Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Есіңе мені алғайсын»
исполнителя Молдир Ауелбекова.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың!!!
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың!!!
Қаз бауыр бұлттыр маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Оңаша жалғыз қалғанда
Есіңе мені алғайсың!!!
Арманда мені арманда
Оңаша жалғыз қалғанда
Есіңе мені алғайсың!!!
Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Қурайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың!!!
Ақ ұлпа жерге жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың

Другие песни исполнителя:

  • Неге есейдім, нені білдім Ес жинадым кейде сындым Жан ауырса сездірмедім Жылап тұрып кейде күлдім Мың іріліп, мың өлемін Арпалысып-ақ келемін Күте бермей іздеп шығып Бақытымның ақ кемесін [Қайырмасы] Біреу мені түсінеді Біреу көріп күрсінеді Біреу сені биіктетсе Біреу келіп түсіреді Мың бұралаң тағдырымның Кітабына бір қарадым Әр күн сайын өртенеді Өмірімнің бір парағы Қуанасың, өкінесің Жақсылық жоқ жан қысылмай Өмір кейде көрінесің От пен мұздың тартысындай Ойлар ұшып дала кезген Жапырақтай қурар лезде Біз ойлаған бақыт құсы Басқаша еді бала кезде
  • Ғажайып ғаламға осындай адамға Бақыт бар байқасам мағанда сағанда Байқаған жанарға арайлы таңдарда Шашылған шуақ бар жеткізер арманға Қайырмасы Сүйіп мына өмірді көтеріңіз көңілді Бақыттымын жүргеннен бақыт әрбір күндерім Әсем ән тыңда жайна жарқылда Ғашық болған әлемге маңында Армысың сен ғажап әлем Сырымды тыңда жүрегімдегі Бар ғаламға бердім сәлем Жүрегімменнен сүйемін сені Әр өткен күндерде әр өткен түндерде Адамға лайық бақыт бар білгенге Ей асыл адамзат боларма шапағат Осынау әлемде болмаса махаббат Қайырмасы Сүйіп мына өмірді көтеріңіз көңілді Бақыттымын жүргеннен бақыт әрбір күндерім Әсем ән тыңда жайна жарқылда Ғашық болған әлемге маңында Армысың сен ғажап әлем Сырымды тыңда жүрегімдегі Бар ғаламға бердім сәлем Жүрегімменнен сүйемін сені
  • Әпке әпке маған сол бір ару қыз ұнайды Ол болмаса көңілім кеудемдегі жүрегім сыздайды Маған қарайтындай қарайтындай не істесем екен Ойдан кетпей жүрегімді сол бір ару қинайды Інім інім бәлкім ол қыз сені де ұнатар Ол болмаса басқа қыз кеудендегі жүрегінді жұбатар Ұнау үшін ол қызға ұнау үшін тек гүл сыйламай Жүрегіннің лүпілін арнасан да болады Қайырмасы: Лүпілдеп лүпілдеп жүрегім Сол бір ару қызды қалайды Лүпілдеп лүпілдеп көңілім Бір орында тұрмайды Лүпілдеп лүпілдеп жүрегін Сол бір ару қызды қалайды Лүпілдеп лүпілдеп көңілін Бір орында тұрмайды Лүпіл лүпіл сендегі жүректің соғысы Сол қызбенен болса екен екі тағдырдың бір тоғысы Бақыт тілеп екеуіне бақыт тілеп тілек айтайын Сол бір қыз болсын көңіліңнің қалауы Мөлдір әпке маған деген тілегінізақ екенін мен байқаймын Ай бірақта сол қызбен жарасуды ойласам басымды ары-бері шайқаймын, Туууффф Дегенменен үміт үзбей дегенменен кері тартынбай, дұрыс Дүрсілдеумен кеуде жүрек алға тартып қоймайды Қайырмасы: Лүпілдеп лүпілдеп жүрегін Сол бір ару қызды қалайды Лүпілдеп лүпілдеп көңілін Бір орында тұрмайды Лүпілдеп лүпілдеп жүрегім Сол бір ару қызды қалайды Лүпілдеп лүпілдеп көңілім Бір орында тұрмайды
  • Сөндірме көңіл жарығын Тағдыры бар ғой барінің Жеңе алмай алі жүрсіңбе Жүректің әлсіз әмірін Қинама бекер өзіңді Әніңе қосып сөзіңді Жолыңды тауып кете бер Басқаға арнап сезімді Қайырмасы: Бол ие берген бағаңа Отына өзің жалында Болмаймын мәңгі жаныңда, Сағынба мені сағынба! Болмаймын мәңгі жаныңда , Сағынба мені сағынба! Үзілмей сенің үмітің Армандай берме күні түн Жаралай берме жаныңды Жөніңді білші жігітім Өтеді мен деп күндерің Өседі мен деп гүлдерің Бәріне себеп болғаным Биікте сенің жүрегің Қайырмасы: Бол ие берген бағаңа Отына өзің жалында Болмаймын мәңгі жаныңда, Сағынба мені сағынба! Болмаймын мәңгі жаныңда , Сағынба мені сағынба!
  • иісің сондай тәтті балдай Тынысымды ашқандай Сезім қандай алған баурай Өмірдің мәнін көрсеттің жаным балапаным Шапағат нұрысың аялап жүрсін алақаным Жаным балам сенімен сұлу ғажап ғалам балапаным Жаным балам сәл көрмесем мен алаңдаған балапаным Жарық айым жаныңнан әркез табылайын балапаным Аман бол деп Тәңіріме мен жалынайын Күнім менің жүзің сенің әкесінен аумаған Үнің сенің тілің сенің Өмірдің мәнін көрсеттің жаным балапаным Шапағат нұрысың аялап жүрсін алақаным Жаным балам сенімен сұлу ғажап ғалам балапаным Жаным балам сәл көрмесем мен алаңдаған балапаным Жарық айым жаныңнан әркез табылайын балапаным Аман бол деп Тәңіріме мен жалынайын