Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Молдир Ауелбекова.
 Слушать песни исполнителя и скачать онлайн.
Страница 2

Исполнители

Добавить
Все казахские исполнители

Молдир Ауелбекова

Создала популярную девичью группу «КешYOU», это стало началом успешной творческой карьеры казахстанки.
  • Екі елдің қосып арасын Біздерден кетіп барасың Өз үйіңде сен өссеңде Өзгенің бағын жағасың Ақ жолын жалғап анаңның Əкенің ақтап арманын Көрмеші барған жеріңде Өмірдің ауыр салмағын Қайырмасы: Аттадың-ай жаңа босаға Босама енді босама!!! Алдыңнан жарқын күн туған Бақытың сені тосады, Гүліндей нəзік көктемнің Еркесі едің текті елдің Арқасы ата ананың Осы бір күнге жеткенің Түсірме сызат арыңа Жақсыны сақта жадыңда Бақытты болшы мəңгілік Тапсырдық сені жарыңа
  • Мен елімді жүре алмаймын сағынбай Мөлдір судың жағасындағы Қазақ жері жарқырайды лағылдай Алты құрлық арасындағы Сол даланың тұрғындары бағымдай Жүзі жылы жан асыл бәрі Өздеріңді жақсы көрем жанымдай Үніндей жанашырлары қайырмасы: Қастерлі халқым-ай Дәстүр мен салтын-ай Әнінде балқымай жүрмейді шалқымай Сен жүрегімдесің халқым-ай Әр қазақ алтындай алтыннан артық-ай Сен жүрегімдесің халқым-ай Халқым-ай Алтай менен Атыраудың арасы Араласан ауасы дауа Көршілерін керегеден қараса Бесіктегі баласы-ай Еркелетіп алаңқанға саласың Анамдайсың бұл әсем дала Дәл осындай махаббатпен баласың сүйе алады анасы ғана қайырмасы: Қастерлі халқым-ай Дәстүр мен салтын-ай Әнінде балқымай жүрмейді шалқымай Сен жүрегімдесің халқым-ай Әр қазақ алтындай алтыннан артық-ай Сен жүрегімдесің халқым-ай Халқым-ай
  • Ғажайып ғаламға осындай адамға Бақыт бар байқасам мағанда сағанда Байқаған жанарға арайлы таңдарда Шашылған шуақ бар жеткізер арманға Қайырмасы Сүйіп мына өмірді көтеріңіз көңілді Бақыттымын жүргеннен бақыт әрбір күндерім Әсем ән тыңда жайна жарқылда Ғашық болған әлемге маңында Армысың сен ғажап әлем Сырымды тыңда жүрегімдегі Бар ғаламға бердім сәлем Жүрегімменнен сүйемін сені Әр өткен күндерде әр өткен түндерде Адамға лайық бақыт бар білгенге Ей асыл адамзат боларма шапағат Осынау әлемде болмаса махаббат Қайырмасы Сүйіп мына өмірді көтеріңіз көңілді Бақыттымын жүргеннен бақыт әрбір күндерім Әсем ән тыңда жайна жарқылда Ғашық болған әлемге маңында Армысың сен ғажап әлем Сырымды тыңда жүрегімдегі Бар ғаламға бердім сәлем Жүрегімменнен сүйемін сені
  • Күнім менің қара түнде түңілмедің Шуақты нұрым менің мына жалғанда Күнім менің сарқылмайтын жырым менің Мөп мөлдір сырым менің басты арманда қайырмасы: Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай Күнім менің сенең нәр алып Гүлім менің қуанып күлімдедің Жайнап бағымда Күнім менің аласармас шыңым менің Сен барда түңілмедім сеніп сағымға қайырмасы: Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім менин ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай
  • Махаббат алауы оттай жанып күйгенім Жүректің қалауы сен едің ғой сүйгенім Сүйген жүрек сұрамайды Сүйген адам сынамайды Сенен өзге бұл әлемде маған ешкім ұнамайды Сүйген жүрек сұрамайды Ла ла ла ла Саған сарғайам жапырақтай күздегі Сені аңсап айбарым сені жаным іздедім Сүйгенжүрек сұрамайды Сүйген адам сынамайды Сенен өзге бұл әлемде маған ешкім ұнамайды Сүйген жүрек сұрамайды Ла ла ла ла Сүйген жүрек сұрамайды Сүйген адам сынамайды Сенен өзге бұл әлемде маған ешкім ұнамайды Сүйген жүрек сұрамайды Сүйген адам сынамайды Сенен өзге бұл әлемде маған ешкім ұнамайды Сүйген жүрек сұрамайды Ла ла ла ла Сүйген жүрек Сүйген жүрек
