Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Ұқсамайсың сен басқаға мүлде»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Кім бар сендей сұлулығы асқан
Шұғыласын бар ғаламға шашқан
Байқадың ба өзің жүрген жерлер
Бұлттан кейін ашылғандай аспан

Қайырмасы:
Ұқсамайсың сен басқаға мүлде
Толған айсың сүттей әппақ түнде
Оранасың оянғанда көктем
Боянасың қызыл жасыл гүлге
Ай көркіндей ажарлысың-ау сен
Бұйырасың біле алмадым кімге

Бір күн шыдап жүрегімде арман
Сені амалсыз ұшырамын қолдан
Кім бар мендей ыстығыңа күйіп
Кім бар мендей аязыңа тонған

Қайырмасы: х3
Ұқсамайсың сен басқаға мүлде
Толған айсың сүттей әппақ түнде
Оранасың оянғанда көктем
Боянасың қызыл жасыл гүлге
Ай көркіндей ажарлысың-ау сен
Бұйырасың біле алмадым кімге

Бұйырасың біле алмадым кімге

Другие песни исполнителя:

  • Енді көрмеймін мөлдір көзіңді жанымды баураған Енді сезбеймін сол бір сезімді биікке самғаған Жүрегім бірақ, жүрегім бірақ әлі сен дейді Алыстап менен кеткеніңе шын жаным сенбейді Қайырмасы: Тым болмаса сүйемін деп алда, мені алда Тым болмаса күтемін деп алда, мені алда Көнемін үнсіз алдауыңа да амалым барма Білмеймін сенсіз күтеді нелер жанымау алда Болашағымды сенімен бірге болар ма деп ем Өзіңсіз мына кеудемде сөнбес арманға сенем Жүрегім бірақ, жүрегім бірақ әлі сен дейді Алыстап менен кеткеніңе шын жаным сенбейді Қайырмасы: Тым болмаса сүйемін деп алда, мені алда Тым болмаса күтемін деп алда, мені алда Көнемін үнсіз алдауыңа да амалым барма Білмеймін сенсіз күтеді нелер жанымау алда
  • Жанымнан ұшпа, жанымнан ұшпа Жаным-ау маған сен керексің жазда да, қыста. Жазда да қыста, жанымнан ұшпа Адасып қалам сен болмасаң қолымнан ұста Қолымнан ұста, шыдай алмаймын Жанымнан ұшпа мен сағынышқа. Қайырмасы: Өзендей өмір ағады, Алыстап арман барады. Жыр болып аппақ параққа, Жүректің жасы тамады. Сен кіммен астың белестен, Мен саған ғашық емес пе ем. Күнде де, түнде, күнде де түнде Күлімдеп жүргін күнде де түнде қайғыны білме Қайғыны білме, мойыма мүлде Соқса да дауыл, жауса да жауын мойыма мүлде Мойыма мүлде айдында шолып аққумен бірге Бақытты күнде көктемде гүлде күзде де гүлде. Қайырмасы: Өзендей өмір ағады, Алыстап арман барады. Жыр болып аппақ параққа, Жүректің жасы тамады. Сен кіммен астың белестен, Мен саған ғашық емес пе ем.
  • Жылама махаббат жылама Саған жылауға болама Екеумізді тағдыр қоспады-ай Махаббатсыз өмір бола ма Аспанда тырналар барады Әуенге бөлеп даланы Сыңсуын айтқан сұлудай Ақ бұлттан алқа тағады Қалдыма басқа амалы Толдыма жасқа жанары Сеніңде бағың солардай Болдыма жаның жаралы Қ-сы: Жылама махаббат жылама Саған жылауға болама Екеумізді тағдыр қоспады-ай Махаббатсыз өмір бола ма Шаттығы емдеп жаныңның Татті үні тербеп анімнің Сол күнді аңсап сабылдым Соңыңнан еріп сағымның Жанымды өртеп жалын мұң Жанартау болып жарылдым Қайдасың кайда кадірлім Сағындым сені сағындым
  • Сөнбесе деп өмірде жанған бағым Үлгі тұттым қазақтың тарландарын Сахынаның еркесі Нұр-Мұқасан Ағамыздай болсам деп армандадым Ақ тілегін ағаңда жасырмасын Жалындап жарқылдайтын жасыңдасын Ел тілегі еңсеңді биіктетіп Бүгін міне ағаңның қасындасын Қайырмасы Көрермен қолын соғатын Өнерпаз жанын салатын Толқынды толқын жалғасын Қазақтың әнін салатын Замандар алмастыратын Жоғалтып алмас мұратын Ағаның інісі болсын Арманын жалғастыратын Сүйсіндірген көрсетсе самғауларын Ұлтым деген таныдым нарлар барын Досымжан мен Саяттай ағалардың Биігіне жетсем деп армандадым Ел көңілін алмасын ер жүдетіп Қазақ сырын баршаға бер жыр етіп Бізді жолды ертеңге сен жалғайсың Тыңдаушының жүрегін елжіретіп Қайырмасы Көрермен қолын соғатын Өнерпаз жанын салатын Толқынды толқын жалғасын Қазақтың әнін салатын Замандар алмастыратын Жоғалтып алмас мұратын Ағаның інісі болсын Арманын жалғастыратын Ерітетін тасты да салған да әнін Алашынан алғыстың алған бәрін Мейрамбек пенТоқтардай
  • Еркімді еңселеп ертегі сезім Жүректі тербейсің еркем бір өзің Жайдарлы жүзіңе жарасып тұр-ау Сымбатың, қылығың, көркем мінезің Қ-сы Таусылмас теңеуім, Өмірлік өлеңім Тұңғиық тереңім, Әнім- жаным, бағым сен едің Әнім- жаным, бағым сен едің Ән жаздым ұйқымның мың таңын ұрлап Жүр қазір сол әнді жұрт әлі тыңдап Сен үшін сезімнің іңкәрі жұмбақ Мен үшін шашыңның бір талы қымбат Қ-сы Таусылмас теңеуім, Өмірлік өлеңім Тұңғиық тереңім, Әнім- жаным, бағым сен едің Әнім- жаным, бағым сен едің Бағым сен едің Бағым сен едің Үмітпен нұрланар таңдарым алда Алдағы арманның алдары бар ма Өзіңдей бақ құсым қондырса қолға Біздердей серінің арманы бар ма Қ-сы х2 Таусылмас теңеуім, Өмірлік өлеңім Тұңғиық тереңім, Әнім- жаным, бағым сен едің Әнім- жаным, бағым сен едің