Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жан ұям»
исполнителя Кайрат Нуртас.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Ой ойлатқан талай-талай өтті күндер алыс,
Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз.
Өз үйіміз бір отан береке,
Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге

[Қайырмасы:]
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.

Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің,
Тосу менен өтті талай күнім менен түнім.
Шаршап келсем жұмыстан мен үйге,
Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім

[Қайырмасы:]
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.

Жанұяның бір қызығы арадағы бала,
Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә.
Жастайымнан еркелетіп өсірген,
Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана!

[Қайырмасы:]
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.

Другие песни исполнителя:

  • Олай деме Не деймін сен туралы жұмбақ күн кешкен Не дейсің мен туралы көрмей білместен Олай деме Олай дейсің неге? Бақыттың алауына балқып жүр дейсің Сен мені қандай оймен шалқып жүр дейсің Олай деме Олай дейсің неге? Пендемін мен де жалғанда Досым сен де арманда Бірақ босқа сандалма Бұл өмір дейтін майданда Жүрек ашық әр жанға Мейірімді жандарға Қызғанып бауырыңды жамандамашы Өзіңдей бәрі-бәрі қазақ баласы Олай деме Олай дейсің неге Тұрады көгімізде әлі жайнап күн Тек қана қазақ үшін әні Қайраттың Сен де түсін Пендемін мен де жалғанда Досым сен де арманда Бірақ босқа сандалма Бұл өмір дейтін майданда Жүрек ашық әр жанға Мейірімді жандарға Пендемін мен де жалғанда Досым сен де арманда Бірақ босқа сандалма Бұл өмір дейтін майданда Жүрек ашық әр жанға Мейірімді жандарға
  • Екеумізден жаз өткені ме Күздің суық күзі өткені ме Сенгім келмейді, сенгім келмейді Уақыт сені өзгерткеніне Уақыт сені өзгерткеніне [Қайырмасы] Ооой бұл уақыт Ооой бұл уақыт Өзгертіпсің ғашық болған сұлу перімді Ал мен әлі баяғыдаймын Өмірімді көрікті еттің бе Ақ қар болып еріп кеттің бе Дауылдан қашып, жылыну үшін Жүрегіме еліп кеттің бе Дауылдан қашып, жылыну үшін Жүрегіме еліп кеттің бе [Қайырмасы] Оооу бұл уақыт Оооу бұл уақыт Өзгертіпсің ғашық болған сұлу перімді Ал мен әлі баяғыдаймын
  • Білгенсің бәрін білгенсің Қасымда қимай жүргенсің Жүрекке өтпей сөздерің Бағында жүріп өзгенің Қиын-ау бақыт сезгенің [Қайырмасы:] Жүректе сенсіз қара бұлт Есіме жиі аламын Қайталап келмес сол бір күн Елес болып қалды-ау Көз алдымда жанарың Қоштасқан сәтте жанардың Тамшысын мөлдір қададың Бұлыңғыр болып елесің Адымдап маған келесің Жаныңның құшып егесін [Қайырмасы:] Жүректе сенсіз қара бұлт Есіме жиі аламын Қайталап келмес сол бір күн Елес болып қалды-ау Көз алдымда жанарың
  • Бар сұлулық бір өзіңнен табылғандай, Жанарыңнан жап-жарық күн шағылғандай. Нұрлы бейнең көктемнің гүл күніндей боп, Күміс күлкің бұлақ болып ағылғандай... Әдемісің қарындас, әдемісің! Сұлулықтың ғажайып әлемісің! Қарай бергім келеді қарай бергім, Білемісің, ару қыз білемісің! Арманы боп әр жігіттің қалсаң бе екен, Ақ ниетпен адал сөзге нансаң екен. Саған деген ақ тілегім орындалып, Құтты ұяңа бақыт болып қонсаң екен. Әдемісің қарындас, әдемісің! Сұлулықтың ғажайып әлемісің! Қарай бергім келеді қарай бергім, Білемісің, ару қыз білемісің! Көз жанарың жастан алға тағынбасын, Бар өмірің атқан таңдай жалындасын. Бұл Жаратқан жарылқаудан жаңылмасын, Тек жаныңда бойтұмар боп әнім қалсын. Әдемісің қарындас, әдемісің! Сұлулықтың ғажайып әлемісің! (Қарай бергім келеді қарай бергім, Білемісің, ару қыз білемісің!) (2х)
  • Көңілімді қайтейін, қол асығып Сағынғанда саналың, жылатып ем Жүрегімді қайтейін, қиылмаған Кең кеуде не сен маған,сыйылмаған Қайырмасы: Кайта оралшы аяулым Аяулым-ай сен кеткелі көңілім - қай аулымда-ай Жабырқатты, жүдетті - сағынышым Асыл арман кайдасын,бағырымсың 2. Шақырады сан жолдар, жиырлаған Пенденіп бұл бақыты, бұйырмаған Сенсіз мына омірде, қайтсем екен Қошқандай боп сағындым, өтсем екен Қайырмасы: Кайта оралшы аяулым Аяулым-ай сен кеткелі көңілім - қай аулымда-ай Жабырқатты, жүдетті - сағынышым Асыл арман кайдасын, бағырымсың Қайырмасы: Кайта оралшы аяулым Аяулым-ай Кайта оралшы аяулым Аяулым-ай сен кеткелі көңілім - қай аулымда-ай Жабырқатты, жүдетті - сағынышым Асыл арман кайдасын,бағырымсың