Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Ақбұлақ (Жарқамыс)»
исполнителя Нурболат Абдуллин.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Асау өмір арнасында
Шалқып сәби сезімменен
Он жыл мектеп партасында
Бірге отырдым өзіңменен
Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды
Елес беріп келешегің
Қимасыңа баладың ба
Қоштасарда неге сенің
Жас толқыды жанарыңа
Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды
Іңкәр еткен атар таңға
Қош бол енді бала көктем
Бізді алыс сапарларға
Шақырады самолеттер
Сездіруге батпадым да
Бала махаббатымды
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды

Другие песни исполнителя:

  • Жасырған менен сырың бардай Кетсең де мейлі гүлімді алмай Қылығың сенің шырын балдай Сүйкімді едің түрің қандай [Қайырмасы] Тәттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін, Бағалы бақ құсым Қарашы маған Тəттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін Ғашықпын саған Бәрі де біздер қалағандай Жүректер еріс жараланбай Қалмасын сезім бағаланбай Жүрейік бірге дараланбай [Қайырмасы] Тәттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін Бағалы бақ құсым Қарашы маған Тəттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін Ғашықпын саған
  • Сыйласам да қандай гүл Көңіл-күйің болмай жүр Ұнамай ма жүрісім онша Сеніп жүрсің құрбыңа Олда қуады, жынды ма? Бізде оның жұмысы қанша? [Қайырмасы] Сенің құрбың негізі қуады Басың бос па деп менен сұрады Мүмкін ол қыз маған сырттай ғашық болған ба? Кейде маған қоңырау шалады Мені көрсе ұялып қалады Ондай құрбы достарға сен босқа алданба Түсіне алмай жүрмін мен Қол ұстасып құрбыңмен Кездесуге келетініңді Тартуысың тағдырдың Көре алмайды жан құрбың Сені жақсы көретінімді [Қайырмасы] Сенің құрбың негізі қуады Басың бос па деп менен сұрады Мүмкін ол қыз маған сырттай ғашық болған ба? Кейде маған қоңырау шалады Мені көрсе ұялып қалады Ондай құрбы достарға сен босқа алданба [Қайырмасы] Сенің құрбың негізі қуады Басың бос па деп менен сұрады Мүмкін ол қыз маған сырттай ғашық болған ба? Кейде маған қоңырау шалады Мені көрсе ұялып қалады Ондай құрбы достарға сен босқа алданба Сенің құрбың негізі қуады Басың бос па деп менен сұрады Мүмкін ол қыз маған сырттай ғашық болған ба? Кейде маған қоңырау шалады Мені көрсе ұялып қалады Ондай құрбы достарға сен босқа алданба
  • Әкелердің бөлек екен толғасы Анамыздың жанашыры сырласы Біздер үшін көп қиындық көрсе де Көздерінен білінбейді мұң жасы Біздер үшін көп қиындық көрсе де Көздерінен білінбейді мұң жасы Әкелердің бөлек екен намысы Үйден шықса түздің болар тағысы Сынаққа да сүрінбеуді үйретер Бұлтты күндей күркіреген дауысы Сынаққа да сүрінбеуді үйретер Бұлтты күндей күркіреген дауысы Әкелердің бөлек екен тілегі Тілегінен байқалады жүрегі Жұдырықтай жүрегіне сыйып тұр Жау қайтарған бабалардың жігері Жұдырықтай жүрегіне сыйып тұр Жау қайтарған бабалардың жігері Әкелердің орны бөлек расында Оған жетпес ешбір байлық асылда Бар кезінде бағалайық құрметтеп Мәңгі бақи жүре бермес қасыңда Бар кезінде бағалайық құрметтеп Мәңгі бақи жүре бермес қасыңда Әкелердің орны бөлек расында...
  • Жарқырап жайнаған Жадырап айналаң Арайын төккен ай ма едің Сол айдын жарығы-ау Жарқ еткен жаным-ау Мен бойдақ кезде қайда едің? Гүл көктем бе едің Кірлетпе менің Көңіл тереземнің әйнегін [Қайырмасы] Жайнаған гүл ме едің Жүргенін күлгенін Әдемі көйлегіндегі ілгегін Ай ме едің Күн бе едің Ән бе едің Жыр ме едің Неге теңерімді білмедім Ай ме едің Күн бе едің Ән бе едің Жыр ме едің Неге теңерімді білмедім Мөлдіреп көздерін Сөзінен өзгенін Түспесін жаным енсеңіз Шекер мен бал шығар Сененде ән шығар Ол қызды көзбен көрсеңіз Айта бермейді Қайта келмейді Қайран жиырма бес пен он сегіз [Қайырмасы] Жайнаған гүл ме едін Жүргенін күлгенін Әдемі көйлегіндегі ілгегін Ай ме едін Күн бе едін Ән бе едін Жыр ме едін Неге теңерімді білмедім Ай ме едін Күн бе едін Ән бе едін Жыр ме едін Неге теңерімді білмедім Сүйсініп тағыда Жайласып жаныма Әнімді үнсіз тындайсын Адастым еркімнен Сүйкімді көркінмен Жанардың жауын ұрлайсын Елжіреп сезім Мөлдіреп көзің Өзіңде қарап тұрмайсын [Қайырмасы] Жайнаған гүл ме едін Жүргенін күлгенін Әдемі көйлегіндегі ілгегін Ай ме едін Күн бе едін Ән бе едін Жыр ме едін Неге теңерімді білмедім Ай ме едін Күн бе едін Ән бе едін Жыр ме едін Неге теңерімді білмедім Ай ме едін Күн бе едін Ән бе едін Жыр ме едін Неге теңерімді білмедім
  • Кешірші Алла айыптымыз Сынағыңа лайық құлмыз Түк келмейтін қолымызды саған ғана жайып тұрмыз Әлсіз адам, әлсіз әлем Жыбырлаған жансыз әрен Көзге жылтыр көрінгенмен Иісі жоқ дәмсіз әлем Ауасы бар демсіз әлем Ауруы бар, емсіз әлем Тура жолдан тайқып кетіп Жол таппаған жөнсіз әлем Қартаймай-ақ қара жабар Жаман індет жаны залал Меймандарсыз мейрамдармен Жамағатсыз жаназалар Ғылым қайда, ғалым қайда Алпауыттар әлің қайда Ғарыш асқан білім қайда Бірі емге табылмайма Эй өмір-ай өтірік құр Өңің неге өкіріп тұр Дала түгел жөтеліп тұр Қара жерің кекіріп тұр Ғылым қайда, ғалым қайда Алпауыттар әлің қайда Ғарыш асқан білім қайда Бірі емге табылмайма Қартаймай-ақ қара жабар Жаман індет жаны залал Меймандарсыз мейрамдармен Жамағатсыз жаназалар Зиян қылған зұлым көрші Мүминдерге тұғыр берші Алғаныңа жәннат сыйлап Қалғаныңа ғұмыр берші Қартаймай-ақ қара жабар Жаман індет жаны залал Меймандарсыз мейрамдармен Жамағатсыз жаназалар Зиян қылған зұлым көрші Мүминдерге тұғыр берші Алғаныңа жәннат сыйлап Қалғаныңа ғұмыр берші