным Көрікті аруым, жұлдызды жарығым Келші жаныма
  • Қайта келмес көктемді, Кімнен сұрап, өтінем. Еске алып өткенді, Өкінемін, өкінем. Мазалайды жүректі, Жаныма жеткен тылсым күш. Өмірімді мұң етті, Орны толмас өкініш. [Қайырмасы:] Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Орны толмас өкініш Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Арылмайтын өкініш Қимай сені басқаға, Жанарымнан жас тамар. Өкінішті мендегі, Түсінбейді басқалар. Өкініштен қанатым, Сынғандай боп күрсіндім. Жүректегі 'сағатым', Жоғалтқандай, дүрсілін. [Қайырмасы:] Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Орны толмас өкініш Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Арылмайтын өкініш Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Орны толмас өкініш Аййй, өкініш, аййй, өкініш, Арылмайтын өкініш
  • Сағындым сені сағындым Шуағы сенсін бағымның Куәсі сенсін махаббат шағым Армансыз алау шағымның Аяулы асыл тілектің Нұрындай солмас гүл ектін Қабыл ал құстай аң болып ұшқан Сағыныш сырын жүректің [Қайырмасы:] Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреткен сезімді Сағындым сені сағындым мен Аяулы сол бір ерке кезінді Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреткен сезімді Сағындым сені сағындым мен Аяулы сол бір ерке кезінді Жеткізер бізді жол қашан Таусылмас жырым толғасам Көңілім алаң мұнайып қалам Қасымда бір сәт болмасан [Қайырмасы:] Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреген сезімді Сағындым сені сағындым мен Аяулы сол бір ерке кезіңді Сағындым мөлдіреген көзіңді Сағындым елжіреткен сезімді Сағындым сені сағындым мен Сағынып жүрек езілді