Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Асыл Арман»
исполнителя Ерке Есмахан.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Өмірдің жаз бен көктемі
Тағдырдың талай жанды құлатқан өткелі
Жасырта қойған жоқ мені
Жаныма демеу болған арманым бар көктегі
Барымды соған арнадым
Жолдарға жолдар жылдарға жыл тағы жалғадым
Соңынан құс боп самғадым
Жеткізер бір күн білемін мен сол бір арманым

Қаырмасы:
Алдамайды асыл арман
Тұрса да қанша тосқауыл тосып алдан
Тасып арман басыламын
Жолында өтермін талай асулардан
Бәрібір мен саған жетем асыл арман

Арманым жүрек тұрағы
Қажыр мен қайрат ол ақ қанат пырағы
Үміттің сенім шырағы
Жетелеп мені әрқашан алға – деп тұрады
Мұнартып оң мен солына
Түссе де тұман болмайды тек осал болуға
Күдіктің түспей торына
Ақ құсым келіп қонар бір күн менің қолыма

Қайырмасы:
Алдамайды асыл арман
Тұрса да қанша тосқауыл тосып алдан
Тасып арман басыламын
Жолында өтермін талай асулардан
Бәрібір мен саған жетем асыл арман

Другие песни исполнителя:

  • Махаббат оттан ыстық Шымырлатқан алаулатқан жалынымен Сезім жете жете жетелеші Сенім кете кете берші Жанына бір жалғыз Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Сезіміне бал екенсің Бақытыма дәнекерсің Мені жаным тереңдепте Сен бар кезде төбем көкке Жетер жаным мына менінде Сүйген жүрек сырласады Көңілге қарай басады Махаббатсыз мұң басады Жаға беріп жүрші жанымда Сезім жете жете жетелеші Сенім кете кете берші Жанына бір жалғыз Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Саған үнсіз асыл әнім Әр күн сайын асығамын Нұрын шашқан биік күнсің Сыңар аққу сүйіктімсің Ардай қымбат асылым менің Сезім жете жете жетелеші Сенім кете кете берші Жанына бір жалғыз Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда Махаббатсыз жан арманым Жанға дауа таба алмадым Жырақтамай жүрші жанымда
  • Бұл өлке-біздің ауыл жайлаған жер-ай Жүрерге асыл құлын байлаған жер-ау Көзіме от жалыңдай көрінді-ай тебісіп, құлын-тайдай ойнаған жер-ай! Ей, ахау, сабаз! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай! Бұл өлке - біздің ауыл күзеген жер-ау Қарагөз бойын сылап, түзеген жер-ау Көзіме от жалындай көрінеді-ай Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер-ай! Ей, ахау, сабаз! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай! Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай!
  • Тойым тойға ұлассын Салған әнім қыр ассын Әнін берген Еркеге Бағын берсін Күләштің Атылмасын шалқайсам Марапатқа марқайсам Әнші Жамал апамдай Әнімді айтып қартайсам [Қайырмасы] Еркем еркем еркем-ай Еркем десен көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі ай!!! Аналардай нұрлансам Ізгілерден үлгі алсам Жазтандайы қазақтың Роза апамдай гүл болсам Мейірін ел асырған Ақ Баяны масылдан Мәдина апама еліктедім жасымнан [Қайырмасы] Еркем еркем еркем-ай Еркем десен көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі ай Қызығардай қыр гүлі Сүйсінердей күн нұры Бибігүлдей бағының Болсам шіркін бұлбұлы Ерке қыздың сенері Қазақ деген ел еді Мақпал апам секілді Ерке болғым келеді [Қайырмасы] Еркем еркем еркем-ай Еркем десен көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі ай Жауhазындай жас күнім Махаббатқа мас күнім Қарақаттай қазақтың Тұмар етсем дәстүрін Шаршап белді таянбай Ару қызы Баяндай Өнер үшін ән үшін Тер төгемін аянбай [Қайырмасы] Еркем еркем еркем-ай Еркем десен көркем-ай Елдің еркелеткені Ең ғажайып ертегі ай Еркем еркем едім ай Кербезденген керім ай Еркелеген еркемді Еркелетші елім-ай
  • Қыз бала қонақ еліне Келеді қайтар уақыты, Қадірін білер теңіне, Жар болу - әйел бақыты. Жарығын алып жұлдыздың, Бесік жырын тыңдатып, Әйелге арлы ұл қыздың Анасы атану шын бақыт. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы. Әйелге жеңіс белесқой Еріне деген құрметі, Асыл таста қу емесқой, Асыл жар болу - міндеті. Күлкісі үшін сәбидің Анасы қажет тәрізді, Бақыты үшін әр үйдің, Әйелдің бақыты маңызды. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы. Аяулы арулар бәріңнің арың бар, Қайнаған қаның бар, жайнаған сәнің бар. Аққудай тербеліп, айдынға қоныңдар, Бақытты болуға ақылды болыңдар. Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы, Шекараң үйдің қақпасы. Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы, Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты, Әйелдің бақыты - отбасы.
  • Сәлеметсіз бе сүйкімді сұлу Телефоннан ақ танынмай Сәлеметсіз бе джентельмен жігіт Өзендей қатты арының ай Өзіңдей қызды көрген көзімнің Арманы бар ма аруым ай Көзіңнің емес жас жүрегіңнің Арманын айтшы жарығым ай [Қайырмасы] Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным Сертіңе берік серімін десең Серік болайын сырыңа да Серігім болсаң шығармыз бірге Шын махаббаттың шыңына да Ардақтым мені алдамайсың ба Мен жайлы ойың құбыла ма Алдағым келсе алдаймын жаным Бірінші сәуір күні ғана [Қайырмасы] Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным Өзіңдей жанмен кездескеніме Қуаныштымын аруым ай Кездескеніме өкініп мен де Отырған жоқпын жарығым ай [Қайырмасы] Күндей нұрлы, көлдей сырлы көзіңнен жаным Сөзіңнен жаным, сенде ғана сезімім, бағым Тағдыр енді телефонмен тілдестірмесін Бірге кештірсін өмірімді өзіңмен жаным