  • Сенсің ана дүниенің кәусар бұлағы Өмірімнің жарық шырағы Өзің барда қиын емес тағдыр сынағы Сенің сөзің демеп тұрады қайырмасы: Ана, ана, асыл ана Аялы бейнең Адам бол деп сүйредің өрге Ана күнде көрсемдағы сағынам кейде Күн аңсаған гүл аңсаған бейне Қыз ұяты қылығы деп бердің тәрбие Сол сөзіңде жатыр бар дүние Ана сенсің ұлы ұстаз өмір мектебі Сенсің ана көңіл көктемі қайырмасы: Ана, ана, асыл ана Аялы бейнең Адам бол деп сүйредің өрге Ана күнде көрсемдағы сағынам кейде Күн аңсаған гүл аңсаған бейне
  • Сөндірме көңіл жарығын Тағдыры бар ғой барінің Жеңе алмай алі жүрсіңбе Жүректің әлсіз әмірін Қинама бекер өзіңді Әніңе қосып сөзіңді Жолыңды тауып кете бер Басқаға арнап сезімді Қайырмасы: Бол ие берген бағаңа Отына өзің жалында Болмаймын мәңгі жаныңда, Сағынба мені сағынба! Болмаймын мәңгі жаныңда , Сағынба мені сағынба! Үзілмей сенің үмітің Армандай берме күні түн Жаралай берме жаныңды Жөніңді білші жігітім Өтеді мен деп күндерің Өседі мен деп гүлдерің Бәріне себеп болғаным Биікте сенің жүрегің Қайырмасы: Бол ие берген бағаңа Отына өзің жалында Болмаймын мәңгі жаныңда, Сағынба мені сағынба! Болмаймын мәңгі жаныңда , Сағынба мені сағынба!
  • Күзгі жаңбырдай жасың суық Арамыз кетті суып суып Кеш болсын мейлі алайық енді Алайын енді айыбым болса жуып жуып Қайырмасы Күнге қалай жетеді ай Алыс алыс арамыз планетадай Сен баспадың бір қадам Мен баспадым бір қадам қалай? Айырылысып барамыз алыс алыс арамыз планетай.... Жүрегің сезген кеш кірген кезде Кешірім сұрау артық артық Кінə сұрасып ойландырасың Сондай шешімге бардық бардық... Қайырмасы Күнге қалай жетеді ай Алыс алыс арамыз планетадай Сен баспадың бір қадам Мен баспадым бір қадам қалай? Айырылысып барамыз алыс алыс арамыз планетай....
  • Белгісіз хат хабарың байланыссам Шаршатты махаббаттың майданы шын Өкінгім келмейді тек құшағымды Саған ғана жайғаны үшін Жасайтын жалған сезім мың түн неге? Ұғынсам сенсіз күнім күн түн емес Талпынып тағдыр үшін күліп жүрмін Бірақ бұл шын күлкім емес Қайырмасы Мүмкін емес,мүмкін емес Хабарласу мүмкін емес Мүмкін емес,мүмкін емес Күліп келем күлкім елес Мүмкін емес,мүмкін емес Хабарласу мүмкін емес Мүмкін емес,мүмкін емес Күліп келем күлкім елес Бір уайым жолықпасын жолығарын Кедергі кездесудің жолына кім Түндерде сыр ақтарып жалынбады Маған ғана қоңырауың Бағыңа айналғасын келмес күнім Келседе бермес бақыт бұл күн Кешірім сұратпайық жылатпайық Жүректерін енді ешкімнің Қайырмасы Мүмкін емес,мүмкін емес Хабарласу мүмкін емес Мүмкін емес,мүмкін емес Күліп келем күлкім елес Мүмкін емес,мүмкін емес Хабарласу мүмкін емес Мүмкін емес,мүмкін емес Күліп келем күлкім елес
  • Ақ көйлек, қызыл бешпет-ау, әдемі қыз-ай, Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіміз-ай Бірге өскен кішкентайдан құрбы мa едің-ей, Біз сізден әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз-ай. Припев: Сәулелі алтын айымсың, Бақытым сенсің, барымсың. Дариға мынау жалғанда, Таңдап бір сүйген жанымсың. 2. Ақ көйлек, қара камзол белін буған-ей, Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, дара туған-ай Мен сізге ғашықтықтан-ау сөз айтамын-ей, Аржағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан-ай.
  • Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі – Күмбірлеген домбырасы барында. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген, Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер, Ғашықтардың көз жасындай пернеден. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра! Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған. Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра!
