Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песни под медленный танец на казахском языке.
Страница 8

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

Медляк

  • Кім бар сендей сұлулығы асқан Шұғыласын бар ғаламға шашқан Байқадың ба өзің жүрген жерлер Бұлттан кейін ашылғандай аспан Қайырмасы: Ұқсамайсың сен басқаға мүлде Толған айсың сүттей әппақ түнде Оранасың оянғанда көктем Боянасың қызыл жасыл гүлге Ай көркіндей ажарлысың-ау сен Бұйырасың біле алмадым кімге Бір күн шыдап жүрегімде арман Сені амалсыз ұшырамын қолдан Кім бар мендей ыстығыңа күйіп Кім бар мендей аязыңа тонған Қайырмасы: х3 Ұқсамайсың сен басқаға мүлде Толған айсың сүттей әппақ түнде Оранасың оянғанда көктем Боянасың қызыл жасыл гүлге Ай көркіндей ажарлысың-ау сен Бұйырасың біле алмадым кімге Бұйырасың біле алмадым кімге
  • Кеудемде бір қиял кезіп жүр Көрінбей кеткен әлі із Бар болсан қайтадан сезімді Өткенім өкпелемес Еркелеп жүрген кезің бір Есімнен кеткен емес Орала алмасан өзің біл Күзден соң көктем емес Өзің біл, өшпейтін сезім бол Қайырмасы: Кінәлай берме бекер бізді Үмітің ақ таңын атырады Әлі де кеш емес кеш емес екеуімізді Бақыттың бақыттың аралы шақырады бізді Жүрегім онсызда сезіп жүр Жоқ десем сенген емес Жыр ағып сөнбеген сезім бұл Бір маза берген емес Өкіне білгенде өзім бұл Ешкімнен көрген емес Көзімнің ішінде көзім жүр Көрмеуге көнген емес Өзім бол риясыз сөзім бұл Қайырмасы: Кінәлай берме бекер бізді Үмітің ақ таңын атырады Әлі де кеш емес кеш емес екеуімізді Бақыттың бақыттың аралы шақырады бізді Қайырмасы: Кінәлай берме бекер бізді Үмітің ақ таңын атырады Әлі де кеш емес кеш емес екеуімізді Бақыттың бақыттың аралы шақырады бізді Бақыттың бақыттың аралы шақырады бізді
  • Әр бақтың өз бұлбұлы бар Әр түннің өз жұлдызы бар Әр кімнің өз сүйгені бар Сенен басқа кімім бар Қолымда қызыл гүлім бар Жүректе аздап мұңым бар Өртеніп өтер түрім бар Сеннен басқа кімім бар Қайырмасы: Жақындап кетсем жандым, күйдім Өзіңдей жаным мәңгі суйдім Мына жер бетіне қалай сыйдым мен Армандайды жүрек сені іздейді Арамызда болсын теңіз мейлі От болып, шоқ болып сені сүйдім мен Арманға ай толы күнім бар Ұйқысыз өтпес түнім бар Өзіңе айтар сырым бар Сенен басқа оу кімім бар Қайырмасы: Жақындап кетсем жандым, күйдім Өзіңдей жаным мәңгі суйдім Мына жер бетіне қалай сыйдым мен Армандайды жүрек сені іздейді Арамызда болсын теңіз мейлі От болып, шоқ болып сені сүйдім мен
  • 1)Алиде бұл кеудеме толмаи арман жас конил еш нарсеге болмаи алан бейхабар жур едимгой махаббаттан 2 рет кол созып кушак жайган кандай адам 2)Киялым саулесимен дирилдеген Коктеги куним бекен кулимдеген Алде бир коктемдеги сандугашпа 2 рет Жанымды елжиреткен униңменен 3)Калайша журегимди арнай алам Мен оны жалгыз саган арнай алам Бейхабар жур едимгой махаббаттан 2 рет Дарига кушак жайган кандай адам
  • Бұл сұрапыл сағынышым Бал күндердің шырын шырын Таласым жоқ тағдыр ісі Сағыныппын шыным шыным Қайырмасы: Ақ бұлт аспан арасында Ақ парақ болып қаласынба Мәңгілік сезім махаббатым Сағыныш болып барасын ба Ақ бұлт аспан арасында Күнде шіркін көнбей жүрген Көп іздеді бірін бірін Саған маза берген үшін Жүрегім ғой тілім тілім Қайырмасы: Ақ бұлт аспан арасында Ақ парақ болып қаласынба Мәңгілік сезім махаббатым Сағыныш болып барасын ба Ақ бұлт аспан арасында Қайырмасы: Ақ бұлт аспан арасында Ақ парақ болып қаласынба Мәңгілік сезім махаббатым Сағыныш болып барасын ба Ақ бұлт аспан арасында
  • Ұялап Ішімде Мұң Мың Сұрақтың Ішіндемін Қоспайтын Шын Ғашығын Сезімді Түсінбедім Дауылмен Күзде Соққан Бағынып Бізде Соған Амалсыз Айрылдыққой Арманнан Біз Аңсаған Қайырмасы: Білмеймін Білмеймін Мұңаям Күлмеймін Кінәлі Бәріне Кінәлі Кім Деймін Білмеймін Білмеймін Мұңаям Күлмеймін Кінәлі Бәріне Кінәлі Кім Деймін Кеудеме Мұңды Тағып Барады Сырғып Уақыт Қол Бұлғап Кетті Неге Күтпестен Бізді Бақыт Жүректе Сөніп Арай Қалатын Көңіл Талай Шынайы Ғашықтарда Екенғой Өмір Солай Қайырмасы: Білмеймін Білмеймін Мұңаям Күлмеймін Кінәлі Бәріне Кінәлі Кім Деймін Білмеймін Білмеймін Мұңаям Күлмеймін Кінәлі Бәріне Кінәлі Кім Деймін
  • Тағдыр деген біреулер Жол дейді ғой шырғалаң Жүрек сені қалайды Мен қалайша құр қалам Ақ тамағым ән маған Сен едің ғой жыр маған Күндіз менің күлкімді Түнде ұйқымды ұрлаған Жүрегімді езесің Оны өзің де сезесің Ай жүрегім, жүрегім Бұған қалай төзесің Жарқыраған күнімсің Ақтамақ сен сұлусың Арман отын жағайық Жүрегіміз жылынсын Ақтамақ-ай, ақ тамақ Жоғаласың мақтап ап Елесіңді мен жүрмін Жүрегіме сақтап ап Ақтамақ-ай, ақ тамақ Жүрмін жолға көп қарап Қорқам сені біреулер Кете ме деп топтан ап Жүрегімді езесің Оны өзің де сезесің Ай жүрегім, жүрегім Бұған қалай төзесің Жарқыраған күнімсің Ақтамақ сен сұлусың Арман отын жағайық Жүрегіміз жылынсын
  • Тым алыстасың, жырақ ұшқансың Белгілі барсам құрақ ұшпасын Арнаған саған қалмаған шарам Аялдамадың арман аңсаған Қ-сы: Өткен күндер оралмас Сезім сол алғаш Енді өзі келер қайтейін Сендей бола алмас Жалғыздықтың бар шегі Әлі қанша еді Адасқанша ақылым сағынам сені Келер күндерге көнермін мен де Көзімнің алдын көмермін көлге Өтпелі арманым тек қана алдадың Өкіндірсең де жек көре алмадым Қ-сы: х2 Өткен күндер оралмас Сезім сол алғаш Енді өзі келер қайтейін Сендей бола алмас Жалғыздықтың бар шегі Әлі қанша еді Адасқанша ақылым сағынам сені
  • Сұрауы судың да бар тастың да бар Дүние қуғандарға қашқын болар барында Ата анаңды сыйламасаң жігіттер дүниенің астында қалады Жігіттер женің қайысса жаған қайсайып Несіне қу тірлікке алаңдайсын Жалғанда жар табылар бала бітер Жоғалтсаң ата анаңды таба алмайсың Қу тірлік арманынды отамасын Болашақ намыссыз деп атамасың Жігіттер ата анаңның хабарын біл Біреулер іздеп жүр ғой ата анасың Жігіттер теңге басты теңге басты Тұрғанда теңге жолытпай емде басты Сыйлап қал ата анаңды қуат барда Ішерсің бір күндері берген асты Жігіттер дүние деген қызыл түлкі Соңыннан ілескенді етер күлкі Разыға ата анасы, Алла разы Алланың таусылмайды берер мүмкіндігі Жігіттер жорға мінген жорға мінген Күн келер сол жорғаға зорға мінгенін Сыйла да ата анаңды жәннәтқа кір Дүниені Пайғамбардай барма білген Қу тірлік арманынды отамасын Болашақ намыссыз деп атамасың Жігіттер ата анаңның хабарын біл Біреулер іздеп жүр ғой ата анасың Жігіттер теңге басты теңге басты Тұрғанда теңге жолытпай емде басты Сыйлап қал ата анаңды қуат барда Ішерсің бір күндері берген асты
