Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Әдемі Қарындас»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Бар сұлулық бір өзіңнен табылғандай,
Жанарыңнан жап-жарық күн шағылғандай.
Нұрлы бейнең көктемнің гүл күніндей боп,
Күміс күлкің бұлақ болып ағылғандай...

Әдемісің қарындас, әдемісің!
Сұлулықтың ғажайып әлемісің!
Қарай бергім келеді қарай бергім,
Білемісің, ару қыз білемісің!

Арманы боп әр жігіттің қалсаң бе екен,
Ақ ниетпен адал сөзге нансаң екен.
Саған деген ақ тілегім орындалып,
Құтты ұяңа бақыт болып қонсаң екен.

Әдемісің қарындас, әдемісің!
Сұлулықтың ғажайып әлемісің!
Қарай бергім келеді қарай бергім,
Білемісің, ару қыз білемісің!

Көз жанарың жастан алға тағынбасын,
Бар өмірің атқан таңдай жалындасын.
Бұл Жаратқан жарылқаудан жаңылмасын,
Тек жаныңда бойтұмар боп әнім қалсын.

Әдемісің қарындас, әдемісің!
Сұлулықтың ғажайып әлемісің!
(Қарай бергім келеді қарай бергім,
Білемісің, ару қыз білемісің!) (2х)

Другие песни исполнителя:

  • Сырыңды қалай таба аламыз Қасыңа қалай бара аламыз Сүйкімді шағала қыз Ару емес ертегі, өзі ерке, өзі дара Жас жанымды өртеді Мөлдір тұнық көзі қара Сөзбен алдап аз ұяла Кетсеңде ұшып өз ұяңа Сендей сұлу жоқ шығар Еуропа мен Азияда қайырмасы: Мейлі шайқа, шайқа, шайқа тағыда шайқа Дейді жастық шақ қайта келмес қайта Шағала қыз жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш Шəрбəттанда тəттісің Жанарыңда күн күледі Бір жігітке бақпысың Сұлумысың кім біледі Жүрегіңнің жайын білдім Болдың маған уайым бұл күн Мен əйтеуір сен үшін Бəрінеде дайын тұрмын қайырмасы: Мейлі шайқа, шайқа, шайқа тағыда шайқа Дейді жастық шақ қайта келмес қайта Шағала қыз жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш Шəрбəттанда тəтті сұлу қыз Қалай көріп сүйіп қалдық біз Жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы бізді өтініш қайырмасы: Мейлі шайқа, шайқа, шайқа тағыда шайқа Дейді жастық шақ қайта келмес қайта Шағала қыз жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш Жаманға көз қадамаңыз, шын сезімді бағалаңыз Ұмытпашы өтініш, ойын түбі өкініш.
  • Сағыныштан алаулайды от кеудем, Түндерім-ай көз ілместен өткерген. Арамызды алыстатқан тағдыр-ай, Қинамашы жүрегімді жоқ деумен. Ести алмай жаным сенің даусынды, Төзімім де тағатым да таусылды. Ең болмаса тындап кетші бір келіп, Махабаттан дертке айналған жан сырды. [Қайырмасы:] Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын. Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын. Мөлдіреген сенің бояу көздерің, Жанарыңнан қызғанамын өзгенің. Сезімімді сөндіре алмай өртенген, Жалғыздықтың азабына төзбедім. [Қайырмасы:] Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын. Келші жаным сенші жаным, Махабатты мендегі көрші жалын.
  • Арманыңа асығасың, Тасынасың, басыласың. Әр адамның жайы осылай, Кімнен нені жасырасың?! Өмір, өмір, өмір деген, Кімге бақыт, кімге қайғы?! Кейде гүлдеп көңіл деген, Кейде ойыңды мұң қамайды. Бұл өмірдің сынағы көп. Шыда бірақ, шыда жүрек. Ертеңіңнен күдер үзбе, «Жаным бүгін жылады» — деп. Өмір, өмір, өмір деген, Кімге бақыт, кімге қайғы?! Кейде гүлдеп көңіл деген, Кейде ойыңды мұң қамайды. Уақыт сені тыңдамайды, Қабағына кім қарайды?! Жігері мол адам ғана, Көре алады күнді арайлы. Өмір, өмір, өмір деген, Кімге бақыт, кімге қайғы?! Кейде гүлдеп көңіл деген, Кейде ойыңды мұң қамайды. Өмір, өмір, өмір деген, Кімге бақыт, кімге қайғы?! Кейде гүлдеп көңіл деген, Кейде ойыңды мұң қамайды.
  • Сен мені түсінбедің, түсінбедің… Көзімде жасым қалды, ішінде мұң. Қолыма қонбай кеткен арман құсым, Жоқ әлде өңім емес, түсім бе едің? Сен менің тыңдамадың жырларымды, Өзіңе ақтарушы ем сырларымды. Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды. Сен мені түсінбедің… Сен мені түсінбедің, түсінбедің… Жанымды жараладың үнсіз менің. Түнерсе егер аспан жасын төгіп – Ол менің сені ойлап күрсінгенім. Сен менің тыңдамадың жырларымды, Өзіңе ақтарушы ем сырларымды. Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды. Сен мені түсінбедің… Сол бір түнгі сағымды жарық айды, Кiм ұғады, сүйіктім, біздің жайды? Серігіміз – үзлген ақ қайыңның Қимай бізді жапырағы сыбдырлайды.
  • Қазақ қызы намысы сынғырлаған сезімдей Айша бибі Домалақ аналардың көзіңдей Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіңдей Намысынды ерлерін қорғаса екен көз ілмей Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған Фаризам мен Мәрфуған елдің сөзің айта алған Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман Ахоу аридар-ей Күләшім мен Майрам бар осыдан біл анам кім Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның Мәдина апам жезтаңдай ақ баяны даламның Қыздарым бар осындай бар қазаққа тағармын Қызын туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ Қабырғасын халқымның қаусатуға қақын жоқ Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ Әдептікті Айман Шолпан қыздай жыр еттім Күй ойнаса Дина апам қуын шерткен жүректің Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің Қазақ қызы сендерге ең тәттіс тілектің Бір қыз маған жар болып көңілімді байытсың Дархан дала мен болсам Ертіс Еділ Жайықсың Болсам егер ескегін көлде жүзген қайықсың Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың