Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Жыламай Жүрем» исполнителя Нурболат Абдуллин. Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Күтетін едік таңдардан арай
Бірге болмадық жалғанда қалай
Біздің махаббат аяқталды ғой
Жарты сағаттық бағдарламадай
Есім ауады елес күндерге
Ерегеспеймін мен ешкіммен де
Менсіз де жаным бақытты екенсің
Сенсіз де сорлы емеспін мен де

[Қайырмасы]
Халіңді сенің сұрамай білем
Дертіме дауа сірә қай бір ем
Жас болсаң менің жанарымдағы
Жоғалтпас үшін жыламай жүрем

Екеумізге дақ келмеді не сын
Өмірдің алдық берген үлесін
Біздегі сезім алдамшы екенін
Мен де білемін сен де білесің
Мен кімге неге жақұт теремін
Тежегіші жоқ уақыт кеменің
Өмір дегенің өткінші емес пе
Алдамшы емес пе бақыт дегенің

[Қайырмасы]
Халіңді сенің сұрамай білем
Дертіме дауа сірә қай бір ем
Жас болсаң менің жанарымдағы
Жоғалтпас үшін жыламай жүрем

Другие песни исполнителя:

  • Батырып күннің иегін, Бұлт торлап айдың жиегін Біздерді жақындастырған Сол түнді қатты сүйемін. Қ-сы: Жылдар өтті арада, Жүрісің сен қай қалада. Уақыт емші бола алмады жарама, Жаным қатты толқыды Біз кездескен сол түні Қауыштырар қайта бəлкім жол түбі Сағыныш самалы Тоңдырып барады Тек сен келіп жылыта аласың Көзден жас тамады Жүрегім жаралы Дəрігері өзің ғанасың (2 рет) Өзімді қинап жүрмін тым Сағыныш болар бұл…
  • Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, Жүрегі еттен бе, Әлде қоладан ба?! О, тәңірім! қайырмасы: Ғашықпын оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам. О, тәңірім! Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге, Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе? Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып, Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе? О, тәңірім! қайырмасы: Ғашықпын оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам. О, тәңірім! Ғашықпын шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, Жүрегі еттен бе, Әлде қоладан ба?! О, тәңірім!
  • Жүрегім қойды ақылымды алмай Көрдім де сүйдім алансыз Сүйемін деуге батылым бармай Аған боп жүрмін амалсыз Жарасып жүріп жанымды осылай Сіз дегенінде маған сыз Мөп-мөлдір көзді қарындасым ай Мөлдір мұңымнан хабарсыз [Қайырмасы] Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Сырт айналарда сырымды білсен Сыртыннан сүйдім сезілмей Мазалап жатқан мұңымды білсен Мезгілсіз келген мезгілдей Басқада жүр ме назарың мүлде Жас жүрек үні сөз жүрмей Мөлдір көзіңді қададын кімге Мөлдір сезімді көзге ілмей [Қайырмасы] Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім [Қайырмасы] Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай Мөп-мөлдірін-ай көзінің Көп болды бұлай Көп болды бұлай Оянбағалы сезімім
  • Сазға тағы оралды сарыала қаз Сарша тамыз тағы да бола ма жаз Күрiк басар ақ тауық күлге аунаса Күнге қарап шақырар бала қораз Тұтасқан бұлт айналып, ығысқанда-ай Күн күркiрер батыстан, шығыстан да Әжемнiң де баратын күнi туды Алыстағы жатбауыр туысқанға-ай Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай Сарыуайым салудың не керегi Көгередi, бәрi де көгередi Көп досымды жоғалттым осы қыста Келесi жаз, бiлмедiн, не бередi Сарыала қаз оралды сазға тағы Ақ тырналар аспанды-ау боздатады Сұқсыр көкек тоғайдан сұңқылдаса Қай-қайдағы мұңымды қоздатады Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай
  • Сені өзі адам емес арайсын Күн көзінен шуақ болып тарайсын Сәл нәрсеге жас балаша қуанып Сәл нәрсеге шын көңілмен қарайсын Сен өзі адам емес күн айсын Бір сөзіңмен бүкіл әлем құрайсын Сәл нәрседен көрместей боп түніліп Сәл нәрседен көңілің қалып жылайсын [Қайырмасы] Жанмен аппақ ақ жүрекпен гүл екші Ақ ниетің әрбір жанға тілекші Сәл нәрсеге күйіп сыздап жанатын Сен өзің адам емес, жүрексін Сен өзі адам емес, сезімсің Сезіміңді аша бермес төзімсін Барлық адам шын сезімге езілсін Езілсін де бос сезімнен безінсін [Қайырмасы] Жанмен аппақ ақ жүрекпен гүл екші Ақ ниетің әрбір жанға тілекші Сәл нәрсеге күйіп сыздап жанатын Сен өзің адам емес, жүрексін Жанмен аппақ ақ жүрекпен гүл екші Ақ ниетің әрбір жанға тілекші Сәл нәрсеге күйіп сыздап жанатын Сен өзің адам емес, жүрексін Сәл нәрсеге күйіп сыздап жанатын Сен өзің адам емес, жүрексін