Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Домбыра туралы баллада»
исполнителя Молдир Ауелбекова.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі
Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Другие песни исполнителя:

  • Жүрегімнің ақтығын Көңілімнің шаттығын Тербетеді тәтті мұң ән Өмірімнің көгінде Өнерімнің төрінде Мән береді бәріне ән Қайырмасы: Гүлмін, гүлмін Еркелеймін жайқалам Гүлмін, гүлмін Күлімсіреп айтам ән Гүлмін, гүлмін Күн нұрымен жайқалған Гүлмін, гүлмін Елге арнап айтам ән Гүлдей нәзік сезімім Мөлдірімін теңіздің Мен өзіңмен егізбін ән Жылу беріп жаныма Жаратылдың бағыма Сала берем тағы да ән.
  • Ғажайып ғаламға осындай адамға Бақыт бар байқасам мағанда сағанда Байқаған жанарға арайлы таңдарда Шашылған шуақ бар жеткізер арманға Қайырмасы Сүйіп мына өмірді көтеріңіз көңілді Бақыттымын жүргеннен бақыт әрбір күндерім Әсем ән тыңда жайна жарқылда Ғашық болған әлемге маңында Армысың сен ғажап әлем Сырымды тыңда жүрегімдегі Бар ғаламға бердім сәлем Жүрегімменнен сүйемін сені Әр өткен күндерде әр өткен түндерде Адамға лайық бақыт бар білгенге Ей асыл адамзат боларма шапағат Осынау әлемде болмаса махаббат Қайырмасы Сүйіп мына өмірді көтеріңіз көңілді Бақыттымын жүргеннен бақыт әрбір күндерім Әсем ән тыңда жайна жарқылда Ғашық болған әлемге маңында Армысың сен ғажап әлем Сырымды тыңда жүрегімдегі Бар ғаламға бердім сәлем Жүрегімменнен сүйемін сені
  • Екі елдің қосып арасын Біздерден кетіп барасың Өз үйіңде сен өссеңде Өзгенің бағын жағасың Ақ жолын жалғап анаңның Əкенің ақтап арманын Көрмеші барған жеріңде Өмірдің ауыр салмағын Қайырмасы: Аттадың-ай жаңа босаға Босама енді босама!!! Алдыңнан жарқын күн туған Бақытың сені тосады, Гүліндей нəзік көктемнің Еркесі едің текті елдің Арқасы ата ананың Осы бір күнге жеткенің Түсірме сызат арыңа Жақсыны сақта жадыңда Бақытты болшы мəңгілік Тапсырдық сені жарыңа
  • Таныдың ба, Оятып сана, ойланып қара, таныдың ба? Желіде күн-түн көрдің мүмкін, танымадың ба? Той думан мен Хабарыңды қарамадың ба? Қазақстаннан, НТК-дан танымадың ба? Жұлдыз болма, сен маған жұлдыз болма, Жаңылмадым мен, танымадым мен, жұлдыз болма. [Қайырмасы] Опмай-опмай дейді бізді, Махаббат аралын іздейді, Ғажайып күйге бөлейді, Сен таныдың ба? Опмай-опмай қайтер екен, Осы да енді ән бе екен, Жұлдыздар аспаннан түспей ме екен, Мен танымадым. Жұлдызды санап, аспанға қарап елеңдейді Дәп-дәу жігіт бүйтіп-сүйтіп билемейді де. Опмай-опмай дегенде тоқтай билемедің бе, Есіңе түссе бүйтіп-сүйтіп билегеніңде. Танымасаң, танысып қабылдасаң, Білмесен енді күлсен ғой енді танысаң да. [Қайырмасы] Опмай-опмай дейді бізді, Махаббат аралын іздейді, Ғажайып күйге бөлейді, Сен таныдың ба? Опмай-опмай қайтер екен, Осы да енді ән бе екен, Жұлдыздар аспаннан түспей ме екен, Мен танымадым. Жұлдыз болма, сен маған жұлдыз болма Жаңылмадым мен, танымадым мен жұлдыз болма [Қайырмасы] Опмай-опмай дейді бізді, Махаббат аралын іздейді, Ғажайып күйге бөлейді, Сен таныдың ба? Опмай-опмай қайтер екен, Осы да енді ән бе екен, Жұлдыздар аспаннан түспей ме екен, Мен танымадым. Опмай-опмай дейді бізді, Махаббат аралын іздейді, Ғажайып күйге бөлейді, Сен таныдың ба? Опмай-опмай қайтер екен, Осы да енді ән бе екен, Жұлдыздар аспаннан түспей ме екен, Мен танымадым.
  • Желбіреп тұрған байрағы Тәуелсіздіктің айғағы Қаншама елдің аударған назарын Бақытын бастан таймады Бұзылмай елдің қаймағы Күн өткен сайын жайнады,қазағым! Туған ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Ұлы ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Қажылық татқан анасы Ақиқат айтқан данасы Қазақы жұртым қадірлі қаймаманнан? Қураған жердей бабасы Тәуелсіз елдің баласы Шырқап жүр бүгін қарашы, сайрап жүр Туған ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Ұлы ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Туған ел Ұлы ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Туған ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта Ұлы ел Шарықта қамықпа қырандай қалықта