Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песни под медленный танец на казахском языке.
Страница 7

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

Медляк

  • Жабыққанда жаным жалғыз сені ойлаймын, Батып мұңға жоқтығыңа сене алмаймын, Сенсіз өтпей уақыт, таппай бақыт, Адасқан жандаймын, таба алмаймын, Армандаймын, ән жолдаймын. Құстар келіп, бақ көгеріп, өсті қайың, Күттім шыдап, бірақ-бірақ жоқсың айым, Көзді сезім байлап, іздеп, ойлап тек сені аяулым, Қияалдаймын, қия алмаймын, қия алмаймын. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Сен қайда жүрсің маған таптырмай. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Көргенше сені жоқ тағатым-ай. Еске түсті қыдырған біз атқан ақ таң, Тулап жүрек жұмылған көз махаббаттан, Сағындырды тағы бәрі-бәрі ұмыта алмай әлі, Тағы-тағы жаным тағы сені ойлаймын. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Сен қайда жүрсің маған таптырмай. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Көргенше сені жоқ тағатым-ай. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Сен қайда жүрсің маған таптырмай. Махаббатым-ай, махаббатым-ай, Көргенше сені жоқ тағатым-ай.
  • Бір жұлдыз сен деп ағып өтер. Бір ғұмыр өзін тәрік етер. Екеуміз бірге болмағаннан соң. Бақыттың маған бәріде бекер. Күз өтіп көктем тағы жетер. Аққулар әнін салып өтер. Екеуміз бірге жүрмегеннен соң. Бақыттың маған бәріде бекер. Қайырмасы: Үмітсіз жүрем ұмыта алмаймын. Ұмытқым келіп үміт арнаймын. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың. Жаныңа сенің мәлім етер. Жасылдай көкті жарып өтер. Жүректің қайтем махаббатын. Жүрмесек бірге бәріде бекер. Атады жаздың таңы бекер. Жауады қыстың қары бекер. Екеуміз бірге көрмегеннен соң. Бәріде бекер,бәріде бекер. Қайырмасы: Үмітсіз жүрем ұмыта алмаймын. Ұмытқым келіп үміт арнаймын. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сені жылытар қайғым. Жанымды енді жалғанда мынау. Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың.
  • Жаным менің жылаудың жоқ керегі. Көз жасыңа тұрмайды өмір себебі Бір сен емес қаншама адам бақытсыз, Тек бақытты көрінгісі келеді. қайырмасы: Жылама,жылағаннан не пайда? Жылама,бұйырмасқа жоқ айла, Жылама,жанарыңды құрғатып, Жыламаған шын бақыт, Жыламаған шын бақыт, жылама. Жыламашы,жыламашы жүрегім, Мұңыңды да,сырыңды да білемін. Сені соғу қағысыңнан айнытпас Жұбатар жан табылса екен тілегім. қайырмасы: Жылама,жылағаннан не пайда? Жылама,бұйырмасқа жоқ айла, Жылама,жанарыңды құрғатып, Жыламаған шын бақыт, Жыламаған шын бақыт,жылама.
  • Талдан таяқ жас бала таянбайды Бала бүркіт түлкіден аянбайды Угай-ай Ән салшы-ай Бір бала-ай Қос етек бұраң бел Қуалай соғар қоңыр жел Елдің көркі, ақ тоты бір баласың Қай дұшпан көзі қиып жамандайды Угай-ай Ән салшы-ай Бір бала-ай Қос етек бұраң бел Қуалай соғар қоңыр жел Айналайын қарағым келдің қайдан Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан Угай-ай Ән салшы-ай Бір бала-ай Қос етек бұраң бел Қуалай соғар қоңыр жел Мекеніңді қарағым айтып қойшы Жат болмағы адамның осындайдан Угай-ай Ән салшы-ай Бір бала-ай Қос етек бұраң бел Қуалай соғар қоңыр жел
  • Күз жауып тұрған ауладан, Естідім әсем әніңді, Ызғарлы мұңға жаураған, Жылыттың менің жанымды. Жалғыздық еді жүдеткен, Жанымды сенсің түсінген. Ынтыққан ыстық жүрекпен, «Сүйемін» дедім, «сүйемін» дедім ішімнен. Жартқан Хаққа жалынған, Жел сірә, мендей жылаған. Кетпеші кетпе жанымнан, Сұранам сеннен сұранам. Айта алмай жүрмін айта алмай, Ғашықпын саған ғашықпын. Жаныңа барсам қайта алмай, Көргенше сені асықпын. Тағдыры бөлек қыз едім, Үздігіп неге қарадың?! Көктемі өткен куз едім, Қиналып тұрмын қарағым. Түсіме кірдің қаншама, Жылайды «СЕН» деп жүрегім. Жасымыз алшақ болса да, Өзіңді күтіп, өзіңді-ау күтіп жүремін. Тілім тұр қайтем байланып, Жүрегім дертті жаным мұң. Сезімім өртеп, ой – ғаріп, Көрмесем сені сағындым. Махабатымды жаңа ұқтым, Бұл сезім менде болмаған. Кешігіп неге жолықтың?! Кешірші мені Жан-Дауам! Айта алмай жүрмін айта алмай, Ғашықпын саған ғашықпын. Жаныңа барсам қайта алмай, Көргенше сені асықпын. Махабатымды жаңа ұқтым, Бұл сезім менде болмаған. Кешігіп неге жолықтың?! Кешірші мені Жан-Дауам!
  • Түгесіліп бар төзім Елес болды бал сезім Қалай ғана қалай ғана бір күнде Кезіктіріп сенімен Сөнбестей боп көрінген Жоқ махаббат бұл мүмкін бе?! [Қайырмасы:] Сол бір тəтті ең қымбатты кезге Қош деместен бақыт тауып өзге Берген сертті ұмытуың лезде Мүмкін емес мүмкін емес Арман қуып əлдекіммен басқа Жанарымды толтыруың жасқа Ет жүрегің айналмаса тасқа Мүмкін емес мүмкін емес Тағдыр шығар тағы да Бақытыңның соңында əр Сығалайтын сорың бар Тағдыр тағдыр тартуы таусылмған Тағдырға не демекпіз Ғашық қылып себепсіз Сағындырып жан қинаға
  • Қамқор әкем, мейірбаным, данышпан! Жан келмеген сағыныштан, ән ұшқан. Қыз-ұлыңның қызығың боп жүргені, Жүзі жылы әке сенің арқаңда! Жан кернеген сағынаштан ән ұшқан Ойға батам уайымдап өзіңді Елге аман оралса деп алыстан қайырмасы: Өмірімді жалғаған Сұрап саған Алладан Бақ тілеймін баянды Бағын жансың жан балам Барым осы жан балам Маңайын шат мереке Табайын бақ береке Салайын саз әнімді Арнап саған жан әке Ардақтаған жан әке Ойланамын сыздап жүрек қорқамда ОЯнамын саулық тілеп әр таңда Қыз-ұлыңның қызығың боп жүргені, Жүзі жылы әке сенің арқаңда!!! қайырмасы: Маңайын шат мереке Табайын бақ береке Салайын саз әнімді Арнап саған жан әке Ардақтаған жан әке Өмірімді жалғаған Сұрап саған Алладан Бақ тілеймін баянды Бағын жансың жан балам Барым осы жан балам
  • Елжіреген сезім Мөлдіреген көздерін Бұйырмаған бағымба Сол аяулы кезін Өртеген өзің мені Арманның жолында Айналды сағымға неге? [Қайырмасы:] Алдадын неге Алдадын мені неге Алдады сезім оты Сені неге Тулайды жүрек Жетем деп саган гүлім Оралшы жаным маған Оралшы жаным маған бүгін Елесіне ердім Ерік берсен жетемін Журегіммен жаралы Неге сені көрдім Неліктен жылаттың сен Жалғыздық аралы Жандырып барады менi [Қайырмасы:] Алдадын неге Алдадын мені неге Алдады сезім оты Сені неге Тулайды жүрек Жетем деп саган гүлім Оралшы жаным маған Оралшы жаным маған бүгін
  • Менің үніме құлақ түр келіп Бәрі де бәрі сынақ білемін Өмір жайында ойлана қалсам Ессіз адамдай жылап күлемін Жүрмес өлместей өмірге келіп, Жалғанның жайлы төрінде көріп Басыңа жауған бақыттың қары Түседі-ау бір күн түседі ау бір күн Көңілден еріп Кетер әкеңде анаңда кетер Кеткенше саған алаңдап өтер Тірі кезінде құрметте бәрін Өкпелегенше заманға бекер Бермес ешкімге тіршілік баға Татымас тағдыр бір шыбыққада Ана өмірге апаратының Құдайға қылған құлшылық қана Ана өмірге апаратының Құдайға қылған құлшылық қана Шіркін таусылса әттеңің ғана Салқын күндердің сәттерін қара Жалғаннан жалғыз алатын еншің Бір екі метр ақ кебің ғана Сыналар өмір өтімек үшін Бай адам мықты секілді үшін Жер бетін ешкім жаулай алмайды Жер жаулап алар бетіндегісін Жер бетін ешкім жаулай алмайды Жер жаулап алар бетіндегісін Жетер Алланың үкімі алдағы Пенденің өлмеу бүкіл арманы айтып келмейтін ажал құрғұрдан Қорқыттың өзі құтыла алмады Қалар артыңда жаңғырық елес Әрбір адамның тағдыры белес Бәріңе мәңгі өмір тілерім Өмірде бәрі мәңгілік емес Бәріңе мәңгі өмір тілерім Өмірде бәрі мәңгілік емес
  • 1)Еңбеек еттім мың аралап ел ішін мұның бәрі алтын ұлым сен үшін Ұйқысыз түн күлксіз күн өткізген Сол еңбегім берді бүгін жемісін Қайырмасы Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей өнерлі баламмен Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей ақылшы анаммен 2)Қаншама рет қателескен кезде мен Кешіріммен қарап үнсіз төзген ең Кір келтірмей енді сенің атыңа Сеніміңді ақтаймын деп сөз берем Қайырмасы Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей ақылшы анаммен Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей өнерлі баламмен 3) Артта қалды мұңға батқан шақтарым Шүкір етем үмітімді ақтадың Адам бол деп айтқан сөзді жан анам Жүрегімнің түкпірінде сақтадым Қайырмасы Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей ақылшы анаммен Мақтанамын мақтанамын Мен өзіңдей өнерлі баламмен
  • Жаздың соңы, жапырақтар жаңбыры, Ал, жапырақ адамдардың тағдыры. Сары ағаштан түсіп жатқан секілді, Сау сау етіп өмірімнің әр күні. [Қайырмасы] Мен оны, мен оны, мен оны Табармын, таппаспын, Отпенен ойнап, шоқ бастым. Көрермін, көрмеспін. Болмайды сендей Бақытым менің енді ешкім. Күз келгенде балапанға бас қайғы, Күз келгенде құстарды ата бастайды. Қауырсынды жарып өткен жарықша, Қабырғамның арасында қақсайды. [Қайырмасы] Мен оны, мен оны, мен оны Табармын, таппаспын, Отпенен ойнап, шоқ бастым. Көрермін, көрмеспін. Болмайды сендей Бақытым менің енді ешкім. Бұл өлеңді айтып тұрмын біз жайлы, Бұл өлеңді айтып тұрмын сіз жайлы. Жете алмаған армандарым менің де, Қабырғамның арасында сыздайды. [Қайырмасы] Мен оны, мен оны, мен оны Табармын, таппаспын, Отпенен ойнап, шоқ бастым. Көрермін, көрмеспін. Болмайды сендей Бақытым менің енді ешкім.
  • Бақытын іздеп Алладан Бағыңа соны балаған Әлдимен тербеп әлемді Аман-сау жүрші жан-анам Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды. Фәниде сенсің шырағым Бақи да сенсің Жұмағым Анашым сенің атыңнан Киелі жалғыз Құраным. Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды. Ана деп әнім самғаған Тартуым болсын арнаған Алақан жайып тілеймін Амандығыңды Алладан. Қайырмасы: Жаратқан барлық ғаламды Таратқан барлық адамды Мейірімі шексіз бір Алла Ауыртпа менің анамды.