  • Аяулы жан ақтамақ арманым,сүйгенім Судай мөлдір,сүттей-ақ сендей жан көрмедім Үміт толы түндер,қайда қызыл гүлдер Сен қайда,мен қайдамын Тұру қайта құлау кім тоқтатар мынау Махаббаттың майданын Қайырмасы: Бейкүнә,бейкүнә,бейкүнә,бейкүнә жүрегім Күтуден талмайды Мен мына,мен мына өзіңе шын ғашық жүректі Жұбата алмаймын Ұстай берсем қолыммен алдайсың сағымдай Бара әлімді билеуші-ем барады бағынбай Саған ақ тілегін жасырмай жүрегім Ақ қанатын қақты мың Күлімдеп батты күн,қайдасың шаттығым Уайымдаймын ақ гүлім Қайырмасы: Бейкүнә,бейкүнә,бейкүнә,бейкүнә жүрегім Күтуден талмайды Мен мына,мен мына өзіңе шын ғашық жүректі Жұбата алмаймын Бейкүнә жүрегім Күтуден талмайды Мен мына,мен мына өзіңе шын ғашық жүректі Жұбата алмаймын Аяулы жан ақтамақ арманым,сүйгенім Судай мөлдір,сүттей-ақ сендей жан...
  • Сен маған көз ілмей жақсылық тіледің Әнім, ақ тілегім ұсынған жүрегім Ұл-қызың еңбегіңді жүз өтесін Жел соқса керегемді түзетесің Сезем ғой күндіз-түні кірпік ілмей Сен менің бақытымды күзетесің Сезем ғой күндіз-түні кірпік ілмей Сен менің бақытымды күзетесің Қ-сы Ана сен асылым, ана жанашырым Өмір шырағысың, мейірім бұлағысың Ана данамыз да, ана панамыз да Алла қуат беріп жүзге жет арамызда Сүй дедің елімді құшағын жайды ұлың Сен берген өнеге өмірлік байлығым Садақа шуақ толы жанарыңнан Ас өтпей алаңдайсың тамағыңнан Япыр-ай дүниеде қымбат бар ма Анаға ұл-қызының хабарынан Япыр-ай дүниеде қымбат бар ма Анаға ұл-қызының хабарынан Қ-сы х2 Ана сен асылым, ана жанашырым Өмір шырағысың, мейірім бұлағысың Ана данамыз да, ана панамыз да Алла қуат беріп жүзге жет арамызда
  • Шыдай алмай махабаттай таскынга, Кім біледі жүрек қылын бастыңба. Күліп ойнап қорғанады жауыннан, Екі ғашық қолшатырдың астында. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың Дала жауын құйды нөсер есіле, Жаным мұңды жасырайын несіне. Жауынды күн сел астына шыға ма, Суда қалсам, суда қалсам сен түсесің есіме. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың Баурағанда махаббаттың әуені, Сен екенсің жүрегімнің бар емі, Ойлап тұрсам екенсің-ау ақылды, Кете бардың, кете бардың жылы су боп әдемі. Ақылдым,ақылдым, Ақ жауында шақырдың. Сағындым ғой жалғыз тұрмын астында. Махаббаттай, махаббаттай,махаббаттай шатырдың
  • Күн сайын жаналап білгені Қуантар ағалап күлгені Шаттыққа ғана толсын деп жүрегі Өмірім мұңсыз болсын деп тіледім [Қайырмасы] Анамның аумай қалған көзі Тербейді аға деген сөзі Еркетай қарындасым қалқам Жалғанда ең жақыным өзің Үмітті жалғады жанарың Бағынның жанғанын қаладым Болсада сәтте сынаған төзімді Көрсетпесе екен, жылаған кезіңді Ағанның сол ғана арманы қарағым [Қайырмасы] Анамның аумай қалған көзі Тербейді аға деген сөзі Еркетай қарындасым қалқам Жалғанда ең жақыным өзің [Қайырмасы] Анамның аумай қалған көзі Тербейді аға деген сөзі Еркетай қарындасым қалқам Жалғанда ең жақыным өзің
  • Мен бір күрең күздеймін Неге күдер үзбеймін Қар астынан сен десе Қанатымды іздеймін Күлкің емес күлгенің Алғаш емес бұл менің Біздер жүрген бақта жалғыз Не істп жүрмін білмедім Қаиырмасы: Күндер өтті бір бірден Жолға қарап тұрмын мен Сол күндердің қаита оралмасын жаным кім білген-2рет Жазың айтты көздегі Діріл аитты сөздегі Торда ұстамаи дібер деп Сүйеді ол деп өзгені Көңілімнен жүз артты Жүгімнен мың аттың Түсін енді менде адаммын Менде сүйдім ұнаттым Қаиырмасы:4рет Күндер өтті бір бірден Жолға қарап тұрмын мен Сол күндердің қаита оралмасын жаным кім білген-2рет
  • Жаз өмірді тырысам күз етуге Сен екенсін жалғайтын үзетін де Жарқырасан сен жақтан күн өтуде Жақындасам жүректен сыз өтуде [Қайырмасы] Жаз өмірді тырысам күз етуге Құстар ұштым араны түзетуге Не істемекпін көз ілмей сендік жүрек Махаббатты сақшыдай күзетуде Не істемекпін көз ілмей сендік жүрек Махаббатты сақшыдай күзетуде Байқаймысысн өткен жоқ Таусылмайды сыйласытқ ізетімде Кел қарағым қыры бұлт келмей тұрып Көк аспанды бөлейік біз екіге [Қайырмасы] Жаз өмірді тырысам күз етуге Құстар ұштым араны түзетуге Не істемекпін көз ілмей сендік жүрек Махаббатты сақшыдай күзетуде Не істемекпін көз ілмей сендік жүрек Махаббатты сақшыдай күзетуде Қандай жазу білмеймін мандайда тұр Бізге бақыт мен білсем шалғайда тұр Жаз өмірді тырыссам күз етуге Болмай жатыр қайтейін болмай жатыр [Қайырмасы] Жаз өмірді тырысам күз етуге Құстар ұштым араны түзетуге Не істемекпін көз ілмей сендік жүрек Махаббатты сақшыдай күзетуде Не істемекпін көз ілмей сендік жүрек Махаббатты сақшыдай күзетуде
  • Барша мұңды қарап білші көзіме Сене берме айналаңның сөзіне Мен қыздарға көз салсам да Қарадым жетепейді деп айту үшін өзіңе [Қайырмасы] Мен саған жақынмын Түсірмеймін бағасын алтын затыңның Жүзіңді көру үшін таңды да атырдым Түсімде көру үшін түнді батырдым, батырдым Мен саған жақынмын Сенің жаныңда батыр, сері, ақынмын Сенің арқаңда мемлекеттің кішкентай Патшасына айналып келе жатырмын Сен жайында көрген тәтті әр түсім Сөздеріңнен сезім иісі аңқысын Әлі күнге бақыт іздеп жүрмін мен Саған бөліп беру үшін жартысын [Қайырмасы] Мен саған жақынмын Түсірмеймін бағасын алтын затыңның Жүзіңді көру үшін таңды да атырдым Түсімде көру үшін түнді батырдым, батырдым Мен саған жақынмын Сенің жаныңда батыр, сері, ақынмын Сенің арқаңда мемлекеттің кішкентай Патшасына айналып келе жатырмын [Қайырмасы] Мен саған жақынмын Түсірмеймін бағасын алтын затыңның Жүзіңді көру үшін таңды да атырдым Түсімде көру үшін түнді батырдым, батырдым Мен саған жақынмын Сенің жаныңда батыр, сері, ақынмын Сенің арқаңда мемлекеттің кішкентай Патшасына айналып келе жатырмын
  • Өз қалауың таңдауың Енді мендік болмауың Жолың болсын, биік болсын самғауың. Бөгемедім жолыңды Сенікі де орынды Сондықтан созбаймын қолымды. Қайырмасы: Жек көрме кектенбе Өкпелеме өткенге Мен қош бол деп айтқан жоқпын Саған кеткенде. Жек көрме кектенбе Күзде сұлу көктемде Махаббат ғажабы Арманға жетпеуде. Қарамасаң қарама Жараласаң жарала Мен ғана емес жаралы бұл қалада. Сезіміңнің солғаны Заңдылық қой ол дағы Жек көріп кетпесең болғаны. Қайырмасы: Жек көрме кектенбе Өкпелеме өткенге Мен қош бол деп айтқан жоқпын Саған кеткенде. Жек көрме кектенбе Күзде сұлу көктемде Махаббат ғажабы Арманға жетпеуде.
