Русские песни Азербайджанские песни Узбекские песни

Песня «Өсиет»
исполнителя Молдир Ауелбекова.
Скачать или слушать онлайн

Текст песни:

Асыл ер өзін биік санамайды-ау
Ел үшін еңбек күшін аямайды-ау eee-e-eй
Бір өзі білсе дағы білдім демес,
Сынатып көпке салып шамалайды-ау e-e-e-eeй


Серік бол шамаң келсе сондай ермен — ей
Тар жерден бас амандық жарамайды — ау e-e-e-eeй
Кескінін кем ақылдың қарап тұрсаң e-e-eй
Шығарып өзін тауға бағалайды — ау e-e-e-e-й

Асыл ер өзін биік санамайды-ау
Ел үшін еңбек күшін аямайды-ау eee-e-eй
Бір өзі білсе дағы білдім демес,
Сынатып көпке салып шамалайды-ау e-e-e-eeй

Қолына опасыздың олжа түссе — ау
Досы мен жолдасына қарамайды — ау e-e-e-e-й
Дүниенің опасы жоқ ойлан ерлер e-e-eй
Қарбадай тегермесіз домалайды — ау e-e-e-й

Другие песни исполнителя:

  • Күнім менің қара түнде түңілмедің Шуақты нұрым менің мына жалғанда Күнім менің сарқылмайтын жырым менің Мөп мөлдір сырым менің басты арманда қайырмасы: Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай Күнім менің сенең нәр алып Гүлім менің қуанып күлімдедің Жайнап бағымда Күнім менің аласармас шыңым менің Сен барда түңілмедім сеніп сағымға қайырмасы: Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім менин ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай Күнім ай саған іңкәр менің жүрегім ай Күнім ай шуағынмен қайта түрлендім ай Күнім ай құштар жаным өзіңнен айналып Күнім ай күнім ай
  • Өзіңді ойлап сағынып Жүрмін ғой жаным қамығып Сертіме берік болғасын Еркіме қалдым бағынып Өзіңді кездестірмесем Сезімнің сырын сезбесем Бақыттан басым айналып Жер басып сірə жүрмесем [Қайырмасы] \"Ұмыттым\" десем сенермең? Тағдырға жазған көнермең? \"Сағындым\" десем егерде, Шынымен іздеп келермең? Өткізген бірге бал шағым Бұлақтай мөлдір кəусəрім Тезірек келші тезірек Аңсадым сені аңсадым Өзіңді кездестірмесем Бағасын бағын білмесем Жете алмай саған амалсыз Елесіңменен күн кешем
  • Ажарың ашық екен атқан таңдай, Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай. Анаңнан сені тапқан айналайын, Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай. Қайырмасы: Беу-беу, гауһартас, Құсни құрдас, Раушан жүзің көргенде, Сәулем-ау, сабырым қалмас. Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң, Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң. Жай жүріп, шаттанасың әсерленіп, Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған. Қайырмасы: Беу-беу, гауһартас, Құсни құрдас, Раушан жүзің көргенде, Сәулем-ау, сабырым қалмас.
  • Күн өткен сайын дамып Бақытқа бағыт алып Қалықтай бер қырандай қанат қағып Есілдің бойын жайлап Бағыңда бұлбұл сайрап Күн кеше бер бойыңда намыс қайда [Қайырмасы:] Астана, арайлаған ақ таңым Бас қала еліміздің мақтаны Тәуелсіз қазағымның тәтті әні Гүлдене бер Астана Ертеңгі күнің жарқын Тілеймін соны әр күн Аман болсын көңілі дархан халқым Жастарға жалын бердің Болашағыңа сендім Жүрегі сен қазақтай қайсар елдің [Қайырмасы:] Астана, арайлаған ақ таңым Бас қала еліміздің мақтаны Тәуелсіз қазағымның тәтті әні Гүлдене бер Астана