  • Адамдар, адамдар ағың бар қараң бар Ойланып қараңдар бұл өмір сынақ Айтса да өкпесін, айтсын тек бетке шын Жаралап кетпесін жүректі бірақ Қайырмасы: Жүректі жерге таптамасын Кешірілмес кек сақтамасын Адамның адам ешқашан да Ала жібінен аттамасын Бір жылап бірде шаттанасың Түгелдей көріп аттанасың Жалған өмірдің ақ қарасын Дүние дөңгелек Сонда да дүрбелең Әр жанға жол керек Арманға жетер Жол бірақ тас тақта Болса да бос мақтау Орынсыз асқақтау Адамға бекер Қайырмасы: Жүректі жерге таптамасын Кешірілмес кек сақтамасын Адамның адам ешқашан да Ала жібінен аттамасын Бір жылап бірде шаттанасың Түгелдей көріп аттанасың Жалған өмірдің ақ қарасын Адамдар, адамдар ағың бар қараң бар Ойланып қараңдар бұл өмір сынақ Айтса да өкпесін, айтсын тек бетке шын Жаралап кетпесін жүректі бірақ...
  • Сен мені түсінбедін, түсінбедін Көзімнен кетпей қойдау мүсіндерің Жанардың моншақтаған жастарынан Сағыныш мұңды бопты үзілмеді [Қайырмасы] Сен менің тыңдамадың жырларымды Өзіңе ақтарушы ем сырларымды Сен менің елендеген бір бейнені Білмейсін үй алдында тұрғанымды СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН Сен мені түсінбедін, түсінбедін Жанымды жаралады үнсіз менің Далада жалғыз қалған қарақшыдай Өзіңсіз кімге керек күрсінгенім [Қайырмасы] Сен менің естімедін жырларымды Өзіңе ақтарушы ем сырларымды Сен менің елендеген бір бейнені Білмейсін үй алдында тұрғанымды СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН Таныс аула, таныс үй құшақ жайды Білмейсін ғой сүйіктім біздің жайды Сен екеуміз өсірген әппақ қайын Ұмытпа деп біздерді сыңғырлайды [Қайырмасы:] Сен менің естімедін жырларымды Өзіңе ақтарушы ем оу оу оу сырларымды Сен менің елендеген бір бейнені Білмейсін үй алдында тұрғанымды СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН Сен менің елендеген бір бейнені мммм Білмеймін үй алдында тұрғанымды СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН
  • Күзде күрсініп жатқандай дала Қысты қымтанып түрге енер жаңа Көктем су толы сайменен сала Жаздай қырды асып ойнайды бала [Қайырмасы] Сонынмен ұнайсын маған Төгілген күн-айсын маған Аққумен қаздың көші Қарауға мәжбүрлеші Нұрынды төк Жаздың кеші Күзде сағыныш сап-сары бояу Қыста елендеп ел жұртым ояу Көктем келетін шаттығым таяу Жазда сүйгенім қасымда жаяу [Қайырмасы] Сонынмен ұнайсын маған Төгілген күн-айсын маған Аққумен қаздың көші Қарауға мәжбүрлеші Нұрынды төк Жаздың кеші Күзде көрініп айналам солғын Қыста қақарлы қаңтарға тондым Көктем тасыдым, толқыдым, толдым Жазда достармен жағасы көлдің [Қайырмасы] Сонынмен ұнайсын маған Төгілген күн-айсын маған Аққумен қаздың көші Қарауға мәжбүрлеші Нұрынды төк Жаздың кеші Жаздың кеші
  • Арман құсымның көкке ұшыр бәрін, Қосыла алмаймын әніңе. Өзегі дертті өкпешіл жанмын, Өкпелеп жүрме әлі де. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін... Сезімге сендік мәңгі мас едім, Өзіме бір кун жетелер. Адасып келсем, алдыңа сенің, Көрмеген болып өте бер. Жолыңа сенің көп алаңдаймын, Жолығар ма деп жорамалдаймын. Өткенге бірақ орала алмаймын, Өкпелей берші, қайтейін?! Қайғымды сенің тұмар еткелі, Менің де мұңсыз жай-күйім. Бәрі не соның кінәлап мені, Өкпелей берші, өкпелей берші, өкпелей берші қайтейін...
  • Кімді сүйдім, дәл осылай белгісіз, Саған деген сағынышым сенгісіз. Кімді сүйдім, дәл осылай зарығып, Көңіліме жабырқаулы енді күз [Қайырмасы] Саған ғана еркінсідім еркелеп Неге жаным жолықпадың ертерек? Мойыныңа тағып кеттің алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді Мойыныңа тағып кеттің алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді Жарығым-ау таңдарыма тұрақта Жаңбыр болып жүрегімді жылатпа Тағдырымды сенен алыс қалды деп Күрең кеудем қалды мәңгі сұрақтай [Қайырмасы] Саған ғана еркінсідім еркелеп Неге жаным жолықпадың ертерек? Мойыныңа тағып кеттің алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді Мойыныңа тағып кеттің алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді [Қайырмасы] Саған ғана еркінсідім еркелеп Неге жаным жолықпадың ертерек? Мойыныңа тағып кеттім алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді Мойыныңа тағып кеттің алқа-мұң. Сені ойласам кеудем от болып өртенеді
  • Сен мені түсінбедің, түсінбедің… Көзімде жасым қалды, ішінде мұң. Қолыма қонбай кеткен арман құсым, Жоқ әлде өңім емес, түсім бе едің? Сен менің тыңдамадың жырларымды, Өзіңе ақтарушы ем сырларымды. Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды. Сен мені түсінбедің… Сен мені түсінбедің, түсінбедің… Жанымды жараладың үнсіз менің. Түнерсе егер аспан жасын төгіп – Ол менің сені ойлап күрсінгенім. Сен менің тыңдамадың жырларымды, Өзіңе ақтарушы ем сырларымды. Сені аңсап елеңдеген бір бейне боп Білмейсің әлі күтіп тұрғанымды. Сен мені түсінбедің… Сол бір түнгі сағымды жарық айды, Кiм ұғады, сүйіктім, біздің жайды? Серігіміз – үзлген ақ қайыңның Қимай бізді жапырағы сыбдырлайды.
  • Қазақ қызы намысы сынғырлаған сезімдей Айша бибі Домалақ аналардың көзіңдей Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңліктердің өзіңдей Намысынды ерлерін қорғаса екен көз ілмей Мәншүгім мен Әлиям жаудың бетін қайтарған Лязатым мен Сәбирам гүлім еді жайқалған Фаризам мен Мәрфуған елдің сөзің айта алған Қазақ қызы ешкімнен кем түспейтін майталман Ахоу аридар-ей Күләшім мен Майрам бар осыдан біл анам кім Бибігүл мен Роза апам шоқ жұлдызы ғаламның Мәдина апам жезтаңдай ақ баяны даламның Қыздарым бар осындай бар қазаққа тағармын Қызын туған батыр боп ар сатуға қақын жоқ Аналарды кешегі аңсатуға қақын жоқ Қабырғасын халқымның қаусатуға қақын жоқ Қазақ қызы жаныма сенен артық жақын жоқ Әдептікті Айман Шолпан қыздай жыр еттім Күй ойнаса Дина апам қуын шерткен жүректің Бүгін Мақпал апамдай сахнаға гүл ектің Қазақ қызы сендерге ең тәттіс тілектің Бір қыз маған жар болып көңілімді байытсың Дархан дала мен болсам Ертіс Еділ Жайықсың Болсам егер ескегін көлде жүзген қайықсың Қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықсың
  • Кеш ұғып қалыппын-ау Кешігіп жолықтың-ау Көрінбес көріктім-ау Маралым Менсіз де бақытты бол Бағалым, маралым, маралым Маралым-ай Ешкімге ұқсамайды жанарың Маралым, маралым, маралым-ай Қайырмасы: Ақ жүзің жаңа жауған қардай Жалғызым жарқыраған таңдай Теңеу бар тағы саған қандай Қандай, жаным балдай Мен сені еркелетем талай Қылығың көркем екен арай Өзіңнен ерте кетем қалай Қалай, жаным қап-ай Бір бақыт құшқан адам Қолымнан ұстамаған Ешкімге ұқсамаған маралым Сол үшін көзімді алмай қарадым Маралым, маралым, маралым-ай Қасымда өзің болмай қаламын Маралым, маралым-ай