  • Ұнатып ем мен сені нəзік гүлге теңеп Ұнатып мен сені шуақты күнге теңеп Қыс келді көктем өтті Сол бір сезім текке кетті Өмір өкпелетті мені Қайырмасы Мұңлы жанарың Жоқ ғой амалым Қош бол бақыт құс Қимай сені барамын Сүйем дедім мен сені Сезім тербеп еді Сүйем дедім мен сені Тағдыр бөлеп еді Күн суып ыстық арман Сары жапырақ түсті жалған Құстай ұшты арман алыс Қайырмасы Мұңлы жанарың Жоқ ғой амалым Қош бол бақыт құс Қимай сені барамын Жанымды күнге бөлеп саған сенем көктем Құстары əнге бөлеп қайта келер көктем Аялдамас қыста өтер Жанға салқын ызғар өтер Келер көктем келер көктем келер... Қайырмасы Мұңлы жанарың Жоқ ғой амалым Қош бол бақыт құс Қимай сені барамын
  • Сен қаласаң да, мен қаласам да Ұмыта алмайсың сен мені Айға барсаң да, қайда барсаң да Ұмыта алмайсың сен мені Ақ гүлің болсын, шаттығың болсын Махаббат сол ғой жердегі Заңдылық бәрі ән болып тағы Өткен күн мені тербеді Қайырмасы: Кел деме, қызыл гүл алып кел деме, Қызарып атқан таңдарға Менімен бірге ер деме. Менде де, кінә бар бірақ сенде де Ұялап үміт тағы да Өзіңді өзің тергеме Көктегі Күнмен, көктемгі гүлмен Сырласам кейде сен жайлы Аспанда Аймен көңілсіз жаймен Сырлас екенсің мен жайлы Сенде сырласпа, менде сырласпан Бақытың сенің жансыншы Естелік гүлдер, ескіріп күндер Тәтті мұң болып қалсыншы.
  • Ақ бұлттардай аппақ сезімді көрдім Ақ сезімге айырбастап өзіңді көрдім Өкінбедім жаным сені аңсап келгенде Мөлдіреген-ай, мөлдіреген-ай Мөлдіреген көзіңді көрдім Мөлдіреген-ай, мөлдіреген-ай Мөлдіреген көзіңді көрдім Күдері жаураған бақта Қарауға суретің жоқта Өзіңді көргім келгенде Қара жол қатайған шақта Жүргенде жүрегім сыздай Ерітіп жанымды мұздай Жұлдызым оң болып, Періштем сен болып есік аштың Өмірдің осынау балың Болайын арайлы таңың Көрейін аманатым деп Құлпырып жайқалсын бағың Жақсылық бір адым болып Сен разы болғайсын жаным Мені аппақ сезіммен өмірімді өзіңмен бірге қостым Бақытқа бір өзіңмен қадам бастым Өмір бойы сүйем дедің сөзіңе сендім Бақыт деген білем дедім соңынан ердім Ақ отаудың түндігіннен нұр болып құйған Ақ періштемсін, ақ періштемсін Ақ періштем бақыт болып енген Ақ періштемсін, ақ періштемсін Ақ періштем бақыт болып енген Күдері жаураған бақта Қарауға суретің жоқта Өзіңді көргім келгенде Қара жол қатайған шақта Жүргенде жүрегім сыздай Ерітіп жанымды мұздай Жұлдызым оң болып, Періштем сен болып есік аштың Өмірдің осынау балың Болайын арайлы таңың Көрейін аманатым деп Құлпырып жайқалсын бағың Жақсылық бір адым болып Сен разы болғайсын жаным Мені аппақ сезіммен өмірімді өзіңмен бірге қостым Бақытқа бір өзіңмен қадам бастым Мөлдіреген-ай, мөлдіреген-ай Мөлдіреген көзіңді көрдім Мөлдіреген-ай, мөлдіреген-ай Мөлдіреген көзіңді көрдім Мөлдіреген көзіңді көрдім
  • Қайдасын ақ самал сенің шаштарын менімен ойнасын Қайдасын ақ гүлдер сені көріп тағы жайнасын Қайдасын бізге арнап сандуғаш бір ән сайрасын Екеуімізді екеуімізді әлі бірге деп ойласын [Қайырмасы] Қайдасын Өтті ғой күндер сен оралмайсын Қайдасын Өтті ғой жылдар сен жылымайсын Қайдасын қайдасын Ойдасын Сен жүрегімде жасырып қойған жайдасын Мендегі қамның көрденбе неден қайнасын? Екеуіміз бағаламаған аяламаған ақ бақыт Білемін лалагүл ұстап құшағын қайта жаймасын Қайдасын жүзінде қайда басыннан бағын таймасын Қайдасын екеуімізденде асырды уақыт айласын Мен жүрмін ойлауға ауыр әр күні дауыл сол шаққа Түсінбей түсінбей жүректің неге тоймасын [Қайырмасы] Қайдасын Өтті ғой күндер сен оралмайсын Қайдасын Өтті ғой жылдар сен жылымайсын Қайдасын қайдасын Ойдасын Сен жүрегімде жасырып қойған жайдасын Мендегі қамның көрденбе неден қайнасын? Екеуіміз бағаламаған аяламаған ақ бақыт Білемін лалагүл ұстап құшағын қайта жаймасын Екеуіміз бағаламаған аяламаған ақ бақыт Білемін лалагүл ұстап құшағын қайта жаймасын Қайдасын қайдасын Екеуіміз бағаламаған аяламаған ақ бақыт Білемін лалагүл ұстап құшағын қайта жаймасын Екеуіміз бағаламаған аяламаған ақ бақыт Білемін лалагүл ұстап құшағын қайта жаймасын
  • Бір ғана, айтарым саған бір ғана, Ұйқымды енді ұрлама. Түсімде күліп келмей-ақ қой. Тыңдама, сағындым десем тыңдама, Бара бер қолды бұлғама. Сүйемін десем, сенбей-ақ қой. Сезім отына күйіп жатсам да Көңіл бөлмей-ақ қой. Қайырмасы: Сен неге жолықтың мендей пендеге Жер беті дейтін бөлмеде. Кететін болсақ қосыла алмай Мен неге қалардай болып сен келе Атыңды жазып кеудеме Жүрмін өшіре алмай. Алданба сен де енді жаным алданба Орындалмайтын арманға Аялдамам ғой деп қарашы. Жандар да жүрекпен сүйген жандар да Жолда қалады жалғанда Жалғана алмайтын екі арасы Біздің бақытқа пәтер бермейді Махаббат қаласы. Қайырмасы: Сен неге жолықтың мендей пендеге Жер беті дейтін бөлмеде. Кететін болсақ қосыла алмай Мен неге қалардай болып сен келе Атыңды жазып кеудеме Жүрмін өшіре алмай.