  • Сені ойласам төзім таусылып Жүрегімде мұң,көңілімде мұң Есімде бақытты күндерім Сағынарымсың,жалын әнімсің Жас жүрегім сені іздейді Ойладым сені Қос жанарым көз ілмейді Қинадың мені Неге кеттің жыраққа неге? Қайырмасы: Арман арман арман алдамайды Бірге өткізген күндеріміз жанға жайлы Адал махаббаттың сезім жан сарайы Сезім сиқыр еске түсіріп Бақыт келмесін,уақыт белесін Көз алдымда нұрлы бір елесің Сенсіз күй кештім Көзсіз тілдестім Бұйырмаған бақыт деп ең Жаныма жақын, Құстарды бір жеткізердей Қайырмасы: Арман арман арман алдамайды Бірге өткізген күндеріміз жанға жайлы Адал махаббаттың сезім жан сарайы
  • Айтшы неге келе берем мунга Неге сонша курсинемин тунде Сени ойлап мунаймаган кун барма Бари барии, барии сен ушин Бир сен ушин жанарыма мун тынды Бир сен ушин журек конбей булл кунды Бир сен ушин жан ортенсе Барии барии барии сен ушин Озим ушин осер едим гул болып Канат байлап ушар едим кустай Сенде суйсен кетер едим кун болып Барии барии барии сен ушин
  • Нұр жауып тұрған көктемде Гүл тере барсаң бөктерге Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың!!! Қоңыраулатқан аспанды Найзағай шаншып өткенде Есіңе мені алғайсың!!! Қаз бауыр бұлттыр маңғанда Орманға жазда барғанда Арманда мені арманда Оңаша жалғыз қалғанда Есіңе мені алғайсың!!! Арманда мені арманда Оңаша жалғыз қалғанда Есіңе мені алғайсың!!! Қараша келген шақтарда Құлазып тұрған бақтарда Жапырақ жайрап жатқанда Қурайлар сыңси қаққанда Есіңе мені алғайсың!!! Ақ ұлпа жерге жапқанда Ағаштар сырға таққанда Бозарып атқан ақ таңда Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың
  • Асыл ер өзін биік санамайды-ау Ел үшін еңбек күшін аямайды-ау eee-e-eй Бір өзі білсе дағы білдім демес, Сынатып көпке салып шамалайды-ау e-e-e-eeй Серік бол шамаң келсе сондай ермен — ей Тар жерден бас амандық жарамайды — ау e-e-e-eeй Кескінін кем ақылдың қарап тұрсаң e-e-eй Шығарып өзін тауға бағалайды — ау e-e-e-e-й Асыл ер өзін биік санамайды-ау Ел үшін еңбек күшін аямайды-ау eee-e-eй Бір өзі білсе дағы білдім демес, Сынатып көпке салып шамалайды-ау e-e-e-eeй Қолына опасыздың олжа түссе — ау Досы мен жолдасына қарамайды — ау e-e-e-e-й Дүниенің опасы жоқ ойлан ерлер e-e-eй Қарбадай тегермесіз домалайды — ау e-e-e-й
  • Аппақ таңым атады сенде бір күн Атқан таңда сен үшін менде бармын Арманы көп ғой шын сүйген жанның Жанымау сені сағынып қалдым Арманыма келеді бірге барғым Қиялыммен қасыңа күнде бардым Жүректер жақын арамыз алыс Күнімау менде сағынып қалдым Қайырмасы Арамызда жол алыс барам қалай Сезімдерден басқаға алаңдамай Аспан жердеме өзен көлдеме Жетемін жанымау саған қарай Шындарынан өтсемде асқар таудың Теңіздермен толқындардан жолдар салдым Жетеді шамам жетемін саған Себебі сені сағынып қалдым Күнімай күнімай жарқыраған түнімай Бар шашқан гүлімай Жанымай жанымай күнімай Жарқыраған түнімай əуелеген үнімай Айналамда жүрседе құшар əркім Тек сені сəт сайын ұнатып от боп жандым Айдынын сүйген аққудай көркем Жанымау сені сағынып қалдым Таңғышықтың жұпары сендей балғын Тау басындай тазасың аппақ қардың Қоштасу қатты кездесу тəтті Жанымау сені сағынып қалдым Қайырмасы Арамызда жол алыс барам қалай Сезімдерден басқаға алаңдамай Аспан жердеме өзен көлдеме Жетемін жанымау саған қарай Шындарынан өтсемде асқар таудың Теңіздермен толқындардан жолдар салдым Жетеді шамам жетемін саған Себебі сені сағынып қалдым Күнімай күнімай жарқыраған түнімай Бар шашқан гүлімай Жанымай жанымай күнімай Жарқыраған түнімай əуелеген үнімай
  • Күн өткен сайын дамып Бақытқа бағыт алып Қалықтай бер қырандай қанат қағып Есілдің бойын жайлап Бағыңда бұлбұл сайрап Күн кеше бер бойыңда намыс қайда [Қайырмасы:] Астана, арайлаған ақ таңым Бас қала еліміздің мақтаны Тәуелсіз қазағымның тәтті әні Гүлдене бер Астана Ертеңгі күнің жарқын Тілеймін соны әр күн Аман болсын көңілі дархан халқым Жастарға жалын бердің Болашағыңа сендім Жүрегі сен қазақтай қайсар елдің [Қайырмасы:] Астана, арайлаған ақ таңым Бас қала еліміздің мақтаны Тәуелсіз қазағымның тәтті әні Гүлдене бер Астана
  • Шын бақыттың бағын аралатып жаным бір жандым, Түсінетін күнде, күрсінетін бірге сен жаным. Шарықтаттың көкке мені өзің байлап қанат, Шын бақытты еттің мені сыңарыңа санап. Қайырмасы: Бірге жаным төземіз деп сынақтарға, Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға. Бір іргеміз! Біз біргеміз! Мәңгілік! Ең бақытты шағым ата-анам әнім сол барым Сүйеп жүрген тірек тілеуімді тілеп қолдадың. Еркелеткен әркез мені күнде теңеп балға, Ақ кемеме желкен еді жүздіретін алға. Қадам бастым мен сенімменен - тірегім бар. Елім десе елжіреген менің жүрегім бар. Сенсің xалқым жүзің жарқын, аман болшы. Екі көзің мөлдіреген үміт оты. Қошеметпен жүресіздер жылытып.
  • Жүрегімнің ақтығын Көңілімнің шаттығын Тербетеді тәтті мұң ән Өмірімнің көгінде Өнерімнің төрінде Мән береді бәріне ән Қайырмасы: Гүлмін, гүлмін Еркелеймін жайқалам Гүлмін, гүлмін Күлімсіреп айтам ән Гүлмін, гүлмін Күн нұрымен жайқалған Гүлмін, гүлмін Елге арнап айтам ән Гүлдей нәзік сезімім Мөлдірімін теңіздің Мен өзіңмен егізбін ән Жылу беріп жаныма Жаратылдың бағыма Сала берем тағы да ән.
  • Туғанмен жырлап өтер дастанын Белдерің қымбат тауың асқарың Жаныма шуақ төккен, бойыма қуат берген Сенің жұмбақ мөлдір бүлақ аспаның. Мейірбан анамдайсың аяулы Таңдарым күліп құшақ жаяды Әлемді шарласам да таппаспын сендей саяны. Қайырмасы: Туған елім, салтанатым менің Туған жерім, махаббатым сенің Сөндірмейді жүректегі жалынды Әлдилеген ән бесігім менің Атамекен тал бесігім менің Жарқыраттың арайланған таңымды Қырыңда гул еркелеп тамсанған Бағыңда бұлбұл тыңбай ән салған Жандарын парасатқа толтырып болашаққа Сенен самғап қанат қақты қанша арман Тұғанмен қолы мендей қызыңды Перзенттік ақтаймын дәм тұзыңды Арайлы таңдарыма жол аштың арманыма сен Қайырмасы: Туған елім, салтанатым менің Туған жерім, махаббатым сенің Сөндірмейді жүректегі жалынды Әлдилеген ән бесігім менің Атамекен тал бесігім менің Жарқыраттың арайланған таңымды
  • Шын бақыттың бағын аралатып жаным бір жандым, Түсінетін күнде, күрсінетін бірге сен жаным. Шарықтаттың көкке мені өзің байлап қанат, Шын бақытты еттің мені сыңарыңа санап. Қайырмасы: Бірге жаным төземіз деп сынақтарға, Жауап беріп тағдыр қойған сұрақтарға. Бір іргеміз! Біз біргеміз! Мәңгілік! Ең бақытты шағым ата-анам әнім сол барым Сүйеп жүрген тірек тілеуімді тілеп қолдадың. Еркелеткен әркез мені күнде теңеп балға, Ақ кемеме желкен еді жүздіретін алға. Қадам бастым мен сенімменен - тірегім бар. Елім десе елжіреген менің жүрегім бар. Сенсің xалқым жүзің жарқын, аман болшы. Екі көзің мөлдіреген үміт оты. Қошеметпен жүресіздер жылытып.
  • Ажарың ашық екен атқан таңдай, Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай. Анаңнан сені тапқан айналайын, Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай. Қайырмасы: Беу-беу, гауһартас, Құсни құрдас, Раушан жүзің көргенде, Сәулем-ау, сабырым қалмас. Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң, Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң. Жай жүріп, шаттанасың әсерленіп, Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған. Қайырмасы: Беу-беу, гауһартас, Құсни құрдас, Раушан жүзің көргенде, Сәулем-ау, сабырым қалмас.