Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Сен мені түсінбедін»
исполнителя Ернар Айдар.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Сен мені түсінбедін, түсінбедін
Көзімнен кетпей қойдау мүсіндерің
Жанардың моншақтаған жастарынан
Сағыныш мұңды бопты үзілмеді

[Қайырмасы]
Сен менің тыңдамадың жырларымды
Өзіңе ақтарушы ем сырларымды
Сен менің елендеген бір бейнені
Білмейсін үй алдында тұрғанымды
СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН

Сен мені түсінбедін, түсінбедін
Жанымды жаралады үнсіз менің
Далада жалғыз қалған қарақшыдай
Өзіңсіз кімге керек күрсінгенім


[Қайырмасы]
Сен менің естімедін жырларымды
Өзіңе ақтарушы ем сырларымды
Сен менің елендеген бір бейнені
Білмейсін үй алдында тұрғанымды
СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН


Таныс аула, таныс үй құшақ жайды
Білмейсін ғой сүйіктім біздің жайды
Сен екеуміз өсірген әппақ қайын
Ұмытпа деп біздерді сыңғырлайды


[Қайырмасы:]
Сен менің естімедін жырларымды
Өзіңе ақтарушы ем оу оу оу сырларымды
Сен менің елендеген бір бейнені
Білмейсін үй алдында тұрғанымды
СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН


Сен менің елендеген бір бейнені мммм
Білмеймін үй алдында тұрғанымды
СЕН МЕНІ ТҮСІНБЕДІН

Другие песни исполнителя:

  • Қайда болдың? Күнге өртеніп, сені іздеп, айға қондым. Қайда болдың? Бәрі-бәрі өртеніп басылғанда, Сен ғайыптан қалайша пайда болдың? Қайырмасы: Өмір аққан зулай-зулай-зулай, өткенде, Кездесіп-ек біз екеуміз көктемде, а-а-а-аййй Тулай-тулай жеткенде, Айдын жатыр аққу ұшып кеткенде. Қайда қалды-ей, Қайда қалды? Ой санамды өкініш жайлап алды, Қайда қалды-ей, Қайда қалды? Өткен күндер елес болып қайда қалды? Кел деп едім, Кездесуге дұрыс қой келмегенің. Тергемедім, Жылы ұясы бар екен дер-екесін. Ұшырмайын дедің - ау, сен де мені! Қайырмасы: Өмір аққан зулай-зулай-зулай, өткенде, Кездесіп-ек біз екеуміз көктемде, а-а-а-аййй Тулай-тулай жеткенде, Айдын жатыр аққу ұшып кеткенде. Қайда қалды, Қайда қалды? Ой санамды өкініш жайлап алды, Қайда қалды-ей, Қайда қалды? Өткен күндер елес болып қайда қалды?
  • Бұл шаһардың көшелері тар екен. Көшесінде шайханасы бар екен! Шай ұсынған сұлулардың саусағын, Бір сүюге көп жігіттер зар екен. Бұл шаһарға жетелеген жол екен. Шай құйған қыз шын ғашығым сол екен! Қолындағы кесесі де билейді... Мына шайдың дәмі сондай зор екен! Қайырмасы: Шайхана, әсем шайхана Шай құйған қыз деп айтам ән! Шай ішсең көңілің жай болар Шай ішпей қалай қайталам?! Шыр айналар уақыт, шіркін, қас қағым. Шайханадан таптым бақыт бастауын Бақытыңды бәлкім тауып аларсың, Шайханада кездесейік достарым! Қою күрең шайға құмар балаңмын! Қараңдаршы шай құйған қыз жанарын. Айналайын, айналайын достарым. Бұдан бұлай шайханада боламын!
  • Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Күн болады жылатып қинайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Осы өмір ғой қуаныш сыйлайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сындырады күтпесең дауыл қайғы Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сонда ғана жүрегің ауырмайды Телефон үндемейді, сағыныш жайлап ішті. Сен осы білмейсің-ау, ұялы байланысты. Бекер, бекер. Жылатты, жаралады. Қонды да, қолдан ұшты. Неге ешкім түсінбейді, жаралы жолбарысты Жетер, жетер. [Қайырмасы] Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Күн болады жылатып қинайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Осы өмір ғой қуаныш сыйлайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сындырады күтпесең дауыл қайғы Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сонда ғана жүрегің ауырмайды Басыңа іс түссе ешкімде қалмайды жаныңда Өмірдің шындығын, жүрегім біл бүгін, қабылда Жазылыпты солай деп, жазылмаған өмір заңында [Қайырмасы] Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Күн болады жылатып қинайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Осы өмір ғой қуаныш сыйлайтын да Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сындырады күтпесең дауыл қайғы Бәрін де күт өмірден, бәрін де күт Сонда ғана жүрегің ауырмайды
  • Жанымда жүргенің Бақыт деп білгенім Әттең ол сағым екен. Мен жетпес гүл ме едің Еркелеп күлгенің Өзгенің бағы ма екен. Сәт сыйлап қас қағым Кеттің де тастадың Жазықсыз сезімді отқа. Елеспен тілдестім Елеусіз күн кештім Ардағым өзің жоқта. [Қайырмасы] Сен жоқта айналаны, Түн басып жаныма мұң жайланады Көп күмән көңіліме байланады Болады лайым, көңілде уайым Сөнгендей күн-айым ой қамады Сен жоқта жанардан жас тайғанады Сен жоқта мұздай суық қара тасқа Құс жастық айналады. Сағынам әлі де Сен жайлы бәріде Санамда ой жүрсе мың Көз салмай бір қызға Ең жарық жұлдызға Атыңды қойдым сенің. Не қиып кете алмай Не саған жете алмай Әурелі күйде жүрмін Жолыңды тосқаным Әніме қосқаным Дәлелі сүйгенімнің [Қайырмасы] Сен жоқта айналам, Түн басып жаныма мұң жайланады Көп күмән көңіліме байланады Болады лайым, көңілде уайым Сөнгендей күн-айым ой қамады Сен жоқта жанардан жас тайғанады Сен жоқта мұздай су, қара тасқа Құс жастық айналады.
  • Адамға ұқсайтын аққуым едің Жүрегімді мекендеген Бал қосқан шәрбаттай тәттім менің Шың бақытты етемін деген Бір сиқырмен байлап алдың Түсіресін куүйге қандай Сені бір сәт ойламауды Қойдым ғой үйрене алмай [Қайырмасы] Сүйемін, әуреге салсаң да шыдармын Сол үшін жаралған шығармын Сүйемін, сүйемін Сүйемін, жаныңа жат ұялай көрме Жасырмай айтам бар әлемге Сүйемін, сүйемін Өзің деп ойянам енді әрқашан Талай уақыт әлі өтер Жұмыр жер бетінде сен болмасаң Басқасының бәрі бекер Адаспаған бақытынан, ақ арманын ұрлатпаған Жалғанның бар жақұтынан Кірпігің қымбат маған [Қайырмасы] Сүйемін, әуреге салсаң да шыдармын Сол үшін жаралған шығармын Сүйемін, сүйемін Сүйемін, жаныңа жат ұялай көрме Жасырмай айтам бар әлемге Сүйемін, сүйемін [Қайырмасы] Сүйемін, әуреге салсаң да шыдармын Сол үшін жаралған шығармын Сүйемін, сүйемін Сүйемін, жаныңа жат ұялай көрме Жасырмай айтам бар әлемге