Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Мың Бір Түн»
исполнителя Нурболат Абдуллин.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Батырып күннің иегін,
Бұлт торлап айдың жиегін
Біздерді жақындастырған
Сол түнді қатты сүйемін.
Қ-сы:
Жылдар өтті арада,
Жүрісің сен қай қалада.
Уақыт емші бола алмады жарама,
Жаным қатты толқыды
Біз кездескен сол түні
Қауыштырар қайта бəлкім жол түбі
Сағыныш самалы
Тоңдырып барады
Тек сен келіп жылыта аласың
Көзден жас тамады
Жүрегім жаралы
Дəрігері өзің ғанасың (2 рет)
Өзімді қинап жүрмін тым
Сағыныш болар бұл…

Другие песни исполнителя:

  • Сағынбай жүр деп сен неге өкпелейсің? Менің жаным сенен бөлек пе дейсің Сағыныштың жалын өртіне күйген Бір жан болса мендей ақ күйсін Дейсің дейсің дейсің Барсам үндемейсің Сағынып мен келсем Кейде сен келмейсің Мені кінəлайсың Өзіңнен көрмейсің Сағынбайтының бар Неге олай дейсің 2 Жүрегіммен де сүймейсің дейсің Сен жүректе тұнған ән менен күисің Мүмкін сезбей жүрген шығарсың жаным Шын сүйген жан болса Мендей ақ суйсін
  • Кешігіп шын сүйген жанды білдім Кінәсі жоқ па оған тағдырымның Саған адал едім, Махаббатым менің сен дедім Қаламаймын сезімнің сөнгенін Мен талай сөзімді қайталадым Мен қалай жеткізіп айта аламын Бірін білдім мен де Жарығым-ау сен де бәрін біл Сағыныштан жазылған әнім бұл Қайырмасы: Сағынып жүрмін, Сағынып жүрмін қимай Жүрсіңбе гүлім Көзіңнің жасын тыймай Аққуым жалғыз тұр су бетінде Ол бірақ бақытты суретінде Бәрі жалған демек Жазған жолы бөлек тағдыр-ай Мен сағынып көрмедім дәл бұлай Қайырмасы: Сағынып жүрмін, Сағынып жүрмін қимай Жүрсіңбе гүлім Көзіңнің жасын тыймай
  • Махаббатқа жаным Мен қоямын нүкте Ұмытамын бәрін Қызық емес түкте Өткен өмір өткен Бұл кеткенім кеткен Енді мені күтпе Қоштасқалы тұрмыз Жүрек жылап алсын Өмірімде жоқсың Көңілімде барсың Тағдыр бізді бөлді Бұл махаббат енді Арамызда қалсын Маған бәрі ұнайды Білем қиың саған Уақытымды алма Бақытымды табам Сенесің бе маған Тек естелік болып Мен есіңде қалам Қоштасқалы тұрмыз Жүрек жылап алсын Өмірімде жоқсың Көңілімде барсың Тағдыр бізді бөлді Бұл махаббат енді Арамызда қалсын Қоштасқалы тұрмыз Жүрек жылап алсын Өмірімде жоқсың Көңілімде барсың Тағдыр бізді бөлді Бұл махаббат енді Арамызда қалсын
  • Жасырған менен сырың бардай Кетсең де мейлі гүлімді алмай Қылығың сенің шырын балдай Сүйкімді едің түрің қандай [Қайырмасы] Тәттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін, Бағалы бақ құсым Қарашы маған Тəттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін Ғашықпын саған Бәрі де біздер қалағандай Жүректер еріс жараланбай Қалмасын сезім бағаланбай Жүрейік бірге дараланбай [Қайырмасы] Тәттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін Бағалы бақ құсым Қарашы маған Тəттісің сен тәттісің Аққудай ақ мүсін Ғашықпын саған
  • Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, Жүрегі еттен бе, Әлде қоладан ба?! О, тәңірім! қайырмасы: Ғашықпын оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам. О, тәңірім! Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге, Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе? Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып, Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе? О, тәңірім! қайырмасы: Ғашықпын оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам. О, тәңірім! Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, Жүрегі еттен бе, Әлде қоладан ба?! О, тәңірім!