  • Мұң өмір шынын айтқанда Күте алмай құстар қайтқанда Ойланып достар жатқанда Бас тарттын өзгеруден сен Кездескен сары алтын бақта Ұяндық билеген шақта Айтпаған сөздеріме Өкінген кездерімде Түсіндін көздерімнен сен [Қайырмасы] Жаным мен сені ұнатамын Бір күн күткенмін тан атарын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын Жүректің оттығы сенен Сен болсан мұз жарды кемем Сен барда түспеймін төмен Қайтадан мен саған сенем Бұл әнді ғұмырда аз қып Жұлдызбен мен көкке жаздым Өмірде артты тұман Адаспай бақытымнан Өзіңмен бір болсам дедім [Қайырмасы] Жаным мен сені ұнатамын Күткем Бір күн тан атарын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын [Қайырмасы] Жаным мен сені ұнатамын Күткем бір күні тан атарын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын Келгем тек саған өмір бойы Ашып ақ жүрек ақ отауын
  • Алғашқы жауған ақ қардай Еріді сезім сақталмай Тек сағыныш бар бейне әлі Мекен жайы жоқ хаттардай Арман қуып кетейік Жалған күліп өтейік Шынайы бақыт тапқандай [Қайырмасы] Тәтті түстей арай елес Алыстасанда жоғалма Сені сүю оңай емес Ұмыту қиын оданда Тәтті түстей арай елес Алыстасанда жоғалма Сені сүю оңай емес Ұмыту қиын оданда Тілегім саған айтар шын Гүлденсін бағын жайқалсын Сені адал сүйгенімді Бір күні өзің байқарсын Өткен күн ай қанша Мен жайлы сұрай қалса Танымаймын деп айтарсын [Қайырмасы] Тәтті түстей арай елес Алыстасанда жоғалма Сені сүю оңай емес Ұмыту қиын оданда Тәтті түстей арай елес Алыстасанда жоғалма Сені сүю оңай емес Ұмыту қиын оданда [Қайырмасы] Тәтті түстей арай елес Алыстасанда жоғалма Сені сүю оңай емес Ұмыту қиын оданда Тәтті түстей арай елес Алыстасанда жоғалма Сені сүю оңай емес Ұмыту қиын оданда
  • Сен мұз таудай тоң болмасаң Бір көрінші ең болмаса Ай күлмейді балқымайды Жай гүлдерде толқымайды Жанымда сен болмасаң қайырмасы: Іздеймін өткен күннен айналған сағымдарға Мен сені сағынамын кеудемде жаным барда Мен өзіңді күтіп жүрмін жалғасып таңым таңға Сен келер деп сан шыдадым Көз сағыныш тамшылары жай жанымнан жырақтаттым қай мекеннен тұрақ таптын Сағындым келші жаным қайырмасы: Іздеймін өткен күннен айналған сағымдарға Мен сені сағынамын кеудемде жаным барда Мен өзіңді күтіп жүрмін жалғасып таңым таңға
  • Тулайды жүрек тулайды Махаббат жырын жырлайды Сөзі бал жаны жақұттан Сендей жан енді тумайды Сөзі бал жаны жақұттан Сендей жан енді тумайды [Қайырмасы] Өзіңмен арманым кетті Көзімнің қарасындай Сыңары сыңарын тапты Аққудың баласындай Жылайды жүрек жылайды Жан сырын сақтай алмай Тулайды жүрек тулайды Тулайды тоқтай алмай Тулайды жүрек тулайды Ұйқымды күлкің ұрлайды Кім сезіп менің күйімды Жүректі кімдер тыңдайды Кім сезіп менің күйімды Жүректі кімдер тыңдайды [Қайырмасы] Өзіңмен арманым кетті Көзімнің қарасындай Сыңары сыңарын тапты Аққудың баласындай Жылайды жүрек жылайды Жан сырын сақтай алмай Тулайды жүрек тулайды Тулайды тоқтай алмай
