Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Қайран жеңгем» исполнителя Ернар Айдар. Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Есіңде ме жеңеше-ей біздің ағай,
Сырласып отырушы едік біз құда дай!
Қанды балақ соғысты - оуу, қарғы сатсын,
Қайран жеңгем шырқыңды бұзыды қалай?!

Су сұрасам, сүт берген, айран берген!
Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем,
Қарғаның валетіндей едірейіп.
Қасыңа мына біреу қайдан келген?!
Қайран жеңгем!

Өзің болсаң тымағат ойланғайсың,
Басыңа бақыт емес, қайғы алғансың.
Бұқалықта тұрмайтын, асау едің,
Қара мұртқа қалайша байланғансың?!

Су сұрасам, сүт берген, айран берген!
Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем,
Қарғаның валетіндей едірейіп.
Қасыңа мына біреу қайдан келген?!
Қайран жеңгем!

Жүруші еді ауылың мақтан етіп,
Аяққа киіп алып саптан етік.
Талайларды жүруші ең аттап өтіп,
Талайларды кетуші ең таптап өтіп.

Су сұрасам, сүт берген, айран берген!
Қартайып қалыпсың-ау қайран жеңгем,
Қарғаның валетіндей едірейіп.
Қасыңа мына біреу қайдан келген?!
Қайран жеңгем!

Қартайып қалыпсың-ау қайран женгем,
Кайғыға мойымаушең кайдан келген,
Сағынып жүр ме екенсің ардақтым-ау
Баяғы жастығыңды майданда өлген.
Қайран жеңгем!

Другие песни исполнителя:

  • 1. Ақ сарайдай қорғаны бар Алма бақтай бағбаны бар Шіркін қандай арманы бар Сені сүйген жігіттің Білегіңнің аппағын-ай Іздеп жүріп тапқаным ай Қылығыңның жаққанын ай Сөнген оттың үмітін Қайырмасы: Кел-кел кел дедім Кел қолыңды бер дедім Жүрегімде есімің бар Өз көзіңмен көр дедім Жүр-жүр жүр дедім Сен жүрген жер гүл дедім Сен жоқ жерде Күн мен айдың бар жоғын да білмедім 2. Таныс бірақ бөтенім ай У қосылған шекерім ай Қызғаныштың бекерін ай Сүймеген соң құшақтап Сен бұрылып бір қарасаң Тау мен тастан,қырдан асам Қонар еді шын қаласаң Бақыт дейтін құс аппақ Қайырмасы: Кел-кел кел дедім Кел қолыңды бер дедім Жүрегімде есімің бар Өз көзіңмен көр дедім Жүр-жүр жүр дедім Сен жүрген жер гүл дедім Сен жоқ жерде Күн мен айдың бар жоғын да білмедім
  • Бала махаббатым балдай арманым Бақытымды қалай таңдай алмадым Бабам жердің бетін қалай жаулаған Жүрегіңді сенің жаулай алмадым Бала жүрек сүйген бала ғашығым Әлі менің алда алар асуым Көңіліңнің кілтін табатын едім Айта алмадым бұрын саған ашығын [Қайырмасы] Бала күнде сүйген бала ғашық Тағы келіп тұрмын сәл адасып Бала ғашық Махаббатымыз бен тағдыр егесіп Аттап өте алмадық тауды кеңесіп Ауылдың көшесін кешкі салқынмен Аралап қайтайық әңгімелесіп Есіме алып бала шалалығымды Естиін деп едім жаңалығыңды Сағынбасаң мені сағымға айналған Сағынған шығарсың бала күніңді [Қайырмасы] Бала күнде сүйген бала ғашық Тағы келіп тұрмын сәл адасып Бала ғашық
  • Бұл шаһардың көшелері тар екен. Көшесінде шайханасы бар екен! Шай ұсынған сұлулардың саусағын, Бір сүюге көп жігіттер зар екен. Бұл шаһарға жетелеген жол екен. Шай құйған қыз шын ғашығым сол екен! Қолындағы кесесі де билейді... Мына шайдың дәмі сондай зор екен! Қайырмасы: Шайхана, әсем шайхана Шай құйған қыз деп айтам ән! Шай ішсең көңілің жай болар Шай ішпей қалай қайталам?! Шыр айналар уақыт, шіркін, қас қағым. Шайханадан таптым бақыт бастауын Бақытыңды бәлкім тауып аларсың, Шайханада кездесейік достарым! Қою күрең шайға құмар балаңмын! Қараңдаршы шай құйған қыз жанарын. Айналайын, айналайын достарым. Бұдан бұлай шайханада боламын!
  • Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Ғашықпын-ау күлкіңе де әр күлген Сенен басқа жанға қарай алмаймын Мейлі сыртын қаптаса да алтынмен Талғамы жоқ жан шығармын бәлкім мен Сұлулықты іздемеймін әркімнен Бар сұлулық мінезіңде ол сенің Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Қайырмасы: Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен Ғашықпын-ау күлкіңе де әр күлген Сенен басқа жанға қарай алмаймын Мейлі сыртын аптаса да алтынмен Мейлі сыртын аптаса да алтынмен Сүймегеннің кеудесінде салқын дем Сенің сүйген жүрегіңе жетпейді Ондай жылу сезінемін ал кімнен
  • Жалынамын жаныма мұң орнатпашы күздей болып, Жабығымын, зарығамын жүрек сені іздей беріп, Жамылғасын, қабылдасын көзбен іздеп бірін-бірі. Тамып жасы, сағынбасын ешбір ғашық біздей болып. Қайырмасы: Бәрі, бәрі бітті осы, енді мені күтпеші, Сеземісің қоштасу ,кездесудің нүктесің ол. Бәрі, бәрі бітті осы, енді мені күтпеші, Сеземісің қоштасу ,кездесудің нүктесің ол. Жүрегі ме, жібегі ме, айырмады алаңдадып? Білемін мен жүрегіңнен маған орын таба алмадың. Себебі деп, керегі деп үмітіме енді сенді. Себебі жоқ, керегі жоқ қоштасудың маған, жаным. Қайырмасы: Бәрі, бәрі бітті осы, енді мені күтпеші, Сеземісің қоштасу ,кездесудің нүктесің ол. Бәрі, бәрі бітті осы, енді мені күтпеші, Сеземісің қоштасу ,кездесудің нүктесің ол.