  • Тулайды өзен,шулайды жаға Бесігін тербеп біз туған дала Балапан қарлығаш ұядан ұшты Тереземнен менің қарашы мама Қайырмасы Сап сары нұрға бөленген айма Жүрегімде жатыр өлең боп ойнап Қарлығаш құстың қанатындай ол мен Маңдайымды мама сыйпашы жайлап Қалмайтын дара сапарлас көштен Адамның бәрі тағдырлас құспен Сағыныш әні нотадай болып Аналардың ғанан жүрегіне түскен Тулайды өзен,шулайды жаға Бесігін тербеп біз туған дала Қарлығаш құстар барады қайтып Жүрегің сенің жыламасын мама Тулайды өзен,шулайды жаға Бесігін тербеп біз туған дала Балапан қарлығаш ұядан ұшты Тереземнен менің қарашы мама
  • Өзгеріп дүние бір сеніменен Өзімнен өзім қызғанып келем Сүйемін шексіз сұрана берем Бұл уақыт өзгерілседе Өрт болып күйіп жалындап денем Өшірме жаным сұранам сенен Өзгеше саған сезімім терең Мәңгілікке жаным сен Ал мен болсам сені жүрегіме сақтап алдым Өмірімнен артық көремін сені ардағым Алыстама жаным сүйемін сені аңсаймын Деген сөздерінді ұмыталмай есте әрдайым Қайталап айтам Сұранамын жаратқанымнан Сүйгемін сақта сақта әрдайым Қайталап айтам Сұранамын мен Сүйгемін сақта Сақта әрдайым Сұранамын Сүйгемін сақта. Сақта әрдайым Жадырап жаным бір сеніменен Өткен күндерім кетпейді есімнен Сезімнің отын сен келіп жаққан Жаным-ау қалай өшірем Өрт болып жанды сезімім сөнген Өшірме жаным сұранам сенен Өтеді жылдар соғады жүрек Мәңгілікке жаным сен Ал мен болсам сені жүрегіме сақтап алдым Өмірімнен артық көремін сені ардағым Алыстама жаным сүйемін сені аңсаймын Деген сөздерінді ұмыталмай есте әрдайым Қайталап айтам Сұранамын жаратқанымнан Сүйгемін сақта сақта әрдайым Қайталап айтам Сұранамын мен Сүйгемін сақта Сақта әрдайым Сұранамын Сүйгемін сақта. Сақта әрдайым
  • Толқумен күн кешіп қиялмен тілдесіп елестей елігіп ертеңіме Көңілді шуақты мұң басқан сияқты өкініш өзекті өртеді ме Көңілді шуақты мұң басқан сияқты өкініш өзекті өртеді ме Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай Жаныма егізім саумалдай лебізің қиялға қанатты сермесеңші Сыйлашы қуаныш көңілге жұбаныш үміттің бесігін тербетсеңші Сыйлашы қуаныш көңілге жұбаныш үміттің бесігін тербетсеңші Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай Өзіңсің шаттығым бақытым пәк күнім жүректің не дерін білмейсің бе Сезімді бал шырын сыйлаған алтыным шынымен сағынбай жүр дейсің бе Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай
  • Жанымда жүргенің Бақыт деп білгенім Әттең ол сағым екен. Мен жетпес гүл ме едің Еркелеп күлгенің Өзгенің бағы ма екен. Сәт сыйлап қас қағым Кеттің де тастадың Жазықсыз сезімді отқа. Елеспен тілдестім Елеусіз күн кештім Ардағым өзің жоқта. [Қайырмасы] Сен жоқта айналаны, Түн басып жаныма мұң жайланады Көп күмән көңіліме байланады Болады лайым, көңілде уайым Сөнгендей күн-айым ой қамады Сен жоқта жанардан жас тайғанады Сен жоқта мұздай суық қара тасқа Құс жастық айналады. Сағынам әлі де Сен жайлы бәріде Санамда ой жүрсе мың Көз салмай бір қызға Ең жарық жұлдызға Атыңды қойдым сенің. Не қиып кете алмай Не саған жете алмай Әурелі күйде жүрмін Жолыңды тосқаным Әніме қосқаным Дәлелі сүйгенімнің [Қайырмасы] Сен жоқта айналам, Түн басып жаныма мұң жайланады Көп күмән көңіліме байланады Болады лайым, көңілде уайым Сөнгендей күн-айым ой қамады Сен жоқта жанардан жас тайғанады Сен жоқта мұздай су, қара тасқа Құс жастық айналады.
