Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Мен сені сағынамын»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сен мұз таудай тоң болмасаң
Бір көрінші ең болмаса
Ай күлмейді балқымайды
Жай гүлдерде толқымайды
Жанымда сен болмасаң

қайырмасы:
Іздеймін өткен күннен айналған сағымдарға
Мен сені сағынамын кеудемде жаным барда
Мен өзіңді күтіп жүрмін жалғасып таңым таңға

Сен келер деп сан шыдадым
Көз сағыныш тамшылары
жай жанымнан жырақтаттым
қай мекеннен тұрақ таптын
Сағындым келші жаным

қайырмасы:
Іздеймін өткен күннен айналған сағымдарға
Мен сені сағынамын кеудемде жаным барда
Мен өзіңді күтіп жүрмін жалғасып таңым таңға

Другие песни исполнителя:

  • Сенің осы қабағың-ай Қарақаттай жанарың-ай Жасандылық жасауға да Жасқанатын қарағым-ай Сенбейсің бе сенесің бе Сағынғанда келесің бе Сақтап жүрген жан бар деп бір Күндіз түні сені есінде Қайырмасы: Сүйем деші тағы мені Саған сырым мәлім еді Жүрегімнің сақтаушысы Жанымның дәрігері Сүйем деші тағы мені Сен деп салған әнім еді Бар дертіме дауа тапқан Жанымның дәрігері Ертеңгі күн елес арман Күтер қанша белес алдан Тағдырыма қарыздармын Сені маған бере салған Талайлардың арманысың Адал құсым алданышым Сен мұңайма ешқашан да Мені ұмытып қалмау үшін
  • 1.Әулие мен абызын Бақыт қылған қазағым Домбыра мен қобызын Шабыт қылған қазағым Айдыны мен бұлағын Суат қылған қазағым Тұлпары мен қыранын Қуат қылған қазағым қайырмасы: Қазағым,қазағым оралмасын азабың Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай Қазағым,қазағым сарқылмасын өз әнің Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай 2.Отырса да есекте Қасып толған қазағым Аруына бесікке Ғашық болған қазағым Жазылмайтын уәдесі Қазық қылған қазағым Жазылмайтын кәдесін Азық қылған қазағым қайырмасы: Қазағым,қазағым оралмасын азабың Тарқамасын базарың қайсар халқым-ай Қазағым,қазағым сарқылмасын өз әнің Бұзылмасын ажарың дархан халқым-ай 3.Ақылы мен тақымын Суытпаған қазағым Ақыны мен батырын Ұмытпаған қазағым Қара сөзден шешенді Ескермеген қазағым Елін сүйген көсемін Қастерлеген қазағым
  • Ойлап келдім, сағына балар сен үшін бағыма, Сен біреуін таңда, жаңылма, Қызылы да сары ағы да бар. Ұнат мені, ішіңмен жанға жақындау түсіме, Мен сезімді сонда сенбеді, Ай қыз, баяығы жаным түсіме. Қайырмасы: Оттай жүрек сөнді ме? Бүр жарармысың менімен бірге? Бұл сұрақтың жауабы сен таңдаған сол гүлде. Сене аламысын саған күнде асығам, Күнде асығам, жүрек шын ғашық ау. Бұрмасын әсеммен мойынды, Сағынтып сары гүлді ұсыну. Қиналам түсін, несіне сыр жасырам, Біл, досым барсын ба сыңға шыдар? Гүл бар шығар ақ таңда әдемі, Қарашы, жаным тұрған шығар. Көпке ұзатпа, аздап бағыңдар жаймен, Дос па, жат па, күн өткіздік не оймен. Ақылдым, тәттім, тәттім сезімімді жақтың, Жақсы көремін қатты. Өтінемін, қалшы жанымда әзер таптым, Ұсақтайн деп тұр ау мұң қарақшы, Тағдырды екі бөлме, бірге жақсы, Жаны басылған үмітін күнмен жақшы. Қайырмасы: Оттай жүрек сөнді ме? Бүр жарармысың менімен бірге? Бұл сұрақтың жауабы сен таңдаған сол гүлде. Сене аламысын саған күнде асығам, Күнде асығам, жүрек шын ғашық ау. Бұрмасын әсеммен мойынды, Сағынтып сары гүлді ұсыну. Қиналам түсін, несіне сыр жасырам, Біл, досым барсын ба сыңға шыдар? Гүл бар шығар ақ таңда әдемі, Қарашы, жаным тұрған шығар. Сене аламысын саған күнде асығам, Күнде асығам, жүрек шын ғашық ау. Бұрмасын әсеммен мойынды, Сағынтып сары гүлді ұсыну. Қиналам түсін, несіне сыр жасырам, Біл, досым барсын ба сыңға шыдар? Гүл бар шығар ақ таңда әдемі, Қарашы, жаным тұрған шығар.
  • Тағдырдың бөлісем деп тамашасын Ініге жолсыз жерде жол ашасың Жақсы аға қара түнде жарық айдай Аспанда Ай болмаса адасасың [Қайырмасы] Жасай берші жаны жайсаң ағаларым Қайыспайтын жүк көтерсе қара нарым Маған беріп жолдарыңды мені де ертең Аға десін арқа сүйеп балаларың Болсам деп өздеріңдей талаптанам Астында қанатыңның қанаттанам Ағалар алдымдағы алтын ине Біз соның күміс жібі сабақтаған
  • Сәл бір сәтке қоя тұршы тірлікті Қу тірліктер жеңілмейді кім мықты Саған айтар ақылым бар бауырым Мен айтпасам кім айтад шындықты Ақылдарын тыңдай бергіңн бәрінің Бірақ, бірақ өз ақылың- қаруың Әр қадамды ойланып бас болмаса Өмір бойы ақталасың жарығым Әр қадамды ойланып бас болмаса Өмір бойы ақталасың жарығым Қайырмасы Ей ,інім , өмірде байқа күнім Сәл аңдамай қате бастың ба Қауіп деген аяқ астында Ей, інім, өмірде байқа күнім Қолыңда тұр өмір кестесі Абйалап шайқа күнім Таза жерден алыстасаң бесіктей Қулық сұмдық қуалайды кешікпей Мен айтайын қалма бауырым есікпей Жер бетінде таза жер жоқ мешіттей Білместіктен біз аңсадық боранды Содан біздің қанша уақыт жоғалды Сен биікке шыққан сайын бауырым Ауызымнан тастамаймын тобамды Сен биікке шыққан сайын бауырым Ауызымнан тастамаймын тобамды Қайырмасы Ей ,інім , өмірде байқа күнім Сәл аңдамай қате бастың ба Қауіп деген аяқ астында Ей, інім, өмірде байқа күнім Қолыңда тұр өмір кестесі Абйалап шайқа күнім