Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Еркем-ай»
исполнителя Ерке Есмахан.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Тойым тойға ұлассын
Салған әнім қыр ассын
Әнін берген Еркеге
Бағын берсін Күләштің
Атылмасын шалқайсам
Марапатқа марқайсам
Әнші Жамал апамдай
Әнімді айтып қартайсам


[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай!!!


Аналардай нұрлансам
Ізгілерден үлгі алсам
Жазтандайы қазақтың
Роза апамдай гүл болсам
Мейірін ел асырған
Ақ Баяны масылдан
Мәдина апама еліктедім жасымнан


[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай


Қызығардай қыр гүлі
Сүйсінердей күн нұры
Бибігүлдей бағының
Болсам шіркін бұлбұлы
Ерке қыздың сенері
Қазақ деген ел еді
Мақпал апам секілді
Ерке болғым келеді


[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай


Жауhазындай жас күнім
Махаббатқа мас күнім
Қарақаттай қазақтың
Тұмар етсем дәстүрін
Шаршап белді таянбай
Ару қызы Баяндай
Өнер үшін ән үшін
Тер төгемін аянбай


[Қайырмасы]
Еркем еркем еркем-ай
Еркем десен көркем-ай
Елдің еркелеткені
Ең ғажайып ертегі ай

Еркем еркем едім ай
Кербезденген керім ай
Еркелеген еркемді
Еркелетші елім-ай

Другие песни исполнителя:

  • Қыз бала қонақ еліне Келеді қайтар уақыты, Қадірін білер теңіне, Жар болу - әйел бақыты. Жарығын алып жұлдыздың, Бесік жырын тыңдатып, Әйелге арлы ұл қыздың Анасы атану шын бақыт. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы. Әйелге жеңіс белесқой Еріне деген құрметі, Асыл таста қу емесқой, Асыл жар болу - міндеті. Күлкісі үшін сәбидің Анасы қажет тәрізді, Бақыты үшін әр үйдің, Әйелдің бақыты маңызды. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы. Аяулы арулар бәріңнің арың бар, Қайнаған қаның бар, жайнаған сәнің бар. Аққудай тербеліп, айдынға қоныңдар, Бақытты болуға ақылды болыңдар. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы.
  • Мен едім ғой жүрегіңе орнайтын сыңар, Қауыз жарған гүл сезімің солмайтын шығар. Жадырайсын жан көрдім деп маған ұқсайтын, Ұқсағанмен дәл өзімдей болмайтын шығар. Суығына мен секілді тонбайтын шығар ! [Қайырмасы] Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Күймедегі ханның қызы құрметі дара. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Анашымның қыз күндегі суреті ғана. Нәзік жүрек ғашықтықтан қалам ұстайды, Шын ғашықтар алыстаса бағалы ұстайды Біз секілді бір адам жоқ жердің бетінде, Көк жұлдызы қоршаған ай саған ұқсайды. Айға жақын тұрған жұлдыз маған ұқсайды. [Қайырмасы] Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Күймедегі ханның қызы құрметі дара. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Анашымның қыз күндегі суреті ғана. [Қайырмасы] Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Күймедегі ханның қызы құрметі дара. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Анашымның қыз күндегі суреті ғана. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Күймедегі ханның қызы құрметі дара. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Анашымның қыз күндегі суреті ғана. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Күймедегі ханның қызы құрметі дара. Маған ұқсайды, Маған ұқсайды, Анашымның қыз күндегі суреті ғана.
  • Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан Құс едің ғой кең далама бауыр басқан. Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым? Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым? Даланы мен де Сүйемін сендей, Бауырмал, құсым! Назыңнан әсем Сазыңнан әсем Жаңылма, құсым! Тауқымет тартып, Тарықпа, жаным! Қорықпа, жаным! Құшағымды ашып,Кеудеме басып, Берейін жалын! Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан. Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым? Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым? Тіршілікте айнымасқа тағдыр қосқан Құс едің ғой кең далаға бауыр басқан. Аяздарда тоңбайсың ба, бозторғайым? Жылы ұяңа қонбайсың ба, бозторғайым
  • Аспанда да, жерде емес, Өзенде де, көлде емес. Күту заңы қиын-ау Елес-елес. Қоштасуға кел бері, Соңғы рет көр сен мені. Ұшып кетсем таппайсың Мүлдем енді. [Қайырмасы] Аэропорт Кездесу мен қоштасу, Мүмкін емес достасу, Шығарып салшы. Аэропорт Бәрі бітті, болды деп, Тым болмаса соңғы рет, Шығарып салшы, Шығарып салшы. Қоштастық деп біз неге? Айып тақпа күзге де. Кетем енді сен мені, Ізде, іздеме. Уақыт таяп, жиілеп Жүрек жылап, күйінед. Қимастықпен қараймын, Қолда билет! [Қайырмасы] Аэропорт Кездесу мен қоштасу, Мүмкін емес достасу, Шығарып салшы. Аэропорт Бәрі бітті, болды деп, Тым болмаса соңғы рет, Шығарып салшы, Шығарып салшы. Уақыт болса сәл қалды, Біз жасадық таңдауды. Кенет тұрып аспаннан Жаңбыр жауды. Ұшақ ұшпай жағдайы, Жасағандай арнайы. Қоштасуға қарсы тұр Ауа-райы Аэропорт Бізге билет жоқ тағы, Барлық рейс тоқтады, Ұшақ қасы Аэропорт Сен де тұрсың қуанып, Мен де тұрмын қуанып, Құшақташы, Құшақташы
  • Сәлеметсіз бе сүйкімді сұлу Телефоннан ақ танынмай Сәлеметсіз бе джентельмен жігіт Өзендей қатты арының ай Өзіңдей қызды көрген көзімнің Арманы бар ма аруым ай Көзіңнің емес жас жүрегіңнің Арманын айтшы жарығым ай [Қайырмасы] Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным Сертіңе берік серімін десең Серік болайын сырыңа да Серігім болсаң шығармыз бірге Шын махаббаттың шыңына да Ардақтым мені алдамайсың ба Мен жайлы ойың құбыла ма Алдағым келсе алдаймын жаным Бірінші сәуір күні ғана [Қайырмасы] Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным Өзіңдей жанмен кездескеніме Қуаныштымын аруым ай Кездескеніме өкініп мен де Отырған жоқпын жарығым ай [Қайырмасы] Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным