Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Ана»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сен маған көз ілмей жақсылық тіледің
Әнім, ақ тілегім ұсынған жүрегім
Ұл-қызың еңбегіңді жүз өтесін
Жел соқса керегемді түзетесің
Сезем ғой күндіз-түні кірпік ілмей
Сен менің бақытымды күзетесің
Сезем ғой күндіз-түні кірпік ілмей
Сен менің бақытымды күзетесің

Қ-сы
Ана сен асылым, ана жанашырым
Өмір шырағысың, мейірім бұлағысың
Ана данамыз да, ана панамыз да
Алла қуат беріп жүзге жет арамызда

Сүй дедің елімді құшағын жайды ұлың
Сен берген өнеге өмірлік байлығым
Садақа шуақ толы жанарыңнан
Ас өтпей алаңдайсың тамағыңнан
Япыр-ай дүниеде қымбат бар ма
Анаға ұл-қызының хабарынан
Япыр-ай дүниеде қымбат бар ма
Анаға ұл-қызының хабарынан

Қ-сы х2
Ана сен асылым, ана жанашырым
Өмір шырағысың, мейірім бұлағысың
Ана данамыз да, ана панамыз да
Алла қуат беріп жүзге жет арамызда

Другие песни исполнителя:

  • Толқумен күн кешіп қиялмен тілдесіп елестей елігіп ертеңіме Көңілді шуақты мұң басқан сияқты өкініш өзекті өртеді ме Көңілді шуақты мұң басқан сияқты өкініш өзекті өртеді ме Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай Жаныма егізім саумалдай лебізің қиялға қанатты сермесеңші Сыйлашы қуаныш көңілге жұбаныш үміттің бесігін тербетсеңші Сыйлашы қуаныш көңілге жұбаныш үміттің бесігін тербетсеңші Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай Өзіңсің шаттығым бақытым пәк күнім жүректің не дерін білмейсің бе Сезімді бал шырын сыйлаған алтыным шынымен сағынбай жүр дейсің бе Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай
  • Есіңде ме жеңеше-ей біздің ағай, Сырласып отырушы едік біз құда дай! Қанды балақ соғысты - оуу, қарғы сатсын, Қайран жеңгем шырқыңды бұзыды қалай?! Су сұрасам, сүт берген, айран берген! Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем, Қарғаның валетіндей едірейіп. Қасыңа мына біреу қайдан келген?! Қайран жеңгем! Өзің болсаң тымағат ойланғайсың, Басыңа бақыт емес, қайғы алғансың. Бұқалықта тұрмайтын, асау едің, Қара мұртқа қалайша байланғансың?! Су сұрасам, сүт берген, айран берген! Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем, Қарғаның валетіндей едірейіп. Қасыңа мына біреу қайдан келген?! Қайран жеңгем! Жүруші еді ауылың мақтан етіп, Аяққа киіп алып саптан етік. Талайларды жүруші ең аттап өтіп, Талайларды кетуші ең таптап өтіп. Су сұрасам, сүт берген, айран берген! Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем, Қарғаның валетіндей едірейіп. Қасыңа мына біреу қайдан келген?! Қайран жеңгем! Қартайып қалыпсың-ау қайран женгем, Кайғыға мойымаушең кайдан келген, Сағынып жүр ме екенсің ардақтым-ау Баяғы жастығыңды майданда өлген. Қайран жеңгем!
  • 1. Арманыма неге қостым? Саған дұшпан, саған доспын. Гүлдеріммен қызыл, қызыл Жолдарыңды неге тостым? Мына жүрек тіл алмайды, Сені есінен шығармайды. Қайда десем мекеніңді Аңда, құста біле алмайды. Қайырмасы: Ұмыттың ба, ұмыттың ба сен мені? Өмір бəрін, уақыт бəрін емдеді. Үміт жүгін артып келем, Оралсаңшы қорқып келем. Сені өзгеден артық көрем, білмеймін. Арамызға жылдар салып, Жолсыздарға жолдар салып, Мен өзіңді бұл күндері іздеп келем. 2. Бір қарашы толған айға Саған бір ой сыйламай ма? Бір күндері көктем келіп, Жүрегіңді қинамай ма? Аңдап баспай, абайламай Жан дүниемнің тоналғаны-ай. Енді ұмыта бергенімде Құстардың да оралғаны-ай. Қайырмасы: Ұмыттың ба, ұмыттың ба сен мені? Өмір бəрін, уақыт бəрін емдеді. Үміт жүгін артып келем, Оралсаңшы қорқып келем. Сені өзгеден артық көрем, білмеймін. Арамызға жылдар салып, Жолсыздарға жолдар салып, Мен өзіңді бұл күндері іздеп келем.
  • Намысы байлығы Ақылы достай Асқардай айбыны Тақымы тастай Қасынан қашпай Ертенде үміті Жаулаған жалын Қазақтың жігіті Лаулаған жалын Есімін түрлі елде Төрге жазатын Арғымақ мінгенде Желден озатын Елім деп ерлейді сұлбасы нардай Еркейіп көрмеген тұлғасы таудай [Қайырмасы] Қазақтардың жігіттері Бабамыздың көзі Қазақтардың жігіттері Данамыздың сөзі Жасқанбай қараған Оқпенен отқа Қазақтың ұлдары Қазақтың өзі Туғанмен аумағын байтақ ететін Егескен жауларын Жайпап өтетін Көлдей терең Айға ұмтылса Алыс көрмейтін Отанға күн туса Намыс бермейтін Саналы қас дара Өлсе келмейтін Алладан басқаға Есеп бермейтін Адалдың ұраны жыр әнім бәрі Ұлтымның тұмары қыран ұлдарым [Қайырмасы] Қазақтардың жігіттері Бабамыздың көзі Қазақтардың жігіттері Данамыздың сөзі Жасқанбай қараған Оқпенен отқа Қазақтың ұлдары Қазақтың өзі [Қайырмасы] Қазақтардың жігіттері Бабамыздың көзі Қазақтардың жігіттері Данамыздың сөзі Жасқанбай қараған Оқпенен отқа Қазақтың ұлдары Қазақтың өзі Қазақтың жігіттері
  • Аңсатқан айлы жаз кешінде Кешігіп келіп кездесуге Кешір дегенің, есімде менің Махаббат мұңын ұғыншы деп Көргенде мені күлімсіреп Жаным дегенің, жадымда менің Қайырмасы: Мен сені ұмытпаймын, Сезімді саған деген суытпаймын Өзіңсіз ой да мені Ай да әдемі жылытпайды Ұмытпа сенде мені, Мен сені ұмытпаймын. Түсіндім мен де бұл шындықты Сендегі ұзақ үнсіздікті Өкпелегенің, кетпе дегенің Сезімді нәзік елжіреген Көзіңді сенің мөлдіреген Ұмыта алмадым, үміт арманым.