  • Бір ғана, айтарым саған бір ғана Ұйқымды енді ұрлама Түсімде күліп келмей-ақ қой Тыңдама, сағындым десем тыңдама Бара бер қолды бұлғама Сүйемін десем сенбей-ақ қой Сезім отына күйіп жатсамда көңіл бөлмей-ақ қой Сен неге, жолықтың мендей пендеге Жер беті деитін бөлмеде Кететін болсақ қосыла алмай Мен неге, қалардай болып сен келе Атыңды жазып кеудеме, жүрмін өшіре алмай Алданба, сен де енді жаным алданба, орындалмайтын арманға Аялдамам ғои деп қарашы Жандар да, жүрекпен сүйген жандар да Жолда қалады жалғанда Жалғана алмайтын екі арасы Біздің бақытқа пəтер бермейді Махаббат қаласы Сен неге, жолықтың мендей пендеге Жер беті дейтін бөлмеде Кететін болсақ қосыла алмай Мен неге, қалардай болып сен келе Атыңды жазып кеудеме, жүрмін өшіре алмай Сен неге, жолықтың мендей пендеге Жер беті дейтін бөлмеде Кететін болсақ қосыла алмай Мен неге, қалардай болып сен келе Атыңды жазып кеудеме, жүрмін өшіре алмаи.(2×)
  • Қайдасын ақ самал сенің шаштарын менімен ойнасын Қайдасын ақ гүлдер сені көріп тағы жайнасын Қайдасын бізге арнап сандуғаш бір ән сайрасын Екеуімізді екеуімізді әлі бірге деп ойласын [Қайырмасы] Қайдасын Өтті ғой күндер сен оралмайсын Қайдасын Өтті ғой жылдар сен жылымайсын Қайдасын қайдасын Ойдасын Сен жүрегімде жасырып қойған жайдасын Мендегі қамның көрденбе неден қайнасын? Екеуіміз бағаламаған аяламаған ақ бақыт Білемін лалагүл ұстап құшағын қайта жаймасын Қайдасын жүзінде қайда басыннан бағын таймасын Қайдасын екеуімізденде асырды уақыт айласын Мен жүрмін ойлауға ауыр әр күні дауыл сол шаққа Түсінбей түсінбей жүректің неге тоймасын [Қайырмасы] Қайдасын Өтті ғой күндер сен оралмайсын Қайдасын Өтті ғой жылдар сен жылымайсын Қайдасын қайдасын Ойдасын Сен жүрегімде жасырып қойған жайдасын Мендегі қамның көрденбе неден қайнасын? Екеуіміз бағаламаған аяламаған ақ бақыт Білемін лалагүл ұстап құшағын қайта жаймасын Екеуіміз бағаламаған аяламаған ақ бақыт Білемін лалагүл ұстап құшағын қайта жаймасын Қайдасын қайдасын Екеуіміз бағаламаған аяламаған ақ бақыт Білемін лалагүл ұстап құшағын қайта жаймасын Екеуіміз бағаламаған аяламаған ақ бақыт Білемін лалагүл ұстап құшағын қайта жаймасын
  • Толқумен күн кешіп қиялмен тілдесіп елестей елігіп ертеңіме Көңілді шуақты мұң басқан сияқты өкініш өзекті өртеді ме Көңілді шуақты мұң басқан сияқты өкініш өзекті өртеді ме Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай Жаныма егізім саумалдай лебізің қиялға қанатты сермесеңші Сыйлашы қуаныш көңілге жұбаныш үміттің бесігін тербетсеңші Сыйлашы қуаныш көңілге жұбаныш үміттің бесігін тербетсеңші Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай Өзіңсің шаттығым бақытым пәк күнім жүректің не дерін білмейсің бе Сезімді бал шырын сыйлаған алтыным шынымен сағынбай жүр дейсің бе Қайырмасы: Арманым шын ардағымсың арайланып атқан таңдай Жан жарымсың бағланымсың тәттілігің шекер балдай