  • Дүрсілдейді жүрегім Көз ұшында дидарың Есімде жазылған тым ерекше Сезім гүлің сыйладын Елес болдын сол кеште Естелігім бұл әнім Тілеймін тағыда сол гүлменен жарқ етсен деп бір жаным Ұмытпаймын ұмыта алмаймын Ұмытпа мені Қайырмасы: Армандап дәл бұлай жүре беру Қиялменен құр өмір сүре беру Мүмкін емес жаным Мүмкін емес Болама дәл бұлай ғашық ету Арада бар көпір Аттап өту мүмкін емес жаным Мүмкін емес жаным Мүмкін емес жаным Күні түні іздегенменен Күрсінбейді көздерім Бұл гүлдер солмайды Мәңгі деген есте қалды сөздерің Гүлдей нәзік ұяным Ұяласын сезгенім Жүрегім ешқашан өшірмейтін Періштесін сен маған Ұмытпағын тек мені жаным Ұмытпа мені Қайырмасы: Армандап дәл бұлай жүре беру Қиялменен құр өмір сүре беру Мүмкін емес жаным Мүмкін емес Болама дәл бұлай ғашық ету Арада бар көпір Аттап өту мүмкін емес жаным Мүмкін емес жаным Мүмкін емес жаным Қайырмасы: Армандап дәл бұлай жүре беру Қиялменен құр өмір сүре беру Мүмкін емес жаным Мүмкін емес Болама дәл бұлай ғашық ету Арада бар көпір Аттап өту мүмкін емес жаным Мүмкін емес жаным Мүмкін емес жаным
  • Неге маған мұң шақтың Төгілдім мен жыр ән болып Бұл сезімге мұң шақтым Сенің тәтті кінәм жоқ Жүрекке әмір жүргізбес ән бұл Мені кінәлама Қайырмасы: Ғашық жүрек таңғажайып гүлім Ән шырқасам болады ғайып мұңым Сүйетін жүректерді жаратқанын Сүйе бер жаным сүйе бер сүйе бер Ғашық жүрек не дейсін жарасысқан Мұнар болған мұңсызым шыдашы сәл Жауапсыз қалсадағы махаббатым Сүйе бер жаным сүйе бер мені, Сүйемін сені Тек жақсылық амалдар Жасайықшы кел күнім Жер бетінде адамдар Жақсы көрсін бір бірін Өмірсін әнім көзімнен бәрін көрген қандай бақыт Қайырмасы: Ғашық жүрек таңғажайып гүлім Ән шырқасам болады ғайып мұңым Сүйетін жүректерді жаратқанын Сүйе бер жаным сүйе бер сүйе бер Ғашық жүрек не дейсін жарасысқан Мұнар болған мұңсызым шыдашы сәл Жауапсыз қалсадағы махаббатым Сүйе бер жаным сүйе бер мені, Сүйемін сені Қайырмасы: Ғашық жүрек таңғажайып гүлім Ән шырқасам болады ғайып мұңым Сүйетін жүректерді жаратқанын Сүйе бер жаным сүйе бер сүйе бер Ғашық жүрек не дейсін жарасысқан Мұнар болған мұңсызым шыдашы сәл Жауапсыз қалсадағы махаббатым Сүйе бер жаным сүйе бер мені, Сүйемін сені
  • Адамға ұқсайтын аққуым едің Жүрегімді мекендеген Бал қосқан шәрбаттай тәттім менің Шың бақытты етемін деген Бір сиқырмен байлап алдың Түсіресін куүйге қандай Сені бір сәт ойламауды Қойдым ғой үйрене алмай [Қайырмасы] Сүйемін, әуреге салсаң да шыдармын Сол үшін жаралған шығармын Сүйемін, сүйемін Сүйемін, жаныңа жат ұялай көрме Жасырмай айтам бар әлемге Сүйемін, сүйемін Өзің деп ойянам енді әрқашан Талай уақыт әлі өтер Жұмыр жер бетінде сен болмасаң Басқасының бәрі бекер Адаспаған бақытынан, ақ арманын ұрлатпаған Жалғанның бар жақұтынан Кірпігің қымбат маған [Қайырмасы] Сүйемін, әуреге салсаң да шыдармын Сол үшін жаралған шығармын Сүйемін, сүйемін Сүйемін, жаныңа жат ұялай көрме Жасырмай айтам бар әлемге Сүйемін, сүйемін [Қайырмасы] Сүйемін, әуреге салсаң да шыдармын Сол үшін жаралған шығармын Сүйемін, сүйемін Сүйемін, жаныңа жат ұялай көрме Жасырмай айтам бар әлемге
  • Жанардан ақса тамшылар Шын сағынса да жан шыдар Барлық адамда жүрегі сүйген Келмейтін бір жан бар шығар Қайырмасы: Бар бәлкім бір жан барлығымызда Көнбейді жүрек жарлығымызға Болады бәрі тағдырымызға орай Елесі болып сағым кел дейді Бақыттың гүлін бағым бермейді Уақыт жаралы жанымды емдейді солай Сырғиды уақыт сынаптай Үміт сөнбейтін шырақтай Бақытты болсақ болмай ма әлде Ешкімнің жанын жылатпай