Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Кешігіп неге жолықтың» исполнителя Кайрат Нуртас. Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Күз жауып тұрған ауладан,
Естідім әсем әніңді,
Ызғарлы мұңға жаураған,
Жылыттың менің жанымды.

Жалғыздық еді жүдеткен,
Жанымды сенсің түсінген.
Ынтыққан ыстық жүрекпен,
«Сүйемін» дедім, «сүйемін» дедім ішімнен.

Жартқан Хаққа жалынған,
Жел сірә, мендей жылаған.
Кетпеші кетпе жанымнан,
Сұранам сеннен сұранам.

Айта алмай жүрмін айта алмай,
Ғашықпын саған ғашықпын.
Жаныңа барсам қайта алмай,
Көргенше сені асықпын.

Тағдыры бөлек қыз едім,
Үздігіп неге қарадың?!
Көктемі өткен куз едім,
Қиналып тұрмын қарағым.

Түсіме кірдің қаншама,
Жылайды «СЕН» деп жүрегім.
Жасымыз алшақ болса да,
Өзіңді күтіп, өзіңді-ау күтіп жүремін.

Тілім тұр қайтем байланып,
Жүрегім дертті жаным мұң.
Сезімім өртеп, ой – ғаріп,
Көрмесем сені сағындым.

Махабатымды жаңа ұқтым,
Бұл сезім менде болмаған.
Кешігіп неге жолықтың?!
Кешірші мені Жан-Дауам!

Айта алмай жүрмін айта алмай,
Ғашықпын саған ғашықпын.
Жаныңа барсам қайта алмай,
Көргенше сені асықпын.

Махабатымды жаңа ұқтым,
Бұл сезім менде болмаған.
Кешігіп неге жолықтың?!
Кешірші мені Жан-Дауам!
Поделиться: VK TG WA OK
Встроить на сайт

Другие песни исполнителя:

  • Желбіреп күн байрағы Мөлдіреп нұрлы аймағы балдай Арайлап атсын таңы Көгінде ақ сұңқары самғай Ұлы дала отаным Қазақ елі, ғажап елі Мәңгілік ел, мекенім - Қазақ елім [Қайырмасы] Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан Тірегі ұлы отанның Тілегі Нұр Отанның - шаттық Еңбегі Елбасының елі деп берді асылын бақыт Ұлы дала отаным Қазақ елі, ғажап елі Мәңгілік ел, мекенім - Қазақ елім [Қайырмасы] Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан Көз жетпес даласы бар Сөз жетпес қаласы бар көркем Шуақтағы ғасыр таңы Қуатты жас ұрпағы өлкем Ұлы дала отаным Қазақ елі, ғажап елі Мәңгілік ел, мекенім - Қазақ елім [Қайырмасы] Рухтың көк байрағым айбынды елдің бағы Жасай берші мәңгі Қазақстан Қыран елім алға Қалықтап ұшсамда Қазақстан
  • Таңданамын тамаша сымбатыңа, Барма амалым жүрегім сырға тұна. Ұсынамын қолымды қиялымда, Қысыламын көргенде тіл қатуға. Шын сүйемде, өзгеден шын қызғанам Дүниеде саған тең жұлдыз барма? Жоқ амалыл көрдімде тағы бүгін, Өте бардың жанымнан үнсіз ғана. Қайырмасы: Үнсіз жүрек, үнсіз кеуде, Өтіп жатты үнсіз түндер. 2 рет. Тура қарап айтшы маған, Барма бақыт бұл өмірде? Көзіңде арман елес, нұрсыз шуақ, Сезімде болған емес мұңсыз сынақ. Күрсінемін өзіңсіз түндерде ұзақ, Шын сүйемін тегінсіз, тілсіз бірақ. Бақ іздеп кезіп жүріп араладым, Сан іздеп өзім бірақ таба алмадым. Жалғанда барма бақыт жоқпа өзі? Сен маған айтшы үнсіз махаббатым.
  • Арман құсымның көкке ұшыр бәрін, Қосыла алмаймын әніңе. Өзегі дертті өкпешіл жанмын, Өкпелеп жүрме әлі де. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін... Сезімге сендік мәңгі мас едім, Өзіме бір кун жетелер. Адасып келсем, алдыңа сенің, Көрмеген болып өте бер. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай-күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін...
  • Сені көріп есім кетті Өмірім де өзгерді. Өміріме керек емес Сенен басқа өзге енді. Жүрегіңнен бір орын бер Тынышталсын жүрегім. Гүлдей сезім бір жүректе Бүрін жарар кез келді. Қайырмасы: Жүрегіңнен бір орын бер Бір орын бер бос болса. Мекендейін сол орынды Тағдыр бізді қосқанша. Өміріңнен бір орын бер Бір орын бер бұл өмір Екеумізге құшақ жаяр Күнді күтіп тосқанша. Сен жұмбақсың мен ғашықпын Менің сырым белгілі. Сен қымбатсың жауабың да Қымбат маған ендігі. Жүрегіңнен бір орын бер Мәңгілікке өтінем Бір жүректе өмір сүру Қос жүректің ерлігі. Қайырмасы: Жүрегіңнен бір орын бер Бір орын бер бос болса. Мекендейтін сол ор ынды Тағдыр бізді қосқанша. Өміріңнен бір орын бер Бір орын бер бұл өмір Екеумізге құшақ жаяр Күнді күтіп тосқанша.
  • Сені іздеп күнім жиекке жығылады, Қызыл да жасыл дүние құбылады. Жанарыма кеп түйір жас тығылады… Сезімім тамшы әйнекке ұрылады, Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні. Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады? [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім Алмасып күнмен, көгімде ай қалады, Терезесінен көңілдің ай қарады, Тарыдай ғана жұмыр жер айналады. Мен емес, сені қара түн аймалайды, Жарық күніңмен жылытқан бар ғаламды, Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы? [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім [Қайырмасы] Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Сағым болған менің көктемім Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің? Сағындырған күнім, Сені ойладым бүгін, Қайрылмастан рас па кеткенің?

Похожие исполнители