  • Көзінен бұлбұл ұшып мақпал күйіп Тар бөлме болды тағдыр тартқан сыйы Ардақты әкелер мен аналардың Баратын жері ме еді қарттар үйі Қайырмасы: Жүзінен көрдім ұғып шаршағанын Күтеді терезеден аңсағанын Әкесі жатыр мұнда қанша адамның Арманы жатыр мұнда қанша ананың Осы ма қартайғанда көрмегені Бір орын жетпеді ме бөлмедегі Бауырым, ата-анаңа не жасасаң Алдыңа сенің де ертең сол келеді Қайырмасы: Жүзінен көрдім ұғып шаршағанын Күтеді терезеден аңсағанын Әкесі жатыр мұнда қанша адамның Арманы жатыр мұнда қанша ананың Қарттықтың ортақ ақ бар күйі Есіне келер ұрпақ сақтар жиі Қасиет болса егер ұл мен қызда Қазақта болмау керек қарттар үйі Қайырмасы: Жүзінен көрдім ұғып шаршағанын Күтеді- ау терезеден аңсағанын Әкесі жатыр мұнда қанша адамның Арманы жатыр мұнда қанша ананың
  • Құп көріп тәңір болумен әмір жаралып іште денеміз Өмірге біздер келеміз Ақ пенен қара бақ пенен нала күреске бірден енеміз Жеңілеміз де жеңеміз Қайырмасы Бұл өмір сынақ Біреулер жылап біреулер шыдап көтерер Имандық бір тек жаманнан бүркеп Жақсыға жүр деп жетелер Жақсыға жүр деп, жүр деп жетелер Жақсы да болсын жаман да болсын Ұяда нені көреміз ұрпаққа соны береміз Белгісіз бақыт байқатпай уақыт Аялдамаға жетеміз Тоқтайды сөйтіп кемеміз Қайырмасы 2х Бұл өмір сынақ Біреулер жылап біреулер шыдап көтерер Имандық бір тек жаманнан бүркеп Жақсыға жүр деп жетелер Жақсыға жүр деп, жүр деп жетелер
  • Есіңде ме жеңеше-ей біздің ағай, Сырласып отырушы едік біз құда дай! Қанды балақ соғысты - оуу, қарғы сатсын, Қайран жеңгем шырқыңды бұзыды қалай?! Су сұрасам, сүт берген, айран берген! Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем, Қарғаның валетіндей едірейіп. Қасыңа мына біреу қайдан келген?! Қайран жеңгем! Өзің болсаң тымағат ойланғайсың, Басыңа бақыт емес, қайғы алғансың. Бұқалықта тұрмайтын, асау едің, Қара мұртқа қалайша байланғансың?! Су сұрасам, сүт берген, айран берген! Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем, Қарғаның валетіндей едірейіп. Қасыңа мына біреу қайдан келген?! Қайран жеңгем! Жүруші еді ауылың мақтан етіп, Аяққа киіп алып саптан етік. Талайларды жүруші ең аттап өтіп, Талайларды кетуші ең таптап өтіп. Су сұрасам, сүт берген, айран берген! Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем, Қарғаның валетіндей едірейіп. Қасыңа мына біреу қайдан келген?! Қайран жеңгем! Қартайып қалыпсың-ау қайран женгем, Кайғыға мойымаушең кайдан келген, Сағынып жүр ме екенсің ардақтым-ау Баяғы жастығыңды майданда өлген. Қайран жеңгем!