Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сәлеметсіз бе»
исполнителя Ерке Есмахан.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сәлеметсіз бе сүйкімді сұлу
Телефоннан ақ танынмай
Сәлеметсіз бе джентельмен жігіт
Өзендей қатты арының ай
Өзіңдей қызды көрген көзімнің
Арманы бар ма аруым ай
Көзіңнің емес жас жүрегіңнің
Арманын айтшы жарығым ай

[Қайырмасы]
Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным
Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым
Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін
Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным

Сертіңе берік серімін десең
Серік болайын сырыңа да
Серігім болсаң шығармыз бірге
Шын махаббаттың шыңына да
Ардақтым мені алдамайсың ба
Мен жайлы ойың құбыла ма
Алдағым келсе алдаймын жаным
Бірінші сәуір күні ғана

[Қайырмасы]
Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным
Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым
Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін
Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным

Өзіңдей жанмен кездескеніме
Қуаныштымын аруым ай
Кездескеніме өкініп мен де
Отырған жоқпын жарығым ай

[Қайырмасы]
Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным
Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым
Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін
Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным

Другие песни исполнителя:

  • Көрдім көрдім мен оны қиығымен көздің Ойлы бойы еңселі қазақ екенін сездім Білмеймін атында оның жасында Қай рудан қай маңнан Бар ма сүйгені жоқ па қасында Теңедім мен асылға қайырмасы: Ғашықпын мен қазақ ұлына Жүрегінің тазалығына Ғашықпын мен қазақ жігітке Сенім берген нәзік үмітке Қолын созып тұрса да өзге ұлт емес бағым Қазақ жігіті ғана менің болашақ жарым Бірақ білмеймін атында оның жасында Қай рудан қай маңнан Бар ма сүйгені жоқ па қасында Теңедім мен асылға қайырмасы: Ғашықпын мен қазақ ұлына Жүрегінің тазалығына Ғашықпын мен қазақ жігітке Сенім берген нәзік үмітке
  • Қыз бала қонақ еліне Келеді қайтар уақыты, Қадірін білер теңіне, Жар болу - әйел бақыты. Жарығын алып жұлдыздың, Бесік жырын тыңдатып, Әйелге арлы ұл қыздың Анасы атану шын бақыт. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы. Әйелге жеңіс белесқой Еріне деген құрметі, Асыл таста қу емесқой, Асыл жар болу - міндеті. Күлкісі үшін сәбидің Анасы қажет тәрізді, Бақыты үшін әр үйдің, Әйелдің бақыты маңызды. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы. Аяулы арулар бәріңнің арың бар, Қайнаған қаның бар, жайнаған сәнің бар. Аққудай тербеліп, айдынға қоныңдар, Бақытты болуға ақылды болыңдар. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы.
  • Аспанда да, жерде емес, Өзенде де, көлде емес. Күту заңы қиын-ау Елес-елес. Қоштасуға кел бері, Соңғы рет көр сен мені. Ұшып кетсем таппайсың Мүлдем енді. [Қайырмасы] Аэропорт Кездесу мен қоштасу, Мүмкін емес достасу, Шығарып салшы. Аэропорт Бәрі бітті, болды деп, Тым болмаса соңғы рет, Шығарып салшы, Шығарып салшы. Қоштастық деп біз неге? Айып тақпа күзге де. Кетем енді сен мені, Ізде, іздеме. Уақыт таяп, жиілеп Жүрек жылап, күйінед. Қимастықпен қараймын, Қолда билет! [Қайырмасы] Аэропорт Кездесу мен қоштасу, Мүмкін емес достасу, Шығарып салшы. Аэропорт Бәрі бітті, болды деп, Тым болмаса соңғы рет, Шығарып салшы, Шығарып салшы. Уақыт болса сәл қалды, Біз жасадық таңдауды. Кенет тұрып аспаннан Жаңбыр жауды. Ұшақ ұшпай жағдайы, Жасағандай арнайы. Қоштасуға қарсы тұр Ауа-райы Аэропорт Бізге билет жоқ тағы, Барлық рейс тоқтады, Ұшақ қасы Аэропорт Сен де тұрсың қуанып, Мен де тұрмын қуанып, Құшақташы, Құшақташы
  • Арманға алданбаймын Тағдырға тан қалмаймын Қайтадан сәби болып кетсем деп армандаймын Уақытты аңғармаймын Күнімді сәнге арнаймын Бой жетіп сіздей арман болсам деп армандаймын [Қайырмасы] Бітпейді қыз арманы Болады жүз арманы Күтеміз тек бақытты Күндерден біз алдағы Қырда гүл қызарғаны Көктемнің ұзарғаны Бәріде қыз арманы Бәріде қыз арманы Ән шығар құмар жаным Өнерде шығар бағым Сіз ұқсап бір арманым Ән салып гүл алғаным Сәні бұл сақынаның Жайқалсын жапырағын Елімнің жұлдызы бол Әлемде аты мәлім [Қайырмасы] Бітпейді қыз арманы Болады жүз арманы Күтеміз тек бақытты Күндерден біз алдағы Қырда гүл қызарғаны Көктемнің ұзарғаны Бәріде қыз арманы Бәріде қыз арманы [Қайырмасы] Бітпейді қыз арманы Болады жүз арманы Күтеміз тек бақытты Күндерден біз алдағы Қырда гүл қызарғаны Көктемнің ұзарғаны Бәріде қыз арманы Бәріде қыз арманы
  • Сағындым сағым уақыт Табатын жаным бақыт Балалық ұяның Қарлығаш қиялың Еске алып тербелемін Жұлдызын көгімнің Бақытын өмірдің Аңсаумен мен келемін Қайырмасы: Сағым жылдар, сағым жылдар Сен де бір арман Сен де бір жалған Сағыныш-ай, сағыныш-ай! Сенімен бірге Толқиды жаным менің Сағындым сағым жылдар Өттің-ау ағып, жылдар Баладай алаңсыз Баянды, баянсыз Тағдырға бағынумен Оралып келе алмай Достарды көре алмай Күн кештім сағынумен Қайымасы: Сағыным жылдар, сағым жылдар Сен де бір арман Сен де бір жалған Сағыныш-ай, сағыныш-ай! Сенімен бірге Толқиды жаным менің