Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Қызық Екенсің»
исполнителя Нурболат Абдуллин.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Көргенде сені қысылам жаным
Не керек саған ұсынам бәрін
Өзінше болып қинайсың мені
Сенікі жай ма түсіне алмадым
Қызық екенсің, қызық екенсің
Мен қызығып жүрсем бұзық екенсің
Қызық болсаң да, бұзық болсаң да.
Сұлулардың жаным жүзіне теңсің
Басымнан менің таймашы бағым
Уақыт бар әлі қайда асығамын
Өкпелетсем де сүйем ғой сені
Қатты кетпеші жайлашы жаным
Қызық екенсің, қызық екенсің
Мен қызығып жүрсем бұзық екенсің
Қызық болсаң да, бұзық болсаң да.
Сұлулардың жаным жүзіне теңсің.
Нұрболат Абдуллин Қызық екенсің

Другие песни исполнителя:

  • Жай әуен әсем қосылған кезде Қарсы алдым сен табылдың лезде Билеуде бәрі қалмайық қалыс Ортада тағы билейік вальс Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Көзіме қара ұялма менен Жымиып қана қарайсың төмен Билеуде бәрі қалмайық қалыс Ортада тағы билейік вальс Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Менімен еріп ырғалып биле Кеттіңбе еніп ғажайып күйге Сәттерде сол бір күлгендей болдың Көзіңнен мөлдір махаббат көрдім Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Билеуде бəрі қалмайық қалыс Ортада тағы билейік вальс Жақында бері тартынған жоқсың Жүректер демі жақыннан соқсын Жүректер демі жақыннан соқсын
  • Мұңайған шақтарда сезіммен сырды ақтарды Қуанудан артық бақ барма, ақ таңдаңда Жаңа күнге кірпік қаққанда Күтіп жүрмін көркем сәтті алда Бақытымды сезінемін жүз мұңаямын жүз күлемін Аялаймын қыз жүрегін Қайырмасы Жарық дүние, сен айтшы тапсаң өмір мағынасын Жан дүнием жадырасын Заңдылыққа бағынбай келем Жүрегімнің қалауыменен Жастық шақтың алауыменен Еркелеймін жалындай беремін Жылжыған жылдарым сағынып сені жүр жаным Неге тыныш ұйқымды ұрладың Сырғалым жасырмайды -ау нәзік сырларын Жақын келіп білсем бір қалін Қиындыққа жасымастан жеңілдікке тасымастан Құлпырады көңіл бағым Қайырмасы Жарық дүние, сен айтшы тапсаң өмір мағынасын! Жан дүнием жадырасын! Заңдылыққа бағынбай келем, Жүрегімнің қалауыменен Жастық шақтың алауыменен Еркелеймін, жалындай беремін.
  • Жанымнан менің жырақтамашы ұнап қаласың Қолыңды созшы жүрегім Тағдырға неге сыр ақтарасың жылап қаласың Жылап қаласың Естеліктерден табылмайсың ба тағы Ұрлайсың ба Ең сұлу гүлі тәңірдің Сен мені мүлде сағынбайың ба Сағынбайсың ба Тұрады өмір жаңылыстардан, Жалыныштардан. Сезім ғой бізді алып ұштырған, Сағыныстырған. Қауырсын қанатымнан. Мен үшін жаратылған. Сен сый едің. Бір ғұмыр бір өмірмен. Жұп-жұмыр жүрегіммен. Мен сүйемін. Естеліктерден табылмайсың ба тағы Ұрлайсың ба Ең сұлу гүлі тәңірдің. Сен мені мүлде сағынбайың ба Сағынбайсың ба. Мен сені қатты сағындым. Тұрады өмір жаңылыстардан Жалыныштардан. Сезім ғой бізді алып ұштырған Сағыныстырған. Қауырсын қанатымнан. Мен үшін жаратылған. Сен сый едің. Бір ғұмыр бір өмірмен. Жұп-жұмыр жүрегіммен. Мен сүйемін. Тағдырды мейлі жек көресің бе кектенесің бе. Жыламай жүрсең разымын. Жыламаймын деп серт бересің бе серт бересің бе? Бақытты болшы нәзігім Тұрады өмір жаңылыстардан Жалыныштардан. Сезім ғой бізді алып ұштырған Сағыныстырған. Қауырсын қанатымнан. Мен үшін жаратылған. Сен сый едің. Бір ғұмыр бір өмірмен. Жұп-жұмыр жүрегіммен. Мен сүйемін. Тұрады өмір жаңылыстардан Жалыныштардан. Сезім ғой бізді алып ұштырған Сағыныстырған. Қауырсын қанатымнан. Мен үшін жаратылған. Сен сый едің. Бір ғұмыр бір өмірмен. Жұп-жұмыр жүрегіммен. Мен сүйемін.
  • Сазға тағы оралды сарыала қаз Сарша тамыз тағы да бола ма жаз Күрiк басар ақ тауық күлге аунаса Күнге қарап шақырар бала қораз Тұтасқан бұлт айналып, ығысқанда-ай Күн күркiрер батыстан, шығыстан да Әжемнiң де баратын күнi туды Алыстағы жатбауыр туысқанға-ай Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай Сарыуайым салудың не керегi Көгередi, бәрi де көгередi Көп досымды жоғалттым осы қыста Келесi жаз, бiлмедiн, не бередi Сарыала қаз оралды сазға тағы Ақ тырналар аспанды-ау боздатады Сұқсыр көкек тоғайдан сұңқылдаса Қай-қайдағы мұңымды қоздатады Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай Шiлде туып, тағы да жаз бола ма-ай Аққу ұйықтап, айдынға қаз қона ма Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай Қызды ауылға күнiне қырық барып Желiк пайда бола ма бозбалаға-ай
  • Білмейсіңбе білесіңбе? Білмегендей жүресіңбе? Күн дидарын көргім келіп Күлесіңде жүресіңде Күлмейсіңбе күлесіңбе Күлмей өмір сүресіңбе Ханшайымым боласыңба Хан сарайға кіресіңбе Қайырмасы Айтпайсыңба айтасыңба Ата анама шай тасуға Өзге үйде туылған қыз Өз үйіңе қайтасыңба Келесіңбе келмейсіңбе Ересіңбе ермейсіңбе Ақылыңа сенесіңбе Жүрегіңе сенбейсіңбе Мені жақсы көрмейсіңбе Жауабыңды бермейсіңбе Жалғандағы ай маған лайық Жалғыз ару сен дейсіңбе Қайырмасы Айтпайсыңба айтасыңба Ата анама шай тасуға Өзге үйде туылған қыз Өз үйіңе қайтасыңба