Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Бағдаршам» исполнителя Кайрат Нуртас. Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Зор бақытқа кім ие
Қиял қадам нұсқайды
Қызыл жасыл дүние
Бағдаршамға ұқсайды
Баяуласаң бекерге,еңсең түсіп басылма
Арманыңа жетем деп,жылдамдықты асырма

Кешірмейтін алдансаң,өмір деген бағдаршам
Сабыр сақта бауырым ,қызыл түсті аңғарсаң
Бәріде өз қолыңда,кейде шамаң келмейді
Сенің өмір жолыңда,жасыл жана бермейді

Мұны қалай жоқ дерсің,пенде іште өкпелеу
Сәттіліктер көп болсын,жасыл бізге дөп келер
Бос қиялдың соңында,әуре болып сабылма
Мақсатыңның жолында,бағдаршамннан жаңылма

Кешірмейтін алдансаң,өмір деген бағдаршам
Сабыр сақта бауырым ,қызыл түсті аңғарсаңда
Бәріде өз қолыңда,кейде жаман келмейді
Сенің өмір жолыңда,жасыл жана бермейді
Кешірмейтін алдансаң,өмір дейтін бағдаршам
Сабыр сақта сақта бауырым ,қызыл түсті аңғарсаңда
Бәріде өз қолыңда,кейде шамаң келмейді
Сенің өмір жолыңда,жасыл жана бермейді

Другие песни исполнителя:

  • Ой ойлатқан талай-талай өтті күндер алыс, Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз. Өз үйіміз бір отан береке, Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің, Тосу менен өтті талай күнім менен түнім. Шаршап келсем жұмыстан мен үйге, Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Жанұяның бір қызығы арадағы бала, Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә. Жастайымнан еркелетіп өсірген, Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана! [Қайырмасы:] Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.
  • Бір жұлдыз сен деп ағып өтер. Бір ғұмыр өзін тәрік етер. Екеуміз бірге болмағаннан соң. Бақыттың маған бәріде бекер. Күз өтіп көктем тағы жетер. Аққулар әнін салып өтер. Екеуміз бірге жүрмегеннен соң. Бақыттың маған бәріде бекер. Қайырмасы: Үмітсіз жүрем ұмыта алмаймын. Ұмытқым келіп үміт арнаймын. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың. Жаныңа сенің мәлім етер. Жасылдай көкті жарып өтер. Жүректің қайтем махаббатын. Жүрмесек бірге бәріде бекер. Атады жаздың таңы бекер. Жауады қыстың қары бекер. Екеуміз бірге көрмегеннен соң. Бәріде бекер,бәріде бекер. Қайырмасы: Үмітсіз жүрем ұмыта алмаймын. Ұмытқым келіп үміт арнаймын. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сені жылытар қайғым. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың.
  • Қайда балауса балдырған менің бал күнім Қайда сарқылмас сағыныш жайлы ән жырым Қайда қаракөз киылған карындастарым Қайда жетелеп барасын мені тағдырым Қайырмасы: Іздеймін шуақ шашқан таң нұрын Үзбеймін үмітімнің әр жібін Сарғайып өткен күнді сағынсам Күздеймін төккен нөсер жаңбырын Өмір өткінші Қалады дейсін мәнгі кім? Көңіл Аңсайды балдырған күннің барлығын Достым Түсінем жабырқап жүрсін жалғанда Сағынышынмен Толтырып көңіл шамдығын Қайырмасы: Іздеймін шуақ шашқан таң нұрын Үзбеймін үмітімнің әр гүлің Сарғайып өткен күнді сағынсам Күздеймін төккен нөсер жаңбырын
  • Сенің осы ұнайды ұяңдығың Ұяңдықты сүйеді күй, ән-жырым Тазалықтан бейнесін жасап алып Ұяң қызға жинаймын қиял гүлін [Қайырмасы] Ұяласың, ұяласың Қыз әдебін есің жиі аласың Ару болса осындай ей жігіттер Басқа жанды қалайша сүйе аласың Бағың үшін бағындыр арманыңды Жақындатып жаныңа алма мұңды Қара түнді тілгендей жұлдыз сәуле Ұяңдықпен жарып өт жолдарыңды [Қайырмасы] Ұяласың, ұяласың Қыз әдебін есің жиі аласың Ару болса осындай ей жігіттер Басқа жанды қалайша сүйе аласың
  • Аңсаумен күткен таңдарым едің жүректе жанған Үміттің гүлін солдырма күнім аяулы арман Жаралдың кім үшін Қай жанның гүлісін? Көрдімде өзіңді Тарылды тынысым Үмітім тілегім Бір сен деп білемін Кеудеме сыймайды Дүрсілдеп жүрегім Жаным жаздай Сөзің балдай Қарай берем көзім талмай Аңсаумен күткен таңдарым едің жүректе жанған Үміттің гүлін солдырма күнім аяулы арман Қойсанда күттіріп Тосамын тік тұрып Мөп мөлдір көздерің Неткен бір тұп тұнық Сен бір күнім болып Шалықтап қалайын Мәңгілік бақытым Тек сені жырлаймын Жаным жаздай Сөзің балдай Қарай берем көзім талмай Аңсаумен күткен таңдарым едің жүректе жанған Үміттің гүлін солдырма күнім аяулы арман Жаным жаздай Сөзің балдай Қарай берем көзім талмай Аңсаумен күткен таңдарым едің жүректе жанған Үміттің гүлін солдырма күнім